- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
Танатарова Сандугаш
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 85
- № 728517
Құрметті Асхат Қанатұлы! Мен, Танатарова С.К. Атырау иқаласындағы №37 орта мектебі ұстазымын. Бірінші мәселе бойынша, 2020/2021 оқу жылы барысында , дәлірек айтсақ, 05 қазан күні қалалық «Атырау» газетіне Қалалық білім бөлімінің Атырау қаласы бойынша бос директорлық лауазымдарға байқау ұйымдастырып жатқанын оқып, таныстым. Өз кандидатурамды ұсынбақшы болып, құжаттар жинақтаған болатынмын. Тапсырар кезде, менің құжаттарымның толық еместігін білдім. Соның ішінде «Білім беру менеджменті» курсын оқуым керек екен. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы ұйымдастырып жатқан /25.10-05.11 аралығындағы/ «Білім беру менеджменті» курсын оқып алдым. Желтоқсан айында тағы да байқау жөнінде біліп, Қалалық білім бөліміне қайтадан , «Тар жол, тайғақ кешумен» кадр жөніндегі инспекторы М.Х. Жұмахметоваға қаламыздағы № 38 мектеп-лицейіне деп құжаттарымды жинақтап тапсырдым. Ол кісі «Алдымен мектептің Қамқоршылық кеңесі, сосын Облыстық білім беру басқармасы, соңында Қалалық білім бөлімінің әңгімелесулерінен өтесіз»деді. Мен өзім іштей дайындалдым. Желтоқсанның орталарында Жандарбек Жұмабаевич деп өзін таныстырған бір бейтаныс адам хабарласты. Телефон арқылы сөйлескенімізде, ол кісі өзін аталған мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы екенін жеткізді. Маған өзімнің түйіндемемді және даму жоспарымды жіберуімді өтінді. Жібердім. Кейін кешкі 20.30-да ссылка жіберіп, онлайн жиналысының өтетіндігін айтты. Мен келістім. Жиналысқа сағат 21.00-де кірді. Жандарбек Жұмабаевич деп тағы да өзін таныстырған кісі чатта басқа адамдардың барын айтып, шығып кетулерін сұрады. Жиналыс басында не үшін жиналып отырғанымызды айтып, маған сөз берді. Мен өз алдына кім екенімді, мақсатым аты аталған мектепке кандидатурамды ұсынып жатқанымды, бұрын соңды мектеп басшысы қызметі бойынша тәжірибем жоқ екенін сөз еттім. Мектеп бойынша жасақтаған даму бағдарламамның шикі екенін, оны жұмыс барысында командалық түрде толықтырулар мен өзгерістерге ұшырататынымды да басып айттым. Бір ғана мен жасақтаған жоспармен мектепті дамытамын деп айта алмайтындығымды да ескерттім. Маған қойылған сұрақтарды айтып өтейін. «Сіз балаға не бере аласыз? Не себепті осы мектепті таңдадыңыз? Сіз оқу ісі меңгерушілігін екі жыл атқарып, өз арызыңызбен тапсырған екенсіз, ертеңгі күні сіз біздің мектепті тастап кетпесіңізге кім кепіл береді?» Сонымен қатар, ұят та болса айтайын, үстінде үй халаты, басында қисайған орамалы бар , әңгіме барысында білгенім «Баян апа» деген үлкен кісі «Сен орысша білмейсің, бізге бармайсың» деп дүрсе қоя бергені болды. Сұрақтарына мүмкіндігімше жауап беруге тырыстым. Мен 26 жыл мектепте ұстаздық қызмет атқарып келемін, балаға білім мен тәрбиеден басқа берерім жоқ. Бұл мектепті таңдауым өзім тұрып жатырған ықшамауданда орналасқан. Үйіме жақын. Мектепте басшы бола қалған күнде ертең тастап кететінімді бір Алла білмесе, менің алдымды болжайтын көріпкелдігім жоқ. Орысша білмейді деп сөккеніне «Маған орысша тікелей сұрақ қойылмады. Өз ана тілімде қалай сөйлесем, орыс тілінде солай сөйлеймін» деп жауап бердім. Артынша олар менің чаттан шығуымды өтінді , мен шығып кеттім. Менімен өздерінің кім екенін де таныстырмастан, ешқандай этика сақтамастан сөйлескендері ойға сиымсыз нәрсе сияқты болды. Артынша, желтоқсанның 30 күні менің электронды поштама Қбб-нен хат келіп түскен екен. Жаңа жылдың алды, қауырт жұмыс пен дайындық барысында байқамасам керек, сол күйі қалған. Кейін Мемлекетіміздегі келеңсіз жағдай, интернет желісі іске қосылмай, қарай алмадым. Қаңтар айының 10-ы күні тек қарау мүмкіндігіне ие болдым. Қбб-і басшысы Ф.Ғ.Шангереевадан екен. Менің аталған мектептің Қамқоршылық кеңесі ұсынымы бойынша конкурстан өтпегендігімді хабарлапты. Алып ұшып Қбб-і басшысының қабылдауына бардым. Кірдім. Сөйлестім. «№38 мектеп-лицейінің Қамқоршылық кеңесімен келісімге келіңіз» дегеннен басқа мардымды жауап ала алмадым. Біріншіден, Қамқоршылық кеңес туралы мағлұматтарды мен олармен кездеспей-ақ тұрып қарап шыққан болатынмын. Олар мектеп директорын сайлау немесе шығару кезеңінде қатысады делінген, бірақ шешім шығарады делінбеген. Екіншіден, ҚР-сы Білім және ғылым министрінің,яғни Сіздің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығыңызда көрсетілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 4-параграфы «Әңгімелесуді өткізу» тәртібіне үңілсек, 76 пунктінде «Кадр резервіне алынған кандидаттар бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымдарын тағайындауға конкурс жарияланған кезде қамқоршылық кеңеспен келісу кезеңінен өтеді» делінген. Мұнда да бір шешім шығарады деген сөз келтірілмейді. Сонда, менің кандидатурамды қай жағынан өткізбей отырғанын түсіне алмадым. Қамқоршылық кеңесі меннен құжаттар сұратқанына қарағанда, менің Қбб-не тапсырған құжаттарым есепке алынбаған. Қамқоршылық кеңес өздерінің кім екендерін таныстырмағандарымен қоймай, хаттамаларымен таныстыруға да жарамай қалды. Қбб-і олардың хаттамаларының /бар, жоғы белгісіз/ шығыс хатын негізге алып, шешімді шығара салды. Менің еңбегім еш болып қалды. Менің тағдырымды сонда үстіне халат киген үй жағдайындағы Баян апа, жолда мәшине айдап келе жатырған, арнайы жұмыс киімін /спецовка/ киген адам шеше ме? Түсінбедім. Бұл жерде Қамқоршылық кеңесі адамдарын даттайын деп отырғаным жоқ, Қбб-нің жұмыстарына салдыр-салақ қарауларын басып айтқым келеді. Қбб-нің басшысы Ф.Ғ.Шангерееваның сөзі «Сіз сияқты талай басшылық орынға құжат тапсырып жүрген адамдар Қамқоршылық кеңесінен өте алмай жүр. Жалғыз сіз емессіз» дейді. Осы мәселе бойынша Облыстық білім басқармасына шағымданған болатынмын. Жауапсыз қалып отыр. Атырау облысы білім саласын бақылау департаментіне Б.Таишев шақыртқан болатын. Ол кісі бәрі дұрыс, сіздікі дұрыс емес дегенге келтірді. Жауап береміз деген, сол күйі жауап та ала алмадым. Атырау қаласында қаншама мектеп бос тұр. Жұмыс жасайын деп талпынғандарды кеудесінен ысыра берсе, кім жұмыс жасайды? Басшылық орынға отырғызу бір қалалық білім бөлімі басшысы Ф.Ғ.Шангерееваның қолында іспетті. Екінші мәселе бойынша, 2021/2022 оқу жылы барысы сәуір айында педагогтердің санатын көтеру тестісінен өткеннен соң, портфолио жинақтап Қалалық білім бөліміне тапсырғанмын. Тамыз шешімі бойынша өтпедім. Ол кезде менің авторлық бағдарламам дайын болмаған еді. Авторлық бағдарламаны жазу оңай іс емес екенін өзіңіз де түсінетін шығарсыз. Екінші мүмкіндігімнің барын ескеріп, авторлық «Эссе жазу методологиясы» атты бағдарламамды,оқушы дәптерін қазан айының соңында ғана аяқтап, оны шығарып, Алматы облысы,Талдықорған қаласындағы «КӨШБАСШЫ» оқу-әдістемелік орталығына жіберген болатынмын. Ол жерде менің бағдарламам қаралып, Республика көлемінде таратылуға жарамды делінген куәлік, кеңес шешімі, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты «Innovation-Kolday», ҚҚ жетекшісі А.Молдабаеваның, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы,филология ғылымдарының кандидаты, «КӨШБАСШЫ» оқу-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері А. Тұрысбекованың рецензиялары берілген болатын. Сол бар, басқа да жетістіктерім бар барлық құжаттарымды қайта жинақтап, желтоқсан айының басында қайтадан Қалалық білім бөліміне портфолиомды тапсырдым. 30 желтоқсан, 2021 жылғы № 429 педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы Облыстық білім басқармасының басшысы С.Ы.Есенғалиевтің бұйрығын алып, ол кісіге бұйрық шешімімен келіспейтіндігім жөнінде шағым да жаздым, аяқтай да барып жолықтым. Тағы да мардымды жауап ала алмадым. Облыстық білім басқармасы комиссия төрайымы Мағзомова деген кісімен және Облыстық әдістемелік орталығы басшысы Дана Қонысқызымен де сөйлестім. Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы басшы орынбасары Аққу Елемесқызымен сөйлестім. Мәселемді айттым. Айтқаны, авторлық бағдарламамның Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте қаралмаған және сіздің осы уақытқа шейін алған марапаттарыңыз жарамсыз дейді. Осы авторлық бағдарламаммен облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына да қатынастым. Менің жеке марапаттарым: 1. 2020 ж. Халықаралық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасында олимпиадада І дәрежеелі диплом; 2. 2020 ж. Республикалық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасында олимпиадада І дәрежеелі диплом; 3. 2020 ж. Атырау облысы бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасында олимпиадада І дәрежеелі диплом; 4. 2020 ж. Желтоқсан айында өткізілген Республикалық «Қазақ тілі» Блиц-турнирінде І орын; 5. 2020 ж. Желтоқсан айында өткізілген Республикалық «Қазақ әдебиеті» Блиц-турнирінде І орын; 6. 2020 ж. Республикалық Дәстүрлі интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған Қазақ тілі пәнінен олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 7.2021 ж Bilimland сайтында «Online Mektep- тегі үздік БЖБ» байқауынан ІІІ деңгейлі «Сертификат» № 015907 8.2021 ж Bilimland сайтында «Online Mektep- тегі үздік ТЖБ» байқауынан ІІІ деңгейлі «Сертификат» № 016173 9.2021 ж. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің І дәрежелі жеңімпазы, Диплои №Т-0473530 10 . 2021 ж. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің І дәрежелі жеңімпазы, Диплои №Т-0473526 11. 2021 ж. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің І дәрежелі жеңімпазы, Диплои №Т-0448528 12. 2021 ж.Uchitelia.kz білім беру интернет порталы ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында Қазақ тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі жеңімпазы, Диплом № 31707 13.2021 ж. Қазақстан Республикасы «Өнеге» интеллектуалды білім порталы Алғыс хаты, № 001546 14. 2021 ж.Gaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті, Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері, № D-234559 /сертификатымен/ 15. 2021 ж.Gaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті, Қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері, № D-234563 /сертификатымен/ 16. 2021 ж.Gaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті, Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері, № D-234597 /сертификатымен/ 17. 2021 ж.Gaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті, Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері, № D-234579 Оқушыларымның жетістігі: 1.2018 ж. Республикалық олимпиадада жүлделі ІІІ орынға ие болды, сертификатпен 11 «Б» сынып оқушысы Хамид Анель марапатталды. 2. 2019 ж. Қалалық «Қадыр оқулары» сайысында 9 «А» сынып оқушысы Ғибратжан Аида жүлделі ІІІ орынға ие болды. 3. 2020 ж. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қашықтықтан ұйымдастырылған қалалық «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе жазу сайысында 8 «Ә» сынып оқушысы Жұмабаев Ернар жүлделі ІІ орынға ие болды. 4. 2020 ж. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қашықтықтан ұйымдастырылған облыстық «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе жазу сайысында 8 «Ә» сынып оқушысы Жұмабаев Ернар «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» Алғыс хатына ие болды. 5.2021 жылдың 13 қыркүйек-05 қазан күндері аралығында өткен «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Қауырсын қалам» байқауында І жүлделі орынға 5 «Ғ»сынып оқушысы Чеченов Дмитрий марапатталды, №007311 Мен соңғы жылдары мектеп директорының ғылыми, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. Оқу ісі меңгерушілерінің бір сыныптан артық сынып ала алмайтынын өзіңіз жақсы білесіз. Соған қарамастан, дарынды оқушыларды бар мүмкіндігімше шығара білдім. Менің Республикалық олимпиададан бір емес екі рет олимпиадаға қатынасқан оқушым Хамид Анель менің жолымды қуып, Батыс-Қазақстан гуманитарлық университетінің студенті атанды. Мен үшін, ұстаз үшін ұлы жеңістің бірі осы деп білемін. Осы еңбектерімнің барлығы да есепке алынбайды дейді. Қазіргі таңда, қашықтық олимпиадаларға қатынаспасақ, басқа амалын көріп отырған жоқпын. Еліміздегі орын алып отырған жағдайлармен санасуымызға тура келіп отыр. Біліктілігімді арттыруды бір де бір тоқтатқан емеспін. 1. 2018ж. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 334 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым. 2. 2019 ж. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша курсы; 3. 2020 ж. « Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық дамуын басқару» курсын Алматы қаласында тәмамдағанмын. 4. 2021ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы /базалық деңгей/ бойынша 56 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтадым; Берілген күні: 10.08.2021ж. 16 се33f81 . 5. 2021ж.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы онлайн форматта өткізген 34 академиялық сағат көлеміндегі критериалды бағалау бойынша каникулдық мектепке қатыстым.1а8cbe039. 6. 2021 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған « Білім берудегі менеджмент» курсын тәмамдағанмын. № 0482200 Мектеп басшылығына да құжаттар тапсырғанмын. Оны да өткізбей отыр. Мұны қалай түсінуге болады? «Қазіргі таңда білім басқармасындағылардың жеке маған жасап отырған қастандығы ма?» деп те ойлауға тура келеді. Осы мәселе бойынша ақ, қарасын анықтап, жазбаша түрде жауап беруіңізді өтінемін.. Олай дейтінім, біздің мектептен небәрі 3-4 жылдай қызмет атқарған ағылшын тілі пәні мұғалімі Мұратова Жадыраны 26 жыл қызмет атқарып отырған менің санатыма /зерттеуші/ теңестіріп отыр. Қай еңбегі мен дәрежесіне? Осы сұрақтармен Облыстық білім беру басқармасының қабылдауында болдым. Олардың берген жауабы Мұратованың І санаты болған дейді. Мен мектебіміз 2017 жылы ашылғалы екі жыл ғылыми, екі жыл оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болдым. Табельді жаздым. Мұратова санатсыз болатын. Мұны іштарлық деп қарамай, әділетсіздік деп қарауыңызды сұраймын. Сізден осы көтеріліп отырған мәселеге оң түсіністікпен қарап, дұрыс және жазбаша түрде жауап береді деп үміттенемін. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Сандуғаш! Сіздің №38 мектеп-лицейінің бос директорлық лауазымға қатысу үшін берген өтінішіңіз бойынша конкурс 2021 жылдың 26 қараша күні бұқаралық ақпарат құжаттарына жарияланған. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілген. Аталған бұйрықтың 142-тармағы және 143-тармағында «қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығаратындығы» – туралы берілген. Осыған орай Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау тәртібіндегі конкурсқа қатысу кезінде білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесінің келісімін алу міндетті болып табылған. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының 79-тармағының 5) тармақшасында «педагог-шебер» біліктілік санатын беру тәртібіне қойылатын талаптар берілген. Оның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар болуы міндетті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығында бекітілген конкурстар мен жарыстардың қорытындысы біліктілік санатын беру кезінде есептелінеді.
Аймағамбетов А.Қ. 02.03.2022, 09:12Нұрмұрат Әл-фараби
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
- 78
- № 728512
Ассалаумағалейкум. Біз "Автоматты станоктарды" (CNC Machine) үйрету, жөндеу, сатумен айналысатын ЖШС. Біздің ЖШС кәсіпкерлерді және басқа да азаматтарды арнайы курстарға (қайта даярлау, біліктілікті арттыру) оқыту жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Мысалы "CNC станок операторы", "3D модельдеу" т.с.с. Осындай қызметпен айналысу үшін бізге "лицензия" алу қажет па? Және біз оқуды аяқтаған адамдарға "Сертификат" бере аламыз ба? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Әл-фараби! Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 8 тармағында (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1 қосымшасында білім саласындағы лицензияланатын қызметтер тізімі айқын белгіленген. Білім саласындағы уәкілетті орган заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға тек төмендегі қызметтерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді: • бастауыш білім; • негізгі орта білім; • жалпы орта білім; • біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім; • біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім; • кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім; • кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; • діни білім беру үшін. Осы ретте, Комитет қосымша білім беру саласындағы қызметтің лицензиялануға жатпайтындығын хабарлайды. Сонымен қатар, білім беру қызметімен айналысу құқығы лицензиялауды талап етпейтін білім беру ұйымдарында заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу сәтінен өткеннен бастап туындайды (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 40-бабының 2-тармағы). Мемлекеттік үлгідегі құжаттар лицензиясы бар білім беру ұйымдарына «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес беріледі. Заңның 14-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес білім беру бағдарламалары мазмұнына және олардың бағыттарына (мақсаттарына) қарай: 1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық); 2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық); 3) қосымша болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қосымша білім алған адамдарға біліктілік беру туралы куәлік, Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Осы жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіпте шағым жасауға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
Аймағамбетов А.Қ. 05.03.2022, 11:49Мурзагалиев Дамир
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 96
- № 728496
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовке Құрметті Асхат Қанатұлы! Мен, Мурзагалиев Дамир Елемисович, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын. Бұл лауазымға 2019 жылы тағайындалған болатынмын. Өзім 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық» факультетінің «Құқық және экономика пәні мұғалімі» біліктілігімен аяқтадым. Қазіргі таңда үздіксіз 21 жыл педагогикалық еңбек өтілім бар. 2008 жылдан бастап мектеп басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп басшысы лауазымдарын, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметтерін атқардым, яғни әкімшілік өтілім жетерлік. Сонымен қатар, 2018 жылы «педагог-сарапшы» біліктілік санатын алдым. Менің Сізге қояр сауалым: 2022 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебіне БҚО ББ бұйрығымен тексеріс келген болатын. Тексеріс қорытындысы бойынша менің мамандығым «атқарып жүрген лауазымыма сәйкес келмейді» деп қорытынды шығарыпты. Тағы да айтамын, менің мамандығым «Құқық және экономика пәні мұғалімі», мектеп басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары лауазымын атқарамын. Білім Басқармасының анықтамасы негізінде мектеп басшысы маған «Мамандығы атқарып отырған лауазымыма сәйкес келмейтінін» ескертіп, хабарлама беріп отыр. Яғни, бір айдан соң лауазымды босатуым керектігін ескертті. Осыған орай, төмендегі құжаттардағы нормаларға сәйкес түсініктеме беруіңізді сұраймын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауының 2-параграфында «Басшысының (директордың) орта білім беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы техникалық және кәсіптік білім беру) ақпараттандыру жөніндегі орынбасарының» лауазымдық міндеттері және біліктілікке қойылатын талаптар көрсетілген. Біліктілікке қойылатын талаптар: «Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат, оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы» делінген. Осындай біліктілік талаптары осы тараудың 3-параграфы, яғни «Орта білім беру ұйымдарының басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру)», 4-параграфы, яғни «Орта білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және техникалық-кәсіптік) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары» лауазымдарына да қойылған. Сонда, менің мамандығым бойынша мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болуыма болады екен де, ақпараттандыру жөніндег орынбасары болуға болмайтын болғаны ма. Әлде, Білім Басқармасы аталған біліктілік талаптарды өздерінше түсінгені ме? Аталған сауалымды жолдай отырып, менің жоғары білім туралы диплом бойынша мамандығымның «Мектеп басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары» лауазымына сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін анықтап, түсіндірме беруіңізді сұраймын. Құрметпен, Дамир Елемиович Мурзагалиев ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Дамир Елемисович! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының (2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 өзгерістерімен) 248-тармағына сәйкес басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының біліктілікне қойылатын талаптарға сай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл немесе кәсіптік педагогикалық қайта даярлаудың болуымен білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындарда (ұйымдарда) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Аймағамбетов А.Қ. 02.03.2022, 09:13Титова Екатерина
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 105
- № 728489
Здравствуйте! Интересует контроль над реализацией Программы Подушевного Финансирования школ на местах в области? В Карагандинской области программа не осуществляется, ответственных лиц нет. Кто ставит школу на баланс этой программы? Почему Управление Образования не занимается реализацией программы! ? Предусмотрен алгоритм перехода школы на эту программу, но конкретно кто это делает непонятно! Почему до сих пор негласные поборы в школах? Почему до сих пор не предусмотрен закуп предметов гигиены для детей, первая необходимость!? Программа есть, финансирование есть- реализации нет! ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Екатерина! Ваше обращение перенаправлено в акимат Карагандинской области для рассмотрения.
Аймағамбетов А.Қ. 24.02.2022, 10:05Алимов Дастан
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 66
- № 728463
Я написал обращение №728460. Прошу это обращение закрепить на свод юридической службе министерства. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Алимов Дастан! Министерство образования и науки Республики Казахстан, рассмотрев ваше обращение, сообщает следующее. Согласно подпункту 6) пункту 2 Номенклатуры видов организаций образования, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50, центр по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодежи относится к комбинированным организациям среднего образования (начального, основного среднего, общего среднего), в том числе специализированные и специальные организации образования. В соответствии с пунктом 13 Устава Республиканского государственного казенного предприятия «Республиканский научно-практический центр «Дарын», утвержденного приказом и.о. Председателя Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан от 8 июня 2012 года № 538, целью деятельности Предприятия является создание условии для выявления, развития и реализации потенциальных возможностей и творческих способностей одаренных детей Республики Казахстан. Таким образом, считаем, что указанное предприятие относится к комбинированным организациям среднего образования. В случае несогласия с данным ответом Вы вправе обжаловать его в порядке, предусмотренном Административно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.
Аймағамбетов А.Қ. 09.03.2022, 09:48Алимов Дастан
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 54
- № 728460
Мною был направлен запрос за №726453, однако на него дан неверный и неграмотный ответ. Причем тут приказ МОН №145, когда вам говорят, что правила исчисления стажа работы работникам организаций образования и науки действуют для работников ОРГАНИЗАЦИЙ образования и НАУКИ с приведением аргументов, что центр Дарын не является таковыми организациями??? Если не поняли о чем речь, ,посмотрите пункт 1 и на само название приказа МОН РК №302 от 14 июня 2010 года. В приведенном ответе даже неверно указано название приказа №302. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Алимов Дастан! Министерство образования и науки Республики Казахстан, рассмотрев ваше обращение, сообщает следующее. Согласно подпункту 6) пункту 2 Номенклатуры видов организаций образования, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50, центр по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодежи относится к комбинированным организациям среднего образования (начального, основного среднего, общего среднего), в том числе специализированные и специальные организации образования. В соответствии с пунктом 13 Устава Республиканского государственного казенного предприятия «Республиканский научно-практический центр «Дарын», утвержденного приказом и.о. Председателя Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан от 8 июня 2012 года № 538, целью деятельности Предприятия является создание условии для выявления, развития и реализации потенциальных возможностей и творческих способностей одаренных детей Республики Казахстан. Таким образом, считаем, что указанное предприятие относится к комбинированным организациям среднего образования. В случае несогласия с данным ответом Вы вправе обжаловать его в порядке, предусмотренном Административно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.
Аймағамбетов А.Қ. 09.03.2022, 09:47Тленшина Гульзада
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 81
- № 728450
Уважаемый Асхат Канатович! К Вам обращается кандидат исторических наук, ассоциированный профессор Кокшетауского университета им. Ш.Уалиханова. У меня вопрос: в каком размере увеличена доплата за степень кандидата наук преподавателям вузов Казахстана с 1.01.2022 г.? Мой телефон 8(777)408-94-44. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Гульзада! Согласно пункту 1 статьи 43 Закона «Об образовании» организации образования самостоятельны в осуществлении учебно-воспитательного процесса, подборе и расстановке кадров, научной, финансово-хозяйственной и иной деятельности в пределах, установленных законодательством Республики Казахстан, типовыми правилами деятельности организаций образования соответствующего типа и уставами организаций образования. Так, в текущем году, 25.03.2021г. принят приказ №122 «Об определении рекомендуемой педагогической нагрузки и минимальной заработной платы профессорско-преподавательского состава в организациях высшего и (или) послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан» определена минимальная заработная плата штатного ППС ОВПО при нагрузке не более 680 академических часов за учебный год: Для преподавателя – 200 000 тенге; Для старшего преподавателя-230 000 тенге; Для ассоциированного профессора-260 000 тенге; Для профессора – 350 000 тенге; В национальных ОВПО для профессора - 400 000 тенге. Таким образом, организации высшего образования на основании решения совета директоров в вопросах финансово-хозяйственной и иной деятельности принимают решения самостоятельно.
Аймағамбетов А.Қ. 02.03.2022, 09:00Тагаиев Аманжол
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 84
- № 728446
Қайырлы күн Асхат Қанатұлы! Атым Аманжол. Сізге 3 рет өтініш жолдап отырмын. Менің 2022 жылдың 9 ақпан күні берген № 726254 өтінішіме, Атырау облысы әкімдігіне қарастыру үшін жолданды деп жауап берген болатынсыз. Осының шешімі бойынша Сіз берген Атырау облысы әкімдігінің +7 (7122) 35-40-92, 271125 (157) нөмірлері ешқандай жауап бермейтінін және бұл өтінішімнің аяқсыз қалып жатқанын тағы да ескерткім келеді. Бұл жалғыз менің жан айқайым емес, бұл барлық ата-аналардың жан айқайы. Сондықтан Сізден тағы да өтініп сұраймын, бөбектердің балабақшаға орналасуына кедергі келтіріп тұрған Индиго порталына өзеріс енгізуіңізді. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Аманжол! Атырау қаласында мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бар мектепке дейінгі ұйымдарға бос орындарға меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қабылдау тәртібі автоматтандырылған (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары" бұйрығына сәйкес). Осыған байланысты барлық әрекеттер электрондық жүйеде www.indigo24.kz сайты арқылы ата-аналардың өздері ЭЦК-мен жеке кабинетінде жүзеге асырады. Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Сіздің балаларыңыз жеңілдік кезегінде тұр (№ 421 – Қарлығаш, № 425 - Сандуғаш, № 429 – Гауһартас). Бұйрықтың 24 тармағы 5 тармақшасына сәйкес өтініш берушілерге мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы өз бетінше алу мүмкіндігі беріледі. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 28-тармағына, сондай-ақ «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 1-қосымшасының 22-тармағының 2-тармақшасында айқындалған жас кезеңділігіне сәйкес жолдамаларды беру кезінде баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі толық жас жағдайы бойынша ескеріледі. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне сіздің балаларыңыз 3 жасқа толғандықтан, электрондық жүйе 4 жастан 5 жасқа дейінгі топқа жолдама бере алмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіздің мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жұмыс істейтін мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға 3 жастан 4 жасқа дейінгі топқа жолдама алу мүмкіндігіңіз бар. Осы мәселе бойынша толық ақпарат алу үшін Сіз Атырау қаласының білім бөліміне хабарласа аласыз.
Аймағамбетов А.Қ. 03.03.2022, 06:11Беккулова Армангуль
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 78
- № 728418
Обращения 727658 получили ответ не понятный.Вопрос был такой. 11 класс выпускник алтын белгі, где и как будут сдавать экзамены? Вы ответили. Уважаемая Армангуль! Итоговая аттестация обучающихся 11 класса проводится в соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» (далее – Приказ №125). На сегодня в целях усиления требований к претендентам на получение аттестата об общем среднем образовании «Алтын белгі» и проведения независимой оценки учебных достижений обучающихся 11 классов Министерством вносятся изменения и дополнения в Приказ №125. Предварительно с управлениями образования областей и отделами образования районов/городов проведены совещания, разъяснительная работа. Обучающиеся 11 класса, освоившие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования, сдают итоговую аттестацию в виде пяти экзаменов, один из них - предмет по выбору. Письменный экзамен по алгебре и началам анализа для претендентов на получение аттестата об общем среднем образовании «Алтын белгі» планируется проводить на базе Назарбаев Интеллектуальных школ. Остальные экзамены будут проходить в школах по месту обучения. Аймагамбетов А.К. 18.02.2022, 09:50 Второй вопрос :Я ПРАВИЛЬНО ПОНЯЛА ТОЛЬКО ПИСЬМЕННАЯ АЛГЕБРА БУДЕТ СДАВАТЬСЯ В НИШ. ОСТАЛЬНЫЕ ЭКЗАМЕНЫ В ШКОЛЕ??? УТОЧНИТЕ. И В КАКОЙ ПРЕССЕ ИЛИ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ШДЕ Я МОГУ ПОСМОТРЕТЬ ВСЕ ИЗМЕНЕНИЯ????СПАСИБО. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Беккулова Армангуль! Вам уже неоднократно давались разъяснения по проведению итоговой аттестации для претендентов на получение аттестата об общем среднем образовании «Алтын белгі». Также устные разъяснения даны 25 февраля т.г. по телефону, указанному в обращении. На сегодня Министерством вносятся изменения и дополнения в Приказ №125 «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования». После утверждения приказ будет опубликован в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет».
Аймағамбетов А.Қ. 28.02.2022, 09:49Троеглазова Антонина
- Аймағамбетов А.Қ.
- 23.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 105
- № 728390
Здравствуйте. Мне бы хотелось получить разъяснение о том, что имя Антонина и Антонида это одно и то же имя? ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день! Ваше обращение перенаправлено в Комитет науки МОН РК для рассмотрения.
Аймағамбетов А.Қ. 23.02.2022, 11:31