- Блогтар
- Қылышбаев Н.Н.
Қылышбаев Н.Н.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы
Қылышбаев Н.Н.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы
Жалпы ақпарат, білім
Н. Қылышбаев 1971 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ орман шаруашылығы институтын «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша және Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1994 жылы Талдықорған ағаш өнеркәсібі бірлестігінің аңшылық бөлімінің жетекші инженері лауазымынан бастады.
Әр жылдары ол ІІМ органдарында, Алматы мен Жамбыл облысы әкімдіктерінде жауапты қызметтер атқарды.
Сонымен қатар, Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Н. Қылышбаев 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.