- Блогтар
- Тургумбаев Е.З.
Қайырлы күн, менің жеке блогымды қолданушылар!
Біздің заманымыз – жаңа технологиялар жедел дамып келе жатқан кезең. Қарапайым іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін де дәстүрлі тәсілдер емес, жаңа және жетілген технологиялар пайдаланылуда.
Менің жеке блогым – ішкі істер органдарының ашықтығының тағы бір белгісі. Бұл – Қазақстанның әрбір азаматы үшін өзінің ой-пікірін еркін білдіріп, жаңа ақпараттармен бөлісе алатын, сонымен қатар, полиция жұмысындағы кемшіліктерді де нақты көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Мен үшін әрбір азаматтың полиция қызметі туралы көзқарасы мен бағасы өте маңызды. Блогқа жолданған шағым-өтініштер ішкі істер органдарының жұмысына қоғамдық пікір тұрғысынан қарауға жол ашады. ІІМ-нің аумақтық бөліністері халықпен тығыз байланыста қызмет атқарады десек, Сіздің пікіріңіз олардың жұмысын тиімді бағалауға оң ықпалын тигізіп келеді деп сенімді айта аламын.
Менің жеке блогыма күн сайын әртүрлі мазмұндағы ондаған сұрақ пен пікір келіп түседі. Олардың әрқайсысына міндетті түрде толыққанды жауап ала аласыздар.
Осы орайда мына жағдайды түсіндіре кеткен жөн. Соңғы уақыттары блог қолданушыларынан осы порталдағы сұрақ-жауап жарияланымдарын жасыру немесе өшіру жөнінде өтініштер көп түсуде. Блог-платформаның шартына сәйкес Сіз өтініш жібере отырып, өзіңіздің дербес деректеріңізді (ТАӘ), өтініш-шағым мен жауап мәтіндерін жариялауға келісім бересіз.
Сол себепті, Сіз өтініш-шағым мен оған берілетін жауаптың жалпыға жария болмағанын қаласаңыз, Электронды үкімет порталының «Электронды өтініштер» автоматтандырылған қызметін төмендегі сілтеме арқылы пайдалана аласыз.
(Сілтеме: http://egov.kz/cms/kk/services/citizen_and_the_government/e_app)