- Блогтар
- Қарабаев М.К.
Қарабаев М.К.
ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!
Ашық үкімет блогындағы менің жеке парақшама қош келдіңіздер!
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет бағытында: тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі; жергілікті қамтуды дамыту; арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі және оларды тарату; жекелеген қызмет түрлерін экспорттық бақылау және лицензиялау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларында басшылықты жүзеге асырады. Сол себепті осы алаңда сіз маған аталмыш бағыттар бойынша тікелей сұрақтар қойып, жедел түрде жауап алуларыңызға мүмкіндік бар.
Бұл блог-платформа ел азаматтарымен тікелей байланыс орнатып, туындаған мәселелерді шешудің тағы бір құралы болмақ. Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша айтар ұсыныстарыңыз болса, өз ризашылығымды білдіремін.