- Блогтар
- Кәрібозова А.Б.
Кәрібозова А.Б.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті
Сәлеметсіздер ме,
«Болашақ» халықаралық стипендиясының даму барысы және бағдарламаның әкімдеушісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметі бойынша сұрақтарыңызға толыққанды жауап беруге дайынмын.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен тағайындалған «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде дайындалған 10 800 астам маман еліміздің экономикасының басымды бағыттарында халқымыздың игілігіне қызмет етуде.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тең мүмкіндіктер, нысанды дайындық, түлектерді еңбекпен қамтамасыз ету тұрғысынан халықаралық білім беру саласында баламасы жоқ бағдарлама болып саналады. 2014 жылы АҚШ-та өткен Going Global халықаралық конференциясында Британдық Кеңес пен Герман академиялық алмасу қызметінің зерттеуінің нәтижесінде әлемдегі ең мықты стипендиалдық бағдарлама ретінде танылған.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ осы жоғары мәртебені сақтау мақсатында және одан әрі жақсара түсу жолында сіздермен белсенді пікіралмасуға дайын