- Блогтар
- Гульнара А. Б.
Гульнара А. Б.
«Алматы облысы Талдықорған қаласындағы мамандандырылған балалар үйі» КММ-де директор
Қайырлы күн!
Мен «Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйінің» басшысы болып табыламын. Балалар үйінің негізгі қызметі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз туылған жас аналардың балалары, сондай-ақ туылғаннан бастап 4 жасқа дейінгі психикалық және физикалық кемістігі бар балаларды тәрбиелеуге және медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық мекеме болып табылады. Ашылған сәттен бастап біздің мекеме қабырғасынан 1870 бала өтті. Бұл балалардың басым бөлігі туған аналарына қайтарылып, өз отбасыларын тапқан.
Сондай ақ, біздің базамызда қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың, көп балалы отбасыларының тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен, аутистикалық синдроммен, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен және т.б. ауытқулары бар 1,5 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту жүзеге асырылады. Өз атымнана осындай «ерекше» балалардың аз болуын және де әр бала оны жақсы көретін отбасында тәрбиеленгенін қалаймын.