• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САЙЛАУБАЙ АСЕЛЬ
  • Ахметжанов М.М.
  • 27.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 73
  • № 745267

Генеральному прокурору РК Асылову Б.Н. Министру внутренних дел РК Ахметжанову М.М. Следственный департамент МВД РК Департамент кадровой политики МВД РК Прокуратуру города Алматы Жуйриктаеву Б.К. Прокурору Турксибского района города Алматы Барпибаеву А.Т. Департамент полиции г.Алматы УП Турксибского района г.Алматы 15 марта 2022 за №2-17-22-07627 в соответствии со статьей 105 УПК РК было вынесено Постановление о полном удовлетворении жалоб адвоката Кожахметова Д.А. в интересах Султанова Бахаддина об отмене постановления о прекращении, досудебного расследования по уголовному делу №167519031003206 28.12.2021 старшим следователем СД МВД РК Жексенбековым А.М. на основании ст.35 ч.1 п.2 УПК РК. 1. Жалобы адвоката Кожахметова Д.А. в интересах Султанова Бахаддина об отмене постановления о прекращении досудебного расследования по уголовному делу №167519031003206-удовлетворить в полном объеме. 2. Отменить решение следователя СД МВД РК Жексенбековым А.М. от 28.12.2021 г. о прекращении досудебного расследования по уголовному делу №167519031003206. 3. 25 мая 2022 года следователи УП Турксибского района г.Алматы вернули в очередной раз закрыли дело, не проведя ни одного следственного действия. 4. 27 мая 2022 года Прокуратура Турксибского района вернула дело на доследование. Однако, до сегодняшнего дня, дело так и не сдвинулось с мертвой точки. На онлайн встрече с прокурором города Алматы, представителем Султанова Б., были озвучены пункты, согласно которым, четко прослеживается бездействие следователей УП Турксибкого района, а также попытка оставить безнаказанными возможных преступников. В связи с чем, Просим предоставить информацию о всех следователях СО УП Турксибского района города Алматы, которые с 2016 по июнь 2022 года в проводили досудебное расследование по уголовному делу №167519031003206. Являются ли данные следователи сотрудниками органов внутренних дел. В случае смены должности и места работы, на какую должность переведен. Когда и при каких обстоятельствах и кем дело было прекращено (копии ) и при каких обстоятельствах и кем было возобновлено. Данные прокуроров Турксибского района, осуществлявших надзор и выносивших постановление о закрытии уголовного дела (копии постановлений). Данные прокуроров г.Алматы выносивших постановление о возобновлении уголовного дела (копии постановлений). Какие меры приняты в отношении следователей и прокуроров Турксибского района, прекративших досудебное расследование по данному уголовному делу, так как по изученным материалам со стороны Прокуратуры города Алматы неоднократно были вынесены замечания сотрудникам УП и прокуратуры Турксибского района. В соответствии с пунктом 12 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации» прошу предоставить мне ответ в электронной форме. Ответ на настоящий запрос прошу предоставить в срок, установленный пунктом 10 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации», по следующему адресу:: 4vlastinfo.kz@internet.ru или по номерам: +77774717140, +77757264264 Напоминаем, что в соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации» предусмотрена ответственность должностных лиц обладателей информации, установленную законами Республики Казахстан. Незаконное ограничение права на доступ к информации может быть обжаловано как во внесудебном, так и в судебном порядке. В этой связи просим вас строго соблюдать требования Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации» по предоставлению информации, в противном случае ваши действия будут обжалованы. Главный редактор Жатканбаева М. ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение продлено в связи с дополнительным изучением вопроса.

Ахметжанов М.М. 26.07.2022, 06:06
Абитаева Галия
  • Ахметжанов М.М.
  • 27.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 70
  • № 745265

Сұраныс Менің Сізге сұраныс жазу себебім, Мойынқұм ауданының бұрынғы тұрғыны және прокуроры болған,бүгінгі таңда Талас ауданының тұрғыны және Талас ауданының прокуроры қызметіндегі Нуржан Адиловтың тұрақты мекен жайы туралы деректермен құлақтану. Оған себеп ,бұл азамат Шу аудандық сотына маған наразы болып, мені айыптау үшін 10 ға жуық Талап арыз түсірген еді, оның Талас ауданында тұрғанына 3 жылдан аспаса,кем емес уақыт өтуде. Ал сотқа Талап қоюшы ретінде жазған барлық арыздарында Адилов Нуржан Ахметович 16.02.1981 ж.т.ЖСН 810216300162. тұрғылықты жері: Жамбыл облысы.Мойынқұм ауданы. Мойынқұм ауылы .Асылбеков көшесі 4/2 үй тұрғынымын,деп көрсеткен. Талас ауданының тұрақты тұрғыны, қалай Мойынқұм ауданының тұрғылықты тұрғыны болып саналады? Осы орайда Сізден сұрайтыным, арнайы мемлекеттік ұйымның басшысы, яғни прокурор Нұржан Адилов Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тұрып жатқан елді-мекені болып табылатын,Талас ауданы Қаратау қаласының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты тұрғыны бойынша тіркелуі бар ма әлде жоқ па,соны анықтап беруіңізді сұраймын. Ескертпе: Егер ешқандайда тіркелуі жоқ болса, Уақтыша тіркеу ережелерін сақтамау неге алып келеді? Қағида талабы бойынша, Әкімшілік жауапкершілік тарту керектігін өз назараыңыздан шығармауыңызды өтінемін. Сұраныс иесі Абитаева Г.А. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Галия Адиловна! Сіздің өтінішіңізде көрсетілген аз. Н.А.Адилов, Қазақстан Республикасы құжаттандырылған халқының деректер базасының мәліметтеріне сәйкес, тұрғылықты жері бойынша Талас ауданында тіркелген, осыған байланысты, оның тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтар байқалмайды.

Ахметжанов М.М. 15.07.2022, 04:48
Жумабеков Абилкадир
  • Ахметжанов М.М.
  • 27.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 56
  • № 745262

21 жалоба на руководство ДУИС по Кызылординской области ...

Толығырақ

Жауаптар


Ваше обращение продлено в связи с дополнительным изучением вопроса.

Ахметжанов М.М. 26.07.2022, 06:07
Аманова Айман
  • Ахметжанов М.М.
  • 26.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 74
  • № 745257

Сәлематсызба Марат Мұратұлы, мен жұмыс бабында қайтыс болған, СОБР командирінің орынбасары,подполковник Аманов Арман Дауытұлының жесірі Аманова Айман Жұмалықызымын, сізден жеке қабылдауыңызды сұраймын ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Айман Жұмалықызы! Өтінішіңізді қарастырып, Сіз Ішкі істер министрлігі басшылығының қабылдауында тұрған азаматтардың тізіміне енгізілгеніңізді хабарлаймыз. Министрліктің жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, қабылдау күні мен уақыты туралы ақпарат Сізге қосымша хабарланады.

Ахметжанов М.М. 11.07.2022, 02:31
Кызылов Мирлан
  • Ахметжанов М.М.
  • 26.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 97
  • № 745242

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.М. Ахметжановқа Құрметті Марат Мұратұлы! Жария талқылауға ұсынылған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына өз ескертулерімді ұсынып отырмын. Бұған менің білім беру саласындағы мол тәжірибем мен білімім мүмкіндік береді. Алдымен айтарымыз, мұндай жобаның биылғы ІІМ арнаулы оқу орнына түсуші үміткерлердің, мектеп түлектерінің арасында әлеуметтік келіспеушілік пен әділеттсіздікке, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына апарып соқтырары сөзсіз. Бұрын да Министрліктің осы уақытқа дейінгі оқуға түсу Қағидасына дене шынықтыру бойынша нормативтеріне өзгерістер мен түзетулер жасағанбыз. Минстрліктің ұстанымының қандай екенін мынадай хат алмасулардан анық байқауға болады: - 2018 ж.01 тамыз №1-13506 тіркеу болып қабылданған негіздеме-хат жолданған болатын. Бірақ жауап кезінде берілмеді, Орындаушылар: Б.Бейсенкулов, А.Дарменов. - https://egov.kz/27.04.2020 - №611341; Жауап-05.05.2020ж. «Жоғарыда аталған өзгерістер, интеллект деңгейі және білімділігі жоғары дәрежедегі кандидаттарға ІІМ оқу орындарына түсуге көп мүмкіндіктер береді. Баллдық бағалау жүйесі қолдау таппады, өйткені таңдап алу барысында ҰБТ балдары төмен кандидаттар өтіп кетуі мүмкін. Сізді ұсыныстарыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!». - https://egov.kz/19.06.2020 -№624345; Жауап-30.06.2020 «ІІМ ЖОО-ға қабылдау тәжірибесі көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары мектеп түлектерінің дене шынықтыру даярлығының деңгейі айтарлықтай төмендеді және ҰБТ бойынша балдары жоғары кандидаттар дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру кезінде қанағаттанарлықсыз нәтижелер көрсетіп, тиісінше конкурс бойынша өте алмай, ІІМ оқу орындарына түсе алмай қалды… Бұл шара ҰБТ бойынша балдары жоғары абитуренттердің арасынан іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді деп ұйғарамыз. Сонымен қатар, 4 жыл оқу барысында, курсанттар полиция қызметкеріне қойылатын талаптарға сай болатын дене шынықтыру даярлығынан өтеді. Сіздің ұсыныстарыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! - https://egov.kz/01.07.2020 -№626339; Жауап-13.07.2020 «… ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау бойынша қомиссиялардың 2020 жылғы қорытынды есептерін зерделеп, Сіздің құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды қарастыратын боламыз. Сізге ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!» Министрліктің «2020 жылғы қорытынды есептерін зерделеп, Сіздің құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды қарастыратын боламыз» дегендері кімнің жауапкершілігінде қалды және неге осы уақыттқа дейін іске аспады. Жүйелілік жоқтың қасы? Сырғытпа жауап, бейқамдық пен құлықсыздық жалғасуда… Екіншіден, азаматтардың білім алуға деген құқықтарын ретейтін құқықтық актілерге өзгертулер мен түзетулер жоспарлы түрде уақытылы, ешқандай алаңдаушылық пен дегіберсіздік тудырмайтындай кезеңде жүргізілуі тиіс. Ал ІІМ арнаулы оқу орны Қарағанды академиясына түсу уақыты шілде айының ортасында басталатынын білеміз. ҚР ІІМ бұйрығы жобасының жария талқылау аяқталу мерзімі 2022ж. 04 шілдесі деп белгіленген. Ендеше мұндағы жаңа талаптар үміткерлер үшін алдын-ала дайындалу мүмкіндіктеріне иеленетін мерзім аралығы да өте маңызды болмақ. Осыдан келіп, талқыдан өтпеген, бір қайнауы ішінде жатқан мұндай бұйрық жобаларын ұсыну негізсіз деген ойға келдік, оның уждемелерін төменде келтіреміз. «ҚР ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасы бағыттарының бірі кадрларды іріктеу және оқыту, жаңа полиция стандартын әзірлеу болып табылады» деп karaganda_police_academy сайтында ақпарат берілген. Егер жаңа Жол картасын Үкімет немесе Министр бекітпесе, құқықтық тұрғыдан бекітілмеген және анықталмаған ақпаратты таратудың заңдылығы қандай деген сұрақ туындайды. Сондықтан шынайы ақпарат таратылуы қажет. Біздің білуімше, Жол картасы ресми түрде әлі бекітілмеген. Облыстардың Полиция Департаменттері бастықтарына реестр бойынша ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2022ж. 20 маусым №1-6-20/847 шығыс хаты мазмұнында 17-шілде келу күні, ал 25-29 маусымда-кәсіби іріктеудің жаңа кезеңі «Кәсіби іріктеу» өтетіндігі хабарланған. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын бұйрық жобасы бойынша жаңа іріктеу кезеңі ресми бекітілмей тұрып, қоғамдық талқылаудан өтпей, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалар нәтижесі талқыланбай түрып, бұлайша ресми құжат тарату қаншалықты заңды? Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысының 29-тармағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы мынадай бөлімдерден тұрады: «2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы; 3) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалардың сипаттамасы; 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтималдығы бөлігінде нормативтік құқықтық акт жобасының нормаларын қабылдау салдарын бағалау; 5) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдар» делінген. Құқықтық тұрғыда ережелерді қатаң сақтау реті сақталмай, құқықтық ақпараттың алдын-ала заңдық күші барын таратылған хат растап отыр. Ақпарат, оның ішінде, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын шынайы болуы тиіс. (Қосымшаны қараңыз). Ақпарат заңсыздығы мен шынайы еместігіне кім жауап береді? Салыстырмалы кестедегі негіздерге қарсы ұсынылатын ұсыныстар: 1. Түсіндірме жазбада: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес келтіру мақсатында 35 жастан аспаған азаматтарды оқуға қабылдауға шектеу енгізіледі. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 10-бабы құқық қорғау органдарына отыз бес жастан аспаған азаматтар қызметке қабылданатын норманы регламенттейді» делінген. Ал Заңның 9-бабында білім беру ұйымдарына жасы он алтыға толған адам қабылданады, ал 35 жастан адам қызметке қабылданбауы айтылып тұрған жоқ па? Мысалы, «Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығының 6-тармақшасында « ІІО-ға қызметке (оқуға) түсетін азаматтар үшін жас ерекшеліктеріне шектеулер Заңмен анықталғаны» бекітілген. Бұл жерде 16-34 жас аралығындар оқуға түсе алады деген ұғым пайда болып отыр. Яғни, шектеуді арнаулы оқу орнының күндізгі оқу бөліміне 25 жастан аспағандарға қою қажет. 2.Негіздемеде «Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға кандидаттарды сапалы іріктеу мақсатында қосымша іріктеу кезеңдерін қамтитын жаңа формат енгізіледі: эссе жазу, әңгімелесуден өту, IQ-тест, сондай-ақ жеке тұлғаның психологиялық типін анықтауға тестілеу. Бұл кандидаттың ой-пікірін логикалық және дәлелді түрде баяндау дағдыларын, зияткерлік қабілеттерін, уәждемесін, көшбасшылық әлеуетін, ойлау мәдениеті мен коммуникативтік дағдыларын меңгеру деңгейін айқындауға мннкіндік береді»делінген. Оған қатысты мына неріздемелерге көңіл бөлейік Жеке тұлғаның психологиялық типін анықтауға тестілеу КӘСІБИ ІРІКТЕУ кезеңінің жеке тұлғаның психологиялық типін анықтауға тестілеудің мәселелері жан-жақты зерттеп қажетті қорытынды шығару тетіктері «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығында регламенттелінген. Онда: -«полиграфологиялық зерттеу (бұдан әрі - ПГЗ) - құқық қорғау органдарына қызметке және оқуға кандидаттар хабарлайтын мәліметтердің шынайылығын полиграфты қолдана отырып, тексеру және сол мәліметтер бойынша қызметке орналасуға немесе оқуға түсуге кедергі келтіруі мүмкін қосымша ақпараттар алу; -психодиагностикалық тестілеу (бұдан әрі – ПД тестілеу) – жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы шартты мәліметтер алу мақсатында әдістемелердің міндетті және қосымша түрлерін пайдаланып тестілеудің топтық немесе жеке үрдісін жүргізу; -психофизиологиялық зерттеу (бұдан әрі - ПФЗ) – жеке тұлғаның психологиялық және психофункциялық қасиетін жан-жақты бағалауға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жиынтығы; -психофункциялық тестілеу (бұдан әрі – ПФ тестілеу) - орталық нерв жүйесінің функционалдық жай-күйінің жеке ерекшеліктерін зерттеуге арналған психологиялық тестілеу жүргізу;» анықтамалары ұсынылған. Ал, 92-тармағында «Кадр қызметі үшін психологиялық сипаттамаларда зияткерлік саланың деңгейі мен ерекшеліктері, дербес-жеке тұлғалық ерекшеліктері (коммуникативтік қасиеттері, мінез-құлықтық, тұлғааралық қондырғылар, мінез-құлықтың белгілері, жұмыс қабілеттілігі, өзін-өзі бағалау), эмоциялық-ерік аясы, күйзеліске төзімділігі, өзін-өзі бақылау, көңіл-күй, мотивациялық бағыт, ықтимал болжау, ерекше жағдайларда уақытша мінез-құлықтың бұзылуларын тіркеу кезінде куәландырылушыға қатысты бөлініс психологтарына арналған ұсынымдар, түзеуге мүмкіндігі бар түзетулер, ұсынымдық сипаттағы тұжырымдар бейнеленеді. ПФ тестілеу көрсетілімдері психологиялық сипаттамада көрсетілуі тиіс» дегені КӘСІБИ ІРІКТЕУ емес пе! Ал, 99-тармақта «Куәландырылушының психикалық жай-күйін зерттеу мынадай ретпен жүргізіледі: сана-сезімнің, зейіннің, есте сақтаудың, ойлаудың, ақыл-ойдың, эмоциялық-ерік аясының жай-күйі бағаланады, психопатологиялық симптоматиканың болмауы немесе болуы анықталады. Зейінді зерттеу кезінде оның зейін қою қабілеті (әлсіреу, алаңдаушылық, кідіріс) байқалады. Жадыны зерттеу кезінде есте сақтаудың жылдамдығы мен нақтылығы, өткен және ағымдағы оқиғалардың көбеюі, жадыда алдаудың болуы, амнезияның түрі (ретроградтық, антеградтық) және т.б. белгіленеді. Ойлауды бағалау кезінде логикаға, пайымдау мен ойлау тұжырымдарының жүйелілігіне, мән-жайларға тиянақтылығына, кідіріске, резонерлікке, тым мәнерлілігіне, абстрактілі ойлаудың нақты ойлаудан басым болуына және керісінше назар аударылады. Ойлау қарқыны (жеделдетілген, қалыпты, баяу), оның бағыты (проблемалар, мүдделер) анықталады» дейді. 11-тарау. Психофизиологиялық зерттеу 146. ПФЗ-ның негізгі мақсаты мен міндеті жеке тұлғаның жеке қасиеттерінің кәсіби талаптарға сәйкестігін бағалау, құқық қорғау органдарында табысты қызмет атқару (оқу) үшін кедергі болуы мүмкін интеллектуалдық, когнитивті, эмоциялық-ерік, дербес-жеке тұлғалық салалардың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. 149. ПД тестілеудің міндетті әдістемелері тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы формальды деректерді алу мақсатында жүргізіледі және: 1) жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу әдістемесі (бұдан әрі - ЖЖЗӘ); 2) ойлау қабілетін, оқуға қабілеттілігін, жеке тұлғаның танымдық бейімделуінің қалыптасуын (20 жасқа толмаған адамдар үшін) бағалайтын зияткерлік өнімділік пен ойлау ерекшеліктерін немесе қысқаша бағдарлы тест (бұдан әрі - ҚБТ) белгілеуге мүмкіндік беретін "Равеннің прогрессивті матрицалары" әдістемесі. 3) эмоционалды-ерік саласының, өзекті жай-күйінің, жұмыс істеу қабілетінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Люшердің түрлі-түсті сынағы. 12-тарау. Полиграфологиялық зерттеу. 167. ПГЗ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына (бұдан әрі – ПГЗ өту қағидалары) сәйкес жүргізіледі. 168. ПГЗ өтудің негізгі мақсаты қосымша ақпарат алу және құқық қорғау органдарына қызметке және оқуға кандидаттар хабарлайтын мәліметтердің шынайылығын тексеру болып табылады. ПГЗ өтудің негізгі міндеттері қызметке қабылдау, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау кезінде: -тыйым салынған қоғамдық бірлестіктердің, қылмыстық, террористік және басқа да заңға қарсы ұйымдардың қызметі мүддесінде қызметке және оқуға түсуге құқыққа қарсы ниеттер; -мінез-құлқының жасырын бұзылуы, теріс тәуелділік, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын есірткі, психотроптық және өзге де психологиялық белсенді заттарды тұтыну; -құқық қорғау органдарында толық қызмет өткеруге кедергі келтіретін жасырын аурулар, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділік; - сауалнамалық деректерді, кірістер туралы, мүлік және мүліктік сипаттағы міндеттемелер туралы мәліметтерді жасыру немесе бұрмалау, қосарланған азаматтықтың болуы, жалған құжаттарды пайдалану; - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың, бөтен адамдарға құпия немесе қызметтік ақпаратты берудің бұрын болған фактілері; -тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тарту фактілері; -тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс жасау немесе егер бұл бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмесе, коммерциялық құрылымдарға қатысу; -лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды анықтау болып табылады. Осындай зерттеулерден өткен тұлғаның психологиялық типін медициналық куәландыру кезінде де айқындау мүмкіншілігі бар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына, 1-қосымша, Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары 4-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу Алдын ала кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады. Бұйрық жобасында конкурстық кезеңдерде «3-кезең - кандидаттарды кәсіби іріктеу» оның ішінде тұлғаның психологиялық типін анықтау қарастырылған. Әскери оқу орындарына үміткерлерді алдын ала медициналық, дене шынықтыру және мандаттық кезеңге дейін өткізілу көрсетілген. Яғни, есепке алынбайтын, ешқандай салдар туғызбайтын азаматтарға қосымша іріктеу шарттарын қосу негізсіз. Эссе жазу, әңгімелесуден өту, IQ-тест Мысалы, Негізгі орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Ескерту. Оқу бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.07.2019 № 334 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз) бұйрығымен. 17. 9-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны: 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім): - туындыдағы даралық образдар мен типтік характерлердің ұлттық және тарихи құндылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра бағалау; көркем шығармалардың рухани-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, ... жазу. 5) 9-сынып: Оқу жоспарының концепциялық негіздері "Ұятын, арың оянсын, бұл сөзімді ойлансын" Білім мазмұнының мақсаты Бағалау (салыстыру) және шығармашлық (өнім) Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері 9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, ...жазу; бекітілген. Мысалы, «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығының 39-тармақшасына сәйкес «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:» тапсырған және 59-тармаққа сәйкес «11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат...» бөлінеді. Сондықтан, эссе жазу дағдалары мен машақтарын мектеп оқушысы меңгерген. Яғни, қайта тексеріп бағалау қажеттігі жоқ. Негіздемеде «Сондай-ақ 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясына оқуға түсу кезінде оқуға кандидаттардың эссе жазуын енгізді (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығы)» делінген. Мысалы, аталған бұйрықтың 15-тармағында «ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттар төмендегілерді қамтитын соңғы кәсіби іріктеу конкурсынан өтеді: 1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын және дене шынықтыру дайындығын тексеру; 2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша – медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын, дене шынықтыру дайындығын тексеру, саясаттану бойынша білімдерін және жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру» деген негіз берілген. Яғни, білім берудің екінші деңгейі магистартурада жүргізілетінін көреміз. Сонымен, ҰҚО бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсу кезеңінде эссе жазу көзделмеген. Бұл жоба ұсынушылардың ақпаратты бұрмалаушылық тұрғыда және сәйкестілік жағына мысал келтірулері күмән туғызады. Ал, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 28 бұйрығына сәйкес «95. Эссе өзекті құқықтық тақырыптардың бірі бойынша жазылады. 96. Эссе жазуды бастамас бұрын емтихан тапсырушыларға эссе тақырыптары бар үш пакет ұсынылады. Емтихан тапсырушылардың бірі бүкіл ағым үшін эссе тақырыбы бар пакетті таңдайды және ашады. 97. Эссе мәтіні компьютерде теріледі. Эссенің ең үлкен көлемі – 500 сөз. Эссе жазуға емтихан тапсырушыға 2 сағаттан аспайтын уақыт беріледі» нақты реттелуі бекітілген. Мысал,«Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі» бұйрығының 34-тармағында « Мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігіне қысқартылған оқу мерзіміне түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы емтихан белгіленеді» деп нақты құқықтық норма бекітілген. Мемлекеттік 250 қабылдау тапсырысына, кем дегенде 400 ге жуық үміткерлердің келіп, оқуға түсу кезеңдерін өтуі оқу-дала лагерьінде өткізілуін ескерсек, соншама комьпютерлік техниканың қажет екені белгілі. Бұл ретте үміткерлердің компьютер экранындағы өрісте жеке басын сәйкестендіру нөмірі мен паролін көрсету немесе адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау, эссе жазу интерфейсін ашу, эссе жазу тілін таңдау, бұл ретте эссе жазу басталғаннан кейін жазу тілі өзгермейтіндігі, эссе жазушының тәртібін экранмен бақылау, сондай-ақ бүкіл эссе жазу кезеңін бейнетаспаға автоматты түрде жазуға мүмкіндік беретін технологияларын пайдалануды және т.б техникалық реттеу шараларын ұйымдастыру қажет. Жобаның 3-1-параграф, 65-1-тармағында «Эссенің көлемі 500 сөзден аспауы тиіс (екі бет баспалық мәтін)» делінген, ал бөлінетін уақыт көлемі беліленбеген. Орта мектепті бітірушіге эссе жазуға 3 астрономиялық сағат; магистаратура деңгейінде эссе жазуға 2 сағаттан аспайтын уақыт; доктарантура деңгейіне эссе жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут) берілітіндігін құқықтық актілерден көреміз. Қойылатын талаптарды қатаң сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті эссе жазу және әңгімелесу өтетін адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерінің барлығы ІІМ бұйрықтарымен бекітілуі тиіс. Ал, ол тетіктер бұйрық жобасында мүлдем жоқ? Негіздемеде «Мысалы, кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына, оның ішінде «Жас ұлан» республикалық мектебіне түсу кезінде талапкерлерді конкурстық іріктеу кезеңі болып табылады. Бұл кезең 2016 жылдан бастап енгізіліп, пайдаланылуда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы)» келтірілген. Талдайық, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығын 1-қосымша Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары 2-тарау. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау 13. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылык, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша Мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады. Ал, ІІМ АЖОО түсу кезеңінде есепке алынбайды деп, жобада ұсынылған. Құқықтық салдар туғызбаса, онда адами және техникалық ресурсты шығындап қажеті неде? Негіздемеде «Конкурстық іріктеудегі IQ-тестінің және психологиялық тестілеудің қорытындылары ұсынымдық сипатта болады, олардың нәтижелері кандидаттың басқа кезеңдерден өтуі үшін шектеу болып табылмайды» делінген. Яғни, олардың қажеті де жоқ деген сөз. Оқуға үміткерлердің арасында түсінбеушілік тудырып, құқықтық актілердің императивтік нұсқада болуы қағидаттарын бұзу және бұрмалаушылық деп түсінеміз. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы "6" қаңтардағы №3 бұйрыққа «Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер» 2 қосымшасында «IQ анықтау тестілеуі қысқа индикативті, іріктеу тестінің әдістемесіне негізделген және қызметкердің зияткерлік қабілеттерінің жалпы деңгейін диагностикалауға арналған» байқаймыз. Бұл айқындау жоғары білім бар азаматтарға арналған. Бұйрықтың жобасын ұсынушылар толық көлемді және жан-жақты қолданыстағы құқықтық актілерді зерделемеген және салыстармалы кестеде негізсіз уәждер келтірген. Қолданыстағы «Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығында: 1. Осы Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды (бұдан әрі - кандидат) іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 8. Кандидаттарды алдын ала зерделеу арнайы тексеріс, медициналық және психологиялық-физиологиялық куәландыру, дене шынықтыру дайындығының талаптарына сәйкестігін және кәсіби құзыреттерге сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады. 10. Кандидаттың пайдаланылуы болжанатын ішкі істер органының немесе бөлінісінің басшысы онымен жеке әңгімелесу жүргізеді, алдын ала зерделеу барысында алынған деректерді анықтайды, алдағы жұмыстың сипатын түсіндіреді. Осы бұйрық мазмұны талаптарында оқуға қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді тетіктері анық, жан-жақты қамтылған. Бұны ескермеу жоба дайындаушылардың заңнаманы толық білмейтіндерінің деңгейін көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында 42-бабының 4-1-тармақшасында «Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері реттеу субъектілеріне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға сәйкес жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, реттеу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілейтін заңдарды немесе олардың жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып айқындалады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен кем болмайды. 8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс» делінген. Сонымен «Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында «13) қағидалар – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт» дегенін бсшылыққа алып, ұсынылған жобада реттеу қағидаттары оларды іске асырудың нақты тетіктерін аша отырып белгіленуге тиістілік сақталмағанын ескере отырып, бұйрық жобасын талқылаудан алып, қабылдануы тоқтатылуы тиіс деп санаймыз. Сіз не дейсіз? Құрметпен, запастағы полиция генерал-майоры, профессор М.А.Қызылов Қарағанды қаласы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Мирлан Ахмедияұлы! Ішкі істер министрлігі, «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ішкі істер министрлігі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) ескертулерге қатысты Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Қоғамдық пікірді, айтылған ескертулерді, іріктеудің жаңа кезеңдерін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарының қысқа мерзімдерін ескере отырып, бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылаудан алынды. Ағымдағы жылы ІІМ Қарағанды академиясына талапкерлерді іріктеу өткен жылдардағыдай қолданыстағы қабылдау қағидаларына сәйкес (ІІМ 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген) өтетін болады. Сонымен қатар, ІІМ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту, ашықтықты қамтамасыз ету, кандидаттарға оқуға түсу үшін тең мүмкіндіктер беру арқылы кандидаттарды іріктеу рәсімін жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдайды. Осы мақсатта ағымдағы жылы іріктеудің жаңа кезеңдері сынақтан өткізіледі: эссе жазу, әңгімелесу, IQ-тест және тұлғаның психологиялық түрін анықтау. Олар пилоттық режимде өтеді және қорытынды нәтижеге әсер етпейді. Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс айтамыз!

Ахметжанов М.М. 15.07.2022, 10:53
Шерниязов Бейбит
  • Ахметжанов М.М.
  • 25.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 86
  • № 745233

Уважаемый г-н Министр! Прошу Вас помочь с информацией и проверкой расследования факта мошенничества со стороны ТОО Лидер, руководитель Турганов.Р, по отношению к вкладчикам данной инвестиционной компании. В 2018.г и в начале 2019.г данная компания и данный ее руководитель заключали договоры со вкладчиками и собирали денежные средства, обещая вернуть их с вознаграждением. Затем, офис был закрыт и руководитель скрылся за границей. Иногда он выходил на связь со вкладчиками в мессенджере WhatsApp, прося потерпеть с выплатой вознаграждений и возвратом вложений. В конце концов стало ясно, что он окончательно отказался от своих обязательств. В январе 2020 года я подал заявление в РОВД Бостандыкского р-на г.Алматы о факте мошенничества. Оно зарегистрировано там 14.01.20 под номером 207514030001184, приобщено к ЕРДР, выдан талон-уведомление под номером 20751403500336. Летом 2020.г различными телекомпаниями республики были сняты собрания пострадавших возле департамента УВД г.Алматы. С тех пор уже более 2 лет отсутствует какая-либо информация о ходе дела. Знаем только, что Турганов.Р обьявлен в розыск. Следователь департамента УВД говорил, что Турганов.Р где-то в Малайзии и для его выдачи нашей стране нужен языковой перевод запроса из Казахстана. Разве может столько времени занять его выдача? Из переписки с другими вкладчиками и из сообщений в печати, интернете видно, как гос.органы серьезно отнеслись к таким случаям массового мошенничества, как в деле с компаниями Гарант, Ломбард и приняли соответствующие меры реагирования. В нашем случае такое почему-то напрочь отсутствует. У пострадавших, а их предположительно больше 5000 чел и потерявших суммарно около $35 млн, появились большие сомнения в объективности и эффективности работы следствия. Прошу Вас, как первого руководителя МВД,помочь с информированием и принятием скорейших мер по данному делу. С уважением, Шерниязов.Б ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемый Бейбит Мынжасарович! Департаментом полиции г. Алматы проводится досудебное расследование в отношении Турганова Р. по ст. 190 ч. 4 Уголовного кодекса (мошенничество, совершенное в особо крупном размере). Установлено, что в июле 2018 года Турганов Р. зарегистрировал в органах юстиции ТОО «RID inc» под торговой маркой «Lider» и под предлогом инвестирования денежных средств в бизнес-проект, обещая высокую доходность, завладел денежными средствами жителей разных регионов страны (всего 150 лиц). 10.12.2019 года деяния Турганова Р. квалифицированы (заочно) по вышеуказанной статье Уголовного кодекса, судом санкционирована мера пресечения в виде содержания под стражей. С января 2020 года Турганов Р. находится в международном розыске, о чем уведомлен Интерпол (Международная организация уголовной полиции). Срок расследования прерван в связи с розыском подозреваемого, оперативными подразделениями проводятся необходимые розыскные мероприятия. По всем вопросам, возникающим вопросам в ходе расследования уголовного дела, Вы можете обратиться к заместителю начальника ДП г.Алматы Абдрахманову Р.Т. по тел: 254-40-53 либо к начальнику Следственного управления Сейсенулы М. по тел: 254-40-27.

Ахметжанов М.М. 04.07.2022, 03:04
Турманов Нурлан
  • Ахметжанов М.М.
  • 24.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 120
  • № 745189

Құрметті министр мынаны қарап кім жалған жауап беруде тексертіңіз ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Нурлан Сандибекович! ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департементі Сіздің Қызылорда облысы Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттері туралы арыздарыңызды қарады. Сіздің барлық уәждеріңіз Қызылорда облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бұрын тексергенін хабарлаймыз. Оның нәтижесі бойынша М. Нармановты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жеткілікті объективті деректер анықталмағандықтан, 2021 жылғы 8 қарашада қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан). 2021 жылғы 10 қарашада қабылданған шешіммен Қызылорда облысының прокуратурасы келісті. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105 және 106-баптарына сәйкес шағымдануға құқылысыз.

Ахметжанов М.М. 29.06.2022, 03:56
Джапаркулов Рамазан
  • Ахметжанов М.М.
  • 24.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 72
  • № 745180

Уважаемый господин Министр! Прошу Вашей помощи в получении гражданства РК. Я являюсь казахом, вернулся на родину из Киргизии. В октябре 2021 года сдал все документы для получения гражданства в Отдел миграции Кордайского района. Постоянно обращаюсь к ним, но ответ один – всё зависит от Решения Областного отдела миграции г.Тараз. Хотел обратиться в Тараз, но от граждан , которые уже туда ездили с аналогичными проблемами слышал, что в Таразе ничего не объясняют и отправляют обратно в Кордай. Прошу Вашего содействия, так как я не могу устроиться на работу, чтобы содержать свою семью. ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемый Рамазан! Заключением ДП Жамбылской области от 5 июля т.г. Вы приняты в гражданство Республики Казахстан в упрощенном (регистрационном) порядке. В этой связи, Вам необходимо обратиться в миграционную службу по месту жительства, для получения справки установленного образца, являющейся основанием для оформления документов, удостоверяющих личность гражданина Республики Казахстан.

Ахметжанов М.М. 15.07.2022, 10:41
Турманов Нурлан
  • Ахметжанов М.М.
  • 24.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Құқық қорғау органдары ·
  • 118
  • № 745166

Құрметті ІІМ-і сіздің арызбен толық танысып істі бүркеп отқан ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысының қылмысты бүркеп отқан өзіңіздің қызметкерлеріңізге заң аясында шавра көріңіз болмаса Нұр сұлтан қаласынның аумағында аиқаи шу шығарып наразылық таныту ғана қалды ма? Әлде тоиымы жоқ ескі қызметтерін тек парамен өлшеп қылмысты бүркеп отқандардан системаны тазалаңыз ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Нурлан Сандибекович! ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департементі Сіздің Қызылорда облысы Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттері туралы арыздарыңызды қарады. Сіздің барлық уәждеріңіз Қызылорда облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бұрын тексергенін хабарлаймыз. Оның нәтижесі бойынша М. Нармановты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жеткілікті объективті деректер анықталмағандықтан, 2021 жылғы 8 қарашада қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан). 2021 жылғы 10 қарашада қабылданған шешіммен Қызылорда облысының прокуратурасы келісті. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105 және 106-баптарына сәйкес шағымдануға құқылысыз.

Ахметжанов М.М. 29.06.2022, 03:55
Матниязова Гулжамал
  • Ахметжанов М.М.
  • 24.06.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 71
  • № 745147

Уважаемый господин Министр! Прошу Вашей помощи в получении вида на жительство . С сентября 2021 года я сдала документы на получение вида на жительство. Но до сегодняшнего дня ничего не решилось. Работники Кордайской Миграции сказали, что отправили документы на рассмотрение в Тараз. Я уже была в Таразе, мне отказали в объяснении причин такой долгой задержки в выдаче документов. У меня на руках находится ребенок, который часто болеет, а так как я не гражданка РК, мне отказывают в бесплатном лечении. Только лечение платное. Прошу Вас помочь мне и моей семье. С уважением, Гульжамал Матниязова ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Гулжамал Даулетбаевна! Комитетом миграционной службы Ваша жалоба на волокиту при рассмотрении ходатайства о выдаче разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан рассмотрено. В ходе проверки установлено, что Ваше ходатайство зарегистрировано 10 сентября 2021 года в группе миграционной службы отдела полиции Кордайского района Жамбылской области. Срок рассмотрения ходатайства (в период описываемых событий) составлял – до 60 календарных дней. Однако до настоящего времени решение по делу не принято, что является нарушением Закона «О государственных услугах», а также приказа Министра внутренних дел от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан». В Департамент полиции Жамбылской области направлено указание о проведении служебного расследования по данному факту с принятием решения по ходатайству иностранца. О результатах рассмотрения будете уведомлены Департаментом полиции Жамбылской области.

Ахметжанов М.М. 15.07.2022, 10:43
    Сәденов Е.С.

    ҚР Ішкі істер министрі

    Сәденов Е.С.
    (Мұрағат)

    ҚР Ішкі істер министрі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика