• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Баймаханов Б.Б.
Баймаханов Б.Б.

А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Баймаханов Б.Б.

А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» АҚ Басқарма төрағасы

 Медицина ғылымдарының докторы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендеұлы  1986 жылы Алматы мемлекеттік  медицина  институтының емдеу факультетін тәмамдаған. 1986 жылдан бастап 1987 жылға дейін Қызылорда облыстық ауруханасының базасында  «хирургия» бойынша интернатураны бітірді. 1987 жылы еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасының эндоскопист - дәрігері лауазымынан бастады. 1991 жылы «Абдоминальдық хирургия» мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық ординатураны аяқтап,  1995 жылы А.Н.Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталды хирургия бойынша ҒЗИ-дың эндоскопиялық хирургия бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды. 2000 жылдан бастап Оңтүстік-Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2003 жылы  «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының»  РМКК директоры лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар,  2006  жылы «Экономика бакалавры» дәрежесін алып, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдады.

2007 - 2008 жылдар аралығында Орталықтың бауыр, өт шығу жолдарының және қалқанша без хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылы Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. 2011 жылдан бастап Астана қаласының «Шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша Республикалық орталығының» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.  2012 жылдың ақпан айынан бастап  2016 жылға дейін  -  Алматы қ. № 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі  уақытқа дейін -  «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ басқармасының төрағасы.

Б.Б.Баймахановтың негізгі ғылыми және тәжірибелік зерттеулері бауыр ауруларын  диагностикалаудың және емдеудің күрделі мәселелеріне байланысты: өт шығу жолдарының жоспарлы реконструктивтік пен бұрынғы қалпына келтіру хирургиясы, бауырдың ошақ ауруларын емдеу (паразитарлық кисталар, эхинококкоз, альвеококкоз, қатерсіз және қатерлі ісіктер), бауырдың диффузды  ауруларының  хирургиясы, 12-елі ішектің ауруларын жедел  емдеу (дивертикулдар,  созылмалы  дуоденалды түйнелу),  ұйқыбездің және Фатер  бүртігінің  қабынуы және кистозды, қатерсіз және қатерлі ауруларының хирургиясы, гепатопанкреатодуоденалды зонасының  эндоскопиялық,  азинвазивті  хирургиясы,  өңештің, асқазанның және көкірек ортаның  хирургиясы). 

Республикадағы аз инвазивті  жедел  хирургиялық араласуларды дамыту үшін клиника тәжірибесінде алғаш рет кіші жамбас мүшелеріне лапароскопиялық оталарды,  лапароскопиялық  спленэктомияны, адреналэктомияны жасауды, сондай-ақ көкеттің өңеш тесігінің, алғы ішперде жағының жарықтарын бейнеэндоскопиялық жою тәсілдерін енгізген.

Трансплантологияда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Бауыр трансплантациясының кезеңдерін техникалық тұрғыдан әзірлеу мақсатында,  ірі жануарларға (доңыздарға), мәйіт материалдары бойынша  сынама  эксперименттер мен зерттеулер жүргізген. Еліміздегі органдар трансплантациясын дамыта жүріп, ол алғаш рет донорға лапароскопиялық мануальды ассистендірілген нефрэктомияны өзі орындап,  іс жүзінде  енгізді.  Беларусь Республикасы, Оңтүстік Корея, Үндістанның мамандарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде, қызметкерлері  үшін  шеберлік сабақтарын, жұмыс орындарында  мамандарды оқытып-үйрету шараларын ұйымдастырған. 

Оның  басшылығымен  Алматы қаласының  № 7 ҚКА-да органдарды  транспланттау  бойынша алғашқы және жалғыз трансплантаттау бөлімшесі ашылған, онда  дайындықтан өткен мамандар органдарды трансплантаттау үшін пациенттерге  іріктеу жүргізеді, әсіресе, иммуносупресивті  емді жеке  таңдау үшін отаға дейінгі және ота жасалған мерзімнен кейінгі бақылау кезеңін білікті атқарады.  Жігерлі еңбегінің арқасында, Б.Б.Баймаханов Оңтүстік Кореядан келген әріптестерімен бірге  донордан алынған ұйқыбезінің бір бөлігіне лапароскопиялық мануальды-ассистендірілген нефрэктомиялау және  резекциялауды елімізде алғаш рет жасап, ұйқыбезі мен бүйректің құрамбөлігін транспланттау отасын сәтті орындады. Трансплантология саласында орын алған күрделі мәселелерді зерделей отырып, ол аталмыш саланың республикада қарқынды дамуы үшін барлық күш-жігерін  салады.  Профессор Б.Б.Баймаханов 400-ден астам (бауыр мен бүйрек) органдық трансплантациялар жасаған.

Б.Б.Баймаханов түрлі халықаралық және республикалық конгресстерде және форумдарда ғылыми баяндамалар жасайды:  Ресейде,  АҚШ-та, Шотландияда, Жапонияда, Түркияда, Германияда, Францияда, Үндістанда, Өзбекстанда және т.б. Оның еңбегінің нәтижелері  Алматы қаласының,  Қазақстан Республикасының облыстық орталықтарындағы емдеу мекемелеріне іс жүзінде енгізілген.   

Б.Б.Баймаханов 300-ден астам ғылыми–тәжірибелік  мақалалардың  авторы,  өнертабыс бойынша 45 патентке ие, ҚР өнертабысының инновациялық патенттеріне дейінгі  30  патентке ие, оның жетекшілігімен 8 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды.

Мемлекеттік марапаттаулар: (2006 жылы) «Құрмет» ордені.

Басқа мадақтаулар мен марапаттаулар: (2001 жылы) Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Президентінің лауреат стипендиясының иегері, (2010 жылы)  «Алтын дәрігер» медалі, (2016 жылы) «Юбилейная медаль 25 лет Независимости РК» медалі.

 

Баймаханов Б.Б.

А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» АҚ Басқарма төрағасы

Баймаханов Б.Б.

А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика