- Блогтар
- Досбатыров Д.К.
Досбатыров Д.К.
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры
Досбатыров Д.К.
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры
Досбатыров Даулет Курмангалиевич – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры, PhD докторы, доцент, «Құрмет» орденінің кавалері, (хореография мен цирк өнерінің режиссері және педагогі, әуе гимнастикасы жанрындағы цирк әртісі).
1981 жылдың 20 сәуірінде Ресей, Сведлов облысы, Төменгі Тагил қаласында дүниеге келген. 1987-1998 жылдары Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Д. Қонаев атындағы орта метебінде білім алды. 1998 жылы Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түсті, 2001 жылы колледжді «цирк өнері» мамандығы, «цирк әртісі» біліктілігін алды.
200-2008 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында, «режиссура» мамандығы, «режиссер хореограф» біліктілігі бойынша диплом алды. 2008 жылы академияны тәмамдағаннан кейін магистратураға оқуға түсіп, 2010 жылы сәтті оқуын бітірді.
2010-2013 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минитсрлігінің 2013 жылғы 26 қарашасында режиссура мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. 2016-2018 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Құқықтану мамандығы бойынша құқық бакалавры дәрежесі берілді.
Халықаралық конкурстардың лауреаты және жүлдегері болып табылады: I Бүкілодақтық балалар циркі өнерінің конкурсында I-сыйлық лауреаты (1991), «Цирк Оскары» сыйлығымен марапатталды (Белгия, 1992), ІІ-ші Халықаралық цирк конкурсы- «Қола жұлдыз» сыйлығы (Италия, 1993), Монте-Карлодағы Халықаралық цирк конкурсы «Алтын кубок» (1996), VII Халықаралық цирк конкурсы «Күміс арыстан», «Алтын медаль» иегері ( Қытай, 1999), ІІІ Халықаралық цирк конкурсының күміс жүлдесі (Италия, 2001), «Шабыт» ХІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің «Хореографтың ең үздік жұмысы» Гран-При жүлдесі (Қазақстан, 2008), «Идеялар жәрмеңкесі» І Дүниежүзілік цирк режиссурасы фестивалінің лауреаты (Ресей, 2010), VII Халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінің Гран-при иесі (2014).
Даулет Курмангалиевич мемлекеттік марапаттары: «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.
Цирк өнері саласындағы ерекше жетістіктері үшін Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2006), Сапа дипломымен және Еуропалық ғылыми-өндірістік палатамен Еуропалық «Алтын медальмен» марапатталған (2013).
Досбатыров Д. К. цирк, хореография және театр өнері мәселелеріне арналған 15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы. Қазақ циркінің 45 жылдығына арналған Кітап-альбом тұжырымдамаларының авторы (2015), «Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы» Кітап-альбом тұжырымдамаларының авторы, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85 жылдығына арналған Кітап-альбомының бас редакторы.
Белсенді режиссерлық және шығармашылық қызмет барысында ауқымы, стилі және көркемдік шеберлігі бойынша әртүрлі жұмыстардың көптеген түрлерін жасадым, атап айтқанда: Қазақ Мемлекеттік Циркінің 35 жылдығы; «Одинокий Призрак» жиынтықты спектаклі; Театралдық және хореографиялық өнер үшін қойылымдар; «Алтын жүрек» сыйлығы (2007 жылы); Астана қаласының 10 жылдығы (2008 жылы); Алматы қаласы күні (2008 жылғы 5 қазан); «Еуразия» V-халықаралық кинофестивальдің ашылуы (2008 жылы); 7-қысқы Азия ойындарының жабылуына қатысу; «Чемпион», «Үлкен жарыс» теледидар жобаларына қатысу (Франция, Париж 2012 ж.); «Зимус» жаңажылдық театраландырылған цирк спектаклі (2013-2014 жылы); Қазақ Мемлекеттік Циркінің 45-жылдығы (2015 ж.); Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Ұлттық өнер кадрларын дайындаудың» 85-жылдығына арналған мерейтойлық концерттің бас қоюшы – режиссері (2018 ж.); А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85 - жылдық мерейлі тойына арналған VII Халықаралық «Өрлеу» балет мектептерінің фестивалі (2019).