- Блогтар
- Шалабаев С.И.
Шалабаев С.И.
«О.Таңсықбаев атындағы «Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры
Шалабаев С.И.
«О.Таңсықбаев атындағы «Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры
1975 жылы В.П. Чкалов атындағы Горький инженерлік-құрылыс институтын (РСФСР) сәулетші мамандығы бойынша бітірген. Бірінші педагогикалық қызметін Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты Жоғарғы техникалық оқу орнында (ВТУЗ) «Сәулет және құрылыс өндірісі технологиясы» кафедрасында жас маман болып бастайды. Жас маман Шалабаев С.И. бірденнен жоғарғы оқу орнындағы студенттерге өндіріс және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша «Сәулет», «Сәулет тарихы», «Жобалау» пәндерінен дәріс берді, педагогикалық шыңдаудан өтеді, ғылыми жұмыстармен айналысады, білім алған оқу ордасының әдістемелік шеберліктерін қолдана отырып жас та болса жоғары академиялық жетістіктерге қол ұшын жеткізеді.
1982 жылдан бастап жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық қызметін Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтындағы «Интерьер және жиһаз дизайны» кафедрасында сәулет және жобалау, әрлеу материалдары, құрылым пәндері бойынша жалғастырды.
1982-2011 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет өнері институты: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры, ректордың міндетін атқарушы, факультет деканы лауазымды қызметтерді атқарды.
С.И.Шалабаев 1997-2000 жылдар аралығында Анкарадағы Түркия Мәдениет министрлігінің мәдениет және білім қорында тәжірибе жинайды. Онда түрік тілін меңгеріп, «Академиялық сурет» пен «Академиялық кескіндеме» пәндері бойынша дәріс береді. Сондай-ақ, 4 халықаралық көрмеге қатысып, 2 жеке көрме өткізді. Түркітектес мемлекеттердің мәдениеті мен білімі Орталығының тұжырымдамасын жасайды.
С.И.Шалабаев өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі жетілдірумен келеді: Мәскеу жоғарғы көркем-өндірістік училищесінің «Интерьер және құрал-жабдық» кафедрасында (1985-1986 жж. б. Строгановское), 2006ж. Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының Үздіксіз білім беру институтында тәжірибесін жетілдірді.
Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Интерьер және жиһаз дизайны» кафедрасын ұйымдастырып, негізін қалап, алғашқы кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, кафедраның барлық өтпелі кезеңдерінде оқу-методикалық, бағдарламалық, зерттемелік құжаттарды, материалдық-техникалық базасын қалыптастырды.
Профессор, доцент білім дәрежесіне ие болған С.И. Шалабаев кадрлық потенциялын өзі қалыптастырған кафедрада меңгеруші және факультет деканы қызметтерін атқарды.
Кафедра меңгерушісі ретінде «Интерьер және жиһаз дизайны» саласындағы мамандардың қалыптасуы үшін алғаш оқу бағдарламасына «Арнайы сурет» және «Арнайы кескіндеме» пәндерін енгізді.
Профессор С.И. Шалабаев - «Жиһаз дизайны», «Сәулет дизайны», «Интерьер дизайны» мамандығының оқу-әдістемелік құрал-жабдықтарының, 521350 – «Дизайн» - магистратура мемлекеттік білім беру стандартының, ҚР шығармашылық Жоғарғы оқу орындарындағы «Архитектуралық бионика» пәнін өткізудің ғылыми негізін қалыптастыру сияқты көптеген үлгілік оқу бағдарламаларының авторы.
Көптеген студенттер профессор С.И.Шалабаевтың ұстаздық - шығармашылық дайындығынан өтіп, тәрбиесін алған, 200 ден аса диплом алушы, 20 магистрант дайындаған. Олардың ішінде жоғарғы қызметтерге дейін көтеріліп, бүгінгі күнде Қазақстанда ғана емес алыс-жақын шетелдерде жұмыс істеп жүргендері бар.
Профессор С.И.Шалабаев жетекшілік еткен магистрлық диссертациялық жұмыстарының тақырыбы ұлттық дизайн және этнодизайн саласының өзекті мәселелеріне жан-жақты жауап береді.
Профессор С.И.Шалабаев Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы «Дизайн» бакалавр - мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі болды.
Қырғызстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми-шығармашылық пен әдістемелік жұмыстарын дамыту мен байланысын арттырған еңбегі үшін, ғылыми Кеңестің 2003 ж. 16 қыркүйегіндегі №2-хаттамасы шешімімен, Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетінің, Еуропалық өркениет институтының Құрметті профессоры мәртебесіне ие болды.
ҚР мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігі мен ҚР өнер мен мәдениетті мемлекеттік қолдау қоры білім саласындағы өнердің дамуына қосқан зор үлесі үшін 2007 жылы «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды (куәлік №1056).
Профессор С.И. Шалабаев - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының білім беру қызметінің қалыптасуы мен дамуы үрдісіндегі ұйымдастырушылардың қатарындағы бірден-бір белсенді тұлға.
Профессор С.И. Шалабаевтың жетекшілігімен 1985 жылы интерьерді, экстерьерді жобалау, жарнама және көрме саласындағы тұңғыш отандық дизайнерлері дайындалынып шығарылды, олар бүгінгі күнге дейін өз ісіне адал жемісті қызмет етіп келеді.
Профессор С.И.Шалабаев 2011 жылдың 8 қарашасынан бастап (конкурс шешімі негізінде ҚР БжҒМ 07 қараша 2011 жылғы №153-НС бұйрығымен) «О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін нығайтуда және мемлекетіміздің тұрақтануы мен дамуына сіңірген еңбегі үшін (Қазақстан Республикасы Президентінің 14 тамыз 2012 жылғы №364 Жарлығы бойынша) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойы медалімен марапатталды.
Педагог-тәрбиеші, профессор С.И.Шалабаев - техникалық және кәсіптік білім беру саласының заманауи мәселелерін кәсіби деңгейде шешіп жүрген білікті жетекші-ұйымдастырушы.
Ол профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби және әлеуметтік өркендеуіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Ұжым қызметкерлерінің, студенттердің және азаматтардың көмек сұраған талап-тілектеріне түсіністікпен қарап, қолдау жасап отырады.
Қазақстан Республикасы өнер саласындағы жас мамандарды тәрбиелеу, білім беру саласына сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін С.И.Шалабаев Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы желтоқсанның 5-дегі Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.