• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мубарак Салтанат
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 72
  • № 689907

Здравствуйте! Обращаюсь к Вам для решения вопроса о переводе моей дочери-Мубарак Айғаным, ученицы 8 «Б» класса школы гимназии № 31 в школу Бином в связи с переездом в район вышеуказанной школы Бином. Мы проживаем по улице № 38 дом 17 квартира 126 ( адрес прописки и фактический адрес проживания совпадает). В мае года при обращении к классному руководителю о подачи заявки в школу Бином получили отказ в виду того, что переводом в другую школу по причине изменения места жительства внутри города, в нашем случае и подачи заявок должны заниаться сами родители. Я воспитываю дочь одна. Ближайшая школа предложенная интеренет порталом егов школа–лицей № 88, с казахско-русским языком обучения. Школа находится в 4,7км от дома, в степи, кругом идет строительство, общественный транспорт не ходит,добираться самостоятельно до школы для подростка считаю крайне небезопасным, личным автотранспортом не владею, живем вдвоем, возможности провожать дочь не имею. В школе по одному классу с русским языком обучения ( в частности на 2021-2022гг обучения один 9 «В») Администрация школы предупредила, что в школе не хватет преподавателей для классов с русским языком обучения. Айганым с 1- 8 класс училась на «4» и «5», переходит в старшее очень важное предвыпускное школьное звено-9 класс. Качество и условия обучения очень важны. 26 мая 2021 года обратилась в офис школы Бином снова. Сотрудники, принимающие документы отказали в приеме, в виду того, что набор в соответствующий класс был закончен, классы укомплектованы. Позже 28 мая 2021 года я подала заявку онлайн на сайт школы Бином, был получен отказ. Хотя школа непосредственно относится к микроучастку улицы 38 дом 17. Прошу со всем пониманием отнестись к моей ситуации и поспособствовать скорейшему положительному решению. ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Салтанат! В связи с проживанием Вашей семьи на территории обслуживания школы «Бином» (улица № 38 дом 17 квартира 126) данные учащейся 8 «Б» класса ШГ № 31 Мубарак Айғаным будут направлены Управлением образования г. Нур-Султан в приемную комиссию школы «Бином» для включения в список обучающихся. В случае возникновения вопросов Вы можете позвонить в Управление образования г. Нур-Султан по телефонам 55-68-55, 55-67-56.

Аймағамбетов А.Қ. 22.06.2021, 12:15
Абдихан Дәнизат
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 65
  • № 689883

Емтиханда жинаған баллымды қайтаруды сұраймын ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Дәнизат! Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қатысты шағымды қарап, төмендегіні хабарлайды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпаратына сәйкес Академиялық кеңес отырысының 2021 жылғы 5 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде 2020-2021 оқу жылына арналған қорытынды бақылауды өткізу ережесіне сәйкес Сіздің емтихан тапсыру тәртібін бұзғандығыңыз анықталған және ол туралы бейне жазбалар Жағдаяттар басқару орталығында сақталған. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметті дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты, хатта көрсетілген мәселе бойынша Сізге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жүгінуіңіз қажет екендігін атап өтеміз. Сонымен қатар, егер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарапынан Сіздің құқықтарыңыз, заңмен қорғалған мүдделеріңіз бұзылған деп есептесеңіз, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығыңыз бар екендігін атап өтеміз.

Аймағамбетов А.Қ. 14.07.2021, 04:46
Кенбаева Айнұр
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 10.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 81
  • № 689863

Құрметті Асхат Қанатович! Сізге айтар сауалым бар. 2019 жылы балам Медина Дарыновна Аскербекова Қарағанды қаласы, Мичурин көшесі 1/3 ғимаратында орналасқан "Аққу" бөбекжайының табалдырығын аттаған. 2020 жылдың басынан орын алған карантиндік іс-шаралардың салдарынан аталған балабақшада кезекші топтар ашылған. Сол топтардың біріне біздің де Медина бүлдіршініміз барып жүрген. Алайда, ағымдағы жылдың мамыр айының 21 жұлдызынан бастап балам Медина балабақшаға дәлелді себептер бойынша баруын тоқтатқан еді. Ол туралы 21.05.2021 жылы тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген емханаға барып, дәрігерден аурухана парағын аштырттық. Бірақ, 2-маусым күні балабақша тәрбиешісі Мединаның емделуіне қарамастан "Кезекші топтан" директор - Юлия Викторовна Чернявскаяның шығарып тастағанын хабарлады. Себебі балабақша қызметкерлерінің бірінен Covid-19 вирусы шыққан екен. Бұл туралы ақпаратты тәрбиеші What App тіркемесіндегі "Кезекші топ" ата-аналарына хабарлаған екен. Хабарлама мәтінінде ана-аналардан "Кезекші топқа" қайта қабылдау үшін өтініш жазуын сұраған. Алдыңғы өтініштер өз күшін жойған. Жоғарыда көрсеткендей балам Мединаның сырқаттануына байнанысты ұялы телефонға да қараған жоқпын. Менің ойымша мұндай маңызды хабарламалар телефон арқылы жеке айтылуы тиіс. Осы мәселе бойынша келесі күні менің жұбайым балабақшаға барып директормен әңгіме құрған. Алайда, директор тіпті ешқандай сырқаттанған дәлелдерге құлақ аспай, қол бұлғап, ешкімді тыңдағысы келмеді. Сол уақыттан бері жұмыс істеуімізге байланысты баламызды үйден-үйге, туыстарымызға тастап кетіп жүруге мәжбүрлі болдық. Өкінішке орай, директордың осындай адамгершілікке жатпайтын, жағымсыз дөрекі мінез-құлықтарына байланысты баламның құжаттарын алып кетіп, басқа балабақшаға орналастырға мәжбүр болдық. Бізден басқа тағы төрт ата-ана осындай жағдайға тап болды. Осыған байланысты жан-жақты тексеріс жүргізіп, балабақша директорына тәртіптік жаза қолдануыңызды сұраймын. Құрметпен Мединаның анасы - Айнұр Кенбаева. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Айнұр! «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, кадрмен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады. Педагогикалық әдеп қағидаларында (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы) белгіленген нормаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, оның ішінде басшы кез келген жағдайда адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуі, педагогикалық әдептің бұзылуына шағым жасаған адамдарды кемсітпеуі, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы тиіс. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қарағанды облысының Білім басқармасы Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарастырғанын, «Аққу» бөбекжайы КМҚК-ның директоры Ю.В. Чернявскаядан түсініктемелер алынғанын, нәтижесінде алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ауызша ескерту жасалғанын және басшының білім беру үрдісінің барлық қатысушыларымен, ата-аналармен мінез-құлық тәртіптерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қарастыру, ата-аналармен жұмыста педагогикалық этика ережелерінің талаптарын қатаң сақтау туралы ұсыныстар берілгенін хабарлағаны жөнінде қаперіңізге жеткізеді.

Аймағамбетов А.Қ. 03.07.2021, 03:09
Ершова Вероника
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 71
  • № 689833

Добрый вечер, уважаемый Асхат Канатович! В очередной раз обращаемся к Вам, так как предыдущие наши обращения до сих пор находятся на рассмотрении (№688368 от 01.06.2021г и №689138 от 06.06.2021 г). Проанализировав за это время все, что не учли в пункте 73 Приказа 125 от 31.05.2021 г., пришли к следующим выводам, чем и хотит поделиться с Вами, что: 1. Не учитывается при переносе оценок из 9го класса различные системы оценивания. Исходя из элементарной математики получаем: в старой системе оценивания дети получали оценки за различные работы и четвертная и годовая выводилась по средней арифметической, то есть с 4, 5 начиналась оценка 5, переводя в нынешнюю обновленную систему, где только 25% составляет формативная оценка, а остальное составляет суммативные работы и далее высчитывается процент выполнения ребенком, то получается, что ранее только при 90% выполнении выставлялась оценка «5», а в данный момент при 85% выставляется оценка «5» и 2-3% на усмотрение учителя, то есть при среднем арифметическом балле 4,1-4,15 ребенок может получить «5», при котором ранее выставлялась только «4». Вывод: наши дети при переводе оценок в нынешний формат оценивания теоретически уже имеют выше балл, чем указан в аттестате 9-го класса. К слову сказать , что такие моменты обязательно должны были быть учтены при рассмотрении Приказа. 2. Согласно предыдущим Приказам, согласно которых, при отсутствии предметов в профильном компоненте и необходимости этих предметов для дальнейшего поступления, ребенок изучает эти предметы самостоятельно. То есть при выборе профиля «физика-химия» в компоненте отсутствует география и биология. И, если ребенок выбирает будущую профессию для поступления экономику или логистику, для которой нужны математика и география на ЕНТ, то географию ребенок изучает самостоятельно или с репетиторами, но изучает, и далеко не в школе. Следовательно, при отличном усвоении необходимого предмета возможности нет и получить оценку и подтвердить свои знания в суммативной или экзаменационной работе нет. Вывод: при переносе оценки с аттестата 9го класса не учитываются знания ребенка на данный момент, что ущемляет его права. 3. Приказ №125 от 31.05.2021 г.с поправками был издан после окончания учебного года и поэтому вопрос, на сколько законно и честно по отношению к нашим детям его применять к выпуску этого года? Судя по тому сколько в нем недоработанных моментов и абсолютно не учтено то, что дети за период 11 лет закончили 2 различных образования, по одному из которых (9го класса) получен аттестат, то складывается впечатление, что при принятии Приказа забыли каких детей сейчас выпускают, так как это положении подходит только для будущего года, где в аттестате 9го класса уже новая система оценивания. Хотя и там не понятно для чего перенос, если ввели профильное образование 10-11 класса. И зачем аннулировать предыдущий аттестат переносом оценок? Так как при переносе предыдущий становится ненужной бумажкой. На основании вышеизложенного, просим приостановить на 2021 год действие пункта 73 Приказа № 125, а именно в части о переносе оценок до полной доработки Приказа с учетом вышеуказанных моментов. С глубоким уважением, родители выпускников! ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Вероника! В соответствии с пунктом 44 Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденный приказом Министра образования и науки РК от 18 марта 2008 года № 125 (далее – приказ № 125) (с изменениями от 31 мая 2021 года № 248) выпускникам 11 (12) классов, имеющим оценки «5» по изученным предметам, подлежащим включению в приложение к аттестату об общем среднем образовании и годовые, итоговые оценки «5», выдается аттестат об общем среднем образовании с отличием (далее – аттестат с отличием). Таким образом, если у выпускника 11 класса все оценки по изученным предметам за курс общего среднего образования (10-11 классы) и годовые, итоговые оценки «5», то они имеют право получить аттестат с отличием. В Вашем случае выпускники имеют право на получение аттестата с отличием. Норма, прописанная в пункте 73 приказа № 125, действует с 26 ноября 2019 года (изменения внесены приказом МОН РК № 509). Итоговая оценка, которая выставляется в аттестат об общем среднем образовании за 9 класс по предметам углубленного и стандартного уровней инвариантного компонента 10-11 классов, необходима выпускникам при поступлении в высшие учебные заведения. Указанные изменения внесены в первую очередь в пользу детей для поддержки и оценки знаний выпускников по итогам 11 (12) классов и доведены до организаций среднего образования, соответственно педагоги должны были провести разъяснительную работу среди родителей.

Аймағамбетов А.Қ. 25.06.2021, 04:20
Мусаева Райхан
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ғылым ·
  • 140
  • № 689832

Добрый день, уважаемый Асхат Канатович! Первое свое обращение подавала вам 26 мая этого года за № "687190" в блоге "Министр образования и науки РК, Аймагамбетов А.К." на портале «Открытый диалог» Пишу повторно, чтобы отозвать мое обращение, так как вопрос был решен в рабочем порядке Комитетом науки и Институтом археологии. Заработные платы сотрудникам, и мне лично, были выплачены. Календарные планы подготовлены и мы с радостью приступили к своей работе. Не ожидала, что мое обращение было поздним и проблема была решена ранее, не отзывала и не писала повторно так как подумала, что оно уже прочитано и с вашим содействием вопрос решен. Как оказалось, ваше подведомстенная организация во главе с Председателем Комитета науки решило вопрос раньше чем мое письмо в порядке очередности достигло вашего внимания. Тем не менее, Благодарю за обратную связь, Премного признательна вам за вашу работу и вклад в развитии отечественного образования и науки. Благодарю и от имени моих родных, которые работают учителями, за облегчение их труда! ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Райхан! Мы рады, что вопрос решен положительно.

Аймағамбетов А.Қ. 10.06.2021, 05:16
Рабилова Зоя
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 48
  • № 689830

Құрметті Асхат Қанатұлы! Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2021/2022 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесінде B031-Сән, дизайн және D007-Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын (PhD) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ тізімде қарастырылмаған. Республикамызда нағыз суретші-педагогтар, кәсіби суретшілер мен қолөнер мамандарын, дизайнер-суретшілерді дайындауда 90 жылдан астам тәжірибесі бар университетімізде В021-Өнер және В014, 7М014-Педагогикалық ғылымдар бағытында білім алып жатқан студент саны аз емес. B031-Сән, дизайн тобындағы 6 мамандық - «Сәндік қолөнер (ағаш материалдарын көркем өңдеу)» мамандығы бойынша «Домбыра» музыкалық аспабын жасату бойынша белгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловтың мектебі қызметін тоқтатқан жоқ, 2020/2021 оқу жылында да грант бөлінбей, 1 студент қана ақылы білім алуда. Студенттеріміз пәндік олимпиадалар, «Шебер»,«Шабыт»,«Үкілі домбыра»,«Ортеке»,«Подиум», т.б. конкурстар мен көрмелердің жүлдегерлері. Конкурсқа қатысатын ЖОО ішіне Әл-Фараби атындағы ҚазМУ бір кафедра ғана кітап дизайнерін даярлайды. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ техникалық ЖОО нағыз суретші-дизайнер даярлау мүмкін емес. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арнайы білім алмаған жалпы орта мектеп бітірген талапкерлер қабылданбайды, АТУ тек «Сән дизайны» бағытында, ал «Сәндік қолөнер»: зергерлік,тоқыма,қыш,тері,ертұрман,киізүй,саз аспаптары бойынша еш ЖОО маман даярламайды, ал Абай атындағы ҚазҰПУ бакалавр бойынша конкурсқа қатыспайды, бірақ магистратура тізбеде бар. ҚР БҒМ БҒСБК талабы бойынша ЖОО ғылыми дәрежесі 50% болуы керек, олардың 80% зейнеткер, өнер саласында бұрыннан ғылыми дәрежесі барлар аз, соңғы жылдары тіпті магистранттарға жетекшілік жасауға SCOPUS-ы бар ПОҚ жеткіліксіз. Көркем білім беруде дәріс беретін п.ғ.к., PhD санаулы, ал п.ғ.д мүлде жоқ, сонда магистранттарға кім дәріс бермек? Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарында болуы ұлтымыздың мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін және мәдениетін дәріптеуге, дамытуға байланысты екені баршаға мәлім. Осыған орай, еліміздің мәдениеті мен өнерін өркендету мен дамытуда ұлттық қолөнеріміз бен қалаларымыздың дизайнына үлкен үлес қосатын кәсіби суретші маман даярлау және ғылыми дәрежесі бар зейнеткерлерлеріміздің орнына жас ғалымдарды тарту мақсатында төмендегі ұсыныстар бойынша нақты шешім қабылдауыңызды сұраймыз: 1. 2021/2022 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне B031-Сән, дизайн бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-ін қосып, өзгеріс енгізу; 2. 2018-2021 жж. аралығында D007-Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын(PhD) даярлауға мүлдем грант бөлінбегендіктен, осы жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 5 орын бөлу. ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Зоя! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «2021-2022 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасында В031-Сән, дизайн кадрларды даярлау бағыты бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» АҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыралатын жоғары оқу орындарынының тізімі Комиссия шешімімен бекітілген.

Аймағамбетов А.Қ. 10.08.2021, 06:29
Нуртаева Айнара
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 70
  • № 689822

Добрый день! Подскажите пожалуйста, двое детей учаться в гимназии не по микроучастку, третьего ребенка не принимают в 1 класс, мотивиров тем, что доп мест нет. Разве нет правила обучения детей в одной школе если старшие уже обучаются? Спасибо. г.Алматы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Айнара! Министерство образования и науки, рассмотрев Ваше обращение, сообщает следующее. По информации Управления образования города Алматы с 1 апреля 2021 года в школах города проводится прием детей в 1 класс на 2021-2022 учебный год. Согласно пункту 9 главы 2 Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного, среднего, общего среднего образования, утвержденные приказом Министра образования и науки РК от 12 октября 2018 года № 564 (далее - Правила), прием документов осуществляется через портал электронного правительства (egov.kz), также портал государственных услуг bilimalmatу.kz. Согласно Правилам, организации образования обеспечивают прием детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки. Необходимо отметить, что в школу сначала зачисляются три претендента, подавшие заявление по территориальному обслуживанию школы, только затем один претендент из другой территории, из числа зарегистрировшихся первыми. Вместе с тем, одним из оснований для отказа заявителям (Приложение 1 Приказа) не из территории обслуживания является переполненность класс-комплектов. Кроме того, прием детей в 1 класс организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования конкурсы не проводятся. Прием в гимназии и лицеи осуществляется на конкурсной основе. По дополнительным вопросам Вы можете обратиться в Управление образования г. Алматы по телефону: 272-11-00.

Аймағамбетов А.Қ. 22.06.2021, 12:23
Базилова Айпаршын
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 97
  • № 689817

Құрметті Асхат Қанатұлы! Алматы облысы Ұйғыр ауданы Жаңасай ауылының тұрғындары атынан Сізге өзіміздің арыз-шағымымызды айтқымыз келіп отыр. Біздің Жаңасай ауылы шағын ғана ауыл, өзінше бір мемлекет десек те болады Көзге көрініп тұрған мәдени ошағымыз -біздің ауылдық мектебіміз ғана. Ағымдағы 2021 жылы ауылымыздың мектебі "Жаңасай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жабылады деген шешімнің шыққаны туралы хабар естідік. Осы хабарды естігелі біздің, ауыл тұрғындарында көптеген сұрақтар туындап отыр. Біріншіден, мектеп жабылған жағдайда, ауылдың балалары көрші ауылдың мектебіне қалай барып оқиды? Біздің аулыдың жолын, екі аулдың ортасындағы көпірдің жағдайын көрдіңіздер ме Сіздер? Жарайды тасымалдау көліктері шыққанның өзінде балаларымыздың қауіпсіздігіне кім кепіл береді? Жолымыз баяғы басшылардың жасаймыз деген уәде беруімен келе жатыр: ойлы-шұңқыр, еңіс! Қыста қар қалың жауған кезде көліктер мүлде жүре алмай, төмен сырғанап талай жол апаттары болған. Көпірге келсек ,оның жағдайы мүлдем нашар. Ауыр салмақты көліктер жүрсе ортасынан морт сынғалы тұр. Осындай жағдайда біздің балаларымыздың күнделікті сабаққа бару үшін ауыл арасында жүргенде өмір қауіпсіздігіне кім жауап береді? Екіншіден, мектепте жұмыс істеп жүрген қызметкерлер: мұғалімдер, еден жуушы, күзетші, от жағушы және т.б. жұмысшылар жұмыстарынан айырылады. Олар бір-бір отбасыны осы жалақымен асырап отырған жандар.Мектепте оқитын балалардың жартысы осында істейтін мұғалімдердің балалары. Олар қайда барып жұмыс істейді? Ауылымызда осы мектептен басқа жұмыс істейтін мекемелер жоқ! Осы Жаңасай ауылы ауыл болғалы бері ешкім келіп көмек жасап, ауылдың көркеюіне көмек қолын созған емес. Бұл ауыл жеке орналасқан , ал әкімшілігі жағынан көрші ауылдың округіне қарасты. Сондықтан ауылдың ішінде мектептен басқа мекеме жоқ дегеніміз осыдан. Ауыл тұрғындар өте момын, әйтеуір өз күнімізді өзіміз көріп жатқан жайымыз бар.Қазірдің өзінде ауылда ішетін су да жоқ, бұлақтардың бәрі тартылып қалған, суды өзеннен тасып ішіп жүрміз. Жол жасаймыз, су тартамыз дегелі қай заман, әлі күтудеміз! Бүгінгі технология дамыған заманда біздің ауылда әлі интернет жоқ. Карантин кезінде балаларымыз қатты қиналды, ұялы телефондарын көтеріп бұрыш-бұрыштардан интернет ұстайтын жер іздеп, тіпті далаға шығып тапсырмаларын орындап жүрді. Осындай қарапайым өмір сүру жағдайларының жоқтығы жайына қалып, енді мектебіміздің жабылса не болмақ? Одан басқа балалардың қауіпсіздігіне қатысты тағы да бір үлкен мәселе бар. Ол ауылымыздың таулы аймақта орналасқандықтан қыстық мезгілде ауыл шетінде, тіпті ауыл арасында жүретін ит-құстардың болуы( тау жақтан келетін жабайы аңдар мен құстар). Сабақтан кеш кайтқан жағдайда балаларымыздың аман-есен келуі бәрімізге уайым болады ғой! Осы жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын ескере отырып, біздің , яғни осындай жағдайларда тіршілік етіп отырған қарапайым халықтың ойын мен шағымына назар аудара отырып Сізден дұрыс шешім қабылдауыңызды сұраймыз. Ауылдың барлық мәселесі шешілмесе де, ауылымыздың жалғыз мәдени ошағы -мектебіміздің жабылмауына бар жағдай жасалады деп үміттенеміз! Және осы мәселе бойынша Сіздің жауабыңызды асыға күтеміз. Қазақ ауылдарында қазақ мектептері жабылмасын! ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! «Білім туралы» Заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарын жабу және қайта ашу мәселесін жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Алматы облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында үш білім беру ұйымдары Сүмбе орта мектебі, Бірлік Сүмбе орта мектебі және Жаңасай негізгі орта мектебі орналасқан. Жаңасай негізгі мектебінің ғимараты 1930 жылы тұрғызылған 2003 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, 1 қабатты, 50 орынды, жалпы бала саны 42 оқушы (10 класс комплект), 20 педагог жұмыс жасайды. Жаңасай негізгі мектебі бейімделген ғимаратта орналасқан, оның ішінде 6 оқу кабинеті бар. Бүгінгі таңда Алматы облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес Ұйғыр ауданына қарасты Жаңасай негізгі мектебін жабу туралы мәселе қозғалып отырған жоқ.

Аймағамбетов А.Қ. 18.06.2021, 02:28
Наурызбекова Альмара
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 126
  • № 689816

Уважаемый Канат Маратович! Прошу Вас оказать содействие по надзору над законностью объявления и организации конкурса на занятие вакантной должности проректора по работе со студентами и социальным вопросам, которое было размещено на официальном сайте Дулати Университета 06.05.2021 года. Полный текст обращения прикреплен в письме. ...

Толығырақ

Жауаптар


Уважаемая Альмара! Ваше обращение зарегистрировано под номером 689813.

Аймағамбетов А.Қ. 10.06.2021, 01:01
Тлепов Сулеймен
  • Аймағамбетов А.Қ.
  • 09.06.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 94
  • № 689815

Саламатсыздар ма? Маңғыстау өңірінен С.Тлепов 2002 жылы ЖОО "халықаралық экономика" мамандығын бітірген. Ендігі кезекте осы бітірген мамандығы бойынша қолданыстағы сыныптауыштың қайсысына сәйкес келетіндігін анықтап берсеңіз. Рақмет!!! ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Сүлеймен! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Қ.Рысбаев 2002 жылы «Қайнар» университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шыққан. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес (ҚР БҒМ 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы) «Халықаралық экономика» мамандығы «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағытына жатқызылады.

Аймағамбетов А.Қ. 25.06.2021, 10:31
    Бейсембаев Ғ.Б.

    ҚР Оқу-ағарту министрi

    Бейсембаев Ғ.Б.
    (Мұрағат)

    ҚР Оқу-ағарту министрi

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика