- Блогтар
- Ешмағамбетов Ж.Б.
Ешмағамбетов Ж.Б.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы
Ерниязов Белесбек
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 28.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 81
- № 755656
Төраға Ешмагамбетов Жанат Болатұлына өтініш. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Белесбек Бурханович! Сотталған Жаныс Бурханұлы Ерниязовты Қызылорда қаласындағы мекемеге ауыстыру туралы жазған өтінішіңіз қаралып, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 (ЗК-169/5) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған Ж.Б. Ерниязовты көрсетілген мекемеге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.
Ешмағамбетов Ж.Б. 30.09.2022, 03:25Калдыбекова Айгуль
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 27.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 83
- № 755497
Сәлеметсізбе Жанат Болатұлы!Сізге менің өтінішім!Мен Қалдыбекова Айгүл Болатқызы көп балалы анамын және де 2-топ мүгедегімін,Менің жолдасым Қалдыбеков Айбек Жақыпұлы да 2- топ мүгедегі, Жазасын өтеуші менің ұлым Жақыпов Бақытжан Айбекұлы 18. 03.1995 жылы туылған ИИН:950318300086 Жамбыл облысы Тараз қаласындағы 158/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеуде. Сізден сұрар үлкен өтінішім ұлымды Шымкент қаласындағы 167/2 түзеу мекемесіне аударуыңызды өтініп сұраймын ,себебі жолдасым Шымкент қаласында туылған,барлық ағайын тума сол жақтарда тұрады,жәнеде мен және жолдасымның мүгедектігімізге байланысты Шымкент,Сарыағаш санаторийлеріне жылына 2-3 рет барамыз,сол кезде ұлыма свиданиеге барсам дейміз,сотталғанына 3 жыл 6-айдан кетті карантин басталып,өзіміз ауырып осы күнге дейін әлі бірретте свиданиеге бармаппыз,ұлымды сағындық.Ақтау қаласынан -Таразға тіке самолет ұшпайды,әрі қарай тағы біраз сағ.таксимен жүру керек,алыс жолға жарамаймыз,Тараз қаласында ағайын тумалас жоқ алыс жолға денсаулығымыз жарамайды ағайын туысымыз Шымкент қаласында тұрады.,Осы өтінішіме Сізден сұрарым біздің өте ауыр семья жағдайымызды ескере отырып ұлым Жақыпов Бақытжанды Шымкент қаласына 167/2 жазасын өтеуге ауыстыруыңызды сұраймын !!!! ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Калдыбекова Айгуль! Сіздің жазған өтінішіңіздің қарастырылуы 29.09.2022 ж. № 755790 өтінішіңіздің негізінде тоқтатылды.
Ешмағамбетов Ж.Б. 29.09.2022, 06:16Тегисбаева Курбанай
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 26.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 63
- № 755426
постельный режим ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Курбанай Тегисбаева! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – ҚАЖ комитет) сотталған С.Т.Жумабаевтың мүддесіне қатысты Сіздің өтінішіңізді қарады. Сотталған С.Т.Жумабаев Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 38 мекемесіне (УК-161/2) 2021 жылғы 20 қарашада келген. Мекемеге келген күннен бастап мекеме медицина қызметкерлерімен қаралып, ағзасында бар науқастық белгілері бойынша диспансерлік есепке алынған. Екінші топтағы мүгедектігі бар сотталған болып табылады (30.09.2020 жылдан 30.09.2025 жылға дейін). ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен бекітілген сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес сотталған С.Т.Жумабаевқа қатысты қажетті лабораториялық тәсілді зерттеулер жүргізілген (ЖҚТ, RW реакиясына қан алу, БАК кровь на ВИЧ-инфекцию, Флюорография органов грудной клетки). №38 (УК-161/2) мекемеде болған уақытында дәрігер-терапевтпен, мекеменің медициналық бөлігінің бейінді мамандарымен (травматолог, психиатр) кеңес алынып, диагнозы қойылды, амбулаториялық емдеу ұсынылып, мекеменің медициналық бөлігі жағдайында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті ем шаралрын толықтай алды. Сотталғанға төсек демалыс режимін тағайындау мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 6 қазанында дәрігерлік-консультативтік комиссия өткізілгенін, төсек демалысы режимі ұсынылмағанын, амбулаториялық ем тағайындалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта С.Т. Жұмабаевтың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Медициналық бөлім жағдайында медициналық бақылау және емдеумен толыққанды қамтамасыз етілген.
Ешмағамбетов Ж.Б. 10.10.2022, 05:52Рахметжанұлы Аманболат
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 22.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 78
- № 755070
Құрметті Ж. Ешмағанбетов мырза сізден, ағам Мендибаев Буркіт Рахметжанович Ақтау қаласындағы ГМ172-6 мекемесінде жазасын өтеп жатыр еді. Мекеме жабылуына байланысты қазіргі таңда Степногорскіге ауыстырылды. Сізден сұрайтыным ағамды Қостанай обылысына аударуыңызды сұраймын. Себебі Қостанайда жақын туысым бар еді. Мен артынан баруға жағдайым жоқ. Қолымда 70 ке таяп қалған зейнеткер анам бар және жұмысым бар. Ағама барып - келуге қаражат жағынанда қиындық болады. Мүмкіндік болса Қостанайға ауыстырып беруіңізді сұраймын. 22.09.2022ж ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Аманболат Рахметжанұлы! Сотталған Буркит Рахметжанович Мендибаевқа қатысты өтінішіңіз қанағаттандырылғанын хабарлаймыз. ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес жазасын одан әрі өтеу үшін ол Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 38 (УК-161/2) мекемесіне ауыстырылады.
Ешмағамбетов Ж.Б. 26.09.2022, 12:19Исмаилова Гулмира
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 22.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 91
- № 755039
Құрметті Жанат Болатұлы! Мен, Исмаилова Гулмира Абатовна, сотталған Исмаилов Бахрам Абатовичтын апасы боламын.Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы 172/6 мекемесінің жабылуына байланысты, иним Бахрамды Караганды облысы поселок Долина орналасқан Уч Ак159/7 мекемесіне ауыстырылған болатын. Мүмкіндік болса инимди Қостанай қаласындағы УК - 161/2 мекемесіне ауыстыруыңызды сұраймын.Караганда каласы Маган оте алыс каржылык жагдаимда келмеиди,кишкентай балдарым бар Уй жалдап турамын.Туыстарымыз Озбекстан каласында турады оларга типтен кыйн келу.Мен Атырау каласында турамын.мен барп жай жагдаин билип туруыма ынгайлы болуы ушын сизден отиниш инимди Костанай каласына ауыстрп беруинизди сураймын ...неге жауап бермисиздееееер отиниш жауап бериниздерши ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Гулмира Абатовна! Сотталған Бахрам Абатович Исмаиловқа қатысты өтінішіңіз қанағаттандырылғанын хабарлаймыз. ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес жазасын одан әрі өтеу үшін ол Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 38 (УК-161/2) мекемесіне ауыстырылады.
Ешмағамбетов Ж.Б. 23.09.2022, 12:06Байгенжеева Жамила
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 22.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 81
- № 755020
Қайырлы күн. Сәлеметсізбе! Мен Байгенжеева Жамила Абаевна Маңғыстау обылысы ЖаңаӨзен қаласының тұрғынымын. Жолдасым Ищанов Мұхамбет Николаевич қәзіргі таңда Тараз қаласындағы ЖД 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Осыған дейін де кейін де жаза беремін менің Жолдасымды Орал қаласына ауыстырып беруіңізді сұраймын. Үнемі маған лимит деп жауап бересіздер ғой, бірақ сол жаққа ауысқан адамдардың бар екенін білемін. Өтініш осы жолы менің өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын...... ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Жамила Абаевна! Сотталған Мұхамбет Николаевич Ищановты Батыс Қазақстан облысында орналасқан мекемесіне ауыстыру туралы жазған өтінішіңіз қаралып, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 (РУ-170/3) мекемесінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемеге белгіленген орындар лимитінен асуда. Бұндай жағдайда, Н. Ищановты сотталғандардың саны шектен асып тұрған №28 (РУ-170/3) мекемесіне жіберу заңға қайшы келеді. Баяндалғанның негізінде, ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмегендіктен, М.Н. Ищановты көрсетілген мекемеге ауыстыру қазіргі уақытта мүмкін еместігін түсіндіреміз. №28 (РУ-170/3) мекемесінде бос орындар пайда болғанда, сондай-ақ ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының өзге де талаптарына (теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, туысқандық қатынастардың құжаттармен расталуы, сұралған өңірде кем дегенде 6 ай тұрақты тіркеудің болуы) сәйкес болғанда, М.Н.Ищановты аталған мекемеге ауыстыру мүмкін болады. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.
Ешмағамбетов Ж.Б. 26.09.2022, 12:18Бақтығалиева Гүлмарал
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 21.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 81
- № 755005
Мен Бақтығалиева Гүлмарал Багитжанқызы әкем Тореханов Багытжан Бактыгалиевич сотталған.Қарағанды облысы город Шахтински пос.Долинка ул.Садовая 92 АК 159/6 осы мекемеде жазасын өтеуде.Біз құлсары қаласында тұрғандықтан Қарағанды қаласы өте алыс.Ағам жұмыссыз өзім тұрмыстамын екі кішкентай баламмен үйде отырмын.Балдарым біреуі 1 жаста екіншісі 3 жаста.Сіңлілерімде бара алмайды алыс болғандықтан.Кіші сіңілім 13.11.2010 жылғы.Соған байланысты әкемді жақын жерге Қостанай қаласына ауыстыруыңызды сұраймын.Әкемізді көрмегелі 2 жылдан асты.Кішкентай сіңілімде әкесін сағынуда жақын жерге ауысса барып кездескіміз келеді.Қарағанды қаласы алыс болғандықтан ол жаққа баруға қаражатымызда жеткіліксіз.Әкемді барынша жақын жерге ауыстыруыңызды өтініп сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Гүлмарал Багитжанқызы! Сотталған Багытжан Бактыгалиевич Торехановқа қатысты өтінішіңіз қанағаттандырылғанын хабарлаймыз. ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес жазасын одан әрі өтеу үшін ол Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 38 (УК-161/2) мекемесіне ауыстырылады.
Ешмағамбетов Ж.Б. 26.09.2022, 12:18Караева Мадина
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 21.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 75
- № 754942
Құрметті Ешмағамбетов Ж.Б мен Караева М.Б жолдасым Сарсенбаев Қ.Ы сотталған казіргі таңда Түркістан обл Ленгер қаласы Ич 167/9 мекемесынде сызден сұрайтыным менын жолдасымды Алматы қаласы Ла 155/8 мекемесы немесе Шымкент қаласы Ич 167/2 мекемесыне ауыстыруыңызды сұраймын,себебі мен жолдасыма барган кезде Шымкент қаласынан тусып ары карай тагы машинамен барам сол жагы маган қиындау ары шыгыны коп шыгып тур балалармен барганда киындау ауыстырп жатсаныз октябрдын 26-сыннан кейін ауыстырынз мен 26-сы жолдасыма барамын билет алып койдым қайтарылмайтын,сосын маған нақтысын айтасыз ба алдынғы жазған өтінішім бойынша (фрукты,кауын,карбыз,шұбат) кіргізуге болама.сызден катты өтініп сұраймын жанағы Алматы немесе Шымкент осы екеуынын біріне ауыстыруыңызды сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Мадина Караева! Сотталған Каржаубай Ырысбаевич Сарсенбаевты Алматы облысындағы не Шымкент қаласындағы мекемеге ауыстыру туралы жазған өтінішіңіз қаралып, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті №57 (ЛА-155/8) және №12 (ЛА-155/12) мекемелерінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемелерге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған К.Ы. Сарсенбаевты көрсетілген мекемелерге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. 2022 жылғы 14 ақпанда ҚАЖ комитеті Сіздің сотталған К.Ы.Сарсенбаевты Шымкент қаласындағы № 53 (ИЧ-167/2) мекемесінен Түркістан облысы Леңгір қаласындағы №55 (ИЧ-167/9) мекемесіне отбасылық жағдайыңызға байланысты ауыстыру туралы өтінішіңізді қанағаттандырды. Баяндалғанның негізінде, қазіргі уақытта оны №53 (ИЧ-167/2) мекемеге ауыстыруға негіз жоқ. Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінің аумағына, оның ішінде ұзақ кездесулер бөлмелеріне азық-түлікті кіргізу Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады, атап айтқанда: - жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғи шырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер; - бір адамға 0,5 литр есебінен өсімдік май және кемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май; - өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер; - өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқа майы, ірімшік; - өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 2 банка есебінен консервіленген ботқа, ет және өсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері; - нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда; - тұздықтар, майонез, бал. Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.
Ешмағамбетов Ж.Б. 30.09.2022, 03:21Абилтаева Акерке
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 20.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 82
- № 754756
Уважаемый Жанат Болатович, Согласно Приговору №7511-22-2-1/459 от 07 сентября 2022 года мой супруг Әбдіхалықов Елдос Әмзеғалиұлы был осужден на 7 лет лишения свободы. У нас с Абдихалыковым Елдосом четверо детей. Я сама не работаю, у меня нет источника дохода. Я должна периодический навестить его. Если он будет отбывать наказание в другом городе, мое финансовое положение не позволяет поддержать с ним связь и навестить его. Я и наши дети проживаем в г. Алатауский район, г. Алматы, мкр. Ужет, ул. Сейтова, дом 37/1. В связи с этим прошу разрешить Елдосу Абдихаликову отбывать наказание в учреждении, расположенном в Алматинской области, для поддержания социально полезных связей, так как я и наши дети проживаем в городе Алматы. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Абилтаева Акерке! Ваше обращение в интересах осужденного Әбдіхалықова Елдоса Әмзеғалиұлы рассмотрено. В соответствии части 3 статьи 88 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан (далее-УИК) направление осужденного для отбывания наказания в учреждение соответствующего вида режима другой области допускается по решению уполномоченного органа уголовно-исполнительной системы в случаях: отсутствия по месту жительства осужденного учреждения соответствующего вида и превышения лимита мест отбывания наказания, предусмотренного частью второй статьи 115 УИК. В настоящее время в учреждении №14 (ЛА-155/14) Департамента УИС по Алматинской области количество осужденных превышает установленный лимит мест, в связи с чем, в настоящее время удовлетворить Ваше обращение не представляется возможным. Разъясняем, что в случае несогласия с результатом рассмотрения обращения, в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, Вы вправе подать жалобу в административном (досудебном) порядке.
Ешмағамбетов Ж.Б. 23.09.2022, 12:04Адилбекова Жанар
- Ешмағамбетов Ж.Б.
- 19.09.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 80
- № 754643
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесінің төрағасы Жанат Болатұлы Ешмағамбетовке Жетісу облысы, Сарқан қаласы, Алмалы ауылы, Абай көшесі № 55 үй тұрғыны Адилбекова Жанар Амангелдиевна ЖСН: 790118400506 Телеф: +77780877521 ӨТІНІШ Менің өтініш беру себебім, мен Адилбекова Жанар Амангелдиевна 18.01.1979 жылы туылганмын, менің отбасымда жұбайым және тоғыз балам болған, қазіргі таңда үлкен қызым Жетісу облысы, Талдықорған қаласына тұрмысқа шығып, сол жерде тұрады, қалған балаларым жанымда тұрады, үлкен ұлым Қожабек Алтынбек Қайратұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 тармағы, 99 бабының 2 бөлім 8 тармағы және 192 баптың 2 бөлімі 1,4 тармағы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айрылған, казіргі таңда Жамбыл облысы Тараз қаласы ЖД158/04 түзету мекемесінің қатаң режимінде жазасын өтеп жатыр. Мен Жетісу облысының тумасымын, өзіміз толыққанды бақытты өмір сүріп жатқан уақытта қызымыз Жетісу облысына тұрмысқа шығып, үлкен ұлымыз кенеттен сотталып қайғыдан қан құшып қалдық, бұл жағдайдан кейін отбасымызда өзгеріс болды, тату тәтті отбасымыздың берекесі кетті, осы мәселенің барлығы менің жұбайым Адильбеков Кайрат Кожабековичқа ауыр тиіп,сол жылы инсульт алып ауруханаға түсіп 20 күн дегенде әрең шықты, денсаулығы құрыды, басымызға келген қайғыны көтере алмады, көзінің ағы мен қарасындай болған үлкен қызын ұзатып жіберуге қимай отырғанда екіншісінен тірідей айрылып отыр, осы жағдайдан кейін менің де қан қысымым көтеріліп кететін болды.Өзіміз Жетісу облысының тумасы болғандықтан баламның сотталған жері біз үшін өте алыс. Ендігі мәселе Жамбыл облысында түрмеде отырған балама жету мәселесі,ұлымды көру біз үшін қиынға соғып отыр.Біз кесте бойынша ұлыма кездесуге бару үшін 950 км жол жүреміз,оған бару үшін жол ақысы бар кететін одан бөлек тамағы мен киімдерін де апаруымыз керек, бұның бәрі біз үшін өте ауыр, себебі жұбайым инсульттан кейін жұмысқа жарамсыз өзім көп балалы ана болғандықтан және қолымда ауырып отырған инвалид балам болғандықтан жұмысқа да шыға алмаймын,екеумізде қазіргі уақытта жұмыссыз болып отырмыз.Баламның ең кішісі 1жастан енді асты. Өкімттен алатын әлеуметтік көмекпен күн көріп отырған жайымыз бар оның өзі шыны керек жетпей кетеді,кейбір күндері азық түлігіміз болмай қалатын да кездер болған.Ай сайынғы азық түліктен бөлек төлейтін суымыз одан бөлек светіміз бар.Балаларымыздың киімін де әрең алып беріп отырған жайымыз бар.Отағасы мен кіші ұлым екеуі арасында шығып жатса жалдамалы жұмысқа шығады, балалардың оқуына керегін алсақ деп.Ұлымызға баратын кезде ағайын туысқа,таныс дүкендерге қарызға белшемізден батамыз,келген соң сол қарыздардан құтылу үшін жұмыс атқарып,құтылдық ау дегенде қайта кездесуге баратын мерзіміміз келеді.Біз үшін баламызға Жамбыл облысына жету өте қиын.Әкесі ауырып жолға әрең шыдайды.Өзім 1жасар баламен бара да алмаймын бала жолға шыдамай жылап, ауырып мазасы кетеді оған қоса қолымда 7жасар ауырушаң инвалид балам бар.Біздің материалдық жағдайымыз төмен. Шыны керек бар үмітіміз осы үлкен ұлымызда үйіміздің тіреуі де осы ұлымыз еді.Бір жағынан шығысып,көмектесіп, бауырларын киіндіріп отыратын да өзі болатын.Жасымыз біразға кеп қалғанда басымызға осындай ауыр іс түсіп отыр. Аса құрметті Жанат Болатұлы! Сіздің өмір баяныңызды оқи отырып,сіздің білімді азамат,білікті маман екеніңізге көзімізді жеткізіп отырған жайымыз бар.Осы менің өтінішімді оқи отырып,біздің отбасылық жағдайымызды түсінетініңізге сенеміз.Осы жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып сізден: 7.11.2019жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 тармағы, 99 бабының 2 бөлім 8 тармағы, 192 баптың 2бөлімі 7-8 тармағы бойынша сотталған ұлымыз Кожабеков Алтынбек Кайратовичты Жамбыл облысы Тараз қаласы ЖД158/04 түзету мекемесінен Алматы облысы ЛА155/08 мекемесіне ауыстыруыңызды сұраймын. Өзіңізге құрметпен Өтініш иесі: А.Ж.Адилбекова ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Жанар Амангелдиевна! Сотталған Алтынбек Кайратович Кожабековты Алматы облысында орналасқан мекемеге ауыстыру туралы жазған өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес тиісті түрдегі мекемеде бос орынның болуы сотталғандарды әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №57 (ЛА-155/8) және №12 (ЛА-155/12) мекемелерінде ұсталуға жататын сотталғандардың саны осы мекемелерге белгіленген орындар лимитінен асуда. Көрсетілген жағдай ҚАК 88-бабының 4-1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді, осыған байланысты, бүгінгі күні сотталған А.К. Кожабекоты көрсетілген мекемелерге ауыстыру мүмкін еместігін түсіндіреміз. Өтінішті қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.
Ешмағамбетов Ж.Б. 23.09.2022, 12:05