- Блогтар
- Даулбеков Д.С.
Даулбеков Д.С.
«Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» ММ басшысы
Даулбеков Д.С.
«Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» ММ басшысы
Даулбеков Дулатбек Сериккалиевич «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтын және Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын мектепте оқып жүргенде, 1989 жылы Шар ауданының учаскелік ауруханасында санитар қызметінен бастаған. Студент кезінде Семей облыстық клиникалық ауруханасында мейіргер болып жұмыс істеген.
Институт бітірген соң, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК Республикалық соматикалық ауруханасында хирург болып қызмет атқарған.
Сонан соң, қылмыстық атқару жүйесінде әртүрлі басқарушы лауазымды қызметтерде жұмыс атқарған.
Әділет подполковнигі атағында запасқа шыққан.
2010-2016 жылдары «Шүлбі психиатриялық аурухана» МКҚК ШЖҚ-ның директоры болған.
2016 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» мемлекетттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
«Денсаулық сақтау ұйымдары» бойынша жоғары санаты бар, «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалімен және 2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.