• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Акшулаков С.К.
Акшулаков С.К.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Акшулаков С.К.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы

Серік Қуандықұлы Ақшолақов —медицина ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,  ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері».  «Ұлттық нейрохирургия орталығы»  АҚ  Басқарма Төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас нейрохирургі, Қазақ нейрохирургтары ассоциациясының президенті,  «Қазақстан нейрохирургия және неврологиясы» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, академик Н.Н. Бурденко атындағы РМҒА нейрохирургия ҒЗИ құрметті профессоры,  Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының нейротравматология бойынша комитетінің мүшесі, Нейрохирургтардың Азиялық конгресінің Атқарушы комитетінің мүшесі,  «Acta Neurochirurgica» журналының, The European Journal of Neurosurgery редакциялық алқа мүшесі, «Детская нейрохирургия и неврология» журналының  редакциялық алқа мүшесі (Ресей), «Эпилепсия. Пароксизмальные состояния» журналының редакциялық алқа мүшесі (Ресей), «Вопросы нейрохирургии» журналының редакциялық кеңес мүшесі, Ресей нейрохирургтары Ассоциациясының құрметті мүшесі, Academia Eurasiana Neurochirurgica академиясының мүшесі.

1952 жылы 3 шілдеде Ақтөбе облысында қызметкер жанұясында өмірге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын,  РМҒА академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒЗИ клиникалық ординатурасын, аспирантурасын, докторантурасын бітірген (Мәскеу). 1996 -2008 жж. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ  басшылық етеді. С.Қ. Ақшолақов мидың, ми діңгегінің, мидың қарынша жүйесінің базальды бөліктеріндегі ісіктерге операциялық микроскоп пен микронейрохирургияны қолданумен айтарлықтай күрделі нейрохирургиялық операцияларды жасайды. Ол ми мен омыртқаға 6000 – нан аса операция жасады. Ол Қазақстанда алғаш рет микронейрохирургияны, эндоскопиялық  нейрохирургияны, (трансназальды эндоскопиялық әдістер, мидағы жылауық кезінде эндоскопиялық  операциялар), алғаш рет нейронавигацияны қолданды, эпилепсияны операциялық түрде емдеуді жүзеге асырды.

1998 және 2015 жылдары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды, 2001, 2005, 2010, 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды. 2005 жылы  жоғары дәрежелі тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.  2005 жылы Дәрігерлердің бүкіләлемдік ассоциациясының «Әлемге қамқоршы дәрігер» атағын алды. 2006 жылы Бүкілресейлік көрме орталығының лауреаты, 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды. 2008 жылы Н.И. Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты (Ресей);  2008-2009 жылдары Қазақстандағы «Жыл адамы -Алтын адам» атағына ұсынылды. 2010 жылы ҚР Президентінің - «Парасат» орденімен марапатталды. 2011 жылы  «Қазіргі заманғы Қазақстанның озық инженерлік жобалары» - ҚР  ҒЗА нейрохирургияға жаңа технологиялар ендіру республикалық байқауының жеңімпазы, 2012 жылы  Сапасы үшін сыйлығының лауреаты, Швейцария, «Алтын эндоскоп» сыйлығының лауреаты, 2012 жылы   «Асқақ азамат» атағын алды; 2013 жылы ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 2015 жылы «Халық сүйіктісі -2015» ұлттық сыйлығы берілді. 2016 жылы мемлекеттік сыйлық - Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапатталды, Алтын жұлдыз айрықша белгісі және «Отан» ордені берілді.

С.Қ. Ақшолақовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен бұрын-соңды Қазақстанда қолданылмаған 60 жаңа технология енгізілді,  30 клиникалық ординатор мен резиденттер дайындалды. 25 кандидаттық және 5 докторлық диссертация дайындалды және қорғалды. 300-ден аса ғылыми жұмыстары (оның 80 шетелдік журналдарда) жарияланды, соның ішінде 13 монография жарық көрді. 13 патент авторы.

С.Қ. Ақшолақов Халықаралық қатысумен Қазақстан нейрохирургтарының  I, II, III, IV съездерінің,  Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) білім беру курстарының, Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Федерациясының білім беру курстарының, Халықаралық нейрохирургтар форумының және әлемнің 56 елінен 700 шетелдік маман қатысқан Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресінің  ұйымдастырушысы болып табылады.

Акшулаков С.К.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы

Акшулаков С.К.
(Мұрағат)

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика