- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Кенжебаев Арман
- Тургумбаев Е.З.
- 09.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 108
- № 683749
Здравствуйте! 26 апреля 2021 года через egov я обратился в МВД РК, мое обращение было зарегистрировано № ЖТ-К-7668 от 26.04.2021. Далее 27.04.2021 мое обращение было направлено в Департамент полиции Алматы, исполнитель: Сатаев К. Е. (Командир роты), срок исполнения: 5 мая 2021 года. Но до настоящего времени я ответ не получил. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Арман Жанатбекович! Сообщаем, что Ваше обращение (вх. МВД № ЖТ-К-7668) от 26.04.2021г. рассмотрено в установленном порядке и 17.05.2021г. соответствующий ответ опубликован на портале электронного правительства (исх. № 5-5-5-64/ЖТ-К-7668). Копия ответа прилагается (на 1 листе).
Тургумбаев Е.З. 04.06.2021, 09:23Абдиканиева Лазат
- Тургумбаев Е.З.
- 09.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 97
- № 683744
Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері, тергеушінің заңсыз әрекеттері, дүние-мүліктің талан таражға түсуі, адам өміріне қауіп төніу. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ләззат! Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы полиция департаменті лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері туралы Сіздің арызыңызды қарады. Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзiнше билiк ету) бойынша тіркелген қылмыстық іс (№ 204310031001626 СДТБТ) болғанын хабарлаймыз. Оның басталуына азамат А.И. Шахаровтың (2020 жылғы 31 мамырдағы № 204310030018416 АЕК) Сіздің ұлыңыз Н.Б. Көптілеуовті тұрғын үйге заңсыз кіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызы себеп болды. Қылмыстық қудалау органы істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдады. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 мамырда осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу Н.Б. Көптілеуовтің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтатылды. Қызылорда қаласының прокуратурасы бұл шешімді заңды және негізделген деп таныды. Осыған байланысты қылмыстық қудалау органы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде заңдылықты бұзу және оларды жауапкершілікке тарту үшін негіз анықталған жоқ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 100, 105 және 106-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледі. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Сіздің шағымдануға құқығыңыз бар.
Тургумбаев Е.З. 18.05.2021, 05:44Канахин Николай
- Тургумбаев Е.З.
- 09.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 85
- № 683638/1
Чнивникам ,мигистрам ,прокурору МВД ,депутатам ,от Николая Васильнвича Канахина . г Нур -султан, улица Габдулина 9/1 кв 82 .телефон 87024409066 почта nikolaikanahin@mail.ru ИЗЬЯВЛЕНИЕ :ПРАВДА : Человек, Суверен ,Выгодоприобретатель ,Николай Васильевич Канахин (далее – Заявитель) согласно Волеизъявления в форме Декларации от 14.01.2021 г. является бенефициаром (учредителем и выгодоприобретателем) бланка паспорта физического лица КАНАХИНА НИКОЛАЯ ВАСИЛЬЕВИЧА (записи в информационных и правовых системах РК). Убыткоприобретатель это государство которое обязаны с ресурсов и недр обеспечивать человека если он заявил о себе ,о своих правах . Но преступная власть только усугубляет проблемы народа своими преступными законами. Также вся преступная власть Казахстана замешаны в преступном сговоре с ВОЗ ,СОРОС ,ООН ,ЮНИСЕФ . Список преступлений ВОЗ и властей Казахстана , история пандемий "Всемирная правда". Всемирная правда должна стать доступной каждому! Я Николай Васильвич Канахин своей волей изьявляю что на сегодня я получил 3720 отписок от чиновников.,все отписки и лож . Все чиновники дормоеды и бездельники, им плевать на проблемы людей ,30 лет проблемы народа не решаются . Генеральный прокурор Нурдаулетов преступник и уголовник ,совершил над моей семьёй преступление своим преступным постановлением, также Асанов высший суд подделал преступное постановление. Министр Тургумьаев до сих пор ничего не решил ,хотя у Тургумьаева беспредел в МВД . В МВД одни преступники и уголовники ,воры ,мошенники. Нурдаулетова ,Асанова ,Тургумьаева посадить за превышения полномочий ,и за геноцид, терроризм и экстремизм .27 ,04,2021 года преступная власть взломали дверь, показали подделное постановление суда без печати и подписи ,сделали не законный обыск ,своровали ноутбук ,телефон ,ножики ,флешки, похитили меня из дома . Соседей выкинули на улицу . Провели ребят бомжей с туберкулёзом и сделали их свидетелями ,люди без документов .Ребенка напугали преступники Тургумбаева Ребенок не может заниматься в школе ,я не могу обшатся с клиентами . Преступная власть это бандиты и преступники который нужно садить. Отвезли в неизвестном направлении, устроили не законный допрос и на голову одевали салафан. Все поддасовка фактов и вранье. Все МВД это бандиты и преступники которые выполняют приказы и делают грязную работу. 30 .04. 2021 года меня похитили с приёма с администрации президента и опять увезли в неизвестном направлении, сфабриковали дело на лжи и вранье ,вот такое преступное Есильское РОВД, которое занимается коррупцией ,ложью.и обманом . 01.04.2021 года был не законный суд ,где судья прятала свое лицо, с фамилией наврала . Протокол судье дали заранее и это не законо . Суд который меня судил не имеет лицензию ,судья не имеет документы с подписью и печатью.Токаева . Все сфабриковано . Преступная власть занимается бандитизмом ,геноцидом ,терроризмом и убийством народа Казахстана . Мне и моему ребёнку нанесли психологическую травму, требую возмещения ущерба 20 000 000 тенге . Так как все действия и бейсдействия не законны ,нарушаете конституция, нарушаете Хельсинское право ,Международное право ,Нюрбенское право . Я требую наказать всех преступников и уголовников работающих в органах в МВД ,министров ,чиновников ,депутатов . Также до сих пор не вернули 232 300 000 тенге за уничтожения 2 бизнесов. Преступная власть не умеет решать проблемы народа .07.05.2021 года . Николай Васильевич Канахин. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Николай Васильевич! Департаментом полиции г.Нур-Султан осуществляется досудебное расследование по ст.274 ч.2 п.3 УК (распространение заведомо ложной информации), в рамках которого Вы допрошены в качестве свидетеля имеющего право на защиту, а также с санкции суда по месту Вашего проживания проведен обыск. Вышеуказанные следственные действия проведены с соблюдением норм уголовно-процессуального законодательства, нарушений со стороны сотрудников полиции не усматриваются. О результатах досудебного расследования и принятом процессуальном решении, Вы будете уведомлены органом ведущим уголовный процесс. Кроме того, иные доводы, изложенные в обращении о нарушениях со стороны государственных органов, не нашли своего подтверждения. В случае несогласия с результатами рассмотрения обращения, Вы вправе обжаловать их в установленном порядке.
Тургумбаев Е.З. 14.05.2021, 06:27Ләбиханов Нұрсейіт
- Тургумбаев Е.З.
- 09.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 115
- № 683733
Сәлеметсізбе! Менің өтінішім 23.03.2020 17:31:29 Түркістан обл.Қазығұрт, трасса А-2 765км Дендро саябаққа қарама-қарсы мекен-жайда штравқа (камера - стационарный скоростомер) түскен екенмін. Предписание 694699 нөмерлі. Аталған штрав бойынша хабарсыз болдым, Өңдеу хаты 24.04.2020 сағат 14-33 электрондық құжатты жасаған: ГУ "Туркестанской области Министерства внутренниз дел РК". Тасмалдаушы "Қазпошта" АҚ 29.04.2020 жылы уақытта менің мекен жайыма жеткізді."В соответствии с ч.1 ст.811 КоАП, вы вправе оплатить штраф в размере 50% от полной суммы штрафа в течении 7-ми рабочих дней с момента надлежащего доставления предписания о необходимости уплаты штрафа". Сумма полный штраф 26510 тг, 50% сумма 13255 тг. Мен 08:35, 30 сәуір 2020 с ч.1 ст.811 КоАП 50% сумма 13255 тг төледім. (Салық және қаржы • 08:35, 30 сәуір 2020 ҚР банктері арқылы қызметтерді төлеу мәртебесі (егов электрондық порталы) "KAZPOST JSC" банкіне 13255.00 теңге мөлшерінде "B1015824984230" тіркелген нөмірі бар "Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые департаментами внутренних дел областей, города республиканского значения, столицы, их территориальными подразделениями, финансируемыми из местного бюджета" үшін жүргізілген төлем бойынша мәртебесі: «Төлем жасалды». Қазіргі таңда менде осы предписания 694699 нөмері бойынша қарыз болып тұрмын. Арада 1 жыл уақыт өтті, мен әлі күнге дейін қарыз болып тырмын. Және де 25.05.2020 10-23 те КАЗпочта АО арқылы төленген түбіртектің оргиналын ГУ "Департамент полици Туркестанской обл" жіберген болатынмын.Жіберілген нөмері 389875040 от 25.05.2020. Қабылдап алған уақыты 27.05.2020 жыл. Осы мәселені шешіп беруді өтінемін! ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Нұрсейіт! Түркістан облысы Полиция департаменті жүргізген тексеріс нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша айыппұлды төлеу туралы мәліметтер (2020 жылғы 6 сәуірдегі № 694699 нұсқама) техникалық себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕжк) әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу жөніндегі деректер базасына келіп түспеген. Осыған байланысты ҚСжАЕК аумақтық органының мекенжайына тиісті түзетулер енгізу туралы қолдаухат жіберілді (2021 жылғы 18 мамырдағы шығыс № 5-5-37/329-И).
Тургумбаев Е.З. 21.05.2021, 05:40ВОЛКОВ ЕВГЕНИЙ
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 116
- № 683702
Министру внутренних дел Республики Казахстан Господину Тургумбаеву Е.З. Заявление Уважаемый Ерлан Заманбекович! Просим Вас дать указание о возбуждении уголовного дела по признакам преступления, предусмотренного статьей 207 УК РК (нарушение работы информационной системы или сетей телекоммуникаций). Я, Волков Евгений, являюсь руководителем ТОО «Aitu Dala» (далее – Компания), которая принимает активное участие в Программе цифровизации Республики Казахстан. 06-08 мая текущего года на ресурсы Компании началась DDos атака, направленная на информационную систему (ИС) Aitube. В результате активных действий со стороны злоумышленников, ИС Aitube была не доступна для просмотра контента, в результате чего был нанесен значительный материальный ущерб. Приложения: графики атак, 2 файла. Генеральный директор ТОО «Aitu Dala» Е.Волков ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Евгений Николаевич ! 15.05.2021 года по Вашему обращению Управлением полиции района «Алматы» г.Нур-Султан начато досудебное расследование по ст.207 ч.1 УК (нарушение работы информационной системы или информационно-коммуникационной сети). Министерством поручено проведение следственных действий, направленных на обеспечение полноты, всесторонности и объективности исследования всех обстоятельств дела, в т.ч. на установление подозреваемого лица О результатах расследования Вам будет сообщено органом, ведущий уголовный процесс. По всем возникающим вопросам в ходе расследования уголовного дела, Вы можете обратиться к начальнику ДП г.Нур-Султан Саденову Е.С., записавшись на личный прием по тел.71-62-61 или его заместителю Шарибаеву Р.Е. по тел.71-61-01.
Тургумбаев Е.З. 02.06.2021, 03:34Есболаева Шолпан
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 196
- № 683700
ҚМ Президенті Қ.Тоқаевқа! ҚР ІІМинистрі Е.Тұрғымбаевқа! АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫС ЖАСАП ОТЫР. Ұлтым деген әр азаматқа жала жауып, заңға тартып түрмеде шірітсек, ұлт болашағы, ел тағдыры мен ұрпақ қамы не болмақ? Құрметті, ҚМ-нің президенті Қ.Т.Кемелұлы! Сіздің 2021 жылы 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалаңыз жарияланған болатын. «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет. Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада» деп ұлтжандылық деген сөзге әдемі түсінік беріп, соны жүзеге асыру керектігі туралы тамаша мақала жариялаған болатынсыз. https://www.inform.kz/kz/tauelsizdik-barinen-kymbat-kasym-zhomart-tokaev_a3737118 Жылыой ауданының белсендісі менің күйеуім Тұрар Шапқараев сіздің мақаладағы айтқан сөздеріңізді жанына бала кезден сіңіріп, ел мүддесі үшін, жеріміздің тазалығы, Отанымыздың амандығы үшін 30 жылдан бері қызмет етіп келеді. Енді осы ұлтжандылық қасиеті үшін, туған жеріміз Жылыойдағы көріністі, өзбек ұлты азаматтарының туған жерімізге жасаған заңсыз әркеттері мен озбырлығын ашып, басшылық ескерсін деген сыни-ескертпесіне Атырау облысы ПД ұлтараздықты қоздырасың деп ҚР ҚК-нің 174 бабы 1-тармағына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, оған қатысты бірнеше жалалар да жабылып үлгерді. Полициялардың көбі не себепті жалақор болып келеді? Ардан безуге не түрткі? Болашақ жұлдыз ба әлде бұйрыққа риясыз һәм көзсіз құлдық ұрғаннан ба? Бұл жерде сауатсыздық пен надандық та рөльде ойнайды. Бәлкім «бәке-сәкеден» құралған қорғандар мен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың да салдары болуы әбден мүмкін. Жалақор адам намыссыз, намыссыз адам өтірікші, ал өтірікші адам өсекші болып келеді. Және ондай адамдар міндетті түрде парақорлық пен алаяқтыққа душар болады. Қазақша айтқанда, олардың жүрген жерлерінен шөп шықпайды. Ондай мамандар қай салада болсын, шені мен лауазымын және қызметін асыра пайдаланады. Елдің көсегесін көгертпейтіндер – осындайлар! Ең алдымен заң орындары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ордасын тазалап алмай, ол жерге ел-халқы үшін шын жүрегімен адал қызмет ететін көзі ашық арлы, білгір мамандар сайлап алмай, біз ешқашанда алға жылжымаймыз! Ауданнан әділеттілік көрмеген адамдар облысқа, облыстан жәрдем көрмегендер жоғарыға, яғни мемлекеттік заң орындарына жүгінеді. Ал біздің Қазақстанда, аудандық бекіткен үкім ешқашанда бұзылмайды, олардікі мызғымас заң! Онда апелляциялық пен кассациялық шағымдар не үшін қарастырылған? Жәбірленушіні одан бетер титықтатып әлсірете түсу үшін бе? «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, біздің жүйеде пирамидалық мафия орын алған. Әр орындық сатулы. Орындық иесінің жоғарыға төлеп отыруы көзге көрінбейтін өзара қара заңдылықтарында бекітілген. Осы қағида қара халықты әбден жұтатып құлдық жүйеде ұстап отыр. Бұл жемқорлық кланы қашан жойылады? «Жоғарыдағы көкелер» саясатына тосқауыл бар ма? Ығыр болған ашулы халықты жарға жыққан осы тәсілмен күресу – Президенттің ең алғашқы міндеті болу керек деп сенеміз әрі үміттенеміз! «Балық басынан шіриді» деген, бастауға сүзгі қойылса, тұнығымыз лайланбас! Біздің кейбір (аса көпшілігі) заң орын қызметкерлері өздері заңды өрескел бұза отырып, халықтан заң талап етеді, онысымен қоймай заң тек өз мүдделерін ғана көздейтіндей халықты айыппұл арқалатумен немесе соттатумен көз аштырмай діңкелетіп отыр. Жалған куәгерлер мен арандатушылық жұмыстары бұлар үшін сүйікті әдетке айналғандай. Барар жері жоқ жаншылған халықтың төзімі таусылғандай. Жонынан таспа тілінген езгі халықтың көрер күні не болмақ? Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Сіздің Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте сөйлеген сөзіңіздегі «Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек» деп, ойыңызды ортаға салғаныңыз халыққа едәуір қанат бітіргендей болды. * * * Кім-кімге де қылмыстық іс қозғағанда оның заңдылықтары мен өзіндік тәртіптері болады. Біреуге қылмыстық іс қозғау үшін ол екінші біреуге тілмен, қолмен, құрығанда ишарамен мазақ етіп залал келтірген болуы керек. Сол кезде ғана екінші тарап жәбірленуші болып танылады. Содан соң барып жәбірленуші жақ өзін қорғау мақсатында өзіне жәбір көрсеткен жәбірлеушінің үстінен тиесілі орындарға арыздануға құқылы. Арыз міндетті түрде қабылданып, өз кезегімен қаралып, кейін арызға сәйкес тергеу жұмыстары жүзеге асу керек. Қылмысты саналған адамның кінәсі егжей-тегжейлі толық дәлелденгенше ол тек қана күдікті болып есептеледі. Кінәсі таза, әділ, толық дәлелденген жағдайда ғана ҚР заңдарында көзделген баптар мен тармақтарына сәйкес шара қолдануы арқылы өз жазасын алады. Соңғы нүктені қоюшы сыбайласы жоқ, жемқорлықтан ада, параға сынбайтын, ерте ме, кеш пе Алла алдында қай әрекетіне де толық есеп беретінін сезінетін әділ сот! Жалпы заң талаптары осылай кете береді. Күйеуім Т.Шапқараевқа полиция қызметкерлері А.Дещенов пен М.Избергеновтың жапқан жаласы: 2019 жылдың 13 қыркүйегінде күйеуім Т.Шапқараевқа нақақ жала жабылып, үстінен 3 қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде ЖАПБ-нің экстремизм мен терроризм саласының қызметкері Анарбек Дещенов Т.Шапқараевқа «салафизм бағытын ұстанады» деген қосымша жала жапты. Оны Т.Шапқараев іс қағаздарымен танысу барысында көзі шалған. Т.Шапқараев А.Дещеновты мүлдем танымайды, олай болатын болса, А.Дещенов мүлдем көрмеген адамының үстінен қалайша жалған мінездеме бере алады? А.Дещенов дін ағымдарын айыра алатындай шетелдерде дін саласының қыр-сырын меңгерген, жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған ғалым ба? А.Дещеновтың өзі намаз оқи ма, расымен діни сауаты бар маман ба? Муфтияттан арнайы бекітілген сертификат-лицензиясы бар діни-теолог па? Осындай жалалы іс-әрекеттің бәрі халықты надан, сауатсыз санағаннан, тіптен менсінбегеннен орын алады деп білемін. Демек, бұл жерде А.Дещенов қорғалуға тиіс ҚР азаматы Т.Шапқараевқа жала жауып, ар-намысына, ар-ожданына, абыройы мен беделіне нұқсан келтірді. Т.Шапқараевтың конституциялық құқын таптады. А.Дещенов өрескел заң бұзды, ал заң бұзған бүлікшілер заң алдында міндетті түрде қатаң жазаланып жауап беруі тиіс! Т.Шапқараев 30 жылдан бері ата дәстүрі бойынша намаз оқиды. Себебі, қазақ, мұсылман. Ешқандай партия, секта, теріс ағым, қисық бағытта емес. Керісінше, адасқандарға жол сілтеумен келеді. Ол өз өмірін ұрпаққа, жас жеткіншектерге арнаған адам. Бұдан 5-6 жыл бұрын «Қазақ мұсылман жастары не үшін өз салт-дәстүрлеріне қарсы шықты?» деген кітапша жазып таратты. 7 данасын ҰҚК қызметкерлері сатып алды. Және ол қызметкерлерден: «Осы кітапшаны көп тиражда таратуды қолға аламыз» деген хабар келді. Сол кітапшаның ішінде «Салафи деген кімдер?» деген мақала бар. (Суреттері қоса тіркелді). Т.Шапқараевтың сол жазбасына қарап оның қай бағытта екенін 100 пайыз аңғаруға болады. Бұл жазба Т.Шапқараевтың салафи емес екендігіне толық дәлел! Демек, Т.Шапқараевты салафи деген А.Дещенов Т.Шапқараевқа жала жауып отыр. Атырау ПД сыбайластықпен, қайткенде де күйеуім Т.Шапқараевты халық мойындамайтындай деңгейге түсіріп, адасқан топтағы ағым қатарына қосып, оны елге «құбыжық» қылып көрсетумен әлек. Одан бөлек күйеуім Т.Шапқараевқа Жылыой ауданы ІІБ-нің ЖПҚБ-нің УПИ-ры полиция майоры М.Избергенов өзге бір істегі, өзге бір адамға берілген мінездемеге қайтадан менің күйеуім Т.Шапқараевтың есімін қосып жазған. Т.Шапқараев ІІМ-не шағымданып, нәтижесінде күйеуім Т.Шапқараевқа ҚР ІІМ төрағасының орынбасары А. Милюктен: «Арызда көрсетілген фактілер бойынша Атырау облысы Полиция департаменті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін ПБ учаскелік полиция инспекторы М. Избергенов тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Атырау облысы Полиция департаменті (2021 жылғы 23 қаңтардағы шығыс № 1-30-3-44/1-69) Сізге берген жауаптың күші жойылғанын ескертеміз» деген жауап келді. Бұл екі қызметкерге өзара сөгістік жариялағанымен бұлардың бүлдірген іс-қағаздары күшін жойған жоқ. Сондықтан да, жалақор мұндай құқық қорғау қызметкерлеріне тоқтау салып, М.Избергенов пен А.Дещеновке қылмыстық іс қозғауларыңды сұраймын! Атырау ПД қызметкерлерінің қулығы: Полиция қызметкерлері (2019.13.09) үйден күйеуім Т.Шапқараевтың процессор, ноутбук, ұялы телефонын алып кетті. Санкцияда тергеп-тексеру мерзімі 3 ай деп көрсетілген. Тергеу кезінде Атырау ПД-нен келген тергеушілер үлкен қателіктер жасады. Мессенджерді қопырата отырып, Т.Шапқараевтың мақалаларына лайк басқан бір қыздың суретін шығарып алып, жасырын, бәзбіреулердің қолымен, Т.Шапқараевты масқараламақ оймен, «Шапқараның нақсүйері табылды» деп, әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратып жіберді. Онысымен қоймай, «маған тиісті» деп Т.Шапқараевтың үстінен бізге арыз жазып берсең, пәтер алып береміз деп, әлгі қызды азғырған. Кейін тергеушілер Т.Шапқараевтан тәркілеп алып кеткен ұялы телефонын заңсыз пайдаланды. Ол уақытта Т.Шапқараевтың заттары тергеу мерзімінен 1 ай 2 күн асып кеткен болатын. 14.01.2020, 18:36 мен 19:00-дің аралығында Т.Шапқараевтың ұялы телефонын пайдаланып отырған полиция қызметкерлері Т.Шапқараевтың класстастар группасынан шығып кеткен, группада: «он покинул группу» деп тұр. Ол кезде Т.Шапқараевтың телефоны Атырау ПД-де жатқан болатын. Тергеу мерзімі 2019, 13 желтоқсанда бітті. Тергеу біткен соң Т.Шапқараевтың заттары қалай алынды, дәл солай сөндірулі, қаптаулы, мөрлеулі күйінде тиесілі жерде сақталуы керек емес пе? Сонда, тергеушілер 32 күн бойына Т.Шапқараевтың жеке мүлкін пайдаланып келген бе? Т.Шапқараев дереу Атырау ПД орынбасары Мутигуллин Нығымет Самет ұлына қоңырау шалып жағдаятты баяндады. Ол кісі біраздан кейін өзі қоңырау шалып: «Сенің телефоның сөндірулі, қапталған күйде тиесілі жерде жатыр» - деді. Сосын Т.Шапқараев ол кісіге класстастарының группасынан шығып кеткенін дәлелдеп, скриншотталған бейнесін жіберді. (Дәлелді суреттері бар) ПД орынбасары жауапсыз қалды. Атырау ПД тергеушілерінің сауатсыздығы: Күйеуім Т.Шапқараевты 5 тергеуші тергеді. Атырау ПД тергеушілері өздерінің де, күйеуімнің де, экспертизаның да алтын уақыттарын алып 1 жыл 6 ай ішінде тергегендегі келген тұжырымдары – «мақаланы сен жаздың, сенің компьютеріңмен жазылды, сенің мекен-жайыңда жазылды, сен тараттың» деген жаладан аспады. Күйеуім Т.Шапқараевқа ашылған жалалы іс «кім жазды, немен жазды, қайдан жазды, қайда таратты» деген себеппен ашылған жоқ. Бұл жердегі маңызды сұрақ «НЕ ЖАЗДЫ?» болуы тиіс! Атырау ПД мақаланы Шымкент экспертизасына жіберді. Экспертиза мақала ішінен «қулығына құрық бойламайды» деген сөзді тапқандай болды. Сол үшін ғана Атырау ПД күйеуім Т.Шапқараевқа қылмыстық іс қозғады. Енді, Атырау ПД осы сөз арқылы күйеуім Т.Шапқараевты тергеп, істі сотқа неге жөнелтпеді? Ал, экспертиза тапқан ол сөздің 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі жазылған, бас редакторы Жанұзақовтың 2008 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген кітабында бар болып шықты. Демек, бұл жерде Атырау ПД сенген Шымкент экспертизасы шатасты. Ашып айтқанда, бұл жердегі «қулығына құрық бойламаған» тұрақты сөз тіркесі «қу, айлакер» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрбір қазақтың көркем әдебиеті, ауызекі сөйлеу стильінде үнемі кездесіп әрі қолданып отыратын тіркес. Бұл сөз – атам-қазақтың әр ұлттың ментолитетіне қарап айтқан теңеуі, әр ұлттың мінез-құлқына берген бағасы. Бұл теңеу тек қана өзбек халқына арналған емес, сондықтанда, бұл теңеуді кез-келген қу адамға пайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды – Атырау ПД-нің күйеуім Т.Шапқараевқа ашқан қылмыстық ісі мен Шымкент экспертизасы берген сараптама жалған болып шықты, демек, бұлардың жасаған сараптамасы мен күйеуім Т.Шапқараевқа жауып отырған айыптарының күші жойылуы тиіс деген сөз. Бұл жерде менің күйеуім Т.Шапқараев қылмыскер түгілі күдікті де емес екені 100 пайыз дәлелденіп тұр. Бірінші, мақаланы Т.Шапқараев жазды және тура өз мекен-жайында жазылды деген сөздеріне дәлел келтірсін? Екінші, мақаланы Т.Шапқараев таратқанына дәлел келтірсін? Мақала тұтынушысы шектелмеген сайд, портал, БАҚ секілді жерлерге емес, шектеулі жеке парақшаға салынған. Тарамағанына дәлел келтірсем, интернетке кіріп «Жылыой – өзбектің астанасы!» деп теріп көрсін. Дәл осы мақаланы ел айналып іздесе де таба алмайтынына сенімдімін. Себебі, мақала тарамаған, Жылыой проблемасы Жылыой төңірегінде шешіліп отырған. Егер, Атырау ПД айтуы бойынша мақала жан-жаққа мейілінше тараған болса, онда, интернетке кіріп тақырыбын тергенде аталмыш мақала алдыңнан атып шыққан болар еді. Бұның бәрі Атырау ПД-нің күйеуім Т.Шапқараевқа жала жауып отырғандарын, әрі дәлелдерінің қате екендіктерін дәлелдей түседі. Атырау ПД қызметкерлерінің мақсаты: Атырау ПД қызметкерлері ең бірінші экспертизаға басқа мақала жіберді. Экспертиза ол мақаладан ұлтараздық қақтығыс қоздыратын ешнәрсе таба алмады. Кейін экспертизаға екінші мақала жіберіп көрді. Экспертиза одан да ешнәрсе таба алмады. Қайткенде де менің күйеуім Т.Шапқараевты сүріндірмек арам ойлары болған Атырау ПД қызметкерлері амалы құрып, экспертизаға Болат Қараболаттың парақшасындағы жарияланған бір жылдық материялдарды сараптауға жіберді. Ал Болат Қараболаттың жеке парақшасындағы мақалаларға менің күйеуім Т.Шапқараевты жазғырудың жөні қанша? Ол парақшаны ел игілігі үшін 2-3 адам пайдаланғаны ескертілді емес пе? Және Атырау ПД неге бір жылдық материялдарды сараптауға жібереді? Атырау ПД-нің бұл жердегі ойлары қайткенде де бір кінәрәт табу болатын. Атырау ПД-нің бұл іс-әрекеттерінен «жала жабу, озбырлық, қасақана қиянат жасау» фактілерін анық байқауға болады. Атырау ПД басшылары мен қызметкерлерінің қисынға келмейтін әртүрлі сөздері: Күйеуім Т.Шапқаревтың үстінен арыз жазған бірде бір жәбірленуші жоқ. Бұл іс Атырау ПД-нің жеке жаласы мен қасақана қиянаты. Т.Шапқараев ИВС те жатқанда мен Атырау облысы ПД-нің тергеу басшысының орынбасары Болат Қошқалиевке жолықтым. Қойған сұрақтарыма күмілжіп нақты жауап бере алмады. «Жәбірленуші кім?» деген сұрағыма: «Мониторинговая группа» деп жауап берді. Ал ПД-нің орынбасары Нигмет Мутигуллин мен ЖАПБ тергеушісі А.Мұқашев Т.Шапқараевқа «Жәбірленуші үкімет» деген. Ал бесінші тергеуші Р.Биғалиев: «экспертиза көрсеткен файл бойынша іс қозғадық» дейді. Экспертизаның қорытындысы күні кеше 2021 жылы 28 қаңтарда белгіленген. Онда 2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап, яғни, жыл жарым бойына күйеуім Т.Шапқараевты не үшін мазалап келді? Бір саланың мамандарының сөздері үш түрлі. Мониторинговая группаның жұмысы тыныштық қарау болатын болса, онда Қазақстан бойынша ұлтараздық дау туғызған Никонов, Феодоров, Жиреновскийлерге неге шара қолданбады? Атырау ПД тергеушісі Расул Биғалиевтың жалалы жаңа қаулысы: 1) Қаулыда «Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған» - деген. Дәлелі қане? Т.Шапқараев ешуақытта ауыр түгілі жеңіл дәрежедегі бұзақылық жасап көрмеген адам. Керісінше, ұлтараздық қақтығыс туып кетпеуі үшін алдын-алуға үлес қосты. Мәселе мақала мәтіні болатын болса, мақаланың соңы «Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, билектегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз!» - деп, ескертумен аяқталған. Бұл сыни-ескертпені қалай ауыр дәрежедегі қылмысқа жатқызуға болады? Т.Шапқараевты ҚР ҚК-нің 174 бап 1 тармағы бойынша күдіктіге жатқыза отырып, (ҚР ҚПК-нің 136- бабының 2-бөлігіне сәйкес, жасалған қылмыстың тізімдері нақты көрсетілген) қылмыстық кодекстің 99; 170 және 175-бабындағы ауыр қылмыс дәрежесіне теңегені қалай? 2) «Т.Шапкараев 2016 жылы нақты күні және айы белгісіз уақытта ғаламтордағы «Facebook.com» әлеуметтік желісінен өзіне парақша ашуды ойластырып, өзінің жеке басының мәліметтерін жасырып, «Болат Қараболат» атаумен парақшасын ашқан» - деген. Парақшаны Т.Шапқараевтың ашқанына ешқандай дәлелі жоқ бола тұра, оны қалайша анықталған деп қаулыға қосады? Бұдан «Болат Қараболат атаумен парақшасын ашқан» деп жала жауып тұрғаны анық көрінеді; 3) «Әртүрлі жұмыс орындарында, сауда-саттық саласында өзбектердің көбейіп кеткеніне наразылығы туындап, осы мәселені әлеуметтік желі арқылы ұлттық алауыздық қоздыруға ойы туындаған» - деп келтірген. Бұл жаланың жаласы! Біз – көпұлтты мемлекетпіз. Т.Шапқараев қанына сіңген қонақжайлық қасиетімен әр ұлттың ұлттық мүддесіне құрметпен қарап, сыйлай біледі. Оған бірнеше дәлел де келтіре аламын. Қара мөр соғылып, еліне кетуі тиіс 3 өзбек азаматының құжаттарын алып қалып, полициялар ақша сұрап ауылдарына жібермей біраз күн қинаған, құжаттарын Т.Шапқараев алып беріп, 3 өзбекті таксиге мінгізіп жіберген. Сол сияқты дәлелдер бастан асып жығылады. Т.Шапқараевқа елінің бейбіт, бір-бірімен тату, әрбір табиғат бөлшегінің аман болғанына жететін байлық жоқ. Сондықтан, Т.Шапқараевтың ойын тергеуші қайдан біле алады? Р.Биғалиев Т.Шапқараевты жазғыру, қаралау, айыптау мақсатында мақаланың идеасына жіті мән бермей, өз ой түйсінігінің тайыздығынан хабар беріп отыр; 4) «Сол ойын жүзеге асыру үшін парақшаны қолдануды шешкен» - деген. Мақаланың идеасын анық түсінбеген Р.Бигалиев, мақаладағы сыни-ескертпе сөздерді жаман арам ойға балап, қарапайым мақалаға қылмыстық іс қозғап тұр; 5) «18.02.2019 жылы өз үйінде ұлтараздықты қоздыру тудыратын мақаланы таратуға дайындаған, содан қоздырғыш мақаласын жазып бітірген соң 2019, сәуірдің 22 күні жариялаған» - деген. Неге жаңа қаулыда мақаланың ішіндегі нақты қандай сөйлемдері ұлтараздықты қоздыруға себеп болғаны дәлелмен жазылмаған? «Мақаланы өзбек ұлт өкілдерінің жағымсыз образын санада қалыптастыруға бағытталып жазылған» деп өзіндік баға береді. Негізінде, бұл мақалада табиғатын қорғаған жанның жанайқайы ғана көрінеді. Өз жеріміздегі сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген, пайдалануға тиым салынған жыңғыл өсімдігінің рұқсатсыз өзге ұлт өкілдерінің шауып алып, ауыр жүк көлігінің тіркемесін толтырып халықаралық жолдың бойында сатуға жарнама етіп шығарғаны, қазағым деген әрбір азаматтың жанына батары сөзсіз емес пе? Сонда елі, жерінің әрбір тау-тасын қорғау мақсатында жазылған мақала үшін қылмыстық іс қозғалса, мектепте қазақтың әр баласына патриоттық сезімді оятуға мұғалімдеріміз не үшін еңбек етіп жүр? Бұл дегеніміз – мақаланы біржақты етіп, жерінің табиғатын қорғаған эпизодтарды бір шетке ысырып тастап, өзбекке айтылған сынды «ұлтараздық қоздырғыш, өзбек ұлтын кемсітуді санаға сіңіру» деп бағалайды. Бұл істің ашылғанына 1 жыл 6 ай болды. Мақаладағы жазылған әрбір өзбек азаматтарының іс-әрекеттеріне қатысты сөздер дәлелденген фотолармен жарық көрген болатын. Алайда, осы уақыт ішінде іс-қағаздардың осы дәлелді тұстарын жоқ қылып, сан өзгерткен. Мақаланы ұлтараздық қоздырғыш туғызатын деп есептеп тергеуге алғанда, қасындағы дәлелденген нақтырақ айтқанда өзбек азаматтарының жыңғылды шауып жатқан және тіркеменің үстінде тұрғаны, шайхана маңын қоқысқа айналдырып, табиғатқа зиян келтіргені, заңсыз әрбір жерді шұңқырлап қазғандары туралы фотоларды неге жоқ қылып жібереді? Президент Қ.Т.Кемелұлы, 2021 жылы 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде шыққан мақаласында: «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ; Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» деген. Және 5.02.2021 жылы: «Көрікті жерлеріміз жыл өткен сайын жұтаңданып барады, сондықтан, «таза табиғат» жобасын жүзеге асырған жөн. Біз барлық жерді таза ұстауымыз қажет» деген. Осы сөздерді ескерсек, денесі тырдай жалаңаш, басына сәукеле киіп инстограмға суретін жүктеген Нарчаева Шырынға ұлттық мүддемізді қорлады деп шара қолданбастан, Өзбектеріміз ҚР-ның Конституциясында жазылған заңға қайшы әрекет етеді, ал біздің құқық қорғау органдарымыз керісінше 174-1 тармағы бойынша Т.Шапқараевқа қылмыстық іс қозғайды. Өз жеріміздің әрбір бөлшегін қорғай алмайтын дәрменсіз күйге түсіріп, Т.Шапқараевқа жала жабылуына себеп болған осы мәселені оңтайлы шешіп беруіңізді сұраймын! 6) «Жүргізілген сот-психолого-филологиялық сараптаманың 16.08.2019 жылғы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған материялдардың ішіндегі «Жылыой – өзбектің астанасы» атты мақалада ұлттық алауыздықты қоздыратын белгілері бар екендігі анықталды» - деген, нақты қай сөйлемі екенін жазбаған. Неге? Р.Биғалиевтің жаңа қаулысы бойынша, мақала 22 сәуір 2019 жылы жарық көрсе, қылмыстық іс неге араға 5 ай салып қозғалады? Мақаладан кейін ЖАПБ басшысы Марат Тағаниязов Атырау тасжолы бойындағы өзбек шайханасына барып, тіркемеде сатымда тұрған жыңғылдарды жоқ қылып, қасындағы шашып тастаған қоқыстарын тазартып, шайханаға санитарлық тазалық жүргізіп, әктетіп, айналасын автогрейдермен сүргізіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Заңсыз жүрген өзбектер өз елдеріне қайтарылды. Демек, мақала қорытынды беріп, тазалық пен тәртіп орын алды. Оң нәтижесін берген мақалаға қылмыстық іс неге 5 айдан соң қозғалады, бұл кімнің тапсырысы? 7) «18.02.2019 жылы Шапкараев өзінің үйінен қоздырғыш мақаланы дайындап, жазып бітірген соң 22.04.2019 жылы мақаланы жариялайды» - деген, сонда бір бет мақала 2 ай 4 күн бойына жазылған ба? Т.Шапқараевтың жазып дайындағанына қандай дәлел? Видео, аудио жазбалары немесе суреттері мен куә адамдары бар ма? Т.Шапқараевтағы процессорды мұқтаж адамның бәрі пайдаланды. Процессор бір жерге шегеленіп бекітілген дүния емес, қозғалмалы зат болғаны себепті әркімнің қолында жүруге бөгет жоқ. Және мақаланың дәл Т.Шапқараевтың мекен-жайында таратылғанына қандай дәлел? Мақаланы жазған бөлек адам, мақала еш жерге таратылмаған, мақала жеке парақшада ғана тұрған, және мақалада қоздырғыш ешнәрсе жоқ. Болса, қандай сөз? Мақаланың жан-жаққа тарағанына қандай дәлел? Мақала салдарынан зардап шеккен біреу бар ма? Мақала қоғамда қарсылық пікір болмаса дау тудырды ма? 8) «Жүргізілген компьютерлік технология құралдарын зерттеу бойынша сот сараптаманың 28.01.2021 жылғы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 1 объектіде құрамында «Жылыой, Азамат Бекеттің, Ташкентте, Тұрар, Шапқара, өзбектің астанасы» деген файлдар бар екендігі анықталды» - деген. Мұнымен не айтпақшы? Бұл компьютермен Жылыойдағы жезөкшелер үйін жабуда, экология шлам (мұнайдан қалған улы қалдық) мәселесі, шетелдіктердің қызыл кітапқа енген киелі құстарымызды заңсыз аулауға қарсы болу туралы қозғаған мәселелері аудан әкіміне қаратылып талай жазылған болатын. Содан қалған сөздер болуы мүмкін. Менің күйеуім Т.Шапқараевқа «өте аса ауыр қылмыс жасады» деген жала жауып, қасақана 174-1 бабын қозғаған, жазықсыз 2 күн ИВС ке қамап, ары қарай 2 ай СИЗО ға қаматуға соттан санкция сұраған. Атырау ПД-не үлкен тексеру жүргізіп, заң орындары бола тұра, ҚР заңдарын бұрмалап, шендері мен қызметтерін асыра пайдаланғандары үшін өздеріне қылмыстық іс қозғап, менің күйеуім Т.Шапқараевты ақтатып, жалалы істен түбегейлі босатуыңызды сұраймын! Т.Шапқараев ұлтжанды! Әлі де елі мен жері үшін, тілі үшін, ұрпағы мен табиғаты үшін көзі жұмылғанша қызмет ететініне сенімдімін! Т.Шапқараев Сіздің саясатыңызды қолдайды! Сіз Президент болып тағайындалғанда күйеуім Т.Шапқараев «Президентімізді қолдайық» деген 3-4 мақала жазып жариялады. Сізді Атырау өңіріне келеді дегенде, «Жылыой ауданына ат басын бұрыңыз» деген мақала жазды. Ондағы ойы, заң орындарының дәл осындай асыра сілтеу былықтарын Сізге ескерту еді. Атырау ПД-нің күйеуім Т.Шапқараевқа шүйлігуін – алдағы уақытта өздерінің қылмыстары әшкереленіп қалмасын деген қауіптен туындаған ой деп білемін. Алдын алу мақсатында күйеуім Т.Шапқараевқа көрсетіп отырған психикалық шабуылы мен ызғары деп білемін! Біздің Қазақстанда табиғатына ара түскен адамның ісі өте ауыр санаттағы ауыр қылмысқа жататын болса, онда педофильдердің жазасы қандай болмақ? Ал енді күйеуім Т.Шапқараевтың Жылыой ауданының гүлденуіне қосқан үлестері: 1) Ауыл жастарының басын қосып, сай ішін, көше-көшелерді ерікті түрде тазалаттырды. Осы жақсы амалды үлгі етіп, басқа да ауыл жастарына насихаттап, нәтижесінде, әр ауыл өз аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. (Видеодәлелдері бар). 3 ауылға кішкентай және ересек балаларға арналған ойын-алаңдарын салдыртты. Ауыл жастарының басын қосып жыл сайын көшеге өз жеке киіз үйін тігіп ауыл адамдарына наурыздық, ауызашарлар беріп тұрды. Халықтың еркін жүріп-тұруы үшін 3 ауылдан вахтовый аулына қытынайтын көпірге дейінгі жаптың үстін автогрейдермен жылына 2 мәрте тегістетіп тұрды. 2) Құлсарының орталық көшесі бойында орналасқан «жезөкшелер үйін» жаптырды. Жаман үйдің қорғаны Атырау облысының прокуроры болып шығып, күйеуім Т.Шапқараевты сотқа берді. Нәижесінде, арыздарын қайтып алды, қызметінен қудаланды. 3) Аудандағы «Жылыой су» мекемесі басшысы жыл бойына КНС-тегі канализация лас суларын ауыл арасынан өтетін көлге айдап, Қамыскөлімізді сасытып экологиямызды бұзды. Ескертпе айтқаны үшін Жылыой су басшысы күйеуім Т.Шапқараевты сотқа берді. Нәтижесінде, қай соттан да жеңіліс тауып өзі қызметінен қудаланды. 4) Қызыл кітапқа енген киелі құсымызды біздің ауданда заңсыз аулаған араб азаматтарына тосқауыл болды. Нәтижесінде, сот болып, Жылыой ауданында заңсыз тайраңдаған арабтар ауданға беттемей кетті. 5) Ауданымызға заңсыз шлам (мұнай қалдығы) тасымалдаған мекемелердің қателігін айтып, ауамыздың ластанбауына, экологиямыздың уланбауына ара түсті. Нәтижесі оң баға беріп, қазіргі таңда бұрынғы сасыған лас иіс өз күшін жойды. 6) Мал ұрлығымен айналысатын конократтарға қарсы болып, талай адамның ұрланған малдарын бейбіт мәміледе иелеріне қайтартып берді. 7) 3-4 жыл бойына Жылыой ауданы полициялары тоқтата алмаған 1-3 ықшамаудан жастарынының ортасына бейбітшілік орнатып, қолдарын алыстырды. Өзі жұмыссыз жүрседе ретін тауып, жанұя аузынан жырып қалтасынан ақша шығарып, екі ықшамаудан арасына киіз үй тігіп, 1-3 ықшамаудан жастарына ақ дастархан жайды. Бұған Жылыой ауданының ҰҚК, прокуратура, ПБ, әкімшіліктегілердің бәрі куә. 8) Жылыой өңіріне заңсыз кіріп үгіт-насихат жүргізген миссионер сектанттармен күресті.Олимп, букмекер секілді құмар ойындарға қарсы тұрды. 9) Ауданда мәдениет үйлерінде Жылыой жастарымен кездесіп, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, жастарды жақсылыққа баулумен келеді. Егерде, менің күйеуім Т.Шапқараев қылмыскер болатын болса, онда Жылыой ауданы саясат бөлімі Т.Шапқараевқа сеніп жастармен кездесу кешін ұйымдастырар ма еді? Егерде, Т.Шапқараев бүлікші болатын болса, онда ол Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Киелі мекен – Кең Жылыой» төсбелгісімен марапатталмас еді. (Суреттері бар). 10) Адасқандардан салт-дәстүрімді арашалап өз қаражатына кітапшалар жазып шығарып таратты. Мыңдаған нақыл сөз, мақал-мәтелдерімізді қалпына келтірді. Жастай медрессе ашып 600 ге жуық шәкірт тәрбиеледі, мешіттер салынуына мұрындық болды. Ұрпақ қамына аса мән беріп, сәби-балалар, жас-жеткіншектер туындысына күш салды. 11) Қалаған жерлерінен заңсыз карьерлер ашып алып табиғатымызды шұрқ-тесік еткен, туған өлкемізді қоқыс алаңына айналдырған ойыншылармен күресті. 12) Жем жағасындағы сирек кездесетін әрі шабуға тиым салынған өсімдіктер қатарына кіретін жыңғылымызды өзбек азаматтары заңсыз шауып өз шаруашылықтарына еркін пайдаланды. Ойларына келгенін жасап басынды. Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған осы мәселеге ара түсіп, 339-3, 38, 20-2 баптарына сүйеніп, яғни, заң талаптарына сәйкес Жылыой ауданы әкімі мен ПБ басшысына дабыл қақты. Нәтижесінде, ЖАПБ басшысы Атырау тасжолы бойындағы өзбек шайханасына барып, тіркемеде сатымда тұрған жыңғылдарды жоқ қылып, қасындағы шашып тастаған қоқыстарын тазартып, шайханаға санитарлық тазалық жүргізіп, әктетіп, айналасын автогрейдермен сүргізіп, қоқыс шұқырларын көмдіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Заңсыз жүрген өзбектер өз елдеріне қайтарылды. Ескертпе қорытынды беріп, тазалық пен тәртіп орын алды. Ендігі айтпағым, оң нәтижесін берген ескертпеге не себепті 5 айдан соң қылмыстық іс қозғалып, іс 1 жыл жарым бойына созыла тергеліп, соңында күйеуім Т.Шапқараевты қаматуға әрекет жасайды? Атырау ПД ескертпе мақаланы Шымкент экспертизасына жіберіп, экспертизаның шатасып берген «қулығына құрық бойламайды» сөзіне сүйеніп Т.Шапқараевқа қылмыстық іс ашты емес пе? Ол сөзді қай жерде де қолдануға болатынын ол заңды түрде дәлелдеп берді емес пе? Енді бұлар Т.Шапқараевқа не айтқысы келеді? Басқа жала жабуға ПД 1 жыл жарым бойына Т.Шапқараевтан еш кінәрат таба алмады. Енді өздерінің жалалы әрі бұрмаланған қате істерін сотқа өткізуге қандай негіз бар? 13) ПД құбыжық етіп көрсеткен «Жылыой – өзбектің астанасы» мақаласының ең соңғы сөзіне талдау жасасақ. Соңғы сөз ««бұл мәселені дереу қолға алмаса, өзбекке деген кек-араздық пайда болады. Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, биліктегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз!» деп аяқталады. Бұл сөзде автордың не айтқысы келгенін (экспертиза, профессор, филологтарды қоспағанда) сөздің мағынасын көзі қарақты кез-келген адам оңай түсіне алады. 1) Бұл жерде автор мақаланы ұлтараздық қақтығыс туғызайын деп емес, керісінше, ұлтараздық дау туып кетпесін деген оймен, яғни, алдын алу мақсатымен жазғаны байқалады. 2) Егерде, автордың ұлтараздық дау туғызайын деген жаман ойы болатын болса, онда ол мақаланы биліктегілерге емес, тура халыққа бағыштап жазған болар еді. Егерде, мақала «өзбектер басынуда, халқым сендер не қарап отырсыңдар» дегені секілді мәтінде жазылса, онда әңгіме басқаша. 3) Мақаладағы осы соңғы сөз автордың еліне деген жанашырлық шын ниетін, түпкі ойын, мақсат-мүддесін, бейбітшілікті көздегенін, ақиқатты аңсап, әділеттілікті қалағанын анық аңғартады. Расыменде, өзбектер шектен шығып басынса, тапа-талтүсте заңсыз табиғатыңды отаса, құндылықтарыңа қол сұқса, ондай әрекеттерін көрген халықтың ашуланып, өзбектермен қақтығысуы заңдылық қой. Ал автор қолында күші бар билікке «тоқтау салыңдар» деген ойын мақала арқылы жеткізген. Демек, бұл жерде Атырау ПД қызметін асыра пайдаланды, заңды бұрмалады, тәртіп бұзғандарға қолданылуы керек шараны керісінше тоқтау салған авторға қолданды. Ал енді, аса назар аударатын бір жайт, мақаланы жазған менің күйеуім Т.Шапқараев емес, менің күйеуім ЖАПБ мен аудан әкіміне ауызша ескерткен. Мақаланы басқа белсенді қағазға түсірген. Енді, Атырау ПД «сол жазған адамды бізге айт, сат» деп ерегесуде. Жазған адам елі үшін үлес қосқаны үшін кінәлі ме? Бұл жерде Атырау ПД қызметкерлері белсенділер арасына от салып бір-бірімен қырылыстырып ыдырату саясатын жүргізіп отыр деп білемін. Ата-бабамыздың ұрпаққа мирас етіп аманаттаған осынау кең өлкемізді, ондағы құндылықтарымызды, табиғатымызды қорғағанымыз үшін «аса ауыр қылмыс жасаған» қылмыскерге айналатын болсақ, сонда біз қандай мемлекет болғанымыз? Ата-заңымыз расыменде Атырау ПД-нің менің күйеуіме жапқан осы іс-әрекетін қолдайтын болса, онда, біздің Қазақстанда, қазақ халқына өмір сүрудің қажеті қанша? Атырау ПД басшыларының сөздері мен істерінің екі бөлектігі: Өткенде әлеуметтік желіге Атырау облысы ПД басшысы Қ.Үмбетқалиевтың атымен төмендегі мақала жарияланды. Мақалада былай делінген: Атыраулық полицейлер тұрғынның үйінен заңсыз сақталған 106 киік мүйізін тәркіледі. Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киік мүйізді, 2 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қаруын заңсыз сақтаған. Тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың түнгі уақытта «Yaqi» мотокөлігімен тыйым салынған киік жануарларын аңшылық қаруымен атып, мүйіздерін заңсыз иемденіп келгендігі анықталды. Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген күйдегі киік жануарының төрт өлік денесі табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша Атырау ПД өте дұрыс іс істеген. Қылмыскерлер жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін, аулауға тиым салынған киіктерді құртқаны үшін жауапталуда. Енді, Жылыой ауданындағы заңсыз жүрген өзбектер дәл осы секілді жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін, шабуға тиым салынған өсімдіктерді құртты. Демек, бұл жерде табиғатымызға заңсыз қол сұққан өзбектердің қылмыстары тайға таңба басқандай әшкереленіп тұр. Келесі сұрақ, енді не себепті осы қылмыскер өзбектерге қозғалуы тиіс қылмыстық іс менің күйеуім Т.Шапқараевқа қолданылып тұр? Бұл жерде Атырау ПД-нің жұмысын асыра пайдалануы, заң бұрмалаушылығы мен жала жабуы анық көрініп тұр. Енді, осы мақаланы анализ жасап талдасақ, ҚР ҚК 339 бабы 3 бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» деп келтірген. Бұл жерде сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қоса айтқан. Демек, екеуі де бар. Және бұларды «құрып кету қаупі бар» деген санатқа кіргізген. Оның үстіне мұндай категориялы нәрселерді пайдалануға тиым салынған. Мұндай іспен айналысқандардың әрекеттері заңсыз деп есептеліп отыр. Яғни, мұндай іспен айналысқан адамдар жауапкершілікке тартылады, үстерінен қылмыстық іс қозғалады, сотты болады деген сөз. Сөз бен іс екі бөлек өрбуде. * * * Бізде, Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзені бар. Жем өзенінің жағалауын жыңғыл басқан. Жыңғыл Құдайдың қалауымен, шеберлігі мен кереметімен Жем жағасынан жаратылған. Мысалы, бір жер қауіпті деңгейде қатты шіріп кетсе, ол жерден Алланың қалауымен адыраспан өсіп шығады. Ал адыраспанның бактерияға қарсы тойтарыс берер соғысы бар. Жер асты тұщы суы бар жердің үстінен Алланың қалауымен есекмия өсіп шығады. Айта берсе құпия сырлар көп. Егер, Жем жағасындағы жыңғылды түгел отап шауып тастаса, онда аңызақ шөлді мекенге айналып, Жылыойды құм басып кетеді. Көшпелі құмы бар Майкөмген сияқты елді-мекендерге жыңғыл тапырмайтын бөгет! Жыңғыл мен сексеуіл қызыл кітапқа енген, шабуға тиым салынған, сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің бірі. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Миромонович ел экологиясына мән беріп, елді құмнан құтқарып аман сақтап қалуы үшін бәленбай млн-дарға жыңғыл ектірген. Мен бұл нәрселерді не үшін айтып отырмын? «Жылыой – өзбектің астанасы» атты мақалада көтерілген мәселе де осы. Өзбекстанда ақшаға егіліп, бапталып бағаланған жыңғылдың, Қазақстанда соның ішінде Жылыой ауданында құны сұраусыз, сырттан келіп бизнесін дөңгелеткен өзбектердің отын жағуына тиесілі болғаны. Яғни, ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» деген сөз. * * * ЖАПБ 2019 жылдың көктем айында жарық көрген «Жылой – өзбектің астанасы» атты мақалаға шүйлігеді. Мақаланы кім жазғаны маңызды емес, ол жерде мақала ішіндегі ескертпе мен шырылдаған жанайқай, сындар басты мәселе еді. Сол мақаланы ЖАПБ Шымкентке (Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, 65 үй, 87252 53-01-87) экспертизаға жібереді. Себебі, Шымкенттегі экспертизаның лицензиясы бар-мыс. Шымкент экспертизасы «мақалада ұлтараздықты қоздыратын жерлері бар» деп тапқан. Сол пәтуаны ЖАПБ басшылыққа ала отырып, зорлықпен 174 баптың 1 тармағына иіп, Т.Шапқараевтың үстінен қылмыстық іс қозғайды. Негізінде ЖАПБ-нің Т.Шапқараевқа қасақана жасап отырған бұл істерінің өзі қылмыс! Біріншіден, бұлар мақаланы не себептен экспертизаға Шымкент қаласына жіберді? Атырау өңірінде экспертиза, психологтар мен филологтар жоқ па? Біздің Атыраудағы Халел Досмағанбетов оқу орнын бітірген қазақ тілі мен әдебиет мамандары қайда? Жылойдың өзінде қанша филолог сотқа қатысып жүр. Бұлардікінің бәрі негізсіз әрі бекер болатын болса, онда не себепті олар сотқа қатысып біреудің тағдырымен ойнайды? Екіншіден, қазақ жері кең, ара қашықтық ұзаған сайын ондағы өмір сүріп жатқан ел-халықтың да ментолитет-ұстанымдарында көптеген өзгерістер болады. Қазақта «Әр ауылдың салты басқа, иті қарақасқа» деген нақыл бар. Бұл әр ауылдың өзіндік ұстанымдары мен қағидалары, салт-саналарында сәл өзгешеліктердің барын аңғартады. Шымкент қаласының халқы біздің бастысқа қарағанда саудаға бейім екені белгілі. Сондықтан да, бұл жерде Шымкент экспертизасының қорытындысы «кімнің нанын жесең соның сөзін сөйлейсің» деген мақалға саяды. Шымкент қаласының көпшілік халқы өзбек екенін ескерсек, өзбектердің ұстанымы біздің ұстанымды жұтып бара жатқанын ескерсек, әрине, Шымкент экспертизасының өзбектің сойылын соғуы да заңдылық! Және де, экспертиза солай қорытынды берген екен деп, ақиқатқа көз жұмып қарап, істі толық тексермей, ұлты үшін шырылдаған, халқы мойындап соңынан ерген Т.Шапқараевты қылмыскер етіп қиянат жасау – қазақ қаймақтарын қырған бұрынғы кездің жандайшаптарын еріксіз еске түсіреді. Ел сойылын соққан, тілі мен дініне, ұрпағы мен қасиетті жеріне, ондағы табиғатына ара түскен Т.Шапқараевқа Атырау ПД-нің соққы беруін сатқындық деп есептеймін! Оларды ұлты мен келер ұрпағына қиянат жасаушылар деп білемін! 1) Ең болмаса елшілікте жүрген бір өзбек ағайынның Т.Шапқараевқа деген өкпе-назы болды ма, арызданды ма? Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев мақала сынына реніш білдіріп үкіметке наразылық хатын жолдады ма? 2) Т.Шапқараев қай өзбекке барып тиісіпті? Бір өзбекті болса да ұрып па, ұрсып па, керісіп пе, құрығанда сол шайханада жүрген бір өзбекті ренжітіп саусақ үшін тигізіп пе? Қай өзбек Т.Шапқараевтан залал көріп жапа шегіп үстінен шағымданыпты? 3) Өзбек халқы немесе ұлы жолда әрлі-берлі қатынап жүрген құрығанда жолаушы бір өзбек Т.Шапқараевтың үстінен шағым түсіріп пе? Сонда бұл жерде жәбірленуші кім? 4) ҚР заңнамалары ішінде «демократиялы, зайырлы елдің сын айтуына құқы жоқ» деген тармағы бар ма? Сөз бостандығы қайда? 5) Өзбек ұлтының күшін тегін пайдаланып, оларды құл ретінде жұмсап отырғандар, жол бойындағы жолаушы өзбектердің жиған-тергенін, қанын-сөлін сорып алып жүргендер құқық қорғау қызметкерлері екенін халық жақсы біледі. Ютубқа кіріп қарасаңдар, ұлы жол бойында ұлтараздық қақтығыс туғызып тұрған полицейлерді ғана көреміз. Үй салатын құрылысшы өзбектерге: «неге сонша қымбат сұрайсыңдар, біздің ақшаны сендердің сумдарыңа айналдырса әжептәуір ақша ғой» десең, олар ойланбастан: «Ақшаның көп пайызын полициядағы крышаға төлейміз» дейді. Қорытындысында, құқық қорғау қызметкерлері өзге ұлттың қолымен өз халқын сорып отырғанын, өз ұлтына қиянат жасап отырғанын көреміз. Сонда, кімді-кім құртып отырғанын, ұлтараздықты кім қоздырып отырғанын өздерің саралай беріңдер! Т.Шапқараев нақты қандай қылмыс істеді? Ол қылмыскер де, күдікті де емес! ЖАПБ оған негізсіз, нақақ жала жапты. Қазақ еліне пысқырып та қарамайтын өзбек ұлтының жанкүйері мен қорған-адвокаттары кім болғаны белгілі болды. Ең болмаса бір өзбек келіп үкіметке шағымданса екен, онда әңгіме басқа. Өзбектер қазақ жазирасына сиіп-тышып, жыңғылымызды шауып жөніне кетті. Ал біздің құзырлы орын қызметкерлері менің күйеуім Т.Шапқараевты шырмап әлек. Бұл жерде өзбек халқының көлеңкесіне де сызат түскен жоқ. Бұдан асқан сұмдық, бұдан асқан масқаралық, бұдан асқан сатқындық, бұдан асқан жағымпаздық пен жәдігөйлік, бұдан өткен қорлық бар ма? Өзге ұлт өз күнәһарын қорғаса, біздің Атырау ПД өз асылдарын қорлайды! Бізде сөз бостандығына неге тұсау салынады? Орынды сындар мен ескертпелер не үшін жалған ақпарат деген жалаға бұрмаланады? Атырау ПД басшылары Т.Шапқараевқа: «Сен ешкімді ұрған жоқсың, ешкіммен керіскен жоқсың, ешкімді балағаттаған жоқсың, сонша күйгелектенетінің не?» - депті. Бұл жерде өздері мойындап тұр, Т.Шапқараев ешкімге залал келтірмеген болса, онда неге оның үстінен қылмыстық іс қозғалды? Мақаланы жазған Т.Шапқараев емес, бірақ, шошынатындай мақалада ұлтараздық дау тудыратындай, қылмыстық іс ашатындай ешқандай белгі жоқ. (Әлде Атырау ПД-де соны айыра алмайтындай өңкей сауатсыздар жиналған ба?) Керісінше, алдын алуға бағытталған жазба. Автор мақаланы Т.Шапқараевқа көмек беру мақсатында әрі өтімді болуы үшін оның аты-жөніммен жазған. Жазба Болат Қараболаттың жеке парақшасына ғана шыққан, әлеуметтік желіге арнайы таратылмаған. Жазба Атырау ПД-нің қисық әрекетімен бұрмаланған. Атырау ПД-де менің күйеімді жек көретін бір шенді бар, күйеуіме жабылған жала сол бір кісінің қолымен ғана жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта ақ-қарасы ажыратылады. Ал енді, мақалаға берілген филологтың тұжырымдамасына келсек. Филологтың сараптамасы: «Жылыой – өзбектің астанасы» тақырыбы Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекеттің назарына бағышталғаны, қаратпа әрі ескерту, түсіндіру мақсатында жазылғаны белгілі. Мақалада оның асыра ұлтшыл екендігін дәлелдейтін ешқандай сөз тіркестері жоқ. Оған дәлел келтіре кетсек: 1) Мақала көпшілікке емес, ауданды басқарып отырған, ауданның әрбір ой-шұқыры мен табиғатына жауапты тұлға Азамат Бекетке арналған. Сол арқылы барлық халықты басқарып отырған орындарға дер кезінде дабыл қағып ескерту жасаған! 2) Автор өзінің тұрып жатқан, ауасын жұтып отырған жеріне, оның табиғаты мен экологиясына ерекше уайыммен қарайды. Оны мақаланың мына жерінен көруге болады: «Халықаралық жол бойында неге өзбектің тандыр пештері тұруы тиіс? Неге халықаралық жол бойында өзбек шайханалары өз атауымен самсап тұруы керек? Бұл жерде тамақтанатындардың бәрі түгел өзбектер. Қулығына құрық бойламайтын бұл өзбегің жем жағасына өскен біздің жыңғылдың бәрін отын ретінде шауып алып тандыр нандарды мен кәуаптарын еркін пісіреді. Біздің экологиямызды құртып беймарал шалқып өмір сүруде. Өздерің ойлап қараңдар, мен өзбектің сексеуілін шауып Ташкентте қазақтың бесбармағын пісіріп өңкей қазаққа сатып жүре аламын ба? Біздің жерде еш әділеттілік жоқ! Жем жағасына өскен жыңғыл – біздің экологиямыз! Жылыойдың ауа райының таза болуы үшін диқан аты бар, жерді емген бір өзбегің қазақ елінің гүлденуі үшін бір түйір қара тал екпейді ғой. Кілең асыңды ішейін, аңғарыңа тышайын! Қазақ тағдыры өзбек үшін көк тиын! Сыған құсап ел кезіп қаңғыған өзбектер айналасының бәрін боқ сасытты. Әне, қара, бұлар үшін Қазақ жері, қазақ елі сиіп-тышып кететін дәретхана іспеттес». Бұл жердегі «қулығына құрық бойламаған» тұрақты сөз тіркесі «қу, айлакер» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрбір қазақтың көркем әдебиеті, ауызекі сөйлеу стильінде үнемі кездесіп отыратын тіркес. Бұл сөз – атам-қазақтың әр ұлттың ментолитетіне қарап айтқан теңеуі. Әр ұлттың мінез-құлқына берген бағасы. Бұл теңеу тек қана өзбек халқына арналған емес, сондықтанда бұл теңеуді кез-келген қу адамға пайдаланады. «Қулығына құрық бойламас» сөзі 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі жазылған, 2008 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген кітапта бар. (Бас редакторы Жанұзақов). 3) Мына сөйлемдер: Мен Өзбекстанда көп болғанмын. Өзбектің тазалыққа жаны құштар. Өз ауласы түгілі шарбағының сыртын мәшін жүретін жолға дейін сыпырып су шашып қояды. Ал сол әдетін Қазақстанда неге іске қоспайды? Өзбек халқының өз елінде қандай, біздің жерімізде қандай екендігін дәлелдеу, салыстыру мақсатында жазылған. Ал өзбектердің бар байлығымыз табиғатымызға рұқсатсыз қол сұғуы қазақ ұлтын менсінбеуі және басынуы болып есептеледі. Ел-халықтың ашу-ызасын тудырады. Оны көріп отырып қой демеген басшылардың іс-әрекеті де ұлтараздық қақтығыстың тууына бірден-бір себеп. Жем бойындағы жыңғыл шабылса сол төңіректегі елді -мекенді шағыл құм басады. Ол дәлелденген нәрсе. Оның үстіне Қазақстанда жыңғылдың 11 түрі, 2 буданы қалған. Автор шырылдап осыған қатты мән берсе керек. Және де ҚР заңнамасының 38 бабында: «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті» делінген. ҚР әрбір жерінде жүрген өзге ұлт өкілдері сол мемлекеттің тілін, дінін, салт-дәстүрі мен табиғатын сыйлауға міндетті. Сонда өзінің жерінің экологиясы мен тағдырына алаңдаған авторды ұлтшыл десек, онда ұлттық бөлініс көрсетіп заңымызды құрметтемей, бағынбай, өзге жерде өз ойына келгенін емін-еркін батыл жасап жүрген өзбектерді кім дейміз? Әділдік қайда? 4) «Заң, заң дейді, керек болса, шын заңында тек қана өзбектер емес, өзге ұлттарға үй салдыруға болмайды. Себебі, бұлар инженер-мамандар емес, оқып-тоқыған, дипломдары бар мықты құрылысшылар емес қой. Салады да ертең жоқ болып кетеді. Салған үйі құлап астында қазақ қырылса кім жауапкер? Сондықтан да, бұл мәселені дереу қолға алмаса өзбекке деген кек-араздық пайда болады. Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, биліктегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңыздар демекпіз!» Мына сөз тіркестері мен сөйлемнен ұлтшыл автор емес, ұлтжанды авторды және елінің бейбітшілігі мен халқының амандығын ойлайтын авторды көреміз. Бұл – Құлсары жерінің халқы тыныш, экологиясы таза болуы үшін шырылдап, басшылыққа жазылған үндеу және ескертпе мақала! Төбесінде түйсігі бар адамға ұлтараздық даудың туып кетпеуі үшін алдын алған мақала! Автор ұлтараздық қақтығысты қоздырса немесе қаласа бұл мәселені биліктегілерге естіртіп, шырылдап бұлай дабыл қақпас еді. 5) Құлсарыдан Атырау бағытына қатынайтын жолда «Қайқы» деген ауыл болды. «Ауыл итінің құйрығы – қайқы» демекші, қазақша айтқанда – қыр! Ауыл тұрғындары қырлыққа шығып 5-6 жандығын сауып жан бағатын еді. Ол жерге біраз ел шоғырланып, қала іргесінде орналасқаны себепті ол жерге ел қыстайтын еді. Дәл осы кішігірім ауылдың кімнің артына кіргені белгісіз, ретін тауып үкімет жоқ қылып жіберді. Себебі, жібек жолымен үнемі қатынайтын шетелдіктерден ұят-мыс! Бұл тас жол - халықаралық ұлы жол көрінеді. Үкіметтің ойынша халықаралық жол маңына орналасқан ондай жұпыны ауылдар сән кетіреді екен. Сталин бұйрығы айтылды, орындалды! Айрандай ұйып отырған бір ауыл жанданудың орнына біреудің көзқарасы мен ой-жүйесіне байланысты жоқ болып кетті. Егерде, ұмыттырып барып күндердің күнінде ол жер бір кәсіпкерге беріліп, ол бірнәрсе саламын десе, айтпат демеңдер, үлкен қақтығыс болады! Мен осы мәселеде де біраз шу көтердім. Ерген халық жоқ. Қайқының халқы қайқиып тұра алмады. Ендеше, обалдары жоқ. Автор бұл жерде әділеттіліктің мүлдем жоқ екеніне, момын халықтың ақиқат үшін қасқиып тұра алмағанына, ермегеніне қатты күйінген. Әкімдердің қазақ ауылдарды жоқ қылып жіберіп, есесіне өзбек азаматтарына дегендерін жасатып тайраңдатқаны ақыры бір ұлтараздық кикілжіңге бастайтынын болжаған. Демек, бұл жерде ұлтараздық қақтығысты әкімдер мен өзбектерге қорған болған құзырлы орын қызметкерлері туғызып отыр. Керісінше, автор бұл жерде де ұлтараздық қақтығыстар туып кетпесін деп шыр-пыр болып отырғаны сезіледі. 6) Иә, бұл күнде Жылой өзбектің астанасына айналды. Баспанасы мен асханасына айналды. Қалаған жеріне тандыр пеші мен кәуап дайындар орнын салып алады. Келе өз атауларын қояды. Жарнама ия өзбек, не орыс тілінде. Бұлар сонда шаңыраққа қарамай ма? Автор бұл тіркесте өзбектер қазақ ұлтымен еш санаспайтындығын, қазақ елін сыйламайтындығын, тілін құрметтемейтіндігін, келе басына кететінін, қазақ жеріне өз ұлтшылдығы мен өз заңдылығын жүргізетінін, қоршаған орта мен айналасын тіптен көзге де ілмейтінін ашық бейнелеген. Автор іштегі қыжылды жақсы жеткізген. Артық ешнәрсе жоқ. Ойын ашық әрі еркін жазып жеткізуін ҚР 20 бап 2 тармағында келтірілген «Әркімнің заң жүзінде тиым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар» деген заңына сүйенген деп білемін. Ел сенетін әділетті орындарды ел мен жер, тіл мен дін, ұрпақ тағдырына, елін сүйген, халқын ойлаған асылдарымызға жанашырлықпен қарауға шақырамын! Қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Бибіфатима Айдынова * * * Қосымша айтарым: ҚҰРМЕТТІ АТЫ АТАЛҒАН ЗАҢ ОРЫНДАРЫ! АТЫРАУ ПД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУДА, ҚМ ЗАҢДАРЫН БҰРМАЛАУДА, ШЕН, ЛАУАЗЫМЫН ҚЫЗМЕТТЕРІН АСЫРА ПАЙДАЛАНУДА! Бұның алдында да күйеуім Т.Шапқараевқа Атырау облысы ПД тарапынан ауыр жалалар жабылып, 1 жыл жарымнан бері негізсіз мазалап келе жатқанына байланысты қайта-қайта шағымданған болатынмын. Қосымша айтарым: Атырау ПД ЭҚІҚБ-ның жедел уәкілі аға лейтенант Серіков Нұржанның жаласы: Күйеуім тиесілі жерлерге шағымданғаннан кейін полиция қызметкері А.Дещеновтың Т.Шапқараевты қаралап жазған жала мінездемесі іс қағаздан жойылған. Есесіне, Атырау облысы ПД ЭҚІҚБ (Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы) жедел уәкілі аға лейтенанты Серіков Нұржан Т.Шапқараевқа «деструктивтік діни ағымын ұстанып, ғаламтор арқылы ұлтараздық тудыратын мақалалар таратады» деп және үлкен ауыр жала жапты. Н.Серіковтың айтқаны рас болатын болса, Т.Шапқараевтың деструктивтік ағым бойынша жасаған ең болмаса күмәнді бір эпизодын дәлел ретінде мысалыға келтірсін? Адамдар жинап дін мәселесінде үгіт-насихаттар жүргізді ме? Дін арасында алауыздық тудырды ма? Бейтарап сақал қойып балағын кескен бе? Әлде діни алауыздық туғызатын миссионерлердің уағыз-насихаттарын тыңдап, оны таратып, ондай адамдармен байланыс сұхбаттар жүргізді ме? Егер дәлел келтіре алмаса Н.Серіков міндетті түрде заң алдында қатаң жазалану керек! Атырау облысы ПД ТБ-нің бастығы полици полковнигі Н.Муталиевтен Серіков Нұржанның: «жасырын тергеу әрекетін өткізу үшін жеке тапсырма беруіңізді сұраймын» деген ұсынысын қалай түсінуге болады? Елін, Отанын сүйген, ондағы құндылықтарымызға, табиғатымызға ҚР 38 бабына сүйене отырып қорған болған менің күйеуім Т.Шапқараев ШПИОН ба? 1 жыл жарымнан бері негізсіз мазалап, ақыры мына дамыған заманда телефон ұстай алмайтын деңгейге түсіріп қойғандары аз ба? Күйеуім Т.Шапқараев Н.Серіковпен осы мәселеде азамат ретінде сөйлескенінде Н.Серіков: «Аспанда Құдай бар ғой, оллаһи, мен ондай нәрсе жазған жоқпын» деп, ағынан жарылып өз жазбасынан ат тонын ала қашқан. Т.Шапқараевты «салафи» ағымында деген А.Дещенов те дәл осылай ақталған. Сонда, полиция қызметкерлерінің қолымен мұндай жалған іс-қағаздарды Атырау ПД-де кім жасақтап отыр? Арызданған тиесілі орындардан осы мәселені жіті тексертуіңізді сұраймын! Т.Шапқараевқа жаланы шыныменде Н.Серіков жаппаған болса, онда мына 1 суреттегі көрініп тұрған іс-қағаздың 76 шы бетіндегі баянатты Н.Муталиевке кім жазды? Шиырып тұрып Н.Серіковтың қолын кім қойды? (1 сурет қоса тіркелді). Т.Шапқараевқа жала жапқан ПД қызметкері Н.Серіков жаласын дәлелдесін. Егер, дәледей алмаса, онда Т.Шапқараевтың конституциялық құқын таптағаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылсын! Т.Шапқараевқа өте ауыр санаттағы жала жапқаны үшін Н.Серіковті шенінен айырып, қызметінен қудалап, үстінен қылмыстық іс қозғауларыңызды сұраймын! Т.Шапқараев керісінше адасқан топтарға, шатасқан ағымдарға, миссионер-сектанттарға қарсы күресті. (Дәлелі ретінде жазған кітапшасының суреті қоса тіркелді, 2-3 суреттер). 1) Неге сыни-ескертпеден кейін менің күйеуім Т.Шапқараевқа іс 5 айдан соң қозғалды? ПД қызметкерлері қырағы, мықты маман, іскер, өз істеріне адал жауапкер болатын болса, 5 ай бойына не бітірді? ПД қызметкерлері неге істі 1 жыл 6 бойына тергеді? Онда да іс әлі жабылған жоқ. Т.Шапқаревтың 13.09.2019 жылы үйінен алып кеткен заттары әлі күнге шейін қайтарылған жоқ. Мен ПД-нің бұл істерін «Т.Шапқараев ешнәрсе жазбасын» деген бағытта, әрі өш алу мақсатында заңды асыра пайдалана отырып күйеуімнің жеке мүлкін қарақшылық жүйеде тартып алды деп есептеймін. Т.Шапқараев шын кінәлі болатын болса, осы аралық ішінде істі бір жағына шығаратын уақыттары асып кетті ғой. 2) Неге істі бірінен соң бірі, кезек-кезек 5 тергеуші тергейді? 5 тергеуші тергегесін істі бір-біріне жауып ешбірі жауапкершілікті мойнына алмайды. (Мысалы, іс-қағаздардағы жоғалтқан суреттерді білмейді, ол кезде мен тергеген жоқпын деп басын алып қашады). Атырау ПД қызметкерлері сондай ма сауатсыз болғаны ма? Істі бірі алып, сағызша созып, Т.Шапқараевты әбден мезі етіп екінші тергеушіге лақтыра салып, ол да сонысын қайталап, кейін үшінші тергеушіге лақтырып мазақ ететіндей менің күйеуім Т.Шапқараев ойыншық емес! 3) Не себепті біздің елде қасақана қылмыс жасаған шетелдіктерге қолдануы тиіс шара бұрмаланып Т.Шапқараевқа қолданылды? 4) 1 жыл 6 ай бойына үндемей келіп енді не себепті кенеттен Т.Шапқараевтың қолына кісен салып ИВС-ке қаматты? Не себепті Т.Шапқараевты 2 айға СИЗО-ға қаматуға соттан санкция сұрайды? (Сот жағдаятты ескеріп Т.Шапқараевты 2 айға үй қамаққа шығарды). Атырау ПД Т.Шапқараевқа жапқан жалаларын өздері дәлелдей ала ма? Әлде мақсаттары қайткенде де соттату ма? 5) 2 балам таңертең, 2 балам түстен кейін оқиды. Күйеуім үй қамақта отырғаны себепті балаларымды мектепке, зағип атамызды ауруханаға апара алмай отырмын. Жақында нөлевой оқитын кішкентай ұлымды қаңғырған бұралқы иттер иттер талап тастай жаздады, өткінші халық көмектесіп арашалап қалды. Жүрегі шошынған ұлым үйге өкіріп жылап кірді. Үйдегі жалғыз асыраушым 2 ай үй қамақта отырғанда бізді кім асырайды? Баратын жерлерімнің бәріне көлік жүргізушімнің жоқтығынан қатынай алмай отырмын. Оның үстіне мына жаладан соң ауруға шалдықтым. 6) 11.03.2021 күні сағат 5 ке күйеуім Т.Шапқараевты Атырау ПД-не іспен танысып қол қойып кетуі үшін шақыртты. Т.Шапқараев қорғаушысымен шақыртқан жеріне барды. Іс-қағаздары 4 том болыпты. Іс-қағаздар бұрынғысымен салыстырғанда көп өзгеріске ұшыраған, бір жақты етіп жазылған және жала жабумен қаралаудан құралған. Оған дәлел келтірсем, іс қағазда бұрын болған 5 сурет жоқ, жойып тастаған. Атап айтқанда: 1) Өзбектердің заңсыз жыңғыл шауып жатқан бейнесі; 2) Жол бойында тіркеме толы тиелген жыңғылдардың жарнама ретінде саттықта тұрған бейнесі; 3) Өзбектердің бір қатарға беті ашық 5-6 шұқыр қазғандығы және айналасы толы шашылған қоқыс қалдықтарының бейнелері; 4) Үстерінде толы алабажақ сөмкелері тиелген 6-7 «Ларгус» автөкөлігінің және жол шетіне 50 шақты өзбектің дәрет сындырып тұрған суреттері; 5) Өзбектердің жол шетіне орнатқан екі тандыр пеші, қасында текшеленіп жиналып тұрған жыңғылдардың суреті жойылған. 7) Өзбектер шоғырланған шайханалар кәсіпкер Балжігітовтердікі және оларға қорған болып отырған да сол Балжігітовтер. Ал енді, іс қағазда Т.Шапқараевқа қарсы болып жалған куәлік берген адамдардың бәрі өңкей Балжігітовтың таныс-тумалары. Олар Т.Шапқараевпен беттестірілмеген, күйеуіме сырттай ғана жала жапқан. Өзбектер тұтынып отырған шайхана Балжігітов Дәуренбектікі. Өзбектер ол шайхананы жалға алған. Жалға алып беріп отырған өзбектердің крышасы Бағила есімді әйел. Ал Бағиланың крышасы сол кездегі ЖАПБ басшысы болған Марат Тағаниязов. Ал күйеуім Т.Шапқараевқа осы қылмыстық істі қозғау туралы ой салған полиция басшысы Марат Тағаниязовтың қол астындағы тергеушісі Амангелді Мұқашев. Ал А.Мұқашев кәсіпкер Балжігітовтың бажасы. «Менің бизнесіме кедергі келтірді» деп, жалған куәлік бергендердің бірі Сәлімжан Балжігітов. Ал С.Балжігітов Дәуренбек Балжігітовтың ағасы. Айтқаны рас болатын болса, С.Балжігітов өзінің бизнесіне менің күйеуім Т.Шапқараевтың қандай бөгеттер келтіргенін нақтылап, айырып неге жазбады? С.Балжігтовтың «Құрсай» өзеніне тақап салған «Мұнара» деген мейрамханасы болды. (Қазір үкімет алып кетіп Сулпак қылып жіберді). Сол мейрамхананың асханасы мен дәретханасының канализация құбырын ашықтан ашық көлге шығарып қойған. (Сурет қоса тіркелді, 4,5,6 суреттер). Аты-жөнін атамай, Мұнара мейрамханасының иелеріне «Құрсай өзегіне лас су айдап экологиямызға зиян тигізбейік» деп, сын айтқаны үшін С.Балжігітов Т.Шапқараевпен жауласты. Күйеуіме жала жауып видеотаспалар таратты. Т.Шапқараев сабыр етіп үндемеді. Ал енді куәлік еткендердің бірі Гүлмира Қаналиева Балжігітовтердің жеке әншісі. Нұрболған Айтжановалар, Ерғалиевалар Балжігітовтың сөзін екі етпейтін таныстары. Рүстем Жолдыбаев деген куә Теңіз кенішіне автобустар жалдап отырған Балжігітовтың сауда достары. Куәлар бұдан да көп. Атырау ПД тергеушілері осындай бір жақты сыбайлас адамдарды жинап алып, Т.Шапқараевпен беттестірместен, «ФБ-гі Болат Қараболат парақшасының артында отырған Т.Шапқараев» деген жалған куәлік жаздырып алған. Т.Шапқараевты тек қана бір қызбен беттестірген. 8) Т.Шапқараевты тергеген 3 ші тергеуші К.Жазылхан күйеуімді Аққалыш Нұрғазиева деген қызбен беттестіреді. А.Нұрғазиева алғашқыда кей нәрселерді жалған айтқан, кейін айылын тез жинап алып тергеушіге: Мен айтып отырған жауабыма толық сенімді емеспін, себебі, менің басым ауытқыған, жол апатына түстім» деп, жауабының шынайы емес, рет бойынша айтқанын, күмәнді екенін мойындаған. Сол кезде тергеуші: «Онда сенің басыңды тексертуге экспертизаға Қызылордаға жібереміз» деп қорқытқан. Ендігі өзінен-өзі туындайтын бір сұрақ, ПД тергеушісі не себепті жауап алуға жол апатына түсіп басы ауытқыған жарамсыз қызды таңдады? Ал енді, Құлсарыда осы куә А.Нұрғазиевадан жауап алу кезінде, үзіліс деп камераны айырған кезде, Атырау ПД қызметкері Серіков Нұржан А.Нұрғазиеваға жәймен: «Сен Т.Шапқараевпен қатынасқа түс, ол мені зорлады немесе зорлауға әрекет жасады деп арыз жазып бер, біз саған пәтер алып береміз. Т.Шапқараевтың қалайда соттату керек» деген. Арлы қыз азғырғанға мүлдем көнбеген. Бұл құпияны Т.Шапқараевқа А.Нұрғазиеваның өзі айтқан. 9) Т.Шапқараевтың алдыңғы тергеулерінің бәрі камерасыз әрі адвокатсыз өткен. 4 ші тергеуші Әділет Әкебай санаулы уақыт ішінде іспен толық танысып шығып қол қой деп бұйырған. Күйеуім үлгермейтінін айтқан екен, онда телефонға түсіріп ал деген. Телефоным сендерде емес пе деген екен, маған неғылдейсің енді, тездетші деп асығыстық танытқан. Күйеуім іс-қағаздардың көшірмесін сұраған екен, «саған оны шығарып беретін іште қағаз жоқ» деп сөзін аяқтаған. 10) Т.Шапқараевқа қылмыстық істі аша тұра, арада бәленбай ай өткеннен кейін күйеуімнің телефонына тыңдау қойылды. Оны не үшін қойды? Әуелден дәлелі жеткіліксіз болатын болса, онда оған сенімді түрде не үшін қылмыстық іс қозғады? 11) Тергеуші жұмыстарының еріксіз езуіңді керетін тұстары: Мысалы, ПД Қазтелекомдағы бір маманға Т.Шапқараевтың процессорындағы бір деректерді біліп беруі үшін сауал жолдайды. Ол маманның жауабы: «ол жұмыс маған тиесілі емес, басқа мамандардан сұраңдар» болады. Дәл осы қарапайым сұрақ-жауапқа 10 беттің үстінде қағаз жасақталады. Маманның аты-жөні, мекен-жайы, жұмыс-орны, мамандығы, сертификат құжаттары, ДНК, бұрын сотталмағаны, шекпегені, ондай жерлерде тіркелмегені, әйелінің анатомиясынан бастап түгел бала-шағасының өмірбаяны, ары қарай кете береді. Бұны заңдылық деп қабылдай қояйық, ал енді іс-қағаздардың ішінде іске еш қатысы жоқ Қазтелеком маманының 1948 жылы дүниеге келген енесінің өміртарихы неғып жүр? 12) Жылыой ауданы прокурорының орынбасары С.Ищанов 5.03.2021 күні облыстық ПД-нің ТБ-нің бастығы Н.Т.Муталиевке Ш.Есболаева мен Т.Шапқараевтың арыздарының қаралуына байланысты, облыстық ПД-нің ТБ-нің өндірісіндегі Т.Шапқараевқа қатысты тіркелген қылмыстық істі 09.03.2021 жылға дейін жолдауыңыз сұралады деп хат жолдаған. Алайда, 2021.10 наурыз күні менің телефоныма тергеуші Р.Биғалиев қоңырау шалып, күйеуім Т.Шапқараевқа іс қағаздарға қол қойып кетуі үшін Атырау қаласына шақыртты. Әртүрлі сылтаумен осындай қол қойдырулар 1 жыл жарымнан бері қайталанып келе жатыр. Прокурор орынбасарының сұраулары және бұйрықтары бойынша 9 наурызға дейін Т.Шапқараевқа қатысты ашылған жалған іс Жылыой ауданы прокуратурасы өндірісіне алынуы керек емес пе, неге Т.Шапқараевқа қатысты қылмыстық іс әлі тергеуші Р.Биғалиевтің қолында жүр? Әлде ПД тергеушілері өздерінен биік Прокуратура саласына бағынбай ма? * * * Табиғатына ара түсіп шырылдаған Т.Шапқараевтың сауапты ісінен ешқандай да қылмыстың иісі шықпайды. 174 баптың 1 тармағы Т.Шапқараевтың еліне жасаған жақсылық ісіне мүлдем сәйкес келмейді, зорлықпен тағылған айып! Елінің қамын ойлаған азаматтың көзін құртуға «ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН ПОЛИЦИЯ» деген аты бар Атырау ПД барын салып отыр. АОЖАПБ тергеушісі Амангелді Мұқашев Шымкент сот сараптама институтына күйеуім Т.Шапқараев пайдаланған Болат Қараболат парақшасынан бір мақаланы сараптауға жібереді. Экспертиза одан ешнәрсе таба алмайды. Кейін екінші мақала жібереді. Одан да еш нәтиже шықпайды. Ызаланған А.Мұқашев үшінші кезекте Болат Қараболат парақшасына жарияланған 1 жылдық мақалаларды жібереді. Ойы қайткенде де 1 жылдық мақаладан бір кінәрат тауып менің күйеуімді ұстату. Бұл А.Мұқашевқа берілген тапсырыстың және мақсатын айқындайтын дәлел. Үшіншісінде тергеуші, полиция басшысы және экспертизаға менің күйеуіммен жауласып жүрген қалталы кәсіпкер әрі тергеуші А.Мұқашевтың бажасы, өзбектерге қорған болып жүрген С.Балжігітов пара берген. Содан соң барып Шымкент сот сараптау институты «Жылыой – өзбектің астанасы» деген мақалада ұлтараздықты қоздыратын белгі бар деген анализ шығарып берген. Және оның қай сөз екенін де айтқан. Ол сөз «қулығына құрық бойламайды» деген сөз. Күйеуім Т.Шапқараев қазақ тілінің қыр-сырына терең жетік болған соң, филологтармен кеңесе отырып ол сөздің мағынасын былай деп ашып береді: «Бұл жердегі «қулығына құрық бойламаған» тұрақты сөз тіркесі «қу, айлакер» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрбір қазақтың көркем әдебиеті, ауызекі сөйлеу стильінде үнемі кездесіп отыратын тіркес. Бұл сөз – атам-қазақтың әр ұлттың ментолитетіне қарап айтқан теңеуі. Әр ұлттың мінез-құлқына берген бағасы. Бұл теңеу тек қана өзбек халқына арналған емес, сондықтанда бұл теңеуді кез-келген қу адамға пайдаланады. «Қулығына құрық бойламас» сөзі 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі жазылған, 2008 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген кітапта бар. Бас редакторы Жанұзақов». Кейін, «қулығына құрық бойламайтын» сөзіне тойтарыс берер жауабы дайын екенін білген тергеушілер іс-қағаздан дәл сол тұсын өзгеріске ұшыратып, басқа сөздерге алмастырған. Ұрпағына, еліне, жеріне, тіліне, Отанына, табиғатына ҚР заңдарына сүйене отырып қорған болған Т.Шапқараевқа өзбектерге қорған болып жүрген құқық қорғау қызметкерлері мен қалталы кәсіпкерлер шибөріше жабылып жала жауып, артына шам ала түсті. Табиғатымызды бүлдірген, қызыл кітапқа енген, қолды қылуға тиым салынған, сирек кездесетін өсімдіктерімізге қол сұққан өзбектерге қолданылуы тиіс қылмыстық істі құқық қорғау қызметкерлерінің заңды белшесінен басып бұрмалауымен, қызметтері мен шендерін асыра пайдаланып, сыбайластықпен, парақорлықпен менің күйеуіме қолданды. Т.Шапқараевты 1 жыл жарымнан бері негізсіз мазалап келе жатқан қылмыстық іс сол бір мақалаға байланған. Ол мақалада ұлтараздық белгісі бар деп отқа май құя салған Шымкент сот сараптама экспертизасы да адам тағдырын тәлкекке салып, жұмысын асыра пайдаланған. ЖАПБ-нің тергешісі А.Мұқашевтың Шымкенттегі сот сараптау институтына жіберген мақаладан төмендегі жауап келген: «Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес зерттеуге берілген материялдың ауызша-жазбаша деңгейдегі анализі келесіні көрсетті: Обьект мәтінінде әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері, азаматтардың дінге көзқарасы, ұлттық белгілері бойынша олардың айрықшылығы, артықшылығы немесе кемдігі туралы сөйлемдер жоқ екендігін көрсетті. Өйткені мәтіндер құрамында: Әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыруға бағытталған қандай да бір әлеуметтік топ, дін, ру, нәсіл өкілдеріне қандай да бір жағымсыз баға беру келтірілмеген. Қандай да бір дін, ру, нәсіл, әлеуметтік топ өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерге итермелейтін тілдік құрылымдар жоқ. Тілдік нормаға кірмейтін инвективтік, балағат (тиым салыған) лексика және қандай да бір ұлтты немесе олардың өкілдеріне қатысты теріс жағымсыз бағалау сөздер мен сөйлемдер келтірілмеген. Қандай да бір діннің, ұлттың немесе олардың өкілдерінің өзгелерден артықшылығын немесе кемдігін айтатын сөйлемдер және азаматтарды жаман-жақсы принципі бойынша салыстырулар жоқ» дейді. ҚР ҚК 174 бабының 1 тармағында жазылған заңдағы сөйлемдер сарапшының сараптамасы бойынша мақаладан ешқандай көрініс таппаған. Яғни, дәл осы сарапшының тағайындаған сараптамасы бойынша біреуге мін тағып немесе үстінен қылмыстық іс қозғауға еш негіз жоқ. Сонда да АОПД бұл мақаланы өте ауыр дәрежедегі қылмыстық іс-әркетке балап, менің күйеуім Т.Шапқараевқа 174 баптың 1 тармағын зорлап иіп іс қозғады? Сарапшының бұл жауабын оқыған кез-келген адам мақалада ешқандай ұлтараздық тудыратын механизмнің жоқ екенін анық көреді. Енді бір уақытта сарапшы: «Алайда, зерттеуге ұсынылған материялдың семантикалық-синтаксистік талдамы, оның құрамында ұлттық төзімсіздіктің белгісі бар екендігін көрсетті» дейді де: Мысалы: «Бұл жерде тамақтанатындардың бәрі түгел өзбектер. Қулығына құрық бойламайтын бұл өзбегің жем жағасына өскен біздің жыңғылдың бәрін отын ретінде шауып алып тандыр нандарды мен кәуаптарын еркін пісіреді. Біздің экологиямызды құртып беймарал шалқып өмір сүруде. Өздерің ойлап қараңдар, мен өзбектің сексеуілін шауып Ташкентте қазақтың бесбармағын пісіріп өңкей қазаққа сатып жүре аламын ба? Біздің жерде еш әділеттілік жоқ! Жем жағасына өскен жыңғыл – біздің экологиямыз! Өзбектің тазалыққа жаны құштар. Өз ауласы түгілі шарбағының сыртын мәшін жүретін жолға дейін сыпырып су шашып қояды Жылыойдың ауа райының таза болуы үшін диқан аты бар, жерді емген бір өзбегің қазақ елінің гүлденуі үшін бір түйір қара тал екпейді ғой. Кілең асыңды ішейін, аңғарыңа тышайын! Қазақ тағдыры өзбек үшін көк тиын! Сыған құсап ел кезіп қаңғыған өзбектер айналасының бәрін боқ сасытты. Әне, қара, бұлар үшін Қазақ жері, қазақ елі сиіп-тышып кететін дәретхана іспеттес» деп, мақаладан үзінді келтіреді. Келтірілген үзіндіде «өзбек ұлт өкілдерінің жағымсыз образын санаға қалыптастыруға бағытталған ақпараттар бар. Мұндай ақпараттар ұлттық алауыздықтың белгілерінің бірі болып табылады. Сонымен зерттеуге ұсынылған обьектіде ұлттық алауыздықты қоздыру белгісі бар» деп өз жұмысын аяқтайды. Дәл осы жеріне сүйенген ПД алақайлап Т.Шапқараевқа бұғау салды. Неге сарапшы сараптамасының соңғы жағында күлбілтелетіп «ұлттық төзімсіздіктің белгісі бар» деп, өзінің сараптап отырған жұмысын теріске шығарды? Сарапшы не айтып, не жазып отырғанына өзі толық есеп бере алмай қалған секілді. Сарапшы неге тым жақсы саралап келе жатқан еңбегінің соңғы жобасына сызат түсірді дейсіңдер ғой, себебі, өзбектерге қорған болған шәйхана иесі кәсіпкер С.Балжігітов қайткенде де мақаладан кінәрат табуы үшін сарапшыға қомақты қаржы төлеген. (Үкімет тарифынан бөлек, тергеуші, полиция басшысы, экспертизаға сыйақы ретінде 3000$ көлемінде пара берген, дәлелдеу нәтижесіз, бірақ бұл әңгіме өз айналасынан туындады). Бұл жерден сыбайластық пен парақорлықтың, алаяқтықтың исі шығады. Сыйақысын алған синтездеу бөлімі мақаладан ең алдымен «ұлттық төзімсіздік» деген терминді шығарып алады да, кейін ол сөзді санаға сіңіру үшін «ұлтараздықты қоздыру белгісі» деген көзірге алмастырады. Мына нәрсеге аса назар аударған жөн: «Ұлттық төзімсіздік пен ұлтараздықты қоздыру» деген тіркес екі түрлі мағынаны білдіреді. (Кез-келген қазақ тілі маманынан сұраса болады). Ұлттық төзімсіздік – өзбектердің қазақ жеріне құрметсіздік танытқанынан туындаса, мақала авторы сол төзімсіз істі қазақ жұрты көтере алмай ұлтараздық дау туындап кетуі әбден мүмкін деп алаңдап, жоғарыда отырған заң өкілдерінің қадағалауына тапсырып отыр. Ал ұлттық қоздыруға не жатады? Мысалы, мақалада: «Әй, халқым тез жиналыңдар, өзбектерге қарсы тойтарыс берейік, бәріміз жабылып елден қуып шығайық!» дегені секілді ұрандату мен айдап салу фактілері болса, онда әңгіме басқа. Алайда, мақалада бұлай ұрандату немесе айдап салу сөздері жоқ. Ұлтараздықты қоздыру дегеніміз – ұлттық кемсітушілік пен аз ұлттың азаматтық құқықтарын шектеу. Ал сарапшы өзінің сараптамасында «нәсілдік алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері, азаматтардың дінге көзқарасы, ұлттық белгілері бойынша олардың айрықшылығы, артықшылығы немесе кемдігі туралы сөйлемдер жоқ екендігін көрсетті» - деп сараптайды. Сонда бұл жерде сарапшы өз сөзіне өзі қарсы шығып тұр. «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелесте тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет. Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада» - деп Президентіміз Қ.Т.Кемелұлы өзінің 2021 жылғы 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жариялаған болатын. Осы Президентіміздің мақаласындағы үзіндіге зер салсақ, осындай өз табиғатымызды біреудің қолымен таптатып отырған әр істе өз қандас қазағымыздың тұрғанын анық айтады. Бұл өзбектерді пайдаланып жыңғылды шаптырып, шайхананың қасында тазалықты сақтамай әрбір жерден шұңқыр қаздырып, экологиямызға кері әсерін тигізуге жағдай жасап отырған шайхананы жалға беруші, осы ісі арқылы ұлтараздықты тудырып отырған Балжігітов секілді азаматтардың барын көрсетеді. «Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз» - дейді Президент мақалада. Сонда жеріміздің шын жанашыр иесінің жанайқайы «Жылыой-өзбектің астанасы» мақаласында анық көрсетіліп тұрса да, біздің ПД мұны ұлтараздықты қоздыру деп есептегені қалай? Еліне, жеріне жанашырлық таныту керек деп «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Президент Қ.Т.Кемелұлы жерімізді, экологиямызды, ұлттық құндылығымызды қорғауға саналы түрде шақырса, соны жасаған адамды ҚР ҚК 174,1 тармағы бойынша қылмыскер етсе, онда Қазақстанда елге жанашыр ұлтжанды адам қала ма? Президентіміздің саясатына қарсы шыққан ПД-нің сауатсыз іс-әрекеттері біздің жанұямызды, жолдасымды әлекке салуда. Ал енді, сарапшының тапсырыс берушіге бүйрегі бұрып, әділеттілікті ысырып тастап, мақаланы бір жақты етіп саралағанына мына нәрсе дәлел: Мақалада «Өзбектің тазалыққа жаны құштар. Өз ауласы түгілі шарбағының сыртын мәшін жүретін жолға дейін сыпырып су шашып қояды» деген жері бар. Ал осы сөйлемді сарапшы неге салыстырмалы түрде негізге алмады? Қазақ әдебиетінде кейіпкерге талдау жасағанда жаман образдағы кейіпкердің де жақсы тұстарына міндетті түрде талдау жасалып, оның жағымды қасиеттерін санаға қалыптастырады. Бұл жерде сарапшы өрескел қателіктер жіберді. Сонда ұлттық төзімсіздікті бейбіт түрде ретке келтірейік деген мақаладағы семантикалық-синтаксистік ойды сарапшы неге анық әрі ашық көрсетпеген? Адам тағдыры ойыншық болғаны ма? Бұл жерде институт сарапшылары «кімнің наның жесең соның сөзін сөйлейсің» тәсілімен анализ жасаған. Және сараптамасының қорытындысын ұялмастан, Құдайдан қорықпастан дәл осылай жазып берген. Бұл дегеніміз – сарапшылардың өз істеріне немқұрайлы, жауапсыз қарағандығын дәлелдейді. Ал енді Атырау ПД мен Шымкент сот сараптамасы құбыжық етіп көрсеткен «Жылыой – өзбектің астанасы» мақаласының ең соңғы сөзіне талдау жасасақ, соңғы сөз «бұл мәселені дереу қолға алмаса, өзбекке деген кек-араздық пайда болады. Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, биліктегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз!» деп аяқталады. Бұл сөзде автордың не айтқысы келгенін, (экспертиза, профессор, филологтарды қоспағанда) сөздің мағынасын көзі қарақты кез-келген адам оңай түсіне алады. Мақаланың соңы ұлтараздық даудың туып кетпеуі үшін, алдын алу мақсатында болашақ кикілжіңге бөгет қойған. Бұл жерде автор мақаланы ұлтараздық қақтығыс туғызайын деп емес, керісінше, ұлтараздық дау туып кетпесін деген оймен, яғни, алдын алу мақсатымен жазғаны байқалады. Егерде, автордың ұлтараздық дау туғызайын деген жаман ойы болатын болса, онда ол мақаланы биліктегілерге емес, тура халыққа бағыштап жазған болар еді. Егерде, мақала «өзбектер басынуда, халқым сендер не қарап отырсыңдар» дегені секілді мәтінде жазылса, онда әңгіме басқаша. Мақаладағы осы соңғы сөз автордың еліне деген жанашырлық шын ниетін, түпкі ойын, мақсат-мүддесін, бейбітшілікті көздегенін, ақиқатты аңсап, әділеттілікті қалағанын анық аңғартады. Расыменде, өзбектер шектен шығып басынса, тапа-талтүсте заңсыз табиғатыңды отаса, құндылықтарыңа қол сұқса, ондай әрекеттерін көрген халықтың ашуланып, өзбектермен қақтығысып кетуі де мүмкін ғой. Ал автор қолында күші бар билікке «тоқтау салыңдар» деген ойын мақала арқылы әдемі жеткізген. Демек, бұл жерде Шымкент сот экспертизасы мен Атырау ПД-і қызметтерін асыра пайдаланды, заңды бұрмалады, тәртіп бұзғандарға қолданылуы керек шараны керісінше тоқтау салған авторға қолданды. Және аса назар аударатын бір жайт, мақаланы жазған менің күйеуім Т.Шапқараев емес, менің күйеуім полиция басшысы М.Тағаниязов пен аудан әкімі А.Бекетке аяқтай барып ауызша ескерткен. Мақаланы басқа белсенді таспаға түсірген. Жазған адам елі үшін үлес қосқаны үшін кінәлі ме? Бұл жерде ПД қызметкерлері белсенділер арасына от салып бір-бірімен қырылыстырып ыдырату саясатын да жүргізіп отыр деп білемін. ПД-нің жазықсыз жанды айыптап, жерінің табиғатын қорғауды қолында билігі бар заң басшыларына ескерткені үшін қаралап, азаматтық құқығын таптап, өз жерімізде бейбіт өмір сүруге тосқауыл қойып, ал өзге ұлт өкілдері табиғатымызға қанша зиянын тигізсе де оларға үндемей, ескертпей, оларға қорған болып, арғы жағы Президентіміз Қ.Тоқаевтың саясатына қарсы шығып отырғанын шырылдап ешкімге жеткізе алмай келемін. Ұлтымызға, елдің сойылын соққан азаматымызға жанымыз ашымай, шарасыз күйге түсіріп қорлап отырғандар түбі ақиқат алдында жауап берері сөзсіз. Атырау облысы ПД ТБ тергеушісі Р.Қ.Биғалиевтің күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы жаңа қаулысында: «Сөйтіп, өзінің Жылыой ауданында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздық қоздырудағы ойын жүзеге асыру үшін, өзімен «Facebook.com» әлеуметтік желісіндегі «Болат Қараболат» парақшасын қолдану шешкен» - деп жазыпты. Ал ҚР әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы, Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтының берген қорытындысында тергеуші Р.Биғалиев келтірген бір де бір дерек жоқ. Демек, Р.Биғалиев жаңа қаулысында күйеуім Т.Шапқараевқа жала жапты. Кейін: «18.02.2019 жылы Т.Шапқараев өзінің тұрғылықты мекен-жайында «Crown» маркалы компьютерімен әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық алауыздық қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір қасиетін қорлауға қасақана әрекеттер, сол сияқты тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығы не толыққанды еместігін насихаттайтын мақаланы әлеуметтік желі арқылы тарату мақсатында дайындаған» - деп жаласын күшейте түсті. Бұл жалалары да сараптама қорытындысында жоқ және көрсеткен ай-күндерінде сағаттары да көрсетілмеген. Одан соң Р.Биғалиев: «Содан, халық арасында алауыздық қоздыруға бағытталған мақаласын жазып бітірген соң, 2019 жылдың сәуір айының 22-і күні Болат Қараболат парақшасына кіріп, өзбек ұлт өкілдерінің жағымсыз образын санада қалыптастыруға бағытталған мақаланы жариялап, өзінің ойластырған қылмыстық құқық бұзушылық ойын жүзеге асырған» - дейді. Ендігі қызықты қараңыз, Р.Биғалиев Т.Шапқараевты «18 ақпанда мақала дайындады» деп жала жауып әрі қаралайды. 1) 18 ақпан деген қақаған қыстың кезі. Айнала ақ қар, күн суық, алай-дүлей боран. Ондай кезде, қыстың көзі қырауда ешуақытта даладағы тандыр пешке отын жағылмайды. Самса, тандыр нан, кәуап секілді нәрселер сыртта пісірілмейді. Сондықтанда, қақаған аязда ешкім тамыры мықты жыңғылды шаба алмайды. Т.Шапқараев үкімет бекіткен қауымдастық болып (қауымдастық ішінде лауазымды адамдар және Мағжан Жұмабаевпен бірге түрмеде отырған 100-ге келген қария бар) өзбектердің экологиямызға зиян келтірген шайхана аумағына мамыр айында барған. Сол жерде шабылған жыңғылдарды тандыр нан, самса, кәуап пісіруге отқа жағып жатқанын және жүк көлігінің тіркемесіне тиеп сатуға шығарғанын, шайхананың санитарлық талапқа сай емес екендігін, әрбір жердің қоқыс тастауға беті ашық шұңқырлар қазып тастағанын, топтанған өзбектердің асфальт бойына сиіп-тышып тұрғандарын фотоға түсірген. Біраз күннен соң дәлелді суреттерімен бұл мақала фейсбуктегі жеке парақшаға жүктелген. Басқа желілерге салып таратылмаған. Кейін осы мақалаға іс қозғалғанда менің күйеуім Т.Шапқараев бұл мақаланы мен жаздым деп, жүктеген адамдарды тергеп мазасын алмасын деген оймен істі мойнына алған. Мұндағы мақсат – мақалада елге, ұлтқа іріткі салатын ешбір факт жоқ. Керісінше, жоғарыдағы басшыларға бұл істі дереу қолға алыңдар деген ескерту бар. Бұл іс ақ пен қараны ажыратып, экологиямызға өзбектердің келтірген зияндығын ашық түрде айтып, туған жері мен табиғатына ара түсіп, дер кезінде басшылыққа дабыл қаққан жанашыр азаматтың сүбелі еңбегі еді. Демек, Р.Биғалиевтің «Т.Шапқараев мақаланы қыстың күні дайындады» деген жаласы еш қисынға келмейді әрі күлкілі. Бұл сауатты тергеушінің ісі емес. 2) Бір бет мақаланың 2 ай 4 күн жазылғаны ақылға сия ма? Бұл жерде Р.Биғалиев «мақаласын жазып бітірген соң» деп, Т.Шапқараевқа құдды бір уһілеп роман жазып бітірген жазушының бейнетін қалыптастырған. 3) «18.02.2019 жылы мақала дайындап 22.04.2019 күні өз үйінде жариялаған» деген жаласына айтарым, Т.Шапқараев пайдаланған компьютер үйге 2019 жылдың 3 мамырында келген. Сонда бұлардың экспертизаларының не саралап жүргені түсініксіз болып қалды. Экспертиза шатасты. Болат Қараболат парақшасы Т.Шапқараевтың нөмірімен және оның шаңырағында, тіпті Жылыой ауданында ашылмаған және оны Т.Шапқараев ашпаған. Болат Қараболат парақшасын 2014 жылдары дүниеден озған, қайтпайтын қара, шойын болаттай болған Болат есімді жолдастарының құрметіне Маңғыстаулық азаматтар ашқан. Парақшаны Маңғыстаулық жігіттер тұтынған. Құпия сөзін білу арқылы кейін Т.Шапқараев та арасында пайдаланған. Т.Шапқараевтағы процессорды Маңғыстаулық Ө.Ш есімді жігіт 3.03.2019 күні Құлсарыға беріп жіберген. (Ол жігіт те былтыр көктем айында дүниеден озды). Оған дейін Т.Шапқараев қазіргі тергеуде жатқан Асер ноутбугін пайдаланған. 4) «Біреуге жасаған жамандық айналып өзіне кезігеді; біреуге ор қазба өзің түсесің» деген, Т.Шапқараевқа жамандық жасаған кім-кімде екі дүниеде оңбас! 174 бапты Т.Шапқараевқа зорлап иіп мойнына қамыт етіп ілген ел жауы ерте ме кеш пе жазасын алар! «174 бабы бойынша сотталғандар экстремистер тізіміне қосылады, бұл бап бойынша айыпталушылардың маңдайында радикал деген жазу тұрады» дегенді естігем, сол үшін қазақи салт-санадан ауытқымаған Т.Шапқаревқа А.Дещенов «салафи бағытын ұстанады» десе, Н.Серіков «деструктивтік діни ағымында» деп жала жауып, жаласын іс-қағазға әдейі тіркеп қойған. Әрине, сосын соттың алдына барған істе «Т.Шапқараев жат ағымның жетегінде» деген сипаттама тұрса, сот ондайлардың басын сипай қоя ма? Бұл арандатушылардың қитұрқы әдісі. Т.Шапқараевтың ісіне экстремиз мен терроризмнің қатысы қанша? Т.Шапқараев дін жолында адасқандармен үкіметтен артық күрескен. Т.Шапқараев адасқан діни топтардан салт-санамызды дәлелді түрде сақтап қалды. Әр берген арызымның сұрауы бар, әділ Соттардың арқасында ақ-қара ажыратылар деген сенімдемін! Құрметті ҚМ Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Құрметті өмірге ақиқат көзбен қарайтын, адалдықты ту еткен заң орындары! Арызданбаған жерім қалмады. Күйеуім Т.Шапқараевқа ашылған жалған қылмыстық істі Атырау облысы ПД-нен өз қарауларыңа алып, істі өздерің түбегейлі зерттеп, тексеріп, менің жазған уәждеріме аса мән беріп, істі тоқтатуларыңды және заң бұзып отырған құқық қорғау қызметкерлерін жазаға тартуларыңды сұраймын! Күйеуім Нұрсұлтан қаласына барып та шағымданған. Жоғарғы жақ шағымдарды кері Атырауға жіберіп, қысқасы, арыз-шағымдарымыз дұрыс тексерілмей, қаралмай жатыр. Енді, Сізге видеоүндеу мен болған жайттардың бәрін қағазға түсіріп, кітап етіп шығарып қолға табыстау ғана қалды. «Заң сөйлесін» секілді телеарналарға жүгіну қалды. Сізге жазған осы шағымымды қабыл алып, Атырау облысы ПД-нің менің күйеуім Т.Шапқараевқа қасақана жасап отырған бұрмалаушылығы мен озбырлық жаласын тоқтатып, тез арада өздеріне шара қолдануыңызды сұраймын! Атырау облысы ПД-ті басшыларына, тергеушілеріне жұмыстарын асыра пайдаланып, елімізді бүлдірген шетелдіктерге қолдануы тиіс қылмыстық істі бұрмалап керісінше менің күйеуім Т.Шапқараевқа қолданып, жыл жарым бойына жанұямыздың берекетін алғаны үшін, ПД-нің шетелдіктерге қорған болып, олардың барлық заңсыздықтарын қолдап, оларды қорғап, керісінше Президентіміздің саясатын қолдап елі үшін күрескен менің күйеуім Т.Шапқараевты қорлап отырғандары үшін қатаң жазаға тартуыңызды сұраймын! Т.Шапқараевқа қасақана жабылған жалған істі тоқтатып, жазықсыз оны ақтатуыңызды сұраймын! Шолпан Есболаева. Көп балалы ана 8.05.2021 ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Шолпан Кенжебайқызы! Сіздің Атырау облысы Полиция департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - ПД) қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы, сондай-ақ жұбайыңыз Т. Шапқараевты қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуы туралы шағымыңыз қаралды. Атырау облысының ПД ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша Т. Шапқараевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Т. Шапқараевтың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, оның ішінде сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 наурызда қылмыстық іс айыптау актісімен Жылыой аудандық прокурорына жолданып, қабылданған шешімінің заңдылығы мен тергеудің толықтығы тексерілгеннен кейін Т. Шапқараев сот қарауына берілді. ҚПК-нің 305-бабына сәйкес іс сотқа келіп түскеннен кейінгі барлық шағымдар мен қолдаухаттар тікелей сотқа жолданатынын түсіндіреміз.
Тургумбаев Е.З. 20.05.2021, 10:13Есболаева Шолпан
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 108
- № 683697
ҚМ Президенті Қ.Тоқаевқа! ҚР ІІМинистрі Е.Тұрғымбаевқа! Маңызды механизмдер ескерілмей жатыр АПД, ЖАПБ, прокуратура басқа да көрінбейтін ұйымдармен бірлесе отырып Т.Шапқараевқа 174 баппен қасақана қылмыстық іс қозғап, іс соттың қарауында. Бұлардың Т.Шапқараевқа таққан айыптары «ұлталауыздықты қоздырды». 1) Т.Шапқараев бұл өзбектерге неге ескерту жасады? 2) Әуелден орталарында ашу-ыза, кек-араздықтар болған ба? 3) Т.Шапқараев еш себепсіз біреулерге бірнәрсе ескертетіндей басы ауытқыған ба? 4) Ең алдымен не нәрсенің де себебін анықтап алу керек! Мұндай категориялары болмаса, онда кінәні екінші тараптан іздеу керек, сонда ұлталауыздықты қоздырып жүрген кімдер екені анықталады. Ал заң орындары бір жақтылықпен қиянат жасап отыр. 1) Мұндай сыни-ескертпелер тек өзбектерге емес, қазақ халқына да айтылады. ҚР заңдарында «өзге ұлтқа ескерту жасағандар 174 баппен сотталады, ал қазаққа ескерте бер» деген қағида жоқ. Біз соңғы ұлт емеспіз! 2) Егер, өзбектерге ескерту жасалса, демек, өзбектер ескерту жасауға мәжбүрлік туғызды деген сөз. 3) Жылыой полиция басшыларын қалқан қылып визасыз тайраңдап жүрген өзбектердің жалға алған шайханаларының маңдайшаларына жолаушы өз қандастарын тартуы үшін заңсыз өз атауларын жарнамалап іліп қоюлары, тандыр пештеріне біздің экологиямыз болып есептелетін жыңғылдарымызды отап шабуы, одан әрі ауыр жүк көлік тіркемелеріне тиеп саттықа шығаруы, халықаралық жол бойын қоқыс алаңына айналдыруы, шайханаға келген қазақтарға дөрекі сөйлеп өңмендерінен итеріп, шайханалардың тек өзбек халқына арналғандығын айтуы – ұлталауыздық туғызғандары емей немене? Бұл – қазақ ұлтын кемсіту, қазақ ұлтының ар-намысына тиіп ашуын туғызу, солайша екі ұлт арасына от салу болып есептеледі. Бұл жерде ұлталауыздықты қоздырған Т.Шапқараев емес, ПОЛИЦИЯ КРЫШАВАТЬ ЕТКЕН ӨЗБЕКТЕР! Онда не себепті ұлтаралық қақтығыстың алдын алып, табиғатын қорғаған адам сотталуы керек? Малын бағып жайына отырған елді бытыратып жіберіп, орнына өзбектерді тайраңдатып қойған аудан әкімі мен полиция басшыларының іс-әрекеттері ұлталауыздық қоздыруға себеп емес пе? Неге ол жақтары зерделенбей отыр? Т.Шапқараевты мемлекет айыптап отыр, бұл – сыбайластықтың әлі күшінде тұрғандығына дәлел! СОНДА БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСАТЫ – ӨЗ МЕМЛЕКЕТІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ӨЗ ХАЛҚЫН СОТТАУ МА? ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ ҚЫЛМЫС ПА? Бұл жерде істі бір жақты жүргізіп заңды бұрмалаған, қызметтері мен шендерін асыра пайдаланған ЖАПБ және АПД қызметкерлері міндетті түрде түгел сотталу керек! Адам тағдыры ойыншық емес! «Даудың басы Дайрабайдың ала сиыры» дегендей, күйеуім Тұрар Шапқараевқа жабылған жалалы істің сотқа дейін жетуіне ең бірінші себеп болған Шымкент сот сараптама институтының берген қорытындысы. Қорытындыны берген маман Жүнісова Нілжан Балықбай қызы. Нілжан Балықбай қызы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде орыс тілі - әдебиеті саласын бітірген. Яғни, орыс тілі маманы қазақша сараптауға, оның ішіндегі таза батыс тіліндегі әдеби сипаттағы мәтінге қалайша сараптама жасаған? Ауыз екі сөйлеу тілі бөлек, әдеби тілдегі мәтіндердің зерттелу ерекшелігі бөлек болады. Бұл жерде адам тағдыры сарапқа түскелі тұр, сондықтанда, адам өміріне тікелей әсері бар мұндай сараптамаларды орыс тілінің мамандары мүлдем жүргізе алмайды. Тәжірибе бойынша ауыз екі сөйлеу тіліндегі мәтіндерді қазақтығы басым, нағыз қазақи жерлердің мамандары жасайды, оған рұқсат бар. Ал әдеби тілдегі мәтіндерді олар алмайды, себебі, онда тіл құрылысы, стилі, жанры бөлек болады. Жалпы тәжірибеде бір мысалмен ешқашанда нақты тұжырым жасалмайды. Мен қосымша сараптама жасатуға Қазақстанның біраз жеріне байланысқа шықтым. Алайда, көбі орыс тілді екендіктерін, қазақша сараптайтындардың әзірге бос емес екенін, өздері тәуекел ете алмайтындықтарын, сараптаудың оңай нәрсе емес екендігін, үлкен жауаптылықпен әділдікті талап ететіндіктерін түсіндірген. Ал енді, мақала мәтінінде өзге ұлт өкілдеріне шыныменде аса қауіп төндіретіндей жағдаяттар болса, онда оның жөні бөлек. «Әй, халқым тез жиналыңдар, өзбектерге қарсы тойтарыс берейік, ұрып-соғайық, мүгедек қылайық, тұратын баспаналарын, бизнестерін, шайханаларын тартып алайық, қырайық-жояйық, өртейік, атайық, өлтірейік, бәріміз жабылып елден қуып шығайық!» дегені секілді ұрандату мен айдап салу фактілері болса, онда әңгіме басқа. Алайда, мақалада мұндай ұрандату немесе айдап салу сөздері жоқ. Дәл осындай немесе құрығанда осыған жақын қауіпті ұранды сөздер, айқайға басқан қоздырғыш элементтер болса, сол кезде ғана нақты тұжырым жасауға болады. Бұл жерде ШЫМКЕНТ СОТ САРАПТАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАМАНЫ НІЛЖАН БАЛЫҚБАЙ ҚЫЗЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АСЫРА ПАЙДАЛАНДЫ! Мақаланың өзі бір бет. Мақала 1) Сын 2) Салыстырма 3) Елге жанашырлық 4) Алдын алу 5) Екерту секілді 5 функциядан құрылған. Ал оған Нілжан Балықбай қызының «ұлталауыздыққа арналған» деп баға беруі орны толмас қиянат! Тергеушілер мен сарапшылардың арасында сыбайластық болды. Ал сыбайластық жүрген жерде парақорлықтың бірге жүретіні айтпаса да түсінікті. Нілжан Балықбай қызының берген қорытындысына келсек: «Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес зерттеуге берілген материялдың ауызша-жазбаша деңгейдегі анализі келесіні көрсетті: Обьект мәтінінде әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері, азаматтардың дінге көзқарасы, ұлттық белгілері бойынша олардың айрықшылығы, артықшылығы немесе кемдігі туралы сөйлемдер жоқ екендігін көрсетті. Өйткені мәтіндер құрамында: Әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыруға бағытталған қандай да бір әлеуметтік топ, дін, ру, нәсіл өкілдеріне қандай да бір жағымсыз баға беру келтірілмеген. Қандай да бір дін, ру, нәсіл, әлеуметтік топ өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерге итермелейтін тілдік құрылымдар жоқ. Тілдік нормаға кірмейтін инвективтік, балағат (тиым салыған) лексика және қандай да бір ұлтты немесе олардың өкілдеріне қатысты теріс жағымсыз бағалау сөздер мен сөйлемдер келтірілмеген. Қандай да бір діннің, ұлттың немесе олардың өкілдерінің өзгелерден артықшылығын немесе кемдігін айтатын сөйлемдер және азаматтарды жаман-жақсы принципі бойынша салыстырулар жоқ» дейді. ҚР ҚК 174 бабының 1 тармағында жазылған заңдағы сөйлемдер сарапшының сараптамасы бойынша мақаладан ешқандай көрініс таппаған. Яғни, дәл осы сарапшының тағайындаған сараптамасы бойынша біреуге мін тағып немесе үстінен қылмыстық іс қозғауға еш негіз жоқ деген сөз. Бұл бап Т.Шапқараевтың ісіне мүлдем келмейді. Сонда да АОПД бұл мақаланы өте ауыр санаттағы қылмыстық іс-әркетке балап, менің күйеуім Т.Шапқараевқа 174 баптың 1 тармағын зорлап иіп іс қозғап ақыры сотқа өткізді. Тура 1932 жылғы қазақ қаймақтарын құртқан жауыздардың ісі! Бұл Атырау облысы ПД-гі мафиялардың Т.Шапқараевтың көзін құртуға әдейі ойлап тапқан сұрқия әрекеті! Сарапшының бұл жауабын оқыған кез-келген адам мақалада ешқандай ұлтараздық тудыратын механизмнің жоқ екенін анық көреді. Енді бір уақытта Нілжан Балықбай қызы: «Алайда, зерттеуге ұсынылған материялдың семантикалық-синтаксистік талдамы, оның құрамында ұлттық төзімсіздіктің белгісі бар екендігін көрсетті» дейді де: Мысалы: «Бұл жерде тамақтанатындардың бәрі түгел өзбектер. Қулығына құрық бойламайтын бұл өзбегің жем жағасына өскен біздің жыңғылдың бәрін отын ретінде шауып алып тандыр нандарды мен кәуаптарын еркін пісіреді. Біздің экологиямызды құртып беймарал шалқып өмір сүруде. Өздерің ойлап қараңдар, мен өзбектің сексеуілін шауып Ташкентте қазақтың бесбармағын пісіріп өңкей қазаққа сатып жүре аламын ба? Біздің жерде еш әділеттілік жоқ! Жем жағасына өскен жыңғыл – біздің экологиямыз! Өзбектің тазалыққа жаны құштар. Өз ауласы түгілі шарбағының сыртын мәшін жүретін жолға дейін сыпырып су шашып қояды Жылыойдың ауа райының таза болуы үшін диқан аты бар, жерді емген бір өзбегің қазақ елінің гүлденуі үшін бір түйір қара тал екпейді ғой. Кілең асыңды ішейін, аңғарыңа тышайын! Қазақ тағдыры өзбек үшін көк тиын! Сыған құсап ел кезіп қаңғыған өзбектер айналасының бәрін боқ сасытты. Әне, қара, бұлар үшін Қазақ жері, қазақ елі сиіп-тышып кететін дәретхана іспеттес» деп, мақаладан үзінді келтіреді. Келтірілген үзіндіде «өзбек ұлт өкілдерінің жағымсыз образын санаға қалыптастыруға бағытталған ақпараттар бар. Мұндай ақпараттар ұлттық алауыздықтың белгілерінің бірі болып табылады. Сонымен зерттеуге ұсынылған обьектіде ұлттық алауыздықты қоздыру белгісі бар» деп, өз жеке пікірін қосып жұмысын қорытындылайды. Сараптау өңкей бір жақты жасалған. Себебі, мақала мәтіні ұлталауыздықты қоздыру болып табылса, ал онда өзбектердің халықты ашындырған әрекеті не табылады? Бұл жерде сарапшыға мәтін берген органның сұрақтары «осы мақаланың ішіндегі мәтін бойынша кімдікі дұрыс, мұндай реніштің орын алуына қай тарап кінәлі, кімдер себеп?» дегені сияқты болса, онда жауап автоматты түрде басқаша қорытынды берер еді. Бұл жерде тергеушінің сұрағы бір жақты және ниеті осы мақаладан қайткенде де ілік табу екені анық көрінді. Оған дәлел, сарапшыға қойған сұрақтың «осы мақала ішінде ұлталауыздықты қоздыратын белгі бар ма?» дегені. Дәл осы қорытындыға сүйенген ПД алақайлап Т.Шапқараевқа бұғау салды. Неге сарапшы сараптамасының соңғы жағында күлбілтелетіп «ұлттық төзімсіздіктің белгісі бар» деп, өзінің сараптап отырған жұмысын теріске шығарды? Сарапшы не айтып, не жазып отырғанына өзі толық есеп бере алмай қалған секілді. Сарапшының тапсырыс берушіге бүйрегі бұрып, әділеттілікті ысырып тастап, мақаланы бір жақты етіп саралады. Мақалада «Өзбектің тазалыққа жаны құштар. Өз ауласы түгілі шарбағының сыртын мәшін жүретін жолға дейін сыпырып су шашып қояды» деген жері бар. Ал осы сөйлемді сарапшы неге салыстырмалы түрде негізге алмады? Қазақ әдебиетінде кейіпкерге талдау жасағанда жаман образдағы кейіпкердің де жақсы тұстарына міндетті түрде тоқтап, оның жағымды қасиеттерін санаға қалыптастырып айтып өтеді. (Мысалы, пәленше атақты ұры еді, бірақ кедей-кепшіктерге садақа беретін еді дегені секілді). Бұл жерде сарапшы өрескел қателіктер жіберді. Сонда, ұлттық төзімсіздікті бейбіт түрде ретке келтірейік деген мақаладағы семантикалық-синтаксистік ойды сарапшы неге анық әрі ашық көрсетпеген? Бұл жерде Н.Балықбай қызы «кімнің наның жесең соның сөзін сөйлейсің» тәсілімен анализ жасаған. Және сараптамасының қорытындысын ұялмастан, Құдайдан қорықпастан дәл осылай жазып берген. Бұл дегеніміз – сарапшының өз ісіне немқұрайлы, жауапсыз қарағандығын көрсетеді. Ал енді Атырау ПД мен Шымкент ССИ құбыжық етіп көрсеткен «Жылыой – өзбектің астанасы» мақаласының ең соңғы сөзіне талдау жасасақ, соңғы сөз «бұл мәселені дереу қолға алмаса, өзбекке деген кек-араздық пайда болады. Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, биліктегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз!» деп аяқталады. Бұл сөзде автордың не айтқысы келгенін сөздің мағынасын көзі қарақты кез-келген адам оңай түсіне алады. Мақаланың соңы ұлтараздық даудың туып кетпеуі үшін, алдын алу мақсатында болашақ кикілжіңге бөгет қойған. Бұл жерде автор мақаланы ұлтараздық қақтығыс туғызайын деп емес, керісінше, ұлтараздық дау туып кетпесін деген оймен, яғни, алдын алу мақсатымен жазғаны байқалады. Егерде, автордың ұлтараздық дау туғызайын деген жаман ойы болатын болса, онда ол мақаланы биліктегілерге емес, тура халыққа бағыштап жазған болар еді. Мақаладағы осы соңғы сөз автордың еліне деген жанашырлық шын ниетін, түпкі ойын, мақсат-мүддесін, бейбітшілікті көздегенін, ақиқатты аңсап, әділеттілікті қалағанын анық аңғартады. Және соңғы «демекпіз» сөзі көпше түрде жазылған, демек, бұл жерде бұл бір адамның жанайқайы емес, бұл мақаланың артында көптеген ел жанашырларының тұрғанын байқатады. Көп адамның атсалысқаны – өзбектердің тым шектен шыққандығын меңзейді. Расыменде, өзбектер шектен шығып басынса, тапа-талтүсте заңсыз табиғатыңды отаса, құндылықтарыңа қол сұқса, ондай әрекеттерін көрген халықтың ашуланып, өзбектермен қақтығысып кетуі де мүмкін ғой. Ал автор қолында күші бар билікке «тоқтау салыңдар» деген ойын мақала арқылы әдемі жеткізген. Демек, бұл жерде Шымкент ССИ мен Атырау ПД-і қызметтерін асыра пайдаланды, заңды бұрмалады, тәртіп бұзғандарға қолданылуы керек шараны керісінше тоқтау салған авторға қолданды. Менің күйеуім полиция басшысы М.Тағаниязов пен аудан әкімі А.Бекетке аяқтай барып ауызша ескерткен. Мақаланы басқа белсенді таспаға түсірген. Жазған адам елі үшін үлес қосқаны үшін кінәлі ме? Бұл жерде ПД қызметкерлері белсенділер арасына от салып бір-бірімен қырылыстырып ыдырату саясатын да жүргізіп отыр. ПД-нің жазықсыз жанды айыптап, жерінің табиғатын қорғауды қолында билігі бар заң басшыларына ескерткені үшін қаралап, азаматтық құқығын таптап, өз жерімізде бейбіт өмір сүруге тосқауыл қойып, ал өзге ұлт өкілдері табиғатымызға қанша зиянын тигізсе де оларға үндемей, керісінше оларға қорған болып, тайраңдатып, арғы жағы Президентіміз Қ.Тоқаевтың саясатына қарсы шығып отырғанын шырылдап жеткізе алмай келемін. Сарапшы неге тым жақсы саралап келе жатқан еңбегінің соңғы жобасына сызат түсірді? Синтездеу бөлімі мақаладан ең алдымен «ұлттық төзімсіздік» деген терминді шығарып алады да, кейін ол сөзді санаға сіңіру үшін «ұлтараздықты қоздыру белгісі» деген көзірге алмастырады. Мына нәрсеге аса назар аударған жөн: «Ұлттық төзімсіздік пен ұлтараздықты қоздыру» деген тіркес есектен ешкінің тумайтынындай екеуі екі түрлі мағынаны білдіреді. (Кез-келген қазақ тілі маманынан сұраса болады). Ұлттық төзімсіздік – өзбектердің қазақ жеріне құрметсіздік танытқанынан туындаса, мақала авторы сол төзімсіз істі қазақ жұрты көтере алмай ұлтараздық дау туындап кетуі әбден мүмкін деп алаңдап, жоғарыда отырған заң өкілдерінің қадағалауына тапсырып отыр. Ал ұлттық қоздыруға не жатады? Ұлтараздықты қоздыру дегеніміз – ұлттық кемсітушілік пен аз ұлттың азаматтық құқықтарын шектеу. Ал сарапшы өзінің сараптамасында «нәсілдік алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері, азаматтардың дінге көзқарасы, ұлттық белгілері бойынша олардың айрықшылығы, артықшылығы немесе кемдігі туралы сөйлемдер жоқ» екендігін көрсетті. Сонда сарапшы өз сөзіне өзі қарсы шығып тұр. Осы қорытындыдан кейін Т.Шапқараевты 1 жыл жарым бойына 5 тергеуші тергеді. Іс сотқа өтті. Сот басталды. Қазір Т.Шапқараевтың үйқамағы 3 ші айға созылды. Мен осы мәселеде бәрін тізбектеп дәлелдеп, президент әкімшілігінен бастап 30 жерге 51 бет арыз-шағым түсірдім. Алайда, сараптаманың бір қателігіне желімденіп қалған заң орындары менің дәлелдерімнің бірін де оқымаған сияқты, тіпті өрелері жетпейді деп те айта аламын. Тергеуші А.Мұқашев мақаланы сараптамаға заң талаптарын бұза отырып жіберді, шырылдап оны да айттым, ескерілмеді. Т.Шапқараевты соттату жолында Атырау облысы құқық қорғау қызметкерлері өрескел заң бұзумен айналысты, жоғарғы тұрған орындар оларға «тәйт» демеді. Доктор профессор А.Бисембаев пен ШҚО ССИ мақалада ұлталауыздық белгілері жоқ деген қорытындылар берді. Текетірес орын алғаны себепті Жылыой ауданы судьясы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сот сараптамалары институтының директоры Г.М.Жазетовқа қосымша сараптама тағайындауға шешім шығарып, жауап келгенше сотты тоқтатып қойды. Қай жерде де әділдіктің жеңетініне, Г.Жазетовтың және өзге де комииссия мүшелерінің әділдік танытатынына сенімдімін! * * * Сарапшының кінәсі мен қателігі! Өз ана-тілінен ада болған адамдар сөз төркінін ұғынудан қалды. Сараптамаға жіберілген мақалада автор ауылдың тыныс-тіршілігіне қатты алаңдап, ондағы орын алған әділетсіздік пен теңсіздікті ашына баяндаған. Әділетсіздігіне келсек: Тас жолдан 500 метрдей қашықтықта «Қайқы» деген ауыл болды. Бұл ауыл ертеректен бар. Құлсарының халқы көктем шығып жер көктесімен 5-6 жандығын айдап қырға шығып жан бағатын. Ауа өзгертіп, қи жағып, бұрқыратып тезектің шайын ішіп бұрынғының жолын жалғайтын. Азын-аулақ сүт-шұбатын арқалап, жолдан көлік күтіп, базарға қатынап күнін көретін. Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі бимарал малын бағып жайына отырған ауылды ақымақ әкімдер бір-ақ күнде жоқ қылып жіберді. Жоқ қылуының себебін естісеңдер ғой. Жұпыны ауыл – халықаралық тас жол бойымен қатынайтын шетелдіктерден ұят. (Шетелдіктерден ұялса сол ауылды абаттандырып гүлдендірмей ме?). Сәбет үкіметінен қалған дақ па, бізде бұйрық берілгесін-ақ ол орындалмай қоймайды. Халық абдырап қиналып қалды, көшкісі келмей қипақтап бағып еді, аз болса қосып арқала дегендей әкімшілік 1-2 адамға 200-250 мың теңгеден айыппұл арқалатып одан бетер тентіретіп жіберді. Солайша, бишара халықты зорлықпен, күшпен көшіріп тынды. Бұрын ол жерде ел болмағандай етіп орнын тып-типыл етіп күреп тастады. Жылыой әкімшілігі 1932 жылғы орыс шовинистерінің қазақ ұлтына жасаған зұлымдығын қайта жаңғыртты. Ол кезде қазаққа қиянатты тілі мен діні, салты мен ұлты бөлек кәпір жасаса, бүгінде қазаққа қиянатты орыстың сол сара жолын ұстанушы өз қазағыңның жасап отырғаны ауыр тиді. Репресшіл бір дөкейдің бұйрығымен бір ауылды қасақана бытыратып жіберді. Қазаққа қастандықпен жасалған дәл осындай озбырлық 1997 жылдары Мұнайлы-Биікжал елді-мекендеріне де жасалды. Жыл жарымдай уақыт өтсе де, бүгінгі таңда халықтан қызғанып тартып алынған қара жер игерілмей сол баяғы қалпында жатыр. Құлсарының құбыла беті өндірістік мекемелер, база, гараждар. Маңғыстау жақ бетінде мұнай қалдығын өңдейтін зауыт пен қоқыс полигондары орналасқан. Мына беті теміржол торабы. Мына жағы Қамыскөлге тіреледі. Мына басы жер қойнауын заңсыз пайдаланып ұрлықпен қазылған карьерлер мен үй салуға берілген жер телімдері. Жақын жерде жайылыс жоқ. Шұрайлы жерлердің бәрі аудандағы санаулы қалталылардың меншігінде. Атырау бағытындағы Қайқы ауылын сірә жоқ қылып жіберді, сонда сорлы халық қайда барып күнелтпек? Қала ішіне мал баға алмайсың, әкімшілік ұстап қамап, хаттамамен тұншықтырады. Дәл осындай қисынсыз заңдар халықты әбден мезі етіп жаншып тастады. Мақалада автор жанашырлықпен шырылдап тұрып халықтың ішіндегі осы жанайқайын ел басқарып отырған басшыларға құлаққағыс еткен. Ал енді, сот сараптама институттарының бір мысалмен ешқашанда тұжырым жасалмайтындығын өздері жақсы біледі. Осы Қайқы ауылы туралы жанайқай мақала мәтіні ішінде бар ғой. Сарапшы Жунусова Нілжан Балықбай қызы мәтіннің осы тұсына неге ләм-мим деп жақ ашпады? Қайқы аулы туралы деректер автордың не айтқысы келгенін, айтар ойы мен мақсатын аша түспей ме? Осының бәрі сарапқа салынуы керек емес пе? Неге Нілжан Жунусова өзіне керегін ғана алды? Міне, Сарапшы Нілжанның категориялы бірінші қатесі! Екіншіден, теңсіздігіне келсек: Шетелдіктерден ұят деп 500 метрдей жердегі Қайқы ауылын түгел көшіріп жіберген әкімшілік 50 метрге жетпейтін жердегі өзбектің қаз-қатар тұрған тандыр пештеріне әңгіме айтпады. Ол тандыр пештерді жағуға өзбектердің біздің экологиямызды құртып тиым салынған жыңғылдарымызды отап шапқандарына әкімшілік көзжұмбайлық танытты. Тандыр пештері жанында заңсыз шабылған жыңғылдардың тақталып, кишлактың образын сомдам тұрған жабайы көрінісі шетелдіктерден ұят болмады ма? Автор әділетсіздік пен осы теңсіздіктердің алдын алуы үшін аудан әкімі мен полиция басшысына дабыл қағып ескертпе жасағанын мақала анық көрсетіп тұр ғой. «Өзбектің жағымсыз образын сомдап санаға қалыптастырмақшы болды» деп жала жапқан сарапшы Нілжан Жунусова мақаладағы «өзбектің тазалыққа жаны құштар» деп келтірген жақсы образын неге жасырып қалды? Және Нілжан Жунусова неге тек өзбектер туралы айтқан мәтінге байланып қалды? Мақала ішінде өзбектен де басқа ауыл туралы деректер бар еді ғой. Бұл жерде әділетсіз сарапшы Нілжан Жунусованың бір жақты жұмыс жасағанын әрі мәтін ішінен тапсырысы бойынша бұрмалауға ыңғайлы өзіне керек механизмін ойып шығарып алғанын көрсетеді. Сараптаманың қай ережесіне салса да, бұл мақаладан тек қана ұлттық төзімсіздікті ғана шығара алады. Ол – заңдылық! Адам баласы бір нәрсені төзімі таусылғаннан барып айтпай ма? Ендігі қызық жері, сарапшы Нілжан Жунусованың ұлттық төзімсіздіктен ұлталауздықтты қалай туғызып алғанында? Нілжан Жунусованың арам ой осы жерге келгенде туындаған. Бір-бірінің маңына жақындамайтын екі мағыналы сөзді өнертапқыш Нілжан Жунусова біріктіріп берді. Сарапшыға балықтан бал, арадан уылдырық алдым десе сене ме екен? Сенбейді. Олай болса, Нілжан Жунусова «мақалада ұлталауыздық қоздыратын жерлер бар» деген өтірігін тапсырыш берушілерге қалайша сендірді екен? Мен бұл мәселенің барлығын о баста дәлелдеп бердім. Шымкент ССИ-ның сарапшысы Нілжан Жунусова ҚР ҚК-нің 420 бабын өрескел бұзды. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аудармалары туралы заңында: «сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма – 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген. Және осы бап қатаң ескертілсе де, сарапшы Нілжан Жунусова қате аударма жасап жазықсыз жанның обалына қалды. Енді, сарапшы сотты болмауы үшін, ортаға кімді, нені қосса да өзінікін жөн қылып шығаруға тыраштанып барын салады. Мен сарапшы болмасам да, мақалада ұлталауыздық туғызатын ешнәрсенің жоқтығына 100 пайыз сенімді болғасын, жазғанымның бәрін «ХАЛЫҚ ТӨРЕШІ» деген оймен әлеуметтік желіге жүктеп келемін. Сарапшының қателігі мен кесірінен АПД тергеушілері ереже бұзды. Бұзылған ереже, жалалы іс-қағаздар келісімді прокуратураның ықпалымен сотқа өтті. Сот оны ҚМӘМССОД-на жіберді. ҚМ Әділет министрлігінің ССО-ның комиисия мүшелері менің мына 4 сұрағыма жауап бере кетсінші: 1) Ұлттық төзімсіздік пен ұлталауыздықтың айырмашылығы қандай? 2) Мақала қандай мақсатта жазылған және кімдерге бағышталған? 3) Мақала сын мен салыстырма, алдын алу мен ескертуден және жанашырлықтан құралған ба әлде алауыздықтан құралған ба? 4) Мақала соңындағы мына сөйлем «Ұлтараздық дау, қақтығыстар болмасын дсеңіздер, биліктегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз», ұлталауыздықты қоздыруға жата ма әлде алдын алуға жата ма? Аты айтып тұрғандай Әділет министрлігі шатаспай оң шешімін береді деген ойдамын! Т.Шапқараевтың негізсіз қараланып отырғаны көзге көрініп тұр, сондықтанда, судья А.Асловтан Т.Шапқараевты ақтап, істі қысқартуын сұраймын! Ш.Есболаева 8.05.2021 ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Шолпан Кенжебайқызы! Сіздің Атырау облысы Полиция департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - ПД) қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы, сондай-ақ жұбайыңыз Т. Шапқараевты қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуы туралы шағымыңыз қаралды. Атырау облысының ПД ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша Т. Шапқараевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Т. Шапқараевтың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, оның ішінде сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 наурызда қылмыстық іс айыптау актісімен Жылыой аудандық прокурорына жолданып, қабылданған шешімінің заңдылығы мен тергеудің толықтығы тексерілгеннен кейін Т. Шапқараев сот қарауына берілді. ҚПК-нің 305-бабына сәйкес іс сотқа келіп түскеннен кейінгі барлық шағымдар мен қолдаухаттар тікелей сотқа жолданатынын түсіндіреміз.
Тургумбаев Е.З. 20.05.2021, 10:08Есболаева Шолпан
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 157
- № 683695
ҚМ Президенті Қ.Тоқаевқа! ҚР ІІМинистрі Е.Тұрғымбаевқа! «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» туралы ҚР Қылмыстық Кодексiнің 340-бабында нақты айтылған. Осы баптың 1 тармағының ішінде «айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» деген жері бар. Ал енді, осы баптың 1,2 немесе 3 бөліктерінде көзделген әрекетті қылмыстық топ жасаған болса – онда олардың мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға жазаланады деген. Атырау облысы Жылыой ауданында Жем жағасына өскен жыңғылдарды заңсыз отап шапқан өзбек мигранттары бұл әрекеттерін қылмыстық топ болып атқарды және бірнеше мәрте қайталады. Солайша олар кесуге тиым салынған бұталарды жою мақсатында заңсыз кесіп, Жем жағасындағы алқапты айтарлықтай зақымдады. Демек, өзбек мигранттары ҚР ҚК-нің 340 бабын бұзды. Аталмыш баптың соңғы тармағы бойынша өзбек мигранттарының мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға жазаланулары тиіс. Алайда, бұл қылмыскер өзбек мигранттарын «шайхана иелері» саналатын кәсіпкер қожайындары елдеріне қашырып жіберді. Енді келеді де, осы келеңсіздіктерді көріп, шыдай алмай, ҚР ҚК-нің 38,339,340 баптарына сүйеніп, аудан әкімі мен полиция басшыларына дабыл қағып ескертпе жасаған Тұрар Шапқараевқа ЖАПБ басшылары бастап қылмыстық іс қозғайды. Яғни, өзбек мигранттарына қолданылуы тиіс шараны ЖАПБ қызметкерлері шендері мен лауазымдарын, қызметтерін асыра пайдалана отырып, заңды өрескел бұзып әрі бұрмалап Т.Шапқараеқа пайдаланды. Т.Шапқараев бұл жерге «ҚОҒАМДАСТЫҚ» атынан әрі өзі сол қоғамдастықта мүше болғаны себепті барған. Көзге көрінген олқылықтар мен келеңсіздіктерді батылы барып айта алмайтын болса, сынап міней алмайтын болса, басшыларға ескерте алмайтын болса, онда «қоғамдастыққа» мүше болудың, елін сүйер белсенді болудың қажеттілігі қанша? Бұл жерде ЖАПБ мен АПД Т.Шапқараевқа қасақана жала жауып, 4 том жалалы іс-қағаздарының бәрін бұрмалап жасақтады, әрі Т.Шапқараевты «аса ауыр қылмыс жасады» деп айыптады. Менің заң орындарына қайталап қояр бір ғана сұрағым бар, ол: «ҚАЗАҚСТАНДА ҚР ЗАҢДАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ – ҚЫЛМЫС ПА? Әлі күнге шейін маған осы сұраққа жауап берер бір адам табылмады. Бұл туралы ҚР Қылмыстық Кодексi 412-бабында былай делінген: Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту 1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға жазаланады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/412.htm Шын заңмен адал жүріп тұратын болсақ, бұл жерде заң бұрмалаған, ҚР заңдарына, Президентіміз Қ.Тоқаевтың саясатына қарсы қасақана жұмыс жасаған, өз табиғатына ара түскен кінәсіз Т.Шапқараевты «аса ауыр қылмыс жасады» деп айыптап, көрінеу қылмыстық жауаптылыққа тартқан ЖАПБ мен АПД-нің осы іске қатысы бар барлық қызметкерлерді өз істерімен айналысу құқынан 7 жылға айыра отырып және 7 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айыру керек деп білемін! Тергеуші А.Мұқашевтың қулығы: 29.06.2019 жылы Теңіз кенішіндегі орын алған арабтар мен қазақтар төбелесінен кейін тергеуші А.Мұқашев әлем назар аударған ұлтараздық қақтығыс туғызған араб азаматы Эли Даут пен суретке түскен Гүлдана есімді қазақ қызына Болат Қараболаттың үстінен арыз жаздыртады. Арыз мәтіні: «Болат Қараболат жеке парақшасына менің суретімді жүктеп ар-намысыма тиді» төңірегінде. А.Мұқашев сол арыз бойынша ЖАПБ-не Т.Шапқараевты шақыртады. Келе Т.Шапқараевқа: «Ал міне, үстіңнен арыз бар» - дейді. Т.Шапқараев ешнәрсеге түсінбей, Гүлдананың арызынан өз есімін таба алмай: «мына арыз кімге жазылған?» - деп сұрақ қояды. А.Мұқашев: «саған жазылған» - дейді. «Менің аты-жөнім басқа, Гүлдана көрсеткен адамның аты-жөні басқа, менің Болат Қараболатқа қатысым қанша?» деген екен, А.Мұқашев: «Болат Қараболат парақшасының артында отырған сен емес пе не?» деп, сасып қалған. Бұл А.Мұқашевтың Т.Шапқараевқа жапқан бірінші жаласы және үлкен қателігі. Және ол тақырып негізсіз болғаны себепті дереу жабылып қалған. Одан кейін басқа жала жауып және іс қозғағысы келген, ол да негізсіз болып жабылып қалған. Бұл жерде А.Мұқашевтың қызметін асыра пайдалануы арқылы қол жеткізе алмай жүрген мақсаты ашылып қалды. Оның жасап жүргені тапсырыс! А.Мұқашев қайткенде де Т.Шапқараевты күдікті етудің жолын іздейді. Т.Шапқараевты бір нәрсеге күдікті етіп алмаса оған қараптан қарап қылмыстық іс қозғау негізсіз болады, ал күдікті қылып алса, оның қай нәрсесін де сараптауға жіберіп бір шикілік табуға, тіпті шикілікке жақындатуға жол ашады. Сол себепті, А.Мұқашев ең алдымен Т.Шапқараевты «КҮДІКТІ» етеді. Ал енді, нақты бір аса ауыр күмән болмаса адамзатты қараптан-қарап күдікті етуге негіз бар ма? Күдігінің арты – мақала төңірегінде болса, ал мақала жанашырлықпен өз табиғатын қорғау аясында болса, онда бұлардың жасап жүрген әрекеттерін қалай түсінуге болады? Тергеуші А.Мұқашевтың жасап отырған әрекеті таза қылмыс! Ол кезде Т.Шапқараевқа мына қазіргі қылмыстық іс әлі ашылмаған болатын. Арада біраз уақыт өткізіп барып А.Мұқашев келесі қулығына көшеді. Теңіз кенішіндегі арабтар қақтығысынан бір күн бұрын және осы кикілжіңді болдырмау мақсатында, яғни, 2019 жылдың 28 маусымында Болат Қараболат парақшасында «ДАБЫЛ, ДАБЫЛ, ДАБЫЛ» деп басталатын ескертпе мақала жарық көрген. Бұл мақала алдын алу үшін барлық құқық қорғау қызметкерлеріне арнайы бағышталған ескертпе болатын. Сол ескертпеге назар аудармаған барлық құқық қорғау саласы әлем таңғалған қателіктер жіберіп алды. Өздерінен көрмей осының бәріне Т.Шапқараев кінәлі деген оймен сол мақаланы А.Мұқашев Шымкент сот сараптау институтына жібереді. Нәтиже болмаған соң келесі басқа бір мақаланы жібереді, ол да нәтиже бермегендіктен Болат Қараболаттың парақшасындағы Т.Шапқараев жазды деп күмәнданған 1 жылдық басылымдарды сараптауға жібереді. Соңында, қайткенде де осылардың ішінен, ең болмаса біреуінен ұлталауыздық туғызатын бірнәрсе тауып беруін өтінеді. Ортада кең көлемде пара жүреді. Пара туралы сыбыс өз қызметкерлері мен А.Мұқашевты қаржыландырған кәсіпкердің өз айналасынан тараған. Шымкент ССИ-ы «Жылыой – өзбектің астанасы» деген мақаланың ішінде ұлталауыздық қоздыратын бір сөз бар, ол – ҚУЛЫҒЫНА ҚҰРЫҚ БОЙЛАМАЙТЫН БҰЛ ӨЗБЕГІҢ деген сөз деп қорытынды береді. Сараптаманың сол қорытындысынан кейін ғана А.Мұқашев Т.Шапқараевқа 174 баппен қылмыстық іс қозғайды. Қылмыстық іс қозғалғанша Т.Шапқараев күдікті де болған жоқ. Бірақ, Т.Шапқараевтың көзін құртуға бағытталған құқық қорғау қызметкерлерінен құралған арнайы топ Т.Шапқараевқа ор қазумен жүреді. Т.Шапқараев бұлардың не ойластырып жүргенінен мүлдем бейхабар болған. Бұл жерде Т.Шапқараевқа қылмыстық іс сараптама қорытындысынан кейін ғана қозғалды. Ал Т.Шапқараевты күдікті деп танымай тұрып сараптамаға бірнәрсе жіберу заңсыздық. Дәлелдері жетіспегендіктен А.Мұқашев пен оны ту сыртынан жұмсап отырған басшылары қайткенде де Т.Шапқараевтың процессоры немесе қандай да бір қолданып жүрген телефон, компьютерлерін қолға түсірмек болады. Солай етсе ғана дәлелді көп нәрселерге қол жеткізетіндеріне сенімді болады. Солай етеді де, сот санкциясын пайдалана отырып А.Мұқашев Т.Шапқараевтың үйіне тінту жүргізіп Самсунг телефонын, процессор және Әсер ноутбугін алып кетеді. Алайда, ойлағандары болмай шығып, алынған заттардың ішінен ешнәрсе табылмайды. Сараптама тағайындау тәртібі туралы ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 272-бабының 4 тармағы бойынша тергеуші А.Мұқашев Т.Шапқараевты және т.с.с қатысты адамдарға сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен таныстырмаған және 274-баптағы көзделген құқықтарын түсіндірмеген. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалмаған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 274-бабы 1 тармағының 1 бөлігінде көрсетілгендей Т.Шапқараевтың сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы да хаттама жасалмаған. Егер, осы заңнамалар бұзылмағанда Т.Шапқараев осы баптағы бөліктер бойынша сарапшыға қарсылық білдіруге, сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге, сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға, сарапшының қорытындысымен не осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар еді. Мақала қорытындысы сараптамадан келгеннен кейін ғана А.Мұқашев Т.Шапқараевты қаулымен таныстырған. Алайда, Т.Шапқараев қаулыға «келіспейтін жерлерім бар» деп қол қойған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 286-баптың 1 тармағында айтылғандай өз ескертулерін ұсынып, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын білдірген. Сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы уәждерін ауызша мәлімдеген. А.Мұқашев құлақ аспаған. Керісінше: «7 жыл ғой, не істейміз, өзім тергейін бе, Атырауға жіберейін бе? Мен қолдан келер жақсылығымды жасадым, заң бойынша сені көшеден спеназбен ұстау керек еді» деген. ҚҰРМЕТТІ БИІК ТҰРҒАН ЗАҢ ОРЫНДАРЫ! ӨЗ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАҒАН АДАМДЫ КӨШЕДЕ, ДҮЙІМ ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІНШЕ СПЕЦНАЗБЕН ҰСТАУ ҚР ЗАҢДАРЫНДА КӨЗДЕЛГЕН БЕ? ӘЛДЕ БҰЛ ӨЗ ЕЛ ЖАНАШЫРЛАРЫМЫЗДЫ ЖАСЫТЫП РУХЫН СЫНДЫРУ МА? ҚАЗІРГІ АДАМ ОТАН ТҮГІЛІ ӨЗ ЖАНҰЯСЫН ҚОРҒАЙ АЛМАЙДЫ, СЕБЕБІ, ДӘЛ МЫНАНДАЙ ЕТІП ӨЗ ОТАНЫ ӨЗ ХАЛҚЫНА ОПАСЫЗДЫҚ ҚЫЛСА! Кейін Т.Шапқараев 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі бар 2008 жылы жарық көрген Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген кітабының ішінен «қулығына құрық бойламайды» сөзінің бар екенін, ол сөздің бойында қылмыстың құрамы жоқ екенін, қалай қолданса да еркі барын дәлелдеп берген. Содан кейін іс уақытша тоқтап, Т.Шапқараев қарсылық ісін әрі қарай жалғастырмаған. Себебі, тергеушілерге р сенген, олардың болашақта түрлі қулыққа баратындарын ескермеген. ЖАПБ қарауындағы Т.Шапқараевтың ісі белгісіз себептермен Атырау облысы ПД-нің өндірісіне ауысқан. Сол аралықта сан тергеуші ауысып енді ұлталауыздыққа себеп болған бір ғана сөз емес, бірнеше сөздер бар деп шығарған. Іс-қағаздардың бәрін қулықпен, кейінгі даталармен мың өзгертіп жасақтаған. ЖАПБ Т.Шапқараевты не үшін күдікті қылды? Сонда өз табиғатына ара түскені үшін ҚР азаматтары күдіктіге ілініп кейін қылмыстық іске душар боу керек пе? Әлде ЖАПБ мен АПД қызметкерлерінің Т.Шапқараевта басқа да еселері бар ма? Құрметті Президент Қ.Тоқаев, Жоғарғы, облысытық және аудандық Соттар, Бас прокуратура, ІІМ, ӨҚД,ӨҚБ, т.с.с заң орындары! Көп балалы ана, қайғы жұтқан ана ретінде менің әр жазған шындық жанайқайыма аса мән беріп, істі түбегейлі зерделі түрде қарауларыңызды сұраймын! Күйеуім Т.Шапқараевқа үлкен жалалар жауып қазіргі жағдайға тіреп сотты қылып қойған А.Мұқашев А.Дешенов, М.Избергенов, Н.Сериков және Р.Биғалиевті жәй сөгістік емес, дұрыс қатаң жазасын тағайындап, шендерінен айырып, бұл саладан біржола қудалауларыңызды сұраймын! Және соңғы нақты өтінішім А.Мұқашевтың жеке мекен жайымен, қаулыны таныстырмастан заңсыз сараптауға жіберген мақаланың қорытындысын негізсіз деп тауып, күшін жойып, Т.Шапқараевқа заң бұрмалаушылықпен жасақталып прокуратура арқылы сотқа өтіп кеткен жалалы істі қысқартуыңызды сұраймын! Осы уақытқа шейін, яғни 2 айдан бері мен сіздерге араға 2-3 күн салып тоқтамастан арызданып келемін. 50 бетке жуық арыз жазылды. Арызда көзі қарақты, ниеті түзу, тұла бойында туған еліне, туған жеріне, Отанына, ондағы табиғаты мен аң-құсына, тіліне, ұрпағына деген титтей де болса жанашырлығы бар ұлтжанды адамға көп нәрсе меңзелген. 2019 жылы 13 қыркүйекте күйеуім Т.Шапқараевқа ашылған қылмыстық істің бәзбіреулердің тапсырысы екені анық. Содан бері Т.Шапқараевты жыл жарым бойына негізсіз айыптап, нақақ жала жауып, сыбайластар арқылы жалалы іс-қағазды сотқа жеткізгені мәлім. Т.Шапқараевқа жабылған жала АПД-нің қолында шоқ болып қарыды. Қолы күйген АПД істі прокуратураға өткізіп жіберіп өздері сытылып кетті. Прокуратура АПД дайындаған жаланы сотқа жолдап құтылды. Бұл жерде енді жаманатты болатын сот. Іс-қағаз бен құқық қорғау қызметкерлерінің қалай заң бұзып жалалы істі жапқандықтары туралы дәлелді нәрселерді мен аз жазған жоқпын. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым» дейді дегендей, кінәлілер пәлендей жауапталып жатқан жоқ. Заң ортақ емес пе, неге заң халыққа қабағын түйіп ал өз қызметкерлеріне мейіріммен қарайды? Әлде заңды ойнатып отырған өздері ме? Сценарий белгілі болып отыр. Т.Шапқараевтың ісін Жылыой ауданы сотының судьясы А.А мырза қарауда. Судьяға мен де, қорғаушы О.Тұрлыбеков те сан мәрте өтініш жазды. Кей өтініштер қабылданғанымен еш мән беріліп қаралған жоқ. 1) Қолдан жасалған дау тудырған мақаланы Т.Шапқараевтың жазбағаны, оның аудан және полиция басшыларына ауызша, аяқтай барып ескерткені, өзгенің қолымен таспаға түскен мақала Болат Қараболаттың жеке парақшасында ғана тұрғаны, еш жерге таратылмағаны, ол парақшаның Т.Шапқараевтікі емес екендігі, парақшаны ол ашпағандығы, ең бірінші осыны анықтауын, 2) ЖАПБ тергеушісі А.Мұқашевтың сол мақаланы сараптамаға ҚПК-нің 272-4,274,278,284,286-1 баптарын бұза отырып заңсыз жібергенін, 3) Сараптаманың ҚР ҚК-нің 420 мен 422 баптарды бұза отырып жалған қорытынды бергенін, 4) Ал доктор, профессор мен ШҚО ССИ-ның қорытындылары мақалада ұлталауыздық белгілері жоқ екендігін, 5) Іс-қағаз ішінде ЖАПБ ЭҚІҚТ қызметкрі А.Дешеновтың Т.Шапқараевқа «салафи» деп жала жапқанын, 6) Іс-қағаз ішінде АПД ЭҚІҚБ қызметкері Н.Сериковтың Т.Шапқараевқа «деструктивті діни ағымын ұстанады» деп жала жапқанын, 7) ЖАПБ учаскелік қызметкері М.Избергеновтың өзге адам мінездемесіне «митинг жасауға ақыл-кеңес беруші» деп Т.Шапқараевқа жала жапқанын, 8) АПД тергеушісі Р.Биғалиевтің жаңа қаулы бойынша Т.Шапқараевқа жала жапқанын, 9) ЖАПБ мен АПД басшылары мен қызметкерлері А.Мұқашев, А.Дещенов, М.Избергенов, Н.Сериков, және Р.Биғалиев ҚР ҚК-нің 2-1, 10, 19-2, 145, 147, 131, 370, 371, 412, 414, 415, 451, 452, 453 баптарын өрескел бұзғандарын, 10) ЖАПБ басшылары қорған болған өзбектердің табиғатымызға орасан зор зиян келтіргендерін, қызыл кітапқа енген, пайдалануға тиым салынған, сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар жыңғылдарымызды полицияларға сеніп өздері заңсыз жүрген өзбектердің заңсыз отап шауып, тіркеме үстін толтыра тиеп, халықаралық жол бойына саттық үшін жарнамалап шығарып қойғандарын, 11) Т.Шапқараевтың осы мәселеде ҚР-ның 38, 339, 340 баптарына сүйене отырып жанашырлықпен дабыл қаққанын, табиғатына ара түскенін, сол үшін оған өзбек мигранттарының крышалары ЖАПБ-нің басшылары мен тергеушілері қасақана жала жапқанын, 12) Тергеуші А.Мұқашевтың өзбектер шоғырланған шайхана иесінің тумаларының бажасы екендігін, сол шайхана полициялардың пара алу ошағы, ішіп-жеп, жезөкшелермен көңіл көтерер жынойнағы екендігін, 13) ҚПК-нің 53 бабында көзделген жазаны жеңілдететін нұсқалар бола тұра заңды орындамағандарын, 14) Іс-қағаздың бәрі жалған, іші толы жабылған жала екендігін, бәке-сәке сыбайластықпен, бұйрықпен, прокуратураның көзжұмбайлығымен сотқа күштеп өткізіп жібергендігін, іс-қағаздардың сотқа өтуі мүлдем негізсіз, жарамсыз, лайықсыз екендігін, бұдан да басқа өтініштер сол құр жазулы күйінде қалып отыр. Бұл – істің өңкей бір жаққа бұрып тұрғандығын көрсетеді. Істің бәрі Шымкент ССИ-ның қателігінен орын алып отыр. ШҚО ССИ берген қорытындыда «мақалада ұлт алауыздық қоздыратын белгілер» жоқ деп берді. Сонымен қоса доктор, профессор А.Р.Бисембаевтың лингвистикалық сараптамасын сот қабылдағанымен іске қоспай отырғаны мені таңғалдырып отыр. Мақаланы ол жазбасада мақала ішінде ұлтына, тілі мен жеріне, табиғатына жанашырлықтан басқа ешнәрсенің жоғын кез-келген қарапайым адам түсініп отырғанда лауазымды соттың көзжұмбайлық танытуы да көңілге селкеу түсіріп тұр. Мақалаға байланысты филологтың берген бағасы да жөніне қалды. «Сот процесіне тәуелсіз байқаушы ретінде Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының өкілі Нургазиева Әсельді қатыстыруыңызды сұраймын» деген өтінішім де қанағаттандырылмады. «Құрметті сот» деген лауазымға ие болу үшін небір асуларды бағындыру арқылы қол жеткізбей ме? Сот атымен бір парақ мақаланың мәтінін ұға алмаса, өзіндік ой-жүйесі болмаса, қолындағы билікті, құзыреттілікті өз еркімен пайдаланып еркін шешім шығара алмаса, онда, білдей бір ауданға сот болудың өзі қате! Кім-кімде тас бауыр болмаса адамның жағдаятын түсіну аса қиын ба? Бұның бәрін Т.Шапқараевқа әдейі жасап отырған қастандық деп білемін. Мақсаттары Т.Шапқараевты әбден сорлатып титықтату. Адамның адамға жаны ашымайтын тасбүйрек болып кеткенін ұғындым. Т.Шапқараев бір адам өлтіріп, ұрып-соғып, ең болмаса балағаттап ренжітсе екен, біреу оның үстінен арызданса екен, «маған мұнша залал немесе зиян келтірді» деген жәбірленуші болса екен, мынау деген барып тұрған сұмдық қиянат қой. Біздің билікке, заң орындарының адамдарына үлкен сын ғой. Артта бір дүлей күш сес көрсетіп тұрмаса, адамның өзінің бір жан-жаққа жалтақтайтындай күнәсі болмаса, жалалы істі еш қиналмастан қысқартуға, ақтауға толық негіз бар ғой. Адам баласында өзіндік бір принцип болмай ма? «Экспертиза айтты, бітті» деген сөз бола ма, бұл таза ақымақтық қой. Экспертиза еркекті ұрғашы деп берсе, қағазда солай жазылып тұр екен деп еркекті ұрғашы деп қабылдай бере ме? Сараптамаға заңсыз кеткен мақаланың соңын оқыса, мақала ұлтараздықты қоздыру үшін емес, ұлтараздықты болдырмау мақсатында алдын алу үшін жазылған екен. Бәрін жік-жіктеп дәлелдеп беріп тұрмыз, енді оны орын-орнына қоюдың не қиындығы бар? Соған қарапайым бас жетпесе, өзіндік құқықтарын еркін пайдалана алмаса, онда адам тағдырын шешетін заң орындарында жұмыс жасаудың, сот болудың жөні бар ма? Дәл осы жағдаяттар Англия сотында қаралса, іс тіптен басқаша өрбитін еді. Біз біреуге жәутеңдеп емеурін білдірумен ел бола алмай келеміз. Өзімізді демократиялы зайырлы мемлекетпіз дейміз, сөз бостандығы бола тұра ақиқат айтқандарды соттап отырмыз. Өз ана тілімізде сын айтып, ескертпе бергенді соттау деген масқаралық емес пе? Елге пайдасы тиетін ел жанашырларын жауаптап, ал табиғатымыз бен тілімізге күллі зиян келтірген өзге ұлттарды қорғап отырмыз. Мен бұны сатқындық деп білемін. Баяғы қазақ қаймақтарына жасалған зорлық-зомбылықтарды қайта жандандырып жүрміз деп түсінемін. Т.Шапқараевтың еш кінәсі жоқ, оны қасақана кінәлі етіп отырғандардар Құдай алдында да, заң алдында да ертелі-кеш жауап береді! ПД-нің жаласынан қашып келе жатқанында алдынан прокуратура шығып шалып құлатты. Еңбектеп қашып енді сотқа жетіп әділдік күтіп отырғанында сот ту сыртынан пышақ сұқса, сонда бізге үміт етер, барар жер қалды ма? Мен ешнәрседен именбеймін, қорықпаймын. Және күйеуім Т.Шапқараевтың да рухын ешкім сындыра алмайды. Бұл дүниеде, әділетсіздікке тап болса да, о дүниеде Алланың соты кезінде өзіміздікін аламыз! Адвокат О.Тұрлыбеков 3-4 күнге Ақтау қаласына белгілі бір жағдаяттармен барып келуіне рұқсат сұрап сотқа өтініш хат жолдады, бәрі қанағатсыз қалдырылды. Неге? Т.Шапқараев аса қауіпті қылмыскер ме? Ауыр санаттағы қылмыс жасады деп жала жауып отырған құзырлы орын қызметкерлері. Табиғатын қорғайтындарды қылмыскер деп санайтын да солар. Т.Шапқараевтың елі үшін жасаған сауапты істерінің бір сыпырасын арызға қосыпта жаздым. Т.Шапқараевты құбыжық қылып көрсетіп қойған АПД кей қызметкерлері мен прокурорлары. Бүгін Т.Шапқараевтың үй қамағымның бітетін уақыты, еді, алайда, жанұялық жағдаяттарды ескермеген судья үйқамақ мерзімін және бір айға созып жіберді. Мен де, қорғаушы О.Тұрлыбековте бұл жөнінде, яғни, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алуды қолдануға ауыстыру туралы сотқа біраз өтініш түсірдік. Ол туралы өтініште: 1) Т.Шапқараевтың соттан жалтарып кету ниетінің жоқтығын, 2) 7 балалы екенін, бір баламыздың қайтқанына әлі жыл тола қоймағанын, қайғыда жүрген жан екенімізді, 3) Екеуміз де жұмыссыз екенімізді, 4) Т.Шапқараевтың жалғыз асыраушы екенін, 5) Қолымызда 1 топ мүгедегі 84 тегі зағип атамыздың барын, емхана, т.с.с басқа да жерлерге апара алмай отырғанымызды, 6) 4 баламыздың әлі кәмелетке толмағанын, соңғы үшеуі тым кішкентай, 0,3,5 сыныпта мектеп қабырғасында екенін, ең кіші баламызға бұралқы иттердің шапқанын, сол жердегі кезіккен адамдардың зорға арашалап қалғандығын, 7) Менің ауруға шалдыққаным, емделіп жүргендігімді, дәрігерлердің Атырау қаласына жолдама беріп отырғандығын, 8) Үйге кіріс кірмегесін азық-түлік қорының тіптен сарқылғанын, дәл бүгінгі таңда атамыздың кішкентай зенетақысына телміріп қалғандығымызды, 9) Т.Шапқараевтың ешқайда қашпайтынын, қашатындай ол қашқын немесе қылмыскер емес екенін, оны қарғысатқыр жалақор құқық қорғау қызметкерлерінің қасақана қылмыскер қылып қойып қорлап отырғандығын, жазбаша да, ауызша да айтып келемін. Алайда, оның бәрі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сотқа қатысушы прокурор әйел басынан бастап Т.Шапқараевты қаралаумен келеді. Әдейі істей ме білмеймін, біз ол прокурордың соттағы тек қана қаралау сөздерінен басқаны естімедік. Т.Шапқараевты үй қамақтан босату туралы өтінішхаттағы жағдаяттарды мысқылдап, қорлап, мазақ етумен болды. Мысалы, «әйелі ауру болса мәшинәсін айдап ауруханаға өзі бара бермей ме, атасын емханаға әйелі тасымай ма» дейді. Біріншіден, менің жүргізушілік куәлігім жоқ. Прокурор осындай нәрселерге көз жеткізбей тұрып неге бөсіп сөйлейді? Екіншіден, екі көзі зағип, жеткетеп жүріп, көліктен сүйеп түсіретін адамға әйел адамның әлі келе ме? Прокурор өз жұмысын сүйретіліп бұлданып зорға орындайды. Жұмысына өте салғырт. Адам менсінбей бір қырын отырып, сотталып жауапталып отырған өзі кісіше: «о, боже» деп, екі қолын басына қойып, көзін жұмып, басын екі жаққа шайқап, ауырсынып, күрсініп, өмірі көңілі толмайтын деңгейде отырады. Сотқа да дікең-дікең етіп бұйрықпен сөйлейді. Кімге ренжулі, кімге ашулы, білмедік, есінеп, керіліп, біздің жанұяда 7 атасының кегі бардай қыртияды. Сондай лауазыммен отырып этика мен эстетикадан жұрдай мұндай прокурормен жұмыстың жалғасуы екіталай. Сондықтанда, прокурордың бұл жағымсыз жабайы әрекетіне түбегейлі қарсымыз! Және де мен Алматы қаласының сот сараптау институтына сараптамаға мақала мәтінін жібергенімді, бір себептермен маманның жағдайына байланысты кешіктіріліп жатқанын өтініш еттім. ШҚО ССИ қорытындысы аздық етсе, Алматы ССИ қорытындысын жеткізуге дайынмын! Елі үшін, ұрпақ үшін күрескен Т.Шапқараев бүгінгі таңда Атырау-Жылыой мафиясының кесірінен осындай күйге түсіп отыр. Т.Шапқараев 30 жылдан бері ораза-намазын қаза қылмаған адам. Оған ор қазғандардың өз орларына өздері түсетінін, оған тор құрғандардың өз торларына өздері шырмалатындарын, оның ту сыртынан қанжар сұққысы келген арам пиғылдылардың өз пышағына өздері қадалатындарына 100 пайыз сенімдімін! Оған жаулық қылғандарды, зиян келтірушілерді, оның көзін құртуға атсалысқандардың бәрін Алланың пәрменімен қарғыс еттім! Момын мұсылманның дұғасы қару, қарғысы оқ! Себебі, Т.Шапқараев жазықсыз. Қолынан келсе елге пайдасын тигізіп, ол келмесе зиянын тигізбей жүрген жанды ЖАПБ мен АПД-нің жауыз жалақорлары барын салып қылмыстық жауапқа тартып отыр. 23 сәуірдегі болған сот отырысында судья А.А: «Т.Шапкараевқа қатысты комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалсын, сараптама қорытындысын алғанға дейін сот отырысын кейінге қалдырылсын» деген шешім шығарды. 9 шы арызымда айтқанымдай тергеуші А.Мұқашевтың мақаланы сараптамаға заңсыз жібергендігі еш ескерілмеді. Сондықтанда, Президент Қ.Тоқаевтан, ҚР Жоғарғы соты мен Атырау облысы сотынан Т.Шапқаравтың ісін өз бақылауларыңа алып, заңсыз жіберілген сараптаманың қорытындысын негізсіз деп тауып, күшін жоюды сұраймын! ШҚО ССИ берген қорытынды мен доктор, профессордың лингвистикалық сараптамасының Шымкент ССИ-ның жалған берген қорытындысының күшін жоюға жеткілікті деп танып, 50 бетке жуық дәлелдемелерімді негізге алып, Т.Шапқараевқа қасақана жала жабылғандығын ескеріп, қылмыстық істі қысқартуыңызға себепші болуыңызды сұраймын! Ш.Есболаева 8.05.2021 ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Шолпан Кенжебайқызы! Сіздің Атырау облысы Полиция департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - ПД) қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы, сондай-ақ жұбайыңыз Т. Шапқараевты қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуы туралы шағымыңыз қаралды. Атырау облысының ПД ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша Т. Шапқараевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Т. Шапқараевтың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, оның ішінде сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 наурызда қылмыстық іс айыптау актісімен Жылыой аудандық прокурорына жолданып, қабылданған шешімінің заңдылығы мен тергеудің толықтығы тексерілгеннен кейін Т. Шапқараев сот қарауына берілді. ҚПК-нің 305-бабына сәйкес іс сотқа келіп түскеннен кейінгі барлық шағымдар мен қолдаухаттар тікелей сотқа жолданатынын түсіндіреміз.
Тургумбаев Е.З. 20.05.2021, 10:07Есболаева Шолпан
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 143
- № 683693
ҚМ Президенті Қ.Тоқаевқа! ҚР ІІМинистрі Е.Тұрғымбаевқа! ҚР Қылмыстық Кодексi 145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу 1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/145.htm Атырау облысы ПД мен ЖАПБ қызметкерлері Т.Шапқараевтың құқығын өрескел бұзды. ҚР ҚК 145 бабының 1 тармағының 9 шы функциясында айтылғандай, АПД ЭҚІҚБ-ның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Н.Сериков Т.Шапқараевтың діни көзқарасын өзгеріске ұшыратып, «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДА» деп, тікелей емес, жанама, жасырын жала жауып іс-қағазға тіркеп қойған. ЖАПБ-нің ЭҚІҚБ-ның қызметкері Анарбек Дещенов те Т.Шапқараевқа «САЛАФИТ» бағытында деген жала жауып іс-қағазға тіркеп қойған. ЖАПБ-нің учасковойы майор М.Избергенов өзге істегі өзге адамның мінездемесіне Т.Шапқараев «митинг ұйымдастырушы» деген жала жауып оны Байгуршимов Рашиттің іс-қағазына тіркеп қойған. Жылыой ауданы ПБ-нің тергеушісі Амангелді Мұқашев бажасының туысының шайханасындағы қылмыс жасап заңсыз табиғатымызды бүлдірген өзбектерге қорған болып, Т.Шапқараев жазды деген мақаланы өз жеке мекен-жайымен Шымкент сот сараптау институтына жіберген. А.Мұқашевты тергеуші емес, кәсіпкер десе де болады. Себебі, көрер көзге ешнәрсесі жоқ адамша «Матиз» автокөлігімен жүреді. Ал «Пикап» автокөлігін бажасы Балжігітовтердің мекемесіне жалдап қойған. Әрине, сосын ол Пикабы жүрген мекемеге өмірлік қорған болады. Т.Шапқараевты тергеген 5 ші тергеуші Р.Биғалиевтің жалаларын анықтап бердім. Сол кезде Жылыой ауданы ПБ-нің басшысы болған М.Тағаниязов параға бола аудандағы барлық өзбек-қарақалпақ атаулының ең үлкен қорғаны болды. Бұл қызметкерлердің бәрі еліміздің экологиясына орасан зиян тигізген заңсыз өзбек мигранттарының қорғандары! Т.Шапқараевтың іс-қағаздарында болған нағыз дәлелді 5 суретті тергеушілер әдейі жоқ қылып жіберді. (Сурет түсірілгенде Т.Шапқараевтың қасында Мағжан Жұмабаевпен түрмеде бірге болған, Жылыойлық 100 ге келген Абдулла есімді қарт болған). Ал назарларыңа ұсынып отырған мына суретте (бұрынғы пост ГАИ) халықаралық жол бойындағы Балжігітов деген кәсіпкердің шайханасы жанына қондырылған өзбектердің тандыр нан пісіретін пештері және жанына өзбекстан мемлекетінің автокөліктері шоғырланғанын байқауға болады. (Сурет 14.04.2021 жылы түсірілді). Бұл пештер әлі сол күйінде тұр. Осы пештің жанында тақтап жиналып тұрған жыңғылдардың суреттерін тергеушілер іс-қағаздан жоқ қылып жіберді. Онымен қоса өзбектердің заңсыз жыңғыл шауып жатқан суреттері, тіркеме толы тиелген жыңғыл суреттері, әр жерден ойып-ойып жер қазып, қоқыс толтырып, айналасын шашып қоқытып тастаған суреттері, Ларгус автокөліктерінен түсе салысымен дәл жол бойына дәрет сындырып тұрған топ өзбектердің суреттері болды. Елімізді бүлдірген заңсыз жүрген өзбек мигранттарына қолдануы тиіс шараны өзбектермен сыбайлас полициялар заңды асыра пайдаланып, бұрмалап Т.Шапқараевқа қолданды. Мына даулы іс европарламентте, БҰҰ-да қаралатын болар. Арызымның басына қайта оралсам, осы баптың 2 тармағында: «Дәл сол іс-әрекетті адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса» деп келтіреді, бұл жерде Н.Серіков, А.Дещенов, М.Избергенов, А.Мұқашев қызмет бабын асыра пайдаланған. Демек олардың жазалары: 1) Қызметімен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімде айыру 2) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу 3) Не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына салу 4) 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту 5) Не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалау Бұл жерде шенді қызметкерлердің іс-әрекеттері қасақана болғаны себепті, бұларға екі жазаны қатар кесу лайықты. 50 тәулікке қамап кейін қызметтерімен айналысу құқығынан 3 жылға айыру керек! Бұл әлі де жеңіл жағы. Ал енді ҚР Қылмыстық Кодексi 147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу 1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату – жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/147.htm АПД қызметкері Н.Сериков пен ЖАПБ тергеушісі А.Мұқашев сол кезде Жылыой ауданы прокуроры көмекшісі болған Асылбеков Қайырбекпен бірлесе отырып, Т.Шапқараевты мазақ етпек оймен әлеуметтік желіге «Шапқараның нақсүйері табылды, Т.Шапқара әркімге бірнәрсе жазып беріп сотта кешірім сұрап айыппұлын төлеп құтылып жүрген адам» деген жалған ақпарат таратты. Және әлеуметтік желіге Т.Шапқараевтың әлі қолына тимеген, сотта жатқан шешімінің көшірме суретін шығарды. Шешімнің өзі жалған жасақталған болып шықты, бәрін дәлелдеп бере аламын. Осы баптың 3, 4, 5 тармақтарына сәйкес Н.Сериков, А.Мұқашев және Асылбеков Қайырбек 5 жылға және 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылу керек! Прокурор көмекшісі облыс прокурорына «тән же деп айтам» деген аудиотаспасы арқылы бәрі ұмытылғанша, ауданнан уақытша шеттетілді. Н.Сериков Құлсарыда тергеу барысында, камераны уақытша айырып, Т.Шапқараевпен беттестірген, жол апатына түскен жалғыз куә А.Нұрғазиеваға: «Біз қайткенде де Т.Шапқараевты соттатуымыз керек, сен онымен жат немесе зорлауға әрекет жасады деп бізге арыз жазып бер, біз саған пәтер алып береміз» деген. Бұл жерде Н.Сериков куә деп тартылған А.Нұрғазиеваны алдап, мүжәсіздігін қулықпен пайдалана отырып, жаңа пәтерге деген қызығушылығын тудырып, пенделігін оятып, тегін олжаға кенелтем деп ынталандыруы арқылы азғырған. Бұл 100 пайыз орын алған нәрсе. Күйеуім Т.Шапқараевты АПД мен облыс, аудан прокуратурасының кей сауатсыз қызметкерлері қасақана қорлап отыр. Себебі, прокурор алдына келген істі немқұрайлылықпен қарамаған, бұзылған заңдарға баға бермеген, жыл жарым бойына тергелген істі 1-2 күн ішінде тездетіп сотқа өткізіп жіберген. Бұл арғы жағы бұйрықтың және алға қойған мақсат-мүдделерінің желісін көрсетіп тұр. Т.Шапқараевтың сотында прокурор әйел керісінше жәбірленуші орнына өтіп алып қаралаумен болды. 31.03.2021 бірінші сот отырысы болатын күні «процеске кетті» деген сылтаумен прокурор сотқа келмей қалды. Сонда Т.Шапқараевтікі процесс емес пе? Бұларға алдына ала ескертілмей ме? Сол күнгі болатын сот отырысын олар графикке қойып қоймай ма? ҚР Қылмыстық Кодексi 131-бап. Қорлау 1) Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту 2) Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/131.htm Ал енді осындай адамға жамандық ойлаушылар тарапынан жасақталған Т.Шапқараевтың іс-қағаздарында қайдан адалдық болады. АПД қызметкерлері Т.Шапқараевқа жалған, жалалы іс қағаз жасақтап сотқа сыбайластық жолмен өткізді. Жоғарыға жазған арыздарымда «істі өз қарауларыңа алуларыңды сұраймын» деп шырылдағаным да сол. Менің күйеуім Т.Шапқараев 21 ғасырда, өркениетті дамыған елде өмір сүріп отырып, өз елінің табиғатын қорғаймын деп құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қорлыққа тап болып отыр. Бұрын қазақ ұлтына орыс шовинистері геноцид жасаса, бүгінгі таңда құқық қорғау орындарын парамен байлап алған заңсыз жүрген өзбек мигранттары ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА, ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНА ЭКОЦИД ЖАСАП ОТЫР. Шындықты айтты деп табиғатын қорғаған ұлтшыл азаматты емес, бұл жерде өсімдіктер әлемін немесе жануарлар дүниесін жаппай жоюмен айналысқан, төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де әрекеттердi жасаған және солай еткен жауыздарға қорған болған Жылыой ауданы және Атырау облысы ПД қызметкерлерін (Есімдері аталған) ҚР азаматтығынан айырып, 15 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұраймын! ҚР Қылмыстық Кодексi 169-бап. Экоцид Өсiмдiктер әлемін немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де әрекеттердi жасау – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/169.htm Бұл жерде Т.Шапқараевты өңкей сауатсыз тергеушілер тергеген. Табиғатын қорғаған азаматқа 174-1 бапты ұялмай кім қойды? Бұл бапты қай маман тағайындады және қандай оймен ілді? Қазақта «сын түзелмей мін түзелмейді» деген нақыл бар, сын айтқан адамды экстремизм мен терроризмге балауды кім ойлап тапты? Әлде Т.Шапқараев намаз оқығаны үшін кінәлі ме? Онда ҚМДБ-ның бәрін теріске шығарсын. Сонда өмір бойы халқына сын айтқан, қазақ ұлылары саналған Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты ғұламаларымыздың іс-әрекеттері де «ҰЛТАЛАУЗДЫҚ» туғызуға бағышталған ба? Іс кері өрбу керек. Бұл жерде Т.Шапқараевтың соттағы ісін дереу тоқтатып, экологиямызды құртқан өзбек мигранттарын және оларды жалдап, оларға қорған болып, осы істі жасатқан кәсіпкерлер мен құқық қорғау қызметкерлеріне қылмысытық іс қозғауларыңды сұраймын! Заңға сүйенсек, онда былай делінген: ҚР Қылмыстық Кодексi 171-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру Жалдамалыларды дайындау үшін көрiнеу базалар (лагерьлер) құру не үй-жайды немесе жер учаскесін осы мақсаттарға көрiнеу беру – мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/171.htm Сондықтанда, Құлсары-Атырау бағытындағы тас жол бойына орналасқан базаларды, үй-жайларды, жер учаскелерді экологиямызға қауіп төндірген өзбек мигранттарына осы мақсатқа көрінеу бергені үшін шайхана иелерінің мүлкін тәркілеп 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруды сұраймын! Құқық қорғау орындарының елін ойлаған бір түйір азаматқа жан-жақтан орынсыз жабылуы мемлекетімізге үлкен сын! Бұл менің жазып отырған 7 арызым және бұның бәрі текке жазылып жатқан жоқ. Арыздар 40 бетті құрады. Арыздар ағылшын тіліне аударылып өзге де биік жерлерге дайындалуда! Ал енді мен алдағы арыздарымда заң орындарының Т.Шапқараевқа не үшін шүйліккендігі туралы үлкен құпияны ашамын. Жаға ұстау, лажсыз назар аудару, осы іспен басқаша шұғылдану бәлкім сол кезде орын алар! Президент Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босату сәтінде: «Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс. Сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тартуы қажет» деген. Атырау облысы Жылыой ауданы полиция басқармасының экстремизмге қарсы іс қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Дешеновтың ел жанашыры Тұрар Шапқараевқа жапқан жаласында былай деген: «ЖАПБ-ның ЭҚІҚТ-на «Салафизм» дәстүрлі емес діни ағымын ұстанушы Шапкараев Турар Айдынович, 19.03.1970 ж.т. интернет желісі арқылы өз «Фейсбук» парақшасында ұлттық алауыздықты қоздыратын материялдарды тарататыны туралы ақпарат түскен» деген. Жылыой ауданы болсын, Атырау ПД болсын, ЭҚІҚБ қызметкерлері Т.Шапқараевты әйтеуір бір дәстүрлі емес діни ағымын ұстанушы ретінде, қайткенде де өзге діни ағым қатарына қосу үшін барын салды. Бұл таза жала! Т.Шапқараев ата салтын ұстанудан бөлек, сол салтты сақтап қалуға тер төккен азамат! Т.Шапқараевтың «салафизм» бағытын ұстанбайтынын, керісінше салафизмге қарсы екенін өткен жазбаларымда шыққан кітаптары арқылы толық дәлелдеп бердім. Енді, А.Дешенов Т.Шапқараевтың салафизм бағытын ұстанатынын дәлелдеп берсін? Т.Шапқараев А.Дешеновпен сөйлескенінде Дешенов: «мен ештеңе жазған жоқпын, ештеңе білмеймін, жоғарғы жақтан сұра» деп, Атырау ПД-не сілтеме жасаған. Бұл жерде бәленің бәрі, біреудің қолымен жалған іс-қағаз жасақтау жобалары Атырау ПД-нен бастау алып отырғаны белгілі болды. Мысалы, Т.Шапқараев айтты деген ескертпе сөзден бұлар сыбайластық арқылы «ішінде ұлталауыздық тудыратын белгі бар» деп 1 жыл 6 айдан бері қыр соңына түсіп келеді. Ал, нақты жала жауып отырған полиция қызметкерлері жалалары анық дәлелденіп тұрса да не үшін заң алдында жауап бермеуі тиіс? 1 суретте өздерің көріп тұрғандай «интернет желісі арқылы өз «Фейсбук» парақшасында ұлттық алауыздықты қоздыратын материялдарды тарататыны туралы ақпарат түскен» деген. Мәтінде кездесетін осы жолдар А.Дешенов және оның жақтас қызметкерлерінің Т.Шапқараевқа жала жауып отырғандықтарына толық дәлел бола алады. 1) Өз «Фейсбук» парақшасында деген. Ол өтірік, біріншіден парақша Т.Шапқараевтікі емес, ол парақшаны еліне жаны ашыр көптеген белсенділер пайдаланған. Ол ортақ парақша және белсенді кім-кімнің де пайдалануына қол жетімді болған. 2) «Ұлттық алауыздықты қоздыратын материялдарды тарататыны туралы ақпарат түскен» деген. Енді осы сөзіне жауап берсін. Материялдарды дегені көпше сөз. Яғни, жалақор қызметкерлердің айтуларынша, Т.Шапқараев көптеген материялдар таратқан. Т.Шапқараевтың көптеген материялдарды таратқаны рас болатын болса, онда бірнешеуін дәлелге келтірсін? Қолдарында ондай нақты айғақ болатын болса, бұл жалақор қызметкерлер қуана-қуана әлемге жар салған болар еді. Сот сараптама институтына «сол бірнеше материялдарды» жіберіп пе? ЖАПБ тергеушісі А.Мұқашев Шымкент ССИ-на әуелі бір мақала жіберген, одан ешнәрсе шықпағасын екіншісін жолдаған, одан да ешнәрсе шықпағасын Болат Қараболаттың парақшасынан Т.Шапқараев жазды деп күмәнданған 1 жылдық мақаланы жіберген. 1 жылдық мақала жіберу деген сөз – қайткендеде Т.Шапқараевтың артын шұқып ілік табу деген сөз! Бұл жерде полиция қызметкерлерінің арам пиғылдары бой көрсетіп қойды. Алайда, одан да ешнәрсе таба алмағасын Т.Шапқараевтың көзін құртуға қызметкерлерден дайындалған арнайы топ пара беру әдісіне көшкен. Содан соң барып Т.Шапқараевтың ескертпесін, үнемі елі үшін айтып жүрген сөздерін таспаға түсірген өзге белсендінің сөзінен сарапшы ілік шығарды және онысы жалған, ұйқасы жоғы анықталды. Және бұл іліктің өзін 174-1 не таңу қисынсыз. Ол деген – әбден ығыры шығып, сүлдері құрыған көнбет қызметкерлердің соңғы әдісі мен соңғы мүмкіндігі еді. Т.Шапқараев бөлек адам, Болат Қараболат өзге біреудің атындағы парақша болғаны себепті қу тергеушілер «Болат Қараболат» парақшасының артында жасырынып отырған Т.Шапқараев деген қорытынды шығарады. Бұл да категориялы жаңылыс! «Тарататыны туралы ақпарат түскен» депті. Бұл ақпарат қайдан түсіпті? Халықтан ба? Жоқ! Бұның бәрі өңкей полиция қызметкерлерінің топшылауы. Тергеушілер енді өз жалаларын берік етудің жолына көшіп, куә ретінде шақырылған жасырын адамдарының соңғы сұрақ, соңғы жауаптарын «Болат Қараболат парақшасының артында отырған Т.Шапқараев» деген ой қалыптастырып іс-қағазға әдейі жазып бекітеді. Бұл да жаланың жаласы! Өздерінің сөзін сөйлетуі үшін тергеуге арнайы шақырылған куәлар еш сараптамасыз парақша артында отырған Т.Шапқараев екенін қайдан білген? Сонда қалай, өздеріне керек уақытта жалған куәгерлердің сөздері де дәлелсіз, экспертизасыз алына бере ме? Бір түсінбейтін жәйт, неге полиция қызметкерлері Т.Шапқараевты жасырын аңдуға қайта-қайта басшыларынан рұқсат сұрайды? «Ұлталауыздық белгісі бар» деп берген сараптама қорытындысы әлсіз бе әлде Т.Шапқараев сондай ма АПД үркетіндей ШПИОН ба? Қысқасы, Т.Шапқараевқа жасақталып, прокуратура арқылы сотқа өткен 4 том іс-қағаздың бәрі жалған! Жылыой ауданы және Атырау облысы ПД басшылары мен қызметкерлері А.Мұқашев, А.Дещенов, М.Избергенов, Н.Сериков, және Р.Биғалиев ҚР ҚК-нің 2-1, 10, 19-2, 145, 147, 131, 370, 371, 412, 414, 415, 451, 452, 453 баптарын өрескел бұзып отыр. (Функцияларын орнына қойып нақты дәлелдеп бере аламын). Ал 1 жыл 6 ай бойына жазықсыз күйеуім Т.Шапқараевты негізсіз сергелдеңге салып қоюына ең бірінші себеп болған Шымкент сот сараптау институты ҚР ҚК 420, 422 баптарын өрескел бұзды. Осы заң бұзған қызметкерлердің бәрі заң алдында қатаң жазалансын! Ш.Есболаева 8.05.2021 ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Шолпан Кенжебайқызы! Сіздің Атырау облысы Полиция департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - ПД) қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы, сондай-ақ жұбайыңыз Т. Шапқараевты қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуы туралы шағымыңыз қаралды. Атырау облысының ПД ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша Т. Шапқараевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Т. Шапқараевтың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, оның ішінде сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 наурызда қылмыстық іс айыптау актісімен Жылыой аудандық прокурорына жолданып, қабылданған шешімінің заңдылығы мен тергеудің толықтығы тексерілгеннен кейін Т. Шапқараев сот қарауына берілді. ҚПК-нің 305-бабына сәйкес іс сотқа келіп түскеннен кейінгі барлық шағымдар мен қолдаухаттар тікелей сотқа жолданатынын түсіндіреміз.
Тургумбаев Е.З. 20.05.2021, 10:06Есболаева Шолпан
- Тургумбаев Е.З.
- 08.05.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 100
- № 683691
ҚМ Президенті Қ.Тоқаевқа! ҚР ІІМинистрі Е.Тұрғымбаевқа! «Полицияға ұнамады» деп ойына келген заңды бұрмалап соттай беретіндей ҚР-ның шындық айтқан азаматтары ойыншық па? Атырау облысы ПД тергеушісі Р.Биғалиев мына сөздеріне жауап берсін: «Бұл өңірде Өзбекстан Республикасының азаматтары әртүрлі жұмыс орындарында, сауда саттық саласында көбейіп кеткеніне наразылығы туындап, осы мәселені әлеуметтік желі арқылы ұлттық алауыздық қоздыруға ойы туындаған» деген. 1) ӨР азаматтары әртүрлі жұмыс орындарында 2) Сауда-саттық саласында 3) Көбейіп кеткеніне наразылығы туындап 4) Осы мәселені әлеуметтік желі арқылы ұлттық алауыздық қоздыруға ойы туындаған Тергеушінің осы сөздеріне талдау жасайық: 1) «Әртүрлі жұмыс орындарында» дейді, анықтап айтқанда, Т.Шапқараев нақты қай жұмыс орындарында өзбектің көбейіп кеткеніне наразы болған? Ең болмаса бір дәлел келтірсін, шенді қызметкер фактымен, анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 2) «Сауда-саттық саласында» деген, анықтап айтқанда қай сауда-саттық саласын айтып отыр? Базар ма әлде өзбектер тасымалдап жүрген есірткі саудасы ма? Шенді қызметкер фактымен, анық дәлелмен сөйлеу керек! 3) «Көбейіп кеткеніне наразылығы туындап» деген, тергеуші Р.Биғалиевтен 1 жыл жарым бұрын орын алған оқиғадағы Т.Шапқараевтың өзбектерге наразылығы туындағанын ол қайдан білген? Р.Биғалиев іске соңынан кіріскен 5 ші тергеуші. Ол бұйрық бойынша жасап отырған ісінде өзінің жеке ойымен Т.Шапқараев өзбек мигарнттарына наразы болып жүрген образ қалыптастырып, арғы жағы өзбек ұлтына жау, құбыжық қылып көрсетуді шебер орындаған. Р.Биғалиевтың сол кездегі мақсаты тыныштық сақтау болатын болса, сол кезде Т.Шапқараевтың қасында жүрген болса, онда ол алдын алу мақсатында өзбектерге наразы болып жүрген Т.Шапқараевқа неге дер кезінде ескертпеді, неге тоқтау салмады? Егерде, ескерту қағазы болмаса, сол кезде ол Т.Шапқараевтың қасында болмаған болса, ол кезде тіпті ол Т.Шапқараевты танымайтын болса, онда Р.Биғалиевтің қаулысының бәрі далбаса, жалған! Өтіріктен өрілген мынандай жалалы қаулыны тура қасында жүргендей Р.Биғалиев қолы қалтырамай қалай жазды екен? Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 4) «Осы мәселені әлеуметтік желі арқылы ұлттық алауыздық қоздыруға ойы туындаған» деген, Р.Биғалиевтің осы жаласының соңына мән берсек, бұл тергеушінің мүлдем шатасқаны байқалады. «Ұлталауыздықты тудыруға ойы туындаған» - дейді. Ой! Адам ойын Алладан басқа ешкім біле алмайды! Бұл Алланың әркімнің қауашағына бөлек-бөлек бекіткен құпия сыры. Біріншіден, біреудің ойына біреу ешуақытта кіре алмайды, ал бөгде адам ойына өзге біреудің өзінше, яғни өз ой-қиялымен кіруі – ғылыми тілмен айтқанда адамзаттың жеке меншігіне қол сұғушылығы болып есептеледі. Бұл жерде Р.Биғалиев айтқан «ойы туындаған» деген сөз жәй сөз емес! Егерде, тергеушілер немесе басқа да шенді құқық қорғау саласының қызметкерлері адам ойын біле алатын деңгейде болса, онда қоғамда қылмыс болмас еді. Қанды, ауыр қылмыс жасап жүрген әр қылмыскерді ойы арқылы алдын ала құрықтаған болар еді. Адам адам ойын біле алатын болса, 2021, 19 наурызда аса жауыздықпен, шамадан тыс айуандықпен өлтірілген Аяжан Еділова маньяк Рахманберді Төребековтың құрбаны болмас еді. Адам адам ойын білетін болса Р.Кулекбаевтың қолынан сонша қызметкер қаза таппас еді. Алланың қалауымен адам ойын кей Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер ғана біле алған. Оларға Алла-Тағала тарапынан муғжиза берілген. (Толық дәлелді ҚМДБ-нан сұраса болады). Адам ойын Алланың соңғы Расулы да білмеген. Ал енді тергеуші Биғалиев Расулде адам ойын білетін қайдағы әулиелік? Демек, Р.Биғалиев көріпкел болмаса өз жаңа қаулысындағы жалаларды ия өз ойымен, иә басшылар бұйрығымен, немесе жын-шайтанның азғырынды сыбырымен жазған. Әйтпесе жаурынға қарап бал ашатын сәуегей немесе құмалақ ашатын бақсы-балгер дейсің бе? Р.Биғалиев мың жерден экстрасенс Кашпировскийдің шәкірті болса да, бұл жерде категориялы түрде қатты алжасты. Мысалы, таспаға түскен біреудің дауысы болса да заң бойынша экспертизаға жүгінеді. Мақаланы да экспертизаға жібереді. Яғни, дауыс болсын, мақала болсын, ДНК болсын, ондайларды мемлекет тіркеуінде тұрған, арнайы лицензиясы мен сертификаттары бар, мөрі бар, заңды сот сараптама институттары айырады. Онсыз қалған адамның дәлелі мың жерден дұрыс болса да қабылданбайды. Ал енді, біздің Қазақстанда адам ойын айыратын зертхана мен аппарат бар ма? Жоқ болатын болса, онда Р.Биғалиевтің ой туралы айтуы жаңсақ пікір. Т.Шапқараевтың ойының қандай екеніне экспертиза қорытынды шығарып бермеген болса, онда Р.Биғалиевтің сандырағы құр далбаса, өтірік, қып-қызыл жала. Заң мен сот алдында адамзаттың бәрі бір, сондықтанда, дәлелсіз жала жапқан тергеуші Р.Биғалиев бұл жерде міндетті түрде жазалану керек! Р.Биғалиев Т.Шапқараевты жазғыру, қаралау, айыптау мақсатында мақаланың идеасына жіті мән бермей, өз ой түйсігінің тайыздығынан осылайша хабар берді. Жалаңаш денесімен төл теңгемізді мазақ етіп мұрнын сүрткен Шырын Нарчаеваға әңгіме айтпаймыз, ұлт алауыздық туғызған ұйғырлар мен дүнгендердің маңына жақындаудан қорқамыз. Ұлт алауыздық туғызған Никоновты көрмейміз, зағиппыз, Феодоровты естімейміз, кереңбіз, Жириновскийге жақ аша алмаймыз, сақаумыз. Ал өз еліміз үшін жанын пида қылған өз қазағымызды, өз қайраткеріміздің көзін құртуға аянбастан күресудеміз! Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! Келесі: «Сөйтіп өзінің Жылыой ауданында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, алауыздық қоздырудағы ойын жүзеге асыру үшін өзімен ФБ желісіндегі Болат Қараболат парақшасын қолдануды шешкен» деген. Р.Биғалиевтің мына сөзіне талдау жасасақ: 1) Әлеуметтік, 2) Ұлттық, 3) Рулық, 4) Нәсілдік, 5) Алауыздық қоздырудағы ойын жүзеге асыру үшін ЖАПБ тергеушісі А.Мұқашев өз жеке мекен-жайымен Шымкент сот сраптама институтына жіберген мақалада тек қана «ҰЛТТЫҚ ТӨЗІМСІЗДІК» бар деп берген. Мақаланы сараптап келеді де, сарапшы Н.Б.Жунусова өз қорытындысында: «Зерттеуге ұсынылған обьектіде ұлттық алауыздықты қоздыру белгісі бар» деп жазып жібереді. Н.Б. Жунусова мына сөзіне басымен жауап береді. Н.Б.Жунусова сараптап келе жатқан өз ісіне өзі қарсы шығып кетті. Бұл жерде ақша мен сыбайластық бұйрықтың іске араласып кеткені айдан анық көрініп тұр. Төзімсіздік пен Ұлталауыздық деген сөздің арасы жермен көктей, екеуі екі ұғым, екі мағына береді. Қорытындысы соңында: «Ал әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері, сондай-ақ азаматтардың дінге көзқарасы, ұлттық белгілері бойынша олардың айрықшылығы, артықшылығы немесе кемдігі туралы сөйлемдер жоқ» деп, қолын қойып мөрін басады. Сарапшы Н.Б.Жунусова сараптама қорытындысында әлеуметтік, рулық, нәсілдік алауыздықты қоздыруға бағышталған сөйлемдер жоқ деп тұр. Ал Р.Биғалиев сарапшы жоққа шығарған сөздерді бар етіп жазды. Жала ма, жала! Енді қараңдар, қайткендеде мақаладағы жай сөзді 174-1 бабына жақындату үшін, сұм сарапшы «нәсілдік алауыздық жоқ» сөзіндегі «нәсілдік» сөзін «ұлттық» сөзіне алмастырып, «ұлт алауыздық жері бар» деген термин шығарып берді. Шамасы, бұл қулығын ешкім байқамайды деп ойласа керек. (1 сурет қоса тіркелді). * * * Р.Биғалиев енді мына жалаларына дәлел келтірсін: 1) «Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған» - деген. Дәлелі қане, ауыр дәрежедегі қандай қылмыс? Р.Биғалиев бірінші мына сұраққа жауап берсін, ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ ҚЫЛМЫС ПА? Иә, десе 38 бап пен 339 баптарды оқып көрсін. Керісінше, Т.Шапқараев ұлтараздық қақтығыс туып кетпеуі үшін алдын-алуға үлес қосты. Оған дәлел мақаланың соңындағы «Ұлтараздық дау, қақтығыстар тумасын десеңдер, билектегілер, бұл мәселемен тез шұғылданыңдар демекпіз!» - деген, ескертуі! «Демекпіз» деген көпше қоданылған сөзіне қарап мақаланы жазған бір адам емес, мақала артында елі мен табиғатына жанашыр бірнеше белсенді қайраткерлердің тұрғанын байқауға болады. Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 2) «Т.Шапкараев 2016 жылы нақты күні және айы белгісіз уақытта ғаламтордағы «Facebook.com» әлеуметтік желісінен өзіне парақша ашуды ойластырып, өзінің жеке басының мәліметтерін жасырып, «Болат Қараболат» атаумен парақшасын ашқан» - деген. Парақшаны Т.Шапқараевтың ашқанына қандай дәлелі бар? Нақты күнін, айын, уақытын білмеген адам Т.Шапқараевтың ойын қайдан біле алады? Тағы да тергеушінің жеке ойынан туындаған тергеу. Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 3) «Сол ойын жүзеге асыру үшін парақшаны қолдануды шешкен» - деген. Р.Биғалиевтің өзі қайткенде де Т.Шапқараевты соттатам деген ойын жүзеге асыру үшін ол солай жазған. Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 4) «18.02.2019 жылы өз үйінде ұлтараздықты қоздыру тудыратын мақаланы таратуға дайындаған, содан қоздырғыш мақаласын жазып бітірген соң 2019, сәуірдің 22 күні жариялаған» - деген. Неге жаңа қаулыда мақаланың ішіндегі нақты қандай сөйлемдері ұлтараздықты қоздыруға себеп болғаны дәлелмен жазылмаған? «Мақаланы өзбек ұлт өкілдерінің жағымсыз образын санада қалыптастыруға бағытталып жазылған» деп өзіндік баға береді. Жағымсыз образ үшін жасалғанын иіскеп біліп пе? Қазақ тілі, әдебиет пәнін оқымаған, өз ана тілін жетік білмейтін капитан мақала мәтінін қайдан түсінеді? Мақала мәтінін қарапайым айыра алмаған адам табиғат жанашырын неғылсын? Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 5) «Жүргізілген сот-психолого-филологиялық сараптаманың 16.08.2019 жылғы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған материялдардың ішіндегі «Жылыой – өзбектің астанасы» атты мақалада ұлттық алауыздықты қоздыратын белгілері бар екендігі анықталды» - деген, нақты қай сөйлемі екенін жазбаған. Неге? Р.Биғалиевтің жаңа қаулысы бойынша, мақала 22 сәуір 2019 жылы жарық көрсе, қылмыстық іс неге араға 5 ай салып қозғалады? Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 6) «18.02.2019 жылы Шапкараев өзінің үйінен қоздырғыш мақаланы дайындап, жазып бітірген соң 22.04.2019 жылы мақаланы жариялайды» - деген, сонда бір бет мақала 2 ай 4 күн бойына жазылған ба? Және жаздың әңгімесін сақылдаған ақпан айында айтқан ба? Т.Шапқараевтың жазып дайындағанына қандай дәлел? Видео, аудио жазбалары немесе суреттері мен куә адамдары бар ма? Және мақаланың дәл Т.Шапқараевтың мекен-жайында жан-жаққа таратылғанына қандай дәлел? Мақаланы жазған бөлек адам, мақала еш жерге таратылмаған, мақала жеке парақшада ғана тұрған және мақалада қоздырғыш ешнәрсе жоқ. Мақала тараған болатын болса, мақала тақырыбын жазып әлеуметтік желіден іздеп көрсін! Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! 7) «Жүргізілген компьютерлік технология құралдарын зерттеу бойынша сот сараптаманың 28.01.2021 жылғы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 1 объектіде құрамында «Жылыой, Азамат Бекеттің, Ташкентте, Тұрар, Шапқара, өзбектің астанасы» деген файлдар бар екендігі анықталды» - деген. Процессор 1 жыл 6 айдан бері Атырау ПД қолында. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген, ПД қызметкерлері тарапы процессорге үлкен қулық, ұрлық махинация жасағанына 100 пайыз сенімдімін! Р.Бигалиев Т.Шапқараевты 26.02.2021 жылы күдікті деп танылды дейді. Олар Т.Шапқараевты 13.09.2019 жылы күдікті деп таныған. Арадағы заңсыз тергелген мерзімдердің артын жабу үшін солай шешкен деп білемін. Шенді қызметкер фактымен және анық дәлелмен нақты сөйлеу керек! Мен Р.Биғалиев, А.Мұқашев, А Дещенов, М.Избергенов, Н.Сериковтердің үстерінен қайта-қайта арыз жазып келемін. Атырау облысы ТБ басшысы Муталиев: «Жылыой аудандық прокуратурасымен іс бойынша қабылданған шешімнің заңдылығы тексеріліп, қадағалау органымен тергеуші Р.Биғалиевтің тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында заң бұзушылық әрекеттері орын алмауына байланысты, қылмыстық іс сотқа жолданды» десе, Атырау ПД бастығының орынбасары Б.Көшқалиев: «Тергеуші Р.Биғалиевтің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті Т.Шапқараевты орынсыз мазалағаны туралы уәждерің орын алған жоқ» деген. Күйеуім Т.Шапқараев майор М.Избергеновтың жала жапқанын да суреттерімен қоса дәлелдеп бергенде Атырау облысы ПД бастығының орынбасары Н.Оразбаевтан «М.Избергеновтың іс-әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ» деген жауап келген. ПД басшыларының жауаптары бір-бірінен көшірген 1 сынып оқушыларының әрекеттері секілді. Көп кешікпей ҚР ІІМ төрағасының орынбасары А. Милюктен: «Арызда көрсетілген фактілер бойынша Атырау облысы ПД қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін ПБ учаскелік полиция инспекторы М. Избергенов тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Атырау облысы ПД (2021 жылғы 23 қаңтардағы шығыс № 1-30-3-44/1-69) Сізге берген жауаптың күші жойылғанын ескертеміз» деген жауап келді.Сонда бұл Атырау ПД өз қол астындағы қызметкерлеріне шаң жуытпайтынын, қорғаштайтынын, сол жолда өтірік айтуға да баратынын дәлелдеп тұр. Бір кезде Муталиев пен Көшқалиевтің де маған берген жауаптарының күші жойылатынына үміттімін. Р.Бигалиевтің жалалы қаулысын Жылыой ауданы прокурорының әлі еңбек өтілі жетілмеген орынбасары С.К.Ищановтың еш екшеместен «Келісіемін» деп бірауыздан қабылдай салғаны да жоғарыдан бұйрықтың келіп тұрғанын анық аңғартады. Жалалы істің сотқа тез өтіп кетуінде бір мән бар және оған кей прокурорлардың ықпалының болғаны да анық. Прокурорлардың заңды шемішкеше шағатыны рас болса, кей прокурорлардың көздегені әділеттілік болатын болса, онда мына заңға неге мән берілмеді? ҚР Қылмыстық Кодексi 53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар 4) Кінәлі адамның жас балаларының болуы; 7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау; https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/53.htm Т.Шапқараевтың 7 баласы барын, бір баласы қайтқанына әлі жыл толмағанын, осы баптың 7 тармағында айтылғандай Т.Шапқараевтың өз елінің табиғатына жаны ашып ескерткенін және оның ескерткені құқы бұзушылық емес екендігін, Т.Шапқараевтың табиғатын қорғауы 38, 339 баптарда бар екендігі неге ескерілмеді? Бұл жерде тергеушілер мен прокурорлар тарапынан қасақана заң бұзушылықтар мен заң бұрмалаушылықтар орын алып отыр. Атырау облысы ПД тергеушілері мен прокурорлары мақала мәтініне өрелері жетпейтіні белгілі болды. Олар тек: «Шымкент сот сараптау институты мақалада ұлталауыздық қоздыру белгілері бар деді» деген қазыққа тірелді де қалды. Басқаша уәждердің біріне құлақ аспады. Бұл олардың мақсаттары мен бір жақтылығын ашық аңғартты. Олай болатын болса, мақалаға байланысты ШҚО сот сараптау институтының маманы Г.К.Кудайбергенованың тұжырымына келсек: «1,2,4. Зерттеуге ұсынылған «Жылыой – өзбектің астанасы!» атты ашық хат мәтінінде ұлтараздықты қоздыру белгілері жоқ. 3. «Жылыой – өзбектің астанасы!» атты мәтін ашық хат жанрында орындалған. Ашық хаттың жалпы бағыты Жылыой елді-мекенінде қазіргі таңда орын алып жатқан жағдаяттарға, оның ішінен өзбек ұлты өкілдері тарапынан жасалған әрекеттер аясында осы елді мекеннің экологиялық ахуалының төмендеуі қаупіне, өзбек ұлты өкілдеріне қатысты кері пікірдің қалыптасуы қаупінің алдын алуға лауазымды тұлғалардың назарын аударуға арналған» деген. Міне, әділ сараптама! (2 сурет қоса тіркелді). Ал енді Павлодар қаласының филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембаев Амангелді Рақышұлының лингвистикалық зерттеуінің қорытындысына келсек: 1. Жоқ, талдау үшін ұсынылған Т.Шапқараевтың «Жылыой – өзбектің астанасы!» қазақ және өзбек ұлтының өкілдері арасында ұлттық араздықты қоздырмайды. Мәтін мен мәтіннің басым семантикалық компоненті ретінде Т.Шапқараевтың постында ұлтаралық араздықты қоздыруға тікелей шақырулар жоқ деп айтуға мүмкіндік береді. Оның пікірінше, жинақталған әлеуметтік мәселелерді шешпейтін билік өкілдері посттың адресаты болып табылады: ауылды қолдау, еңбек мигранттарының қызметін мемлекеттік реттеу, аймақтың табиғи ресурстарын сақтау, мемлекеттің тілдің, оның ішінде ресми ортада қолданылуы. 2. Т.Шапқараев постта қолданған даулы сөз «қулығына құрық бойламайтын бұл өзбегің» ұлттық араздықты қоздырмайды. Ол өзбек халқының психикалық ерекшеліктерін бағалау сипатына ие. Мұндай мақал-мәтелдерде теріс қана емес, сонымен қатар оң компоненттер де оқылуы керек. Бір халықтың екіншісіне көзқарасы моральдық өзгерістердің жолын анықтауға көмектеседі. 3. Жоқ, ұлттық алауыздықты қоздырмайды. 2021 жылы 26 ақпандағы күдікті Т.Шапқараевтың әрекетін саралау туралы қаулыда көрсетілген Фейсбук желісінде жарияланған мақаланың мәтінінің мақсаты – территориялық тұтастықты сақтау, қазақ тілін дамыту, жергілікті экологияны сақтауға бағытталған. 4. Т.Шапқараев жариялады деген мақаланың келесі үзінділерінде ұлттық төзімсіздік немесе ұлттық алауыздық белгілері жоқ» деген. Міне, әділ сараптама! (3 сурет қоса тіркелді). Сараптама қорытындылары сотқа өтті. Жалпы Р.Бигалиевтің сауатсыз жасақтаған жалалы қаулысы сотқа өтуіне өте жарамсыз, тіпті ондай іс-қағаздың сотқа өтуіне негіз жоқ, бірақ, Жылыой ауданы прокуратурасы көзжұмбайлық танытып өткізіп жіберді. ҚР Қылмыстық Кодексi 70-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1) Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер iс сотта қаралған уақытта жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған іс-әрекет қоғамға қауiптi болудан қалды деп танылса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады. https://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/70.htm Т.Шапқараевтың ісі Жылыой аудандық сотында қаралып жатыр. Т.Шапқараев еш қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жоқ. Оның іс-әрекетінде құқық бұзушылықтың жоқтығын ескеріп, жағдайды өзгертетін доктор профессордың лингвистикалық сараптамасы мен ШҚО ССИ-ның сараптамасын басшылыққа ала отырып, оның әрекеті қоғамға қауіпті емес, керісінше пайда екенін ескеріп, әділ соттардан Т.Шапқараевты қылмыстық жауаптылықтан босатуын сұраймын! Ал Т.Шапқараевқа жала жауып, жалалы іс дайындап, 1 жыл 6 ай бойына тергеген және осы мәселеде қосымша жала жапқан қызметкерлер А.Мұқашев, А.Дещенов, М.Избергенов, Н.Сериков, Р.Биғалиевті шендерінен айырып, қызметтеріінен қудалап, қылмыстық жазаға тартуларыңды сұраймын! Ш.Есболаева 8.05.2021 ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Шолпан Кенжебайқызы! Сіздің Атырау облысы Полиция департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - ПД) қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы, сондай-ақ жұбайыңыз Т. Шапқараевты қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуы туралы шағымыңыз қаралды. Атырау облысының ПД ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша Т. Шапқараевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Т. Шапқараевтың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, оның ішінде сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Тергеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 12 наурызда қылмыстық іс айыптау актісімен Жылыой аудандық прокурорына жолданып, қабылданған шешімінің заңдылығы мен тергеудің толықтығы тексерілгеннен кейін Т. Шапқараев сот қарауына берілді. ҚПК-нің 305-бабына сәйкес іс сотқа келіп түскеннен кейінгі барлық шағымдар мен қолдаухаттар тікелей сотқа жолданатынын түсіндіреміз.
Тургумбаев Е.З. 20.05.2021, 10:04