- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Телбаев Мухтар
- Ноғаев Н.А.
- 10.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 106
- № 763264
Құрметті әкім мырза! Менің №752863 арызыма берген жауабыңызда: "бірқатар мұнай компанияларына сіздің түйіндемеңіз және қолдау хат жолданды",- делінген. Бірақ, жұмыспен қамту қызметкерлері, аталған мекемелерден келіп түскен бос вакансияларды ұсынудың орнына, керісінше қызметтік лауазымдарын асыра пайдалана отырып, дәлелді себептер бола тұра, мені "ұсынылған жұмыстардан бас тартты",-деген желеумен жұмыссыздық есебінен шығарып тастаған.(ТАТНЕФЬ- тен бас тарту себебім-маған шетелге шығуға тиым салынған) Сонда, облыс әкімінің арнайы тапсырмасын білмей ме, әлде орындамайды ма? Мысалы, "Доңға", "Бозашы Оперейтинг" мекемелері "мұнай өндіруші оператор" іздеп жатыр.(скриншот жалғанды) Өкінішке орай, осылардың кесірінен жұмысқа орналаса алмай отырмын! Осы айтылғандарды мұқият тексере отырып, тиісті шарасын алуды сұраймын! ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Телбаев Мухтар! Сіздің 10.01.2023ж. № 763264, шағымыңызға жауап ретінде төмендегі мәліметті ұсынамыз. Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевтен келген хатта баяндалғандай, халықты жұмыспен қамту туралы заңының 16 баптың 2 тармағының негізінде өтініш иесі Тельбаев Мұхтар ұсынылған 3 жұмыс орнынан бас тартып отыруына байланысты жұмыссыздық тізімінен шығарылды. Ұсынылған жұмыстардан бас тартылу себебі, ірі мұнай компанияларынан жұмыс іздеп отыр. Осыған орай АҚ «Қаражанбасмұнайгаз» Total E&P Dunga GMBH» «НСС Лтд» және тағы сол сияқты ірі өндірістік мекемелерге қолдау хаты жазылды. Алайда жолдаған мекемелерде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа ала алмайтындығы жөнінде жауап келіп түсті. Сонымен қатар «Электрондық еңбек биржасы» www.enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарын қарап, жарияланған жұмыстарға өзінің мамандығына сәйкес түйіндемесін жіберуге мүмкіндігі бар екенін қаперіңізге береміз. таңда Тельбаев Мұхтар «BarsElectricService» мекемесіне слесарь-сантехник мамандығы бойынша жұмысқа орналасты делінген. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 19.01.2023, 05:33Калдурдиева Нурбийби
- Ноғаев Н.А.
- 04.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 85
- № 762855
Мен Манғыстау Обылысы Жаңаөзен Каласының Тұрғынымын.Мүгедек бала асырап отырған Көп балалы анамын. Менің жолдасым УТЕГЕНОВ НУРСУЛТАН ЖАЛҒАСБАЕВИЧ жұмыссыз .Өзім Ббала күтімінде отырған анамын. Менің қызым ЖАЛҒАСБАЙ АЙДА ДЦП диогнозымен МҮГЕДЕКТІК есепте тұрамыз.Мен қыөымды мықты мықты мамадармен жұмыс жасап қатарына қосып емдегімкеледі алайда барлығы қаржылық мәселеге келіп тіреліді . Жолдасымды тұрақты МҰНАЙ саласына жұмысқа орналуға көмектесуіңізді сұранамын. Осы мәселе бойынша 25.01.2022 жылдан бері ЖАҢАӨЗЕН ӘКІМІ М.ИБАҒАРОВ мырзаға,жаңа ӘКІМ А.ҚОССУАҚОВ мырзаға, МАҢҒЫСТАУ ОБЫЛЫС ӘКІМІ Н,НОҒАЕВ мырзаға барып көмек сұрадым алайда ешқандай мардымды жауап ала алмадым .18.05.2022 жылы Астана қаласына Еңбек Министерлігіне Т.Дүйсенова ханымен мұң мұқтажыммызды жеткізу үшін барғанбыз кездесу мүмкін болмады.19.05.2022 жылы Президет әкімшілігіне бардық Ернар Жеңісұлымен кездестік ол кіск бізге өзіңіздің жергілікті әкмшілік шешіп береді мен тапсырма беремін деп бізді Обылықа жіберді алайда осы күнге дейн жолдасым жұмыс мәселесі шешілмей келе жатыр .Көмек беруіңізді өтініп сұранамын. ... ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Калдурдиева Нурбийби! Сіздің «Ашық диалог» порталына 04.01.2023ж. № 762855 жолдаған өтінішіңізге орай төмендегіні хабарлаймыз: Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы арасында жасақталған алгоритмге сәйкес «аутстаффинг» мекемелерінен түскен бос жұмыс орындарына тізімде тұрған жұмыссыздар кезең-кезеңімен жұмыспен қамтылады. Сіздің жолдасыңыз, аталған алгоритмде «мүгедек балалы немесе ата-анасы мүгедек отбасылар» санатында № 452 кезегінде тұрғандығын, кезегі келгенде «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жұмысқа жолданатындығы қаперіңізге беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталығының 8/72934/ 92-923 телефон нөмірі немесе www.enbek.кz сайты арқылы ашық вакансиялар туралы мәлімет алып тұруыңызға және лайықты жұмыс орны табылған жағдайда жұмыс берушілерге түйіндеме жолдауға болатындығы хабарланады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91бабына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды адамның іс-әрекетімен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым жасауға құқылысыз. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 12.01.2023, 07:53Есов Асланбек
- Ноғаев Н.А.
- 04.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 91
- № 762844
Добрый день. Хотелось бы пожаловаться на организацию Farry Managament Актау, которая незаконно удерживает мои документы и не отдает их брокеру. Объясню в чем дело. У меня с ОАЭ пришли три машины в Морской порт Актау. В общем на корабле 273 машины (моих только 3). И по словам этой организации - они все 273 машины заправляли бензином, заряжали аккумулятор и подкачивали воздух в шинах. Однако доказать и предоставить видеофиксацию именно проводимых работ с моими машинами у них нет. И при том они за каждую машину просят 13000 тенге. То есть за 3 машины я должен оплатить 39000 тенге. Спрашивается - на каких правовых основаниях они удерживают документы и не отдают их моему представителю? Это же моя частная собственность. Если прям уж они заправляли все 273 машины ( что нереально - сами посудите сколько на это уйдет времени) - то пусть докажут и взыскивают в судебном порядке. Прошу принять меры к данной организации. Так как тут попахивает уголовной составляющей возможно. Вернуть мне документы - принадлежащие мне на всех основаниях. Жду ответа в срочном порядке. Запись телефонного разговора с представителем компании имеется. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемый Асланбек Есов! Ваше обращение № 762844, от 04.01.2023 года принято к сведению. С Уважением, Аким Мангистауской области Н.Ногаев.
Ноғаев Н.А. 16.01.2023, 07:07Кайнарбаев Нурлыбеккожа
- Ноғаев Н.А.
- 31.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 72
- № 762729
Қайырлы күн Ноғаев Нұрлан Асқарұлы. Сізге жазып отқан себебім, Маңғыстау облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне алғыс айту болып отыр. Маңғыстау облысының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері, жұмыстарын тез және өте ұқыпты жасайтынына көз жеткіздім. Әкеме, яғни Бегленбетов Баянғали Қайнарбаевичқа кохлярный есту апаратын алуға зор үлесін қосып, құрылғы әкемнің қолына берілгенше, қызмет атқарып, күн - ара әкемнен хабардар болды. Сол себептіде осы қызметкерлерге мың алғыс білдіремін. Әкемнің жаңа есту құрылғысына қол жеткізуге білікті мамадар себепші болды. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Кайнарбаев Нурлыбеккожа!!! Әкеңіз жаңадан алынған есту құрылғысын игілігіне жаратсын! Мықты денсаулық тілеймін. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегіне, халыққа сапалы қызмет көрсетуіне ризашылық білдіргеніңізге рақмет. Отбасыңызға амандық, бақ-береке берсін. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 04.01.2023, 06:22Жанайысова Айгерим
- Ноғаев Н.А.
- 27.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Көлік ·
- 67
- № 762492/1
екінші ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Жанайысова Айгерім! Сіздің, 27.12.2022 жылғы № 762491/1, жолданған шағымыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын. Маңғыстау облысы полиция Департаментінен жолданған мәліметке сай, бұдан бұрын Сіздің шағымдарыңыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің ақпараттарды есепке алу кітапшасына (әрі қарай-АЕК) 26.05.2022 жылы №224700130000316 санымен және ҚР ІІМ Ақпараттарды есепке алу кітапшасына (әрі қарай-АЕК) №220000030002236 санымен тіркеліп негізінен қарау үшін Маңғыстау облысы полиция Департаментіне (ПД) жолданған. Арызда көрсетілген уәждерді тексеру барысында Маңғыстау облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен (ӨҚБ-мен) Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі А.Мурзашевке қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесімен А.Мурзашевтың іс-әрекетінде заң бұзушылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, Сіздің арызыңызда көрсетілген қорғаушы мен сот орындаушыларға қатысты шара қолдану Маңғыстау облыстық сотының құзырына жататынын қаперіңізге беремін. Сондықтан Сіздің балалардың құқын пайдалана отырып, тәркіленген отбасылық ортақ мүліктің елу пайызын кәмелет жасына толмаған балаларыңызға өндіру бойынша арызыңызды Маңғыстау облыстық сотына жолдауыңыз қажет. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 09.01.2023, 08:21Жанайысова Айгерим
- Ноғаев Н.А.
- 27.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Көлік ·
- 62
- № 762491/1
балалардың құқын пайдалана отырып заңсыз тәркіленген отбасылық ортақ мүліктің елу пайызын кәмелет жасына толмаған балаларыма өндіру ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Жанайысова Айгерім! Сіздің, 27.12.2022 жылғы № 762491/1, жолданған шағымыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын. Маңғыстау облысы полиция Департаментінен жолданған мәліметке сай, бұдан бұрын Сіздің шағымдарыңыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің ақпараттарды есепке алу кітапшасына (әрі қарай-АЕК) 26.05.2022 жылы №224700130000316 санымен және ҚР ІІМ Ақпараттарды есепке алу кітапшасына (әрі қарай-АЕК) №220000030002236 санымен тіркеліп негізінен қарау үшін Маңғыстау облысы полиция Департаментіне (ПД) жолданған. Арызда көрсетілген уәждерді тексеру барысында Маңғыстау облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен (ӨҚБ-мен) Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі А.Мурзашевке қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесімен А.Мурзашевтың іс-әрекетінде заң бұзушылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, Сіздің арызыңызда көрсетілген қорғаушы мен сот орындаушыларға қатысты шара қолдану Маңғыстау облыстық сотының құзырына жататынын қаперіңізге беремін. Сондықтан Сіздің балалардың құқын пайдалана отырып, тәркіленген отбасылық ортақ мүліктің елу пайызын кәмелет жасына толмаған балаларыңызға өндіру бойынша арызыңызды Маңғыстау облыстық сотына жолдауыңыз қажет. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 09.01.2023, 08:19Темралиев Алмас
- Ноғаев Н.А.
- 21.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 84
- № 762135
Саламатсыз ба! Ақтау қаласы 19 шағын аудан 25,26,27 үйлер Ренион Парк кешенінің салынғалы жатқан қоршауының заңдылығын тексеруді сұраймын, себебі қоршау биік, және қоршау айналасында авариялық выход есіктер қарастырылмаған, барлық есіктерді құлыпқа қою жоспарлаған, оның үстіне қоршау сәулет пен комерциялық мақсаттың жұмысына кедірге келтіріп, азаматтардың еркін жүруін шектейді ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Темралиев Алмас! Сіздің Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің «Ашық диалог» порталына 21.12.2022 ж. келіп түскен № 762135, санды 19 шағын аудан 25,26,27 үйлерінің аумағын қоршау жұмыстарының заңдылығын анықтау туралы өтінішіңіз бойынша, келесіні хабарлаймыз. «Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» ММ-сіне (бұдан әрі – Бөлім) 14 қараша 2022 жылғы № 01-22-600 нөмірімен тіркелген, аталған тұрғын-үйлердің тұрғындарынан қоршау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру бойынша арызы түскен болатын. Алайда Бөлім тарапынан, Қазақстан Республикасының 3.02-142-2014 ережелер жиынтығының, (кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау) 4.7 тармағына сәйкес, келесідей аумақтарда қоршаулар рұқсат етілмейді деп көрсетілген. Қоршауға рұқсат етілмейтін ғимараттар ішінде көп қабатты тұрғын үйлер де көрсетілген. Жоғарыда аталған, ережелер жиынтығын ескере отырып, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарын қоршауға рұқсат беру мүмкіндігі жоқ екендігі хабарланды. Жоғарыдағы ақпараттарға сәйкес, қазіргі таңда 19 шағын аудан 25,26,27 үйлерінің аумағын қоршау жұмыстары заңсыз болып табылады. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
Ноғаев Н.А. 27.12.2022, 06:29Темралиев Алмас
- Ноғаев Н.А.
- 15.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 83
- № 761839
Саламатсыз ба! Сонғы кезде Манғыстау облысы, Ақтау қаласында жаңадан салынған (ЖК) тұрғын үй кешендерін айналасын 3 метр (забор) қоршаумен қоршап, есіктеріне (калидка) кілт салып қою белес алды, қай кешенге барсаңда солай, әкімдік соған рұқсат беріп отыр, сол айналамен жүретін қала қонақтарымен тұрғындардың еркін жүру құқығын шектеуді доғаруыңызды сұраймын. Бұрынғы шағын аудандарда қошаусыз тұрды емеспе, әліде қошаусыз тұр - жаңа шағын ауданға келіп жаңа ереже шығарып қошалып алу дұрыс емес, барлығы қоршалып алған олай жалғаса берсе берлығы бөлек мемлекет болады. Әкімдік не себептен қала ішінен қала салдырып қоршауға рұқсат береді, ол: 1-шіде пожар қауіпсіздік ережесіне сай емес. 2-шіде қала көркін архитектура ны бұзу. 3-шіде ҚР азаматтарының еркін жүру құқығына шектеу қою. Осы бойынша комиссия жасақталып тексеріс жүргізілуін талап етемін. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Темралиев Алмас ! Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің «Ашық диалог» порталына келіп түскен № 761839 өтінішіңізге сәйкес, төмендегіні хабарлаймыз. Тұрғын үй-жайларды пайдалану, тұрғын үй ғимаратын және іргелес аумақты күтіп ұстау ЕРЕЖЕЛЕРіне сәйкес, рұқсатсыз аула ғимараттарын (гараждар, сарайлар, қоршаулар және басқа құрылыстар) салуға тиым салынады. Тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесі заңнамалық актілерге сәйкес біртұтас және бөлінбейтін болып табылады және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабында жер учаскесінің меншік иесінің жерді өз бетінше басқару құқығы көзделгенімен, оны жер учаскесiнiң нысаналы мақсатынан туындайтын мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес кез келген ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызуға болады делінген. Алайда, іргелес аумақ жеке меншікте емес және болуы мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн, ол барлық тұрғындардың және тұрғын емес үй-жайлардың иелерінің ортақ меншігі болып табылады. Сондықтан бұл аумаққа қатысты барлық мәселелер, оның ішінде кез келген нысанның құрылысы тұрғындардың жалпы жиналысында міндетті түрде шешілуі тиіс. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жер учаскесін бөлуге санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа да нормаларды сақтау шартымен кондоминиумға барлық қатысушылардың жазбаша келісімімен жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында жер учаскелерінің меншік иелері жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті екендігі көрсетілгендігін қаперіңізге береміз. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 21.12.2022, 12:37Кадырбаева Улбосын
- Ноғаев Н.А.
- 13.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Өңірлері ·
- 77
- № 761691
Құрметті Ногаев мырза осы арызды жазу себебім Сайын елді мекенінде су проблема болып жатқанынан хабарыңыз бар шыңғар деп ойлаймын.Осы елді мекенде су газ тоқ проблема қыста тоқ көп сөнеді жазда су болмайды.Осы су мәселесі бойынша әкім Қылыш Сайранға неше рет бардық алайда мәселемеміз шешілмеуде алты баламен сусыз қалып отырмын.Водовозбен құйдыруғада заявка беріп қойғанбыз алайда келесі жылы январь айының алты жетісінде құйамыз дегенді айтып отыр сонда біз сол уақытқа дейән сусыз отыруымыз керекпа.Осы су су мәселесіне көмектессеңіз. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ұлбосын Қадырбаева! Сіздің, 13.12.2022 жылғы №761691 санды өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: С.Шапағатов ауылдық округінде ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап орталық құбырына су беріліп бастады. Алайда, қазіргі таңда тұрғын үйлерді толықтай сумен қамту мүмкін болмай отыр. Себебі, МАЭК мекемесінен келетін су көлемінің аздығына байланысты. Осыған орай, тұрғындардың сұранысына сәйкес ауыз су автокөлікпен үздіксіз қамтамасыз етілуде және Сіздің суға берген сұранысыңыз қазіргі таңда қанағаттандырылды. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 23.12.2022, 05:05Беришбаев Талгат
- Ноғаев Н.А.
- 06.12.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 75
- № 761169
Ақтау қаласы 31Б шағын ауданы №8 үй ЖК "ROSE" тұрғын үй кешені мәселелері бойынша ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ақтау қаласы 31Б ш/ауданы 8 үй ЖК «ROSE» тұрғын үй кешені тұрғындары және Талғат Берішбаев! Сіздің облыс әкімінің «Ашық диалог» порталына 06.12.2022 ж. жолдаған № 761169 шағымыңызға қатысты төмендегі мәліметті қаперіңізге береміз. Ақтау қаласы 31Б шағын ауданы No8-ші үйі «ROSE» тұрғын үй кешеніне қатысты өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 69 бабына сәйкес мердігер құрылыс нысанын пайдалануға берілгеннен бастап 2 жылдан кем емес уақыт кепілдік береді. Белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде анықталған сәйкессiздiктер мен жолсыздықтар бойынша жауапкершiлiк оларды жою жөнiндегi мiндеттемелермен бiрге мердiгерге (бас мердiгерге) жүктеледi. Міндеттерді орындамаған жағдайда сотқа жүгіне аласыз. Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижесінде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 бабына сәйкес оған шағымдануға құқығыңыз бар екендігі қаперіңізге беріледі. Мердігер компания өкілдерімен кездесу үшін Тұрғын үй инспекциясы және басқа да құзырлы орган қызметкерлерінің сол жерге келіп қатысып, тұрғындардың мәселесін тыңдап, шешілуіне ықпал етуі үшін аталған органдарға тікелей хабарласуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев
Ноғаев Н.А. 20.12.2022, 06:53