- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
БЕРДЕНОВ АЙДОС
- Аймағамбетов А.Қ.
- 05.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 75
- № 761071
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың мерзімді порталмен ауруханада болған жағдайда пән мұғалімдеріне айлық жалақысы төленеді ме? ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн!
Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларының[1] (бұдан әрі - Қағидалар) 22- тармағына сәйкес созылмалы аурулары бар балалармен үйде, емдеу-профилактикалық мекемелерде жеке оқыту бойынша жұмысы жасаған жағдайда мектеп педагогтерінің жалақысы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жалпы тәртіпте есептеледі.
Бұл ретте, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес мұғалімдердің бір айдағы жалақысы лауазымдық айлықақыны (бір айдағы тарифтік мөлшерлемені) олардың бір аптадағы нақты жүктемесіне көбейту және алынған туындыны «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабында белгіленген нормативтік оқу жүктемесіне бөлу арқылы есептеледі.
Сонымен қатар, үйден оқытылатын бала ауруханаға жатқызылған жағдайда оның ата-анасы сабақты тоқтатуға өтініш білдіреді. Осыған байланысты, мұғалімнің нақты оқу жүктемесі азаяды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, созылмалы аурулары бар балаларды үйде жеке оқытатын мұғалімдердің жалақысы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес есептелініп, азайтылған нақты оқу жүктемесіне төленуі тиіс.
[1] «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығы
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 05.12.2022, 05:10Казиева Замзагул
- Аймағамбетов А.Қ.
- 05.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 79
- № 761061
Саламатсыз ба Асхат Қанатұлы! Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 432 бірлескен бұйрығының 93 тармағында бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс екендігі көрсетілген. Осы орайда айтарым, мектептегі бастауыш сынып мұғалімінің дүние тану ,дене шынықтыру пәндерін мектеп директорының орынбасарына ,өзінің 1 ставкасына қосымша ретінде берген,жоғарыдағы бұйрыққа сүйенсек мұғалім 1,5 ставкаға дейін алуына болады делінген,Сіз өз сөзіңізде,мектеп ол мұғалімге қаржы тауып беретін жер емес,алдымен балаға сапалы білім беру жағын қарауымыз керек деген болатынсыз.Ендеше бастауыш сыныптың баласына 1,5 ставкамен сол сыныптың мұғалімі барлық пәнді оқытқаны дұрыс емес пе? Неге баланың тағдарын ойламай, орынбасарға бастауыштың мұғалімінен алып,8 сағатты қосымша беру керек? Сол сабақты орынбасар емес,мұғалім оқытқан жағдайда балаға анағұрлым сапалы білім берілетіні көрініп тұр.Қарапайым мұғалімді 1 ставкамен қалдырып, мектеп әкімшілігінің өздері 1 ставка орынбасарлығына 8 сағатты мұғалімнен алып қосып алғаны, олардың өз құзырын асыра пайдаланушылық емес пе? Бұл жерде басымдылық сол сыныпқа білім беріп отырған мұғалімге берілуі керек деп ойлаймын. Сосын мектеп әкімшілігі өздерінің негізгі ставкасына қосымша 8 сағат сағат алуға болады деген ешқандай құжатпен рәсімделмеген.Осы сұраққа жауап берсеңіз.Рахмет. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Сіздің өтінішіңіз қарастыруға алынды.
Аймағамбетов А.Қ. 05.12.2022, 05:00
Құрметті Замзагул!
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес «қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы» - деп берілген және осы Еңбек кодексінің 68-баптың 3-тармағына сәйкес «Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс».
Директордың орынбасары негізгі жұмысынан бос уақытында қосымша сағат ала алады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 43 бабында 1 тармағында «Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады» – деп берілген.
Осыған орай, білім беру ұйымында қызметкерге қосымша міндеттерді жүктеуде басшы дербес шешім қабылдайды.
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 05.12.2022, 05:00Ахметова Тұрсынай
- Аймағамбетов А.Қ.
- 05.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 74
- № 761058
Қайырлы күн! Менің өтінішім қараусыз қалмауын сұраймын ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Тұрсынай Акбергеновна!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар байқауларының, кәсіптік шеберлік байқауларының және спорттық жарыстардың тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 514 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне» (бұдан әрі – Тізбе) 175 іс-шара енгізілген. Оның 33 педагогтерге арналған болса, қалған 142 олимпиадалар мен конкурстар оқушыларға арналған. Тізбеде бекітілген олимпиадалар мен жарыстар тегін өткізіледі.
Бүгінгі таңда аталған Тізбені ұлғайту мақсатында арнайы сарапшылар тобы жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы түрлі бағыттағы олимпиадалар мен байқауларды бекітілген ережеге сай кезең-кезеңімен бөліп өткізеді. І кезең – мектепішілік, ІІ кезең – аудандық (қалалық), ІІІ кезең - облыстық. ІV кезең – республикалық.
І кезең мектепішілік іріктеу кезеңге қатысатын оқушылар санына шектеу қойылмайды. Мектепішілік кезеңнен 1-орын алған оқушылар, ІІ кезең аудандық (қалалық) кезеңге жіберіледі. ІІ кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алады.
Ақылы сайыстарға қатысуға құқылысыздар. Оған шектеу қойылмайды.
Сіздің ұсынысыңыз Ақтобе облысының білім басқармасына жолданып, білім беру ұйымдарының қызметкерлері оқушылардың әр жетістігін бағалап, қолдау көрсету керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 05.12.2022, 03:44Садыков Нурболат
- Аймағамбетов А.Қ.
- 05.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 124
- № 761057
Обращение к Министру просвещения РК А. Аймагамбетову Педагогический коллектив средней школы села Енбек отдела образования г.Аксу управления образования Павлодарской области обращается к Вам по жалобе, опубликованной в соц.сетях и на портале «Открытый диалог» от мамы ученицы 8 «Б» класса Ахметовой Азизы (Исахановой Акмарал). 1 ноября на Вашем портале опубликовано письмо, где Исаханова А. обвиняет педколлектив и директора школы Амренову Л.С. в том, что её дочь «травят» и «гнобят» пед.коллектив и директор школы.Опираясь на недостоверные факты, руководитель отдела образования г.Аксу Смагулов К.Т. принял сторону семьи Исахановых. Директору, членам Совета профилактики были даны взыскания, а также директору школы Амреновой Л.С. было дано уведомление об увольнении от 03.11.2022 г.При проведении Совета профилактики никакого давления на девочку оказано не было. Все проходило в рамках закона. Девочку спокойно выслушали. Она не отрицала, что выражалась в адрес учителя нецензурно. При разговоре присутствовали две родительницы этого класса, одна из которых является родной тетей Азизы- Ахметова Мөлдір, а также классный руоводитель 8 «Б» класса Базылова А.С. Нас обвиняют в том, что мы некомпетены и непрофпригодны. Это крик души учителей, многие из которых являются выпускниками и ветеранами этой школы и посвятили себя педагогике. Скажите пожалуйста, нам, господни министр, как долго будет проходить беззаконие, когда же начнет действовать Закон о статусе педагога? Или он работает только для чиновников, потому что все боятся , что жалобы попадут к Вам и на портал «Открытый диалог» , но если на местах не работают закон, что нам делать? И как нам теперь работать, когда мы «оплеваны»? Многие из нас живут в селе и знают друг-друга. И какой родитель доверит нам своего ребенка, зная нашу «репутацию»? Просим Вас провести проверку с членами независимой комиссии Министерства Просвещения. ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день! Для рассмотрения фактов указанных в обращении приказом руководителя отдела образования города Аксу №1-04/11 от 05.01.2023 года была создана комиссия с выездом в СШ села Енбек. Было проведено анонимное анкетирование среди педагогов школы, которое установило, что со стороны директора Амреновой Г.Т. имело место нарушения норм педагогической этики, нарушения чести и достоинства обучающихся. При этом доводим до Вашего сведения, что в связи с нахождением директора школы Амреновой Л.С. в очередном трудовом отпуске с 26.12.2022 года по 19.02.2023 года, дальнейшее рассмотрение и предоставление Вам ответа на обращение будет осуществлено после ее выхода на работу. В случае несогласия с данным ответом, Вы имеете право обжаловать его в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным Кодексом Республики Казахстан.
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 13.02.2023, 02:40Искаков Адилет
- Аймағамбетов А.Қ.
- 03.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 89
- № 761019
Уважаемый Асхат Канатович! Меня зовут Искаков Адилет Кайратович. Я работаю учителем географии в школе-лицее в городе Астана почти уже год. В ходе плановых проверок в школе, обнаружилось, что я не могу преподавать в школах, потому что шифр моей специальности (5B060900 – география) по бакалавриату не совпадает с классификатором. В связи с тем, что были внесены изменения в закон в 2018-м году. (тогда как бакалавриат я окончил в 2016-м.) Когда я поступал в университет, мне говорили, что по данной специальности можно будет работать учителем в школах и не только говорили, я сам видел это в перечне сфер деятельности. На данный момент планирую проходить 3-х месячную переподготовку в университете. За свой счет. Но главный вопрос, нужно ли мне проходить данные курсы, если я проходил в бакалавриате «методику преподавания географии», педагогическую практику в школе, а в магистратуре по научно-педагогическому направлению: «педагогику», «психологию» и педагогическую практику. (Специальность по магистратуре: Учет и аудит.) ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день! По данному вопросу Вам необходимо обратиться в Министерство высшего образования и науки РК.
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 05.12.2022, 03:19Алтаева Ляззат
- Аймағамбетов А.Қ.
- 03.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 85
- № 761013
#Оқу_ағарту_министрі #Аймағанбетов_Асхат_Қанатұлына #ҚР_Оқу_ағарту_министрлігінің_Балалардың_құқықтарын_қорғау_комитетіне Жезқазқан қаласы, Алашахан 41 үй 16 пәтер тұрғыны Алтаева Ляззат Амангельдиевнадан Арыз Мен, Алтаева Ляззат Амангельдиевна, төмендегі жағдайды баяндай отырып, баламның құқығын шектеген, инклюзивті білім берудің қағидаларын меңгермеген №3мектеп басшысына және сынып жетекшісіне қатысты тәртіптік шара көрулеріңізді талап етемін. Менің ұлым, Серікұлы Байарыс 2017 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 3 жасында баланың сөйлеуінде кешігу болғандықтан, баланы толық тексеруден өткіздім. ППМК ЗПР диагнозын берді.3-5 жас аралығында қаладағы «Ұшқын» бала-бақшасында тәрбиеленді. ППМК қорытындысы негізінде бала-бақшада психолог, логопед, дефектологпен жұмыс жүргізу сұралды. Алайда ол жұмыс қанағаттанарлықтай болмады, себебі бала-бақшада кейбір мамандар жоқ, болған жағдайда да жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Байарыс 5 жасында №3 мектептегі мектеп алды даярлық тобының орыс бөліміне барды. Бала-бақшаның және орыс тобындағы МАД тәрбиешісі тарапынан ескертулер болмады. Дамуында қалыс қалуы болғанымен, өз ортасында бала болып көпшілікпен еркін араласып ойнап жүрді. Орыс сыныбына беруімнің себебі ол сыныпта бала саны аз болды. Орыс бөлімінен қазақ бөліміне ауыстық. Сынып жетекшісінің аты-жөні Несібелі. Сынып жетекшісі екі айға дейін ешқандай проблема айтпады. Логопед, дефектологпен жұмыс жүруі үшін ППМК –дан қағаз алып келуімді сұрады. Қағазды әкеп бердім. Сыныпта екі баланың арасында қақтығыс болады, менің баламның шекесі, екінші баланың көзінің тұсы көгерді. Сол уақытта сынып жетекші «Мен 28 балаға қараймын ба, әлде сіздің балаңызға қараймын ба, маған ППМК дан тьютор қажет деген қағаз алып келіңіз», дейді. Алайда, 24 қарашада ПМПК дәрігерлері толық тексеруден қайта өткізіп, алдыңғы қорытындыдағыдай логопед пен психологтың ғана қолдау қажеттілігін жазып көрсетті. ППМК басшысы сіздің балаңызға тьютер берсем заңды бұзуым керек деді, мен бұзбаңыз заңға сәйкес тиістісін ғана беріңіз дедім де, сол қорытындыны мектепке алып келдім. Сынып жетекші бұл қорытындымен келіспей, 2-3 ата-анамен бірге менің баламды сыныптан шығаруға жұмыс жасайды. Мен ғана жоқ ата-аналар чатын ашады. Ол чатта менің баламның науқастығын айтып, талқыға салады. Ата-аналарға бос параққа қол қойғызады. Ол парақтың алғашқысында менің балама арнайы тьютордың тағайындалуын, болмаған жағдайда бұл мектептен кетуін талап еткен. Арызды қала әкімдігіне жазады. Арыз негізінде бір апта бұрын сиясы кеппеген ППМК қорытындысы өзгеріп шыға келеді. Тіпті тьютор берілуі үшін, жоқ диагноздар жазылады. Сынып жетекші сыныбында баламның науқастығын балаларға жариялап, аулақ жүруін сұраған. Арыз бойынша 1 желтоқсан күні кешкі алтыда ата-аналар жиналысы болды. Ол жиналысқа сынып жетекші, сынып ата-аналары, осы аймақта Ерекше білімді қажет ететін балалармен / әрі қарай ЕБҚ/ жұмысты үйлестіруші куратор завуч Гүлнар Каппасовна және акиматтан мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғаушы Шарбану апай қатысты. ЕБҚ білім алушының тағдыры талқыға салынатын маңызды жиналысқа мектеп әкімшілігінің біреуі де қатыспады. Мектеп директоры ата-аналардың арызы негізінде ғана бұл баладан құтыла алатындығына ғана кеңес беріп, өзі ақылы демалысқа шығып кеткен. Жиналыста маған және ЕБҚ білім алушы менің балама қатысты өрескел заң бұзушылықтар орын алды. Гүлнар Каппазовна менің рұқсатымсыз баламның ППМК қорытындысын жариялы түрде ата-аналарға таныстырды, бұл баланың ЗПР екендігін астын сызып айтып өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғаушы Шарбану апай бұл диагнозды жариялауға құқығы жоқ екендігін, өрескел заң бұзушылық орын алып отырғандығын ескертті. Ал, Гүлнар Каппазовна өз сөзін жалғастырып, ата-аналарға «Менің баламмен қарым-қатынасқа түспеу қажеттігін, түскен жағдайда абайлау қажеттігін» балаларына ескертуін сұрады. Баламның мүмкіндігі шектеулі, ЕБҚ бала екендігін ескермей сол баладан құтылудың амалын жасап, ата-аналардың жаппай маған және менің балама қарсы шығуына әрекет жасады . Мен мүмкіндігі шектеулі баланың анасы баламның осындай болғанына, баламның кемшілікпен өсіп келе жатқанына кінәлімін бе?! Онсыз да, күн-түн демей баламның ысырылып қалмай, қоғамның ажырамас бөлігі болуына, қатарынан қалмауын ойлап, әрекет етіп жүгіріп жүрген Мен үшін бұл жағдай үлкен соққы болмай ма??? Сол жиналыста көзілдірік таққан бір ата-ана бұл арыздың мәтінімен таныс емес екендігін, бос параққа қол қойғандығын, басқа чат ашылып, сол жерде талқыға салынғандығын айтып өтті. Мен, Байарыстың анасы, жылап тұрып, жап жас сынып жетекшіден «Баламның тек балалығын, кемшін тұстарын айтпай, балаларға қамқорлығын, біреу құлап қалса, жүгіріп бетінен сүйетінін неге айтпайсыз, қатыгез, үлкен ауытқушылығы бар баладай тек жамандаумен болдыңыз. Одан да осы уақытқа дейін осы баланы қалай дамыта алдым деген сұрақ төңірегінде неге жұмыс жасамайсыз» дедім. ППМК қорытындысындағы ЗПР деген диагнозымен танысқан ата-аналар дамуында тежелісі бар баламен бір кабинетте балаларының болғанын қаламайтындығын ашық айтты. Мен, Байарыстың анасы тьютердің сүйемелдеуіне қарсы еместігімді айттым. Алайда, мектепте тьютор жоқ екендігін алға тартып, басқа мектепке ауысуымды ашық талап етті. Жиналыстың қаулысымен таныстырмады. Үйге жылап әрең жеткен мен сыныптағы ата-аналардың кейбіріне жеке-жеке шығып, неге соншама бұл жағдайдың бұлай өрбіп жатқанын сұрадым. Хабарласқан ата-аналар бұл жағдаймен толық таныс емес екендігін, бос қағазға қол қойғандығын, мектеп директоры мен сынып жетекшісінің осылай әрекет жасаңдар деп, ақыл кеңес бергендігін айтып өтті. Осы сыныпта Гидроцефалия диагнозымен отырған баланың анасы да Байарыстың баласына тиіспейтіндігін, керісінше басыңа не болған деп, қамқорлық танытқандығын айтты. Құрметті, #Асхат Қанатұлы, болған жайттарды мәлімдей отырып, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, №3 мектепте ЕБҚ білім алушыға қатысты өрескел заң бұзушылықтың орын алуына кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етемін. Құрметті, #Асхат Қанатұлы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚР ЗАҢЫНА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІҢІЗДІҢ /мектептеріңіздің/ БАҒЫНБАЙТЫНДЫҒЫН астын сызып тұрып ескертемін. Шырылдап жүрген ата-ана мен ғана емес. Үйден оқытылып жатқан балалардың бастапқы және өзгертілген диагноздарымен таныссаңыз жеткілікті. Мектептер науқас баланы, ЕБҚ білім алушыға білім бергісі келмейді. Педагогтарыңыз бұл заңға бағынбаса, айқайлап курстар өтіп, Инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттырған курстың тақырыбында ғана көрініс табатын атауларыңыз кімді алдамсыратады? Мектеп алды даярлық тобында 28 бала бар, оның екеуі ЕБҚ білім алушы. Әлі де партаға отыруға бейімделмеген ойын балалары үшін бұл сан тым көп шығар. Неге мектеп әкімшілігі бұл жайтты ескермеген? Инклюзивті білім берудің басты мақсаты әлеуметтендіру десек, неге сынып жетекші баланың науқастығын айқайлап жалпыға ескертеді? Неге алшақ жүр дейді? Неге мектеп басшысы бұл сұрақты ЕБҚ білім алушының үлесіне шешпей, түсіндірме жұмысын жүргізбей, керісінше қарсылық танытып отырған ата-аналарға арыз жазу арқылы шешіледі деп кеңес береді? Неге мектеп ППМК-ның шығарған диагнозына қарсы шығып, арыз негізде өзгертуін талап етеді. Сіздің ЕБҚ білім алушыларының барлық баламен тең қатарда білім алуы қажет дегеніңіз жәй сіздің ғана сөзіңіз болғаны ма? Неліктен педагогтар бас педагогтың айтқанына бағынбайды. Заңды ескермейді? ҚР кез-келген қаласында, кез-келген мектептерінде осы жағдайлар орын алуда. Мектепке жаңадан ЕБҚ білім алушы келсе, оның үйден оқытылуына мәжбүрлейді, тіпті таныс салып, басқа да жолдармен өздері ППМК қорытындысын өзгертіп береді. Неліктен? Құрметті, Асхат Қанатұлы, жоғарыда қойылған сұрақтарыма өзіңіздің толық жауап беруіңізді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ләззат Амангелдіқызы! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Сіздің өтінішіңізге сәйкес өтініште көрсетілген жағдайды зерделеу үшін құрамында Жезқазған қаласының Білім бөлімі басшысы Ж.Е. Әлмағанбетов, білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.А. Кунедилова, білім бөлімінің әдіскері Ш.А. Қуанышбекова енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы өтінішті объективті қарау мақсатында жұмыс тобы №3 мектеп басшылығымен, мұғалімдерімен, мамандарымен кездесу өткізді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Оспанова Б. Ж., директордың орынбасары Камалова Г. г. психолог Джалмаганбетова г. Б., логопед Валиева В. С. тарапынан Сізге жеке кеңестер берілді. 2022 жылғы 24 қарашада №3 орта мектебінің әкімшілігі тарапынан зерттеу жүргізу және кеңес беру мақсатында косилиум шешімімен қалалық ПМПК-ға жолдама берілді. Сонымен қатар, Ұлытау облысының Білім басқармасының ақпаратына сәйкес жұмыс тобының қорытындысыбойынша Сіздің өтінішіңізге сәйкес Сіздің ұлыңыз Бейбарыс қазақ тілінде оқытатын №21 орта мектепке ауыстырылды. ПМПК-ның ұсынысы бойынша Байарысқа жаңа мектепте педагог-ассистент берілді. Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылысыз.
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 23.01.2023, 12:04Сулейменов Кенесары
- Аймағамбетов А.Қ.
- 03.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 84
- № 761011
Құрметті Асхат Қанатұлы! Мен, Сулейменов Кенесары Мәшімұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, Астана қалалық білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталыққа (бұрынға атауы «Білімді жаңғырту орталығы») жетекшілік лауазымына құжаттарымды тапсырған едім. Құжат қарастырған комиссия «біліктік санат жоқ» деген себеппен құжаттарымды қайтарды. Алдымен, конкурсқа қатысуды негіздейін: - мектеп мұғалімдерімен 2008 жылдан бері «Мектеп математикасын оқытудың әдістемелері» және «Мектеп оқушылары мен зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістері» тақырыптарында әдістемелік семинарлар өткізіп келемін. - 2008 жылдан бері мектеп оқушыларының «Теориялық математика» және «Қолданбалы математика» секциялары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі болып, жұмыстар Республикалық және Халықаралық конкурстарда жеңімпаз болды. - Әдістемелік жұмыс жайында «Исследовательский подход в обучении школьной математике» атты диссертациялық зерттеністі аяқтадық, мен ғылыми жетеші боламын және диссертация келер жылы қорғауға шығады. Конкурсқа қатысудағы мақсатым - қалалық әдістемелік орталықта әдістемелік бағытта зерттеу жұмыстарын дамыту, мәселен, математика бойынша зерттеніс тұрғыдан математика материалдарын қарастыру, мұғалімдерді «оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бағытында оқыту және жұмылдыру және т.б. Жоғарыда комиссияның «біліктік санаты жоқ» - деген бағаны ғылымда да әдістемелік жұмыста да қажетті тәжірибесі бар адамға қандай мағынада бергені түсініксіз? Сізден өтінерім – осы мәселеге сіздің араласуыңыз қажет деп есептеймін! ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Кенесары Сулейменов!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
13 шілдедегі № 338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 8-тарау 1-параграфында Әдістемелік орталық басшысының лауазымдық міндеттері бекітілген.
Аталған бұйрыққа сәйкес Әдістемелік орталық басшысы лауазымы бойынша жұмысқа орналасу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;
«үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «білім беру ұйымы» бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары не «ұйымдастырушы-басшы» немесе «басшы-менеджер» немесе «көшбасшы-басшы» біліктілік санатының болуы міндетті болып табылады.
Аймағамбетов А.Қ. 05.12.2022, 02:42Әлкебай Гулнәр
- Аймағамбетов А.Қ.
- 02.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 81
- № 760962
Саламатсызба ! Мен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде қызмет атқарамын . «Тарих, құқық, экономика негіздері» пәндерінің мұғалімі мамандығым бойынша негізгі лауазымыма қосымша құқықтану пәнінен сабақ беремін. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК 169/5 түзету мекемесінде (24 академиялық сағат) 2 курс «Техник-механик» оқу тобына құқықтану пәнінен сабақ беріп келемін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беру мектептеріндегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелердегі балалармен жұмыс істегені үшін БЛА 30 пайыз» қосымша үстемақы төлеу көзделген . Қаулыда «азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақы белгіленсін» делінген Қазіргі таңда есеп-қисап бөлімі осы қаулығы байланысты маған ЗК 169/5 №222-2 оқу тобына сабақ бергенім үшін 176 теңге 97 тиын қосымша ақы төлеп отыр. Бірақ 17697 теңгенің 30 пайызы 5309 теңгені құрамақ. Осы мәселені шешу үшін 22.11.2022 жылы колледждің келісу комиссиясына арыз жолдаған болатынмын. Алайда есеп-қисап бөлімі үстемақыны дұрыс төлеп отырғандарын алға тартып, ауызша жауап қайтарды, жазбаша түрде 176,97 теңгенің қайдан шыққанының дәлелдеп көрсетпеді. Осы аталған мәселелерге байланысты : 1. Түзету мекемесіндегі оқу тобына сабақ бергенім үшін төленетін үстемақының мөлшерін анықтап беруіңізді сұраймын, 5309 теңге ме әлде 176 теңге 97 тиын ба? ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы кеш! Сіздің өтінішіңіз қарастыруға алынды.
Аймағамбетов А.Қ. 02.12.2022, 06:32Бектурганова Айнур
- Аймағамбетов А.Қ.
- 02.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 110
- № 760948
Здравствуйте. Министр неоднократно говорил, что рассматривается вопрос о повышении заработной платы директоров и заместителей директоров школ. Хотелось бы узнать, будет ли повышение именно для данной категории работников с января 2023 года? ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый вечер! Ваш вопрос принят для рассмотрения.
Аймағамбетов А.Қ. 02.12.2022, 06:30Кайрлиева Карылгаш
- Аймағамбетов А.Қ.
- 02.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 105
- № 760939
Саламатсіз бе! Мен жеке меншік колледжде оқытушымын.Оқу студенттерге 5 күндік,сенбі күні сабақ болмайды. Бірақ басшылық оқытушыларға сенбі күні жұмысқа келіп 4 сағат отырасыңдар деп талап қойып отыр. Сенбі күні жұмысқа келмеген оқытушылардың еңбекақысын қиып тастады. №410 бұйрықты айтып көрсетсек те басшылық тыңдамады. Жалақы тек сабақ берген сағатымызға ғана төленеді . ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы кеш! Сіздің өтінішіңіз қарастыруға алынды.
Аймағамбетов А.Қ. 02.12.2022, 06:29