• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
Ешмағамбетов Ж.Б.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әблахан Жансая
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 10.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 112
  • № 763226

Прошу вас рассмотреть прикрепленное ниже заявление . ...

Толығырақ

Жауаптар


Сотталған Ербол Жанатаевич Махмудовты Қызылорда облысындағы мекемеге ауыстыру туралы өтінішін қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №37 (ЗК-169/4) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған Е.Ж. Махмудовты көрсетілген мекемеге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес ол әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Ешмағамбетов Ж.Б. 17.01.2023, 09:16
Есенова Гульнара
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 07.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 105
  • № 763047

Құрметті Ешмағамбетов Ж.Б мен Есенова Г.А жолдасым Қойшыбаев С.А сотталған қазіргі таңда Қызылорда қаласында жазасын өтеп жатыр мен сізден өтініп сұрайтыным менің жолдасымды Шымкент қаласына ауыстыруыңызды сұраймын себебі Қызылорда қаласында тумаластарым ешкімім жоқ маған 6 баламмен бару қиын жағдайымда жоқ Шымкент қаласында таныстарым бар сол жер маған ыңғайлы таныстарыма балдарымды тастап кетем қарайласатын адамдар бар кишкентайым бар жоғы 7 айлық еді Қызылорда қаласына қатынауым өте қиын болып тур түсіністікпен қарап менің жағдайымды түсініп жолдасымды Шымкент қаласына ауыстыруыңызды сұраймын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Гульнара Артыковна! Сотталған Самат Аманкелдиевич КойшибаевтыШымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ИЧ-167/2 мекемесінеауыстыру туралы жазған өтініштеріңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстыру үшін теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы және әлеуметтік пайдалы байланыстарын құжаттармен растау міндетті шарттары болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағида) бекітілген сотталғанды әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарды ұстануы үшін ауыстыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес өтінішке жеке басын куәландыратын, сотталғанмен туыстық байланысын растайтын құжаттардыңкөшірмелерін қоса ұсыну қажет. Сіз өтініште көрсеткен сотталған С.А. Койшибаевпен оның Шымкент қаласында тұратын туыстардың туыстық байланысын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынбағансыз. Осыған байланысты, сотталған С.А. Койшибаевты әлеуметтік пайдалы байланыстарын ұстау үшін Шымкент қаласына ауыстыруға жеткілікті заңды негіз жоқ екендігін түсіндіреміз. Сонымен қатар, Сіздің тұрғылықты мекенжайыңызға Қызылорда қаласы Шымкент қаласына қарағанда жақын болып табылады. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.

Ешмағамбетов Ж.Б. 10.01.2023, 03:34
Тлеумагамбетова Айдана
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 07.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 104
  • № 763020

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің төреағасы Ешмағанбетов Ж.Б Азаматша: Тлеумагамбетова А.Д Өтініш Ешмағамбетов Жанат мырза менің жолдасым Аманов Ернұр Еркінұлы кәзіргі таңда Ақтау қаласы №77 МЕКЕМЕде жазасын өтеп жатыр. Кәзірге таңда тұрмыстық жағдайыма байланысты жолдасыма ұзақ мерзімге кездесу яғни екі қала арасына қатынау маған қиын! Қазіргі таңда тұрып жатқан мекен жайыма байланысты Түркістан облысы Төле би ауданы Киелі тас қаласында тұрып жатырмын, осыған орай сізден өтінерім менің жолдасымды Аманов Ернұр тұрмыстық жағдайыма байланысты Түркістан облысы Ленгер қаласы ШАХТА ТОГУС ИЧ 167/9 мекемесіне немесе Шымкент қаласы №55 мекемесіне ауыстыруыңызды өтініп сұраймын.Қәзіргі таңда өзім жұмыссызбын қаражатым жоқтығына байланысты екі қала арасына қатынау қиын! Денсаулығымда жарамайды ұзақ жолды көтере бермеймін! Құрметті Ешмағанбетов Жанат мырза менің өтінішімді қайтармауыңызды сұараймын жәнеде қанағаттандырасыз деген үміттемін. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Айдана Джетгенбайқызы! Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті(бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) сотталған Ернұр Еркінұлы Амановты Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 55 мекемесіне ауыстыру туралы өтінішті қарастырып, келесіні хабарлайды. Сотталған Е. Е. Аманов ҚАК-тың 88-бабының 4-бөлігінің 4) тармағына сәйкес құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 42 мекемесінен Маңғыстауоблысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 77 мекемесіне ауыстырылды. ҚАК 88-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстыру үшін оңмінез-құлық дәрежесінің, тиісті түрдегі мекемеде орынның болуы және әлеуметтік пайдалы байланыстарын құжаттармен растау міндетті шарттары болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығымен бекітілген. Сотталғанды әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарды ұстануы үшін ауыстыру қағидаларының 5, 16-тармақтарына сәйкес сотталғанды ауыстыру мәселесіне бастамашылық еткен туыстары өтінішке олардың жеке басын куәландыратын, сотталғанмен туыстық байланысын растайтын, тұрғылықты жері бойынша кем дегенде алты ай тіркелгені туралы құжаттардың көшірмелерін қоса беруі тиіс. Сіз өтінішіңізге жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмелерін қоса жолдамағандықтан, сотталған Е.Е.Амановты Шымкент қаласына ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Шымкент қ. және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 55 мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.

Ешмағамбетов Ж.Б. 13.01.2023, 03:45
Муханова Айнагуль
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 06.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 100
  • № 763003

Мен Муханова Айнагуль Амантуровна Жолдасым жазасын Адилов Серик Суюнбаевич Қостанай облысы УК 161/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр, 2022 жылдың желтоқсан айының 28-30 аралығында кездесуде болғанымда құлағы дұрыс естімей шыдатпай ауыратындығын денсаулығын нашарлағаны іштегі санчастқа барып көрінгенмен бақылауға алам деп ем берілмеген.айтқан болатын. Денсаулығы нашарлауына байланысты Сізден өтінерім жолдасым Адилов Серик Суюнбаевич терапевт және лорға тексеріп ем жасау үшін анализдерін қалалық емханаға апаруыңызды сұраймын. Анализдерге шыққан шығынды өзім төлуеймін ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қылмыстық-атқару жүйесінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету мәселесі енді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құзыретіне кірмейді. Осыған байланысты Сіздің өтінішіңіз Денсаулық сақтау министрлігіне қайта жіберілді

Ешмағамбетов Ж.Б. 09.01.2023, 10:40
Сарсенбиева Анар
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 06.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 92
  • № 762982

Мен Сарсенбиева Анар Қалауқызы 15.03.1964 Түркістан облысы,Шардара ауданы,Ақалтын ауылы,Шынтөреев көшесі № 27 үй тұрғыны Сізге арыз жазу себебім,жолдасым Сарсенбиев Ерлан Мырзалыұлы 235 II 259 IV қатаң режимге сотталып жазасын Тараз қаласындағы №58 мекемесінде өтеуде. Менің денсаулығыма байланысты алыс жолға шығуым қиын ,денсаулығым нашар.Сізден жолдасым Сарсенбиев Ерланды Тараз қаласынан Түкістан облысы Леңгер қаласы ИЧ 167/9 мекемесіне ауыстыруыңызды сұраймын.Тек қана менің ғана денсаулығым емес күйемнің де басында ауытқуы бар және оның да денсауылығы мәз емес.Менен басқа оның артынан баратын адам жоқ бірге туғаны жоқ,туысы жоқ.Балам Мырзалы Т.Е Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында тіркелген.Бірақ ол өзі жұмыс жасайды және өзі бөлек тұрады. Генерал-майор мырза арызымды қанағаттандыруыңызды сұраймын себебі, өлер шағымызда бір бірімізді көріп тұрсақ деп едім. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сотталған Ерлан Мырзалыұлы Сарсенбиевты, оны Түркістан облысындағы мекемеге ауыстыру туралы өтінішін қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті №55 (ИЧ-167/9) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған Е.М. Сарсенбиевті көрсетілген мекемеге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес ол әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Ешмағамбетов Ж.Б. 10.01.2023, 03:37
Сарсенбиева Анар
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 06.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 94
  • № 762979

Мен Сарсенбиева Анар Қалауқызы 15.03.1964 Түркістан облысы,Шардара ауданы,Ақалтын ауылы,Шынтөреев көшесі № 27 үй тұрғыны Сізге арыз жазу себебім,жолдасым Сарсенбиев Ерлан Мырзалыұлы 235 II 259 IV қатаң режимге сотталып жазасын Тараз қаласындағы №58 мекемесінде өтеуде. Менің денсаулығыма байланысты алыс жолға шығуым қиын ,денсаулығым нашар.Сізден жолдасым Сарсенбиев Ерланды Тараз қаласынан Түкістан облысы Леңгер қаласы ИЧ 167/9 мекемесіне ауыстыруыңызды сұраймын.Тек қана менің ғана денсаулығым емес күйемнің де басында ауытқуы бар және оның да денсауылығы мәз емес.Менен басқа оның артынан баратын адам жоқ бірге туғаны жоқ,туысы жоқ.Балам Мырзалы Т.Е Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында тіркелген.Бірақ ол өзі жұмыс жасайды және өзі бөлек тұрады. Генерал-майор мырза арызымды қанағаттандыруыңызды сұраймын себебі, өлер шағымызда бір бірімізді көріп тұрсақ деп едім. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сотталған Ерлан Мырзалыұлы Сарсенбиевты, оны Түркістан облысындағы мекемеге ауыстыру туралы өтінішін қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті №55 (ИЧ-167/9) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған Е.М. Сарсенбиевті көрсетілген мекемеге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес ол әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Ешмағамбетов Ж.Б. 10.01.2023, 03:37
Байгенжеева Жамила
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 05.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 87
  • № 762922

Кайырлы кеш курметти отинишке жауап беруши мырза сиздин менин 762858 номерли отинишиме жауап ретинде берген номер ешкандай жауап бермейди гой. Сосын егер Орал каласында орын жок болса лимит болса сол Тараз каласында отыра берсинши неге сотрудниктер оган кун корсетпейди кайта кайта кудалап костанайга кет деп. Мени шаршатып жиберди сол мекеменин кызметкерлери кызметкерлерге тиисип жаткан жок кой жолдасым..... ...

Толығырақ

Жауаптар


Сотталған Мухамбет Николаевич Ищановты Жамбыл облысында қалдыру туралы жазған өтінішіңізді қарап, сотталған М.Н. Ищановтың келісімі бойынша, ол Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 (ЖД-158/4) мекемесінде қалдырылғанын хабарлаймыз.

Ешмағамбетов Ж.Б. 17.01.2023, 10:46
Байгенжеева Жамила
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 04.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 95
  • № 762858

Саламатсызба курметти хатка жауап беруши оператор. Мен бунда кооп хат жазушылардын биримин есимим Байгенжеева Жамила менин сиздерге айтар шагымым сизде турмелердин кызметин тексеретин комиссия мушелери барма? Адилетти Казакстан деген бос соз болып калды гой неге аттарына сай кызмет аткармайсыныздар? Мен ЖД 158/4 мекемесинин кызметкерлерине арыз шагымдарым бар. Астана каласынан барып тексеру жургиземиз дейтин болсаныздар айтып берейин деп едим. Оздерин Астанада отырып алып оздерине айтсаныздар отирик отчёт аласыныздар. Сосын неге онлайн приёмга жазылу киын телефондарга жауап берилмейди? Жалгыз мен емес мег сиякты арыз шагымын кайда кимге жиберерин билмейтин жандар коп шыгар мумкин вотсап номерлеринизде вечно уйыктап жатады тук жауап жок ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Сіздің 03.01.2023 жылғы жіберген өтінішіңіз тіркеліп, Құзыретті қызметтердің қарауына берілді. Жауап сізге түскен күннен бастап 15 күн ішінде беріледі. Азаматтарды қабылдауға жазылу үшін алдымен 8 (7172) 72-30-69 нөміріне қоңырау шалу қажет

Ешмағамбетов Ж.Б. 05.01.2023, 11:23
Байгенжеева Жамила
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 03.01.2023
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 78
  • № 762774

Кайырлы кун саламатсыныздарма! Жана жылдарынызбен. Мен Мангыстау обылысы Жанаозен каласынын тургыны Байгенжеева Жамила Абаевна мын. Сизге осы уакытка дейин жазып жургенимдей жолдасым Ищанов Мухамбет Николаевичти Орал каласындагы РУ 170/3 мекемесине ауыстырып беринизши отиниш. Марапаттары бар тартиби он натижели минездеме суратып алсаныздар болады. Маган 3 ши он дарежели делинген. Отиниш сиздерге 3 айда 1 баруга болатын кездесулерге жылына бир рет кана барып журмин жагдвйымнын жоктыгынан жолдасыма бару улкен арман болып жур. Оралга жиберсениздер кайын журтым сол жакта кишкене болсада комек береди гой деген умитим бар еди. Отинип жалынып сураймын. Ауыстырып беринизши менин байымды Орал каласына... Мангыстаудагы ГМ 172/6 мекемесининде жондеу жумыстары али басталмаган оны кашан жондейди кашан осы жакка келетини де белгисиз гой типти кайда кимге барып жазарымды да билмей калдым.... ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Байгенжееева Жамила! Сотталған Мухамбет Николаевич Ищановты Батыс Қазақстан облысында орналасқан мекемесіне ауыстыру туралы жазған өтінішіңіз қаралып, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 (РУ-170/3) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Бұндай жағдайда, Н. Ищановты сотталғандардың саны шектен асып тұрған №28 (РУ-170/3) мекемесіне жіберу заңға қайшы келеді. Баяндалғанның негізінде, ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмегендіктен, М.Н. Ищановты көрсетілген мекемеге ауыстыру қазіргі уақытта мүмкін еместігін түсіндіреміз. №28 (РУ-170/3) мекемесінде бос орындар пайда болғанда, сондай-ақ ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының өзге де талаптарына (теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, туысқандық қатынастардың құжаттармен расталуы, сұралған өңірде кем дегенде 6 ай тұрақты тіркеудің болуы) сәйкес болғанда, М.Н.Ищановты аталған мекемеге ауыстыру мүмкін болады. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.

Ешмағамбетов Ж.Б. 17.01.2023, 09:23
Боянов Рустем
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
  • 29.12.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 77
  • № 762626

Прошу рассмотреть данное Заявление, С уважением Боянов Р. ...

Толығырақ

Жауаптар


Рассмотрев Ваше обращение о переводе осужденной Сапаровой Аксымбат Дуйсембаевны в учреждение Алматинской области, сообщаем следующее. В соответствии с частью 4-1 статьи 88 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан одним из обязательных условий перевода осужденного в целях поддержания социально полезных связей является наличие места в учреждении соответствующего вида. На сегодняшний день количество осужденных в учреждении средней безопасности №10 (ЛА-155/4) Департамента УИС по Алматинской области и области Жетісу превышает установленный лимит мест, в связи с чем, в настоящее время удовлетворить обращение не представляется возможным. Разъясняем, что в случае несогласия с результатом рассмотрения обращения, в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, Вы вправе подать жалобу в административном (досудебном) порядке.

Ешмағамбетов Ж.Б. 11.01.2023, 03:02
    Ешмағамбетов Ж.Б.

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

    Ешмағамбетов Ж.Б.
    (Мұрағат)

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика