- Блогтар
- ТоқановТ.Д
ТоқановТ.Д
«Қазақстан метрология институты» РМК бас директоры
Құрметті достар!
Біз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен құрылған мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып табыламыз. Біздің негізгі стратегиялық бағыттарымыз:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және экономикасын өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталондарын жетілдіру және дамыту;
- эталондардың қадағалануын және өлшеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тануды қамтамасыз ету;
- экономика салаларын метрологиялық қамтамасыз ету;
- қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- заңнаманы жетілдіру және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу.
Қазақстандық метрология институты өлшеу нәтижелерін тұтынушылар, өлшеу құралдарын өндірушілер мен пайдаланушылар болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, жеке меншік сектор арасындағы байланыстырушы отандық метрологияны дамыту орталығы болып табылады.
Өлшеулер материалдық ресурстарды есепке алуда, ішкі және сыртқы саудада, өнім сапасын қамтамасыз ету үшін баға жетпес мәнге ие.
Біздің мақсатымыз-өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Біз метрология саласындағы ашық диалогқа дайынбыз және келіп түскен әрбір сұраққа жауап береміз
Құрметпен, Т.Тоқанов.