• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бекіш Ұ.А.
Бекіш Ұ.А.

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы болып табылады.

Орталықтың миссиясы - мемлекеттік басқару жүйесі персоналының тиімділігін арттыруға ықпал ету.

Әкімшілік мемлекеттік қызметке және құқық қорғау қызметіне кандидаттарды тестілеу рәсімдерін техникалық сүйемелдеу Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Заңнаманы білуді тестілеумен қатар кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға (ЖҚБ) қатысты тестілеу өткізіледі. Осы рәсім Агенттік көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Тестілеу деңгейінде кадрларды іріктеу рәсімі деген - ол «электрондық үкімет» порталы немесе ХҚКО арқылы тестілеуге жазылудан, адамды сәйкестендіруден, аудиобейне фиксациялаудан бастап, «Е-қызмет» ЫАЖ-да тестілеуден өту туралы сертификатты орналастырумен аяқталатын қалпына келтірілген автоматтандырылған процесс.

Осы ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығаратын барынша ашықтық пен объективтілік қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда Орталықтың қазіргі заманғы  техникалық базасы бар, атап айтқанда барлық 14 облыс орталығындағы, республикалық маңызы бар үш қаладағы (Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкент) және республикалық маңызы бар Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Семей қалаларындағы өңірлік тестілеу залдары (25 зал). Күрделілігіне қарамастан бір күнде 1200 адамды қамтып тестілеуді өткізуге болады.

Тестілеу залдарына тәулік бойы бақылау жүргізіледі, тестілеу процесінің үздіксіз жазбасы қамтамасыз етіліп, ол алты ай бойы сақталады. Тестілеу залдарының барлығына қорғалған байланыс арнасы арқылы орталықтан бейнебақылау жүргізіледі. Бұл тестілеу процесіне орталықтан онлайн режимде сапалы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі тест тапсырмалары мен қорытындыларының толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде қоғамның тестілеу рәсіміне сенімі артылады.

Қызметтің келешегі зор енді бір бағыты - персонал басқарудың интеграцияланған «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) техникалық сүйемелдеу.

Жүйенің дүниеге келуіне 2011 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі тұжырымдамасының іске асырылуы әсер етті.

Мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметтерінің қызметін автоматтандыру оны жасаудың мақсаты болды.

Жүйе электрондық үкіметтің заманауи стандарттарына сәйкес келеді және мынадай жеке мәліметтерді онлайн режимде алуға мүмкіндік береді: құзыреттіліктер, білім, біліктілік, жұмыс өтілі мен тәжірибесі, оқыту, ынталандыру, өндіріп алу және т.б.

Жүйеге кіру шектеулі, бұл қорғаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді жүзеге асыру персонал басқарудың және оны автоматтандырудың тұтас жүйесіне негізделгені белгілі. Ол үшін дамыған елдерде дамыған Қызмет көрсетудің жалпы орталықтары құрылады.

ҚКЖО тұжырымдамасынан туындайтын қызмет етудің үлгісіне келетін болсақ, ол жалпы, қайталанатын көмекші бизнес процестері мемлекеттік органнан немесе оның құрылымдық бөлімшелерінен шығаруды және оларды бірегей орталықта шоғырландыруды білдіреді. Мұның өзі мемлекеттік органға күш-жігерін өзінің негізге қызметіне бағыттауға мүміндік береді.

Осы ретте, Орталық басқару процестерін реформалау, қоғамды цифрландыру бағытында, 2018 жылдан бастап «Е-қызмет» ЫАЖ негізінде персонал басқарудың автоматтандырылған бірыңғай қызметін енгізу жобасын жүзеге асыруда.

Жүйе қызметінің шегінде HR қызметтерін орталықтандыру мемлекеттік органдардың персоналын оңтайландырудың жаңа кезеңінің бастамасы болады.

Жергілікті атқарушы органдардың персонал басқару жөніндегі бірыңғай қызметін құру тәжірибесі осыған куәгерлік етеді.

2013 жылға дейін аудан және ауыл деңгейінде 5000-ға жуық мемлекеттік қызметші өздерінің негізгі жұмысын кадрлық қызмет қызметшілерінің міндеттемелерімен қатар орындап келді.

Қазіргі таңда персонал басқару жөніндегі 190-нан аса бірыңғай қызметтері ғана жұмыс істейді. Олардың жұмысын 500 адам қамтамасыз етеді.

ҚКЖО құзыретіне кірмейтін мәселелердің шектеулі тізімімен айнласатын ықшамдалған қызметтерге өзгерту жолымен персоналмен жұмыс атқару жөніндегі көптеген департаменттер, басқармалар және бөлімшелер қысқартылған жағдайда, бұл мемлекеттік бюджетке артылатын жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде электрондық кадрлық іс қағаздарын жүргізуді енгізу жөніндегі жоба 4 өңірде (Нұр Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары) және 7 министрлікте (ИИДМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ЭМ, ЕХӘҚМ, СІМ, МСМ) жүзеге асырылуда.

Жобамен қамтылған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 21227 адамды құрайды. Бұл аталған мемлекеттік органдардың жеке құрамы бойынша барлық бұйрықтардың Орталықта қалыптасатынын білдіреді.

Осы жоба кадрлық шешімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге де ықпал етеді.

Қорытындылап айтқанда, Ұлттық орталық өзін мемлекеттік қызметтің және озық тәжірибесі мен ЭДЫҰ әлемдік тәжірибелерін іске асыру негізінде қызмет ететін тиімділігі жоғары және қарқынды дамып келе жатқан техникалық орталық ретінде санайды.

Бекіш Ұ.А.

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры

Бекіш Ұ.А.
(Мұрағат)

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

  • Қазіргі уақытта қабылдау кестесінде бос күндердің болмауына байланысты қабылдау жүргізілмейді. Кейінірек тіркеліп көріңіз.
  • Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика