- Блогтар
- Мұратов Т.М.
Мұратов Т.М.
«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы
Құрметті блог қонақтары!
Ашық диалог алаңында қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰШМҮО) 2011 жылы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында халықтың өлімі мен мүгедектігін азайту үшін медициналық авиация нысанында (әуе көлігін пайдалана отырып) шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту болып табылады.
Жыл сайын еліміздің 3 000-нан астам азаматы медициналық авиация қызметіне мұқтаж. Бір тәулік ішінде медициналық авиацияның жоғары білікті мобильдік бригадалары қысқы кезеңде орта есеппен 6-7 ұшуды және жазғы кезеңде 15-16 ұшуды орындайды.
ҰШМҮО шұғыл медициналық және консультациялық көмек көрсету, ауыр халдегі пациенттерді тасымалдау, медицина мамандарын жеткізу, медициналық авиация желісі бойынша донорлық тіндерді, ағзалар мен биоматериалдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді. Орталықтың барлық мамандары жоғары білікті мамандар болып табылады, өздерінің кәсіби дағдыларын өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады, соның арқасында әрбір пациентке сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетіледі.
Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмекпен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қамтылған. Медициналық авиация қызметімен жаппай қамтылу Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, шалғайдағы және қатынау қиын аудандардың тұрғындарына уақтылы және сапалы мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Орталық Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына мониторинг жүргізеді.
Мемлекет басшысының жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қызметтің негізгі міндеттерінің бірі шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады. Осылайша, ҰШМҮО базасында Оқыту-тренингтік орталық ұйымдастырылған, оның дәрігер-нұсқаушылары біздің республикамыздың медицина қызметкерлерін BLS ACLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттарына, медициналық көлік жүргізушілерін қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша тренингке және т. б. бойынша ауқымды оқытуларды жүргізеді.
Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуал орталығы тәулік бойы белсенді жұмыс жүргізеді, оның мамандары сараптама тобымен бірлесіп, тұрақты негізде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі ауыр халдегі пациенттер мен ЖРВИ, пневмонияның ауыр түрімен ауыратын пациенттерге медициналық авиация желісі арқылы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін күнделікті тәулік бойы мониторинг және талдау жүргізеді.
2020 жылы ҰШМҮО Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес аккредиттелді. I біліктілік санаты расталды. Сондай-ақ, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығын аккредиттеді. ҰШМҮО-да пациенттердің қауіпсіздігін арттыру, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу және жетілдіру үшін сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істейді.
Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.