- Блогтар
- Крамшеев Д.К.
Крамшеев Д.К.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Құрметті блогқа келушілер!
Сіздерді Ашық Үкімет блогындағы өзімнің ресми парақшамда көргеніме қуаныштымын!
Бұл жерде сіздер өздеріңізді қызықтырған сұрақтар қоюға, пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді білдіруге мүмкіндіктеріңіз бар.
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы.
Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) деректерді орналастыру және өңдеу бойынша қызметтер;
2) веб-порталдар.
Мемлекет бекіткен мынадай мәртебелерге ие:
- Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор («Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 516 бұйрығы);
- Бюджет процесінің интеграторы («Бюджет процесі саласындағы интеграторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 29 бұйрығы);
- Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүзеге асыратын және білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыратын біліктілік органы («Біліктілік органын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 524 бұйрығы);
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай оператор («Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №323 бұйрығы);
- Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы («Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1202 бұйрығы).
Қазіргі уақытта Қоғам «е-Қаржымині» ИААЖ, «Мемлекеттік жоспарлау» АЖ, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басқа да ақпараттық жүйелері сияқты жобалар кіретін бюджеттік жоспарлау процесінің тиімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Блог конструктивті диалог, қызықты ұсыныстар мен ашық пікір алмасу үшін ыңғайлы алаң болады деп үміттенемін. Барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымын.
Құрметпен,
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ
Басқарма Төрағасы
Дияс Крамшеев