- Блогтар
- Досаева Ж.Р.
Досаева Ж.Р.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Досаева Ж.Р.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Жалпы ақпарат, білімі:
Қостанай мемлекеттік университетін «Психолог, психология оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген (1999 ж.), психология магистрі (2018 ж.)
Қызмет жолы:
2003 жылдан бастап Астана қаласы ішкі саясат департаментінің маманы, кейін талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік білім беру стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының әкімшілік-талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2008-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жиынтық-талдау басқармасының басшысы, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.
2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жиынтық-талдау бөлімінің бастығы, Ақпараттық-талдау жұмысы департаментінің директоры.
2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
2019-2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі.
2025 жылғы ақпаннан мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы.