- Блогтар
- Шаңғытбаев А.М.
Шаңғытбаев А.М.
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
Шаңғытбаев А.М.
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
Білімі:
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, факультет- Автоматика және басқару жүйесі, мамандығы – инженер-электрик.
Құрметті атақтары:
Құрметті энергетик Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы (2011 ж.);
ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2016 ж.).
Еңбек өтілі:
- «БатысҚазЭнергия» РУ Оңтүстік электр желілері кәсіпорнының байланыс электр монтёрі, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері (1988 ж.);
- «БатысҚазЭнергия» РУ Шығыс электр желілері кәсіпорнының релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері (1991 ж.);
- ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің «Мемэнергқадағалау» ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы (1999 ж.);
- «Ақтөбеэнергия» ААҚ Хромтау аудандық электр желілері учаскесінің бастығы, Өткізу департаментінің инспекторы (2004 ж.);
- Хромтау РЭС бастығы, «Энергосистема» ЖШС өндірістік-техникалық қызметінің бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық қызметінің бастығы (2013 ж.);
- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Мониторинг, аумақтық бөлімшелерді үйлестіру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу басқармасының бас сарапшысы, Электр желілері мен тұтынушылардың электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы (2015 ж.);
- ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары (2015 ж.);
- ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (2016 ж.);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2016 ж. қарашадан бастап);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (2020 ж. 17 сәуірден бастап).