- Блогтар
- Өмірбеков Т.Ж.
Өмірбеков Т.Ж.
«Жастар» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК директоры
Өмірбеков Т.Ж.
«Жастар» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК директоры
Өмірбеков Талғат Жақыпбекұлы 1962 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлен ауылында дуниеге келген.
1980 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Калинин орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан жаттығырушы болудан бастаған.
1984 жылы КСРО делегация құрамында Мәскеу қаласында өткен «ізгі еркіндіктің» ойындарына қатысты.
1984 - 1988 жылдары қазақ дене шынықтыру және спорт институтын бітіргеннен соң, жоғарыда көрсетілген спорт мектебінде жаттықтырушы жұмысын жалғастырған.
1991 - 2010 жылдары аралығында қаржы құқық қорғау салаларында қатарғы және басшылық қызметтерді атқарды.
2010 жылдың желтолқсан айынан бастап МКҚК «Жастар спорт сарайында» нұсқаушы меңгеруші, 2015 жылдың ақпан айынан бастап осы мекеменің директоры қызметің атқарады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің волейболдан Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі ұлттық спорт төрешісі атағы берілді.
Қызмет барысында өзін нағыз ұйымшыл басшы, талапшыл жаттықтырушы ретінде көрсетіп, көп жылғы тәжирибесімен жас мамандарымен бөлісіп отырады. Әріптестерімен спорттық қауымдастық арасында құрметке ие. Қызметтік міндеттерін тиянақты, орындап үлкен жауапкершілікпен қарайды, алға қойылған міндеттері шешуге белсенді де, бастамашыл.
Ол директорлық қызмет атқарған аз уақыт мерзімде спорт сарайында Әлемдік, Азиялық, Республикалық денгейдегі түрлі жарыстар, «Нұр Отан» партиясы бастамасы мен ұйымдастырылған саяси шаралар өтті.
Осы аталған іс шаралардың жоғарғы денгейде өтүіне өзіндік үлесісін қосты ұймдастыру жұмыстарын дұрыс жолға қоя білді.
2011 жылы жасөспірімдер арасында волейболдан команда құрды.
Аз мерзім аралығында тәрбиелеген шәкірттері Облыстық, Республикалық, Халықаралық қатысып бір неше мәрте женімпаз атанды.
Осы шәкіртерден құралған Қазақстан Республикасының жоғарғы лига чемпионатына Алматы облысын намысын қорғауға жолдама алды. Бұдан оның шәкіртеріне жоғары талап қоюы мен тынғылықты жұмысының нәтижиесін көруге болады.
Осы жылдары спорт сарайында өткен Әлемдік, Азиялық, Республикалық денгейдегі түрлі жарыстардың жоғары денгейде өтуіне қосқан үлесі зор. Сонымен қоса «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған саяси шаралардың өтуіне атсалысты. Өңірде волейбол ойының дамуына зор үлес қосты.
2010-2016 жылдар аралығында оның тәрбиелеген волейболшылары Қазақстан Республикасы халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. 2 тәрбиленушісі Қазақстан Республикасының жастар құрама командасының мүшесі.
2010 жылдан бастап Талдықорған қаласының волейбол федерациясының Вице призиденті боп сайланды.
Волейболдан Алматы облысының жастар құрама командасының аға жаттықтырушы, жоғары дәрежелі ұлттық төреші атағы бар.
Осы аталған еңбектер ескеріліп Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» төреғасынан алғыс хат пен марапатталды.
Алматы облысы әкімінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылына арналған «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Алматы облысы және Талдықорған қаласы әкімдерінің құрмет грамотасымен марапатталған.