- Блогтар
- Масагутова Э.С.
Масагутова Э.С.
«Қоғамдық келісім» РММ директоры
Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы №262 Қаулысымен «Қоғамдық келісім» РММ құрылды.
«Қоғамдық келісім» РММ басты міндеті – қазақстандық патриотизм, қазақ халқының шоғырландырушы рөлінің арқасында Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени бірлігі негізінде қоғамдық келісім және жалпаұлттық бірлік саласындағы Қазақстан халқы Ассамблясының жұмысын атқару және қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатта «Қоғамдық келісім» РММ ұжымы тұрақты түрде қоғамдық-көпшілік, мәдени-ағартушылық, қоғамдық-тәжірибелік, әдістемелік, халықаралық және ақпараттық-түсіндірме іс-шараларын жүргізеді.
«Қоғамдық келісім» РММ іс-шаралы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде Ассамблея рөлін күшейтуге; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық сананы жаңарту үшін мемлекеттің Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерімен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізуге; Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау мен дамытудағы шоғырландырушы фактор ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға; Ассамблеяның азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысын жүйелеуге бағытталған.
«Қоғамдық келісім» РММ өткізілген іс-шараларының нәтижелері бойынша Ассамблея институтын одан әрі дамыту, табысты жаңғырудың және мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі факторлары ретіндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар енгізіледі.
«Ашық диалог» платформасы қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлігі саласы бойынша мәселелерді талқылауға азаматтық секторды, сарапшылық топтар мен кең жұртшылықты тартуға, елдің оң ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға мүдделі тұлғаларды тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Бұл блог қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігі мәселелерін көтеретін әрбір қазақстандық үшін қолжетімді коммуникациялық ортаға айналады деп үміттенемін.
Біздің ұжым жемісті ынтымақтастық үшін ашық!