- Блогтар
- Бекманов Д.Н.
Бекманов Д.Н.
ҚР ЦДИАМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы
Бекманов Д.Н.
ҚР ЦДИАМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы
Білімт
004 жылы "Мирас" университетін «Информатика» мамандығы бойынша, 2010 жылы М.А. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында жеке және мемлекеттік құрылымдарда бастады.
2007 жылдан 2009 жылға дейінгі мерзімде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ АТ-консалтинг тобының талдаушысы болды.
2009-2011 жылдар аралығында «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-нің жетекші маманы.
2011 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі, ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінде түрлі лауазымда қызмет етті.
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы болды.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары және Ақпараттандыру департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.
2018 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы ақпанға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылғы ақпанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.