- Блогтар
- Алдабергенов А.К.
Алдабергенов А.К.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің» бас директоры
Алдабергенов А.К.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің» бас директоры
Мен, Әділбек Қалибекұлы Алдабергенов 1961 жылғы 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын (бұрынғы Большенарым) ауданының Жұлдыз ауылында дүниеге келдім, қазақпын. 1978 жылы В.И. Ленин атындағы Большенарым орта мектебінің 10 сыныбын бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін 1978 жылғы қыркүйектен 1979 жылғы сәуірге дейін Большенарым ААШБ-да жұмысшы болып істедім.
1979 жылғы сәуірде Кеңес армиясы қатарына шақырылдым, мерзімді қызметті ГКӘК 34810 әскери бөлімінде өткердім.
1980 жылы тамызда Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесіне оқуға түстім. 1984 жылы аталған училищені бітіріп, әрі қарай ОАӘО АрнМ топ командирі лауазымында әскери қызмет өткеру үшін Қапшағай қ. 42610 әскери бөліміне жіберілдім.
1985 жылғы ақпаннан 1986 жылғы мамырға дейін Ауғанстан Демократиялық Республикасында 54783 әскери бөлімде қызмет өткердім.
1986 жылғы қазаннан 1987 жылғы сәуірге дейін ОАӘО Қапшағай қ. 71170 әскери бөлімінде, 1987 жылғы маусымнан 1991 жылғы тамызға дейін БӘТ 83148 әскери бөлімінде қызмет өткердім, 1988 жылғы тамызда АрнМ рота командирі болып тағайындалдым. 1991 жылғы тамыздан 1992 жылғы қыркүйекке дейін Самар облысының Черноречье қтк. 21208 әскери бөлімінде штабы бастығы – АрнМ жасағы командирінің орынбасары лауазымында қызмет өткердім. 1992 жылғы қыркүйектен 1993 жылғы тамызға дейін Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімінде парашюттік-десанттық батальон командирінің лауазымын атқардым.
1993 жылғы тамызда Мәскеу қ. М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияға оқуға түсіп, 1995 жылғы шілдеде осы академияны үздік бітірдім.
1995 жылғы шілдеден бастап Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімінде штаб бастығы – бригада командирінің орынбасары, 1997 жылғы тамыздан 2001 жылғы қаңтарға дейін бригада командирі лауазымдарында қызмет өткердім. 2001 жылғы қаңтардан маусымға дейін штаб бастығы – ҚР ҚК Ұтқыр күштері қолбасшысының орынбасары, 2001 жылғы маусымнан 2002 жылғы қаңтарға дейін 14776 әскери бөлімі арнайы операциялар басқармасының бастығы, 2002 жылғы қаңтардан 2003 жылғы сәуірге дейін ҚР ҚК Ұтқыр күштері қолбасшысының орынбасары, 2003 жылғы сәуірден 2004 жылғы ақпанға дейін штаб бастығы – ҚР ҚК Ұтқыр күштері қолбасшысының бірінші орынбасары, 2004 жылғы ақпаннан сәуірге дейін штаб бастығы - ҚР ҚК Аэроұтқыр күштері қолбасшысының бірінші орынбасары лауазымдарын атқардым.
2004 жылғы сәуірде өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы лауазымына тағайындалдым. 2007 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы лауазымында қызмет өткердім. 2007 жылғы қарашадан 2009 жылғы шілдеге дейін 14776 әскери бөлімінің командирі, 2009 жылғы шілдеден 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, 2013 жылғы ақпаннан 2016 жылғы қазанға дейін бас қолбасшының бірінші орынбасары – ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы бас штабының бастығы лауазымдарында қызмет өткердім. 2016 жылғы қазанда ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалдым.
ҚР Президентінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 323 Жарлығымен маған «генерал-майор» кезекті әскери атағы берілді.
«Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Айбын», І және ІІ дәрежелі «Даңқ», «Құрмет» ордендерімен, «Алғысты Ауған халқынан интернационалист жауынгерге», «Интернационалист жауынгерге», «ВС СССР 70 лет», ІІІ дәрежелі «За безупречную службу», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15, 20, 25, 30 жыл», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», РФ-ның «За укрепление боевого содружества», «Ел қорғаны», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10, 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10, 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10, 25 жыл», «Астананың 10, 20 жылдығына», «Генералу армии Маргелову В.Ф. 100 лет» медальдарымен наградталдым.