- Блогтар
- Каталин Раду
Каталин Раду
«Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры
Құрметті сайт қонақтары!
Армысыздар, құрметті Интернет желісін қолданушылар! Сіздерді жеке блогымда қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын! Осы диалог алаңында сіз өз сұрақтарыңызды қойып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды бөлісе аласыз.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68 қадамын жүзеге асыру аясында құрылды. Бұл авиациялық саладағы ең жақсы халықаралық нормаларға сәйкес еліміздегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа тәсілі. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілуде. Авиациялық әкімшілік жұмысына азаматтық авиация субъектілеріне техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін жоғары білікті азаматтық авиация мамандары тартылып, оларға саладағы кәсіпорындармен сәйкес келетін еңбек жағдайлары қарастырылған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігі саласындағы авиациялық техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыратын болады.
Бұл блог-платформа проблемалы мәселелерді шешудің, азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін және әл-ауқатын жақсартудың тағы бір тиімді құралы болады деп сенемін.