- Блогтар
- Керімбеков А.Д.
Керімбеков А.Д.
«Жерұйық-өрлеу» ЖШС бас директоры
Керімбеков А.Д.
«Жерұйық-өрлеу» ЖШС бас директоры
1947 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданы өңірінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1971 жылы Кербұлақ ауданы Жоламан совхозының 3 бөлімінің аграномы болып бастаған, кейінгі жылдары сол совхоздың бас агрономы қызметіне дейін көтерілген. А.Керімбеков өзін білімді, еңбекқор шаруашылықтың мәселелерін шеше білетін маман ретінде көрсете біледі. 1976 жылы Кербұлақ ауданының жоспарлау басқармасын басқарып, 1978 жылы Сарыбұлақ совхозының партия комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. Кербұлақ ауданының атқару комитетінің бірнеше мәрте депутаты болып сайланады.
1980-1986 жылдар аралығында Панфилов, Гвардия, Кербұлақ аудандарына қызмет көрсету мақсатымен «Сельхозхимия» бірлестігі құрылып, төрағасы болды. 1986-1996 жылдары «Жаркент» агроөнеркәсіп комбинаты базасының директоры қызметтін аткарған.
А.Керімбеков 1996 жылдан осы уақытқа дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. «Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігін ашып, Талдықорған қаласындағы «Жетісу» мейрамханасын жеке меншілікке сатып алғаннан бастап кәсіпкерлік жұмысы жанданып, жұмыс орындары ашылып, қала тұрғындарына қызмет етіп келеді. А.Керімбеков беделді кәсіпкер ретінде
Экономикалық нарықтын басқа да жолдарын ескере келіп Талдықорған қала әкімінің шешімімен 2006 жылы қалада ашылған «Жерұйық» коммуналды базарының директоры болып тағайындалды. 2018 жылы «Жерұйық-Өрлеу» ЖШС болып қайта құрылып, қала халқын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, облыс кәсіпкерлері мен жеке тұлғалардың өндірген өнімдерін сатуға жақсы жағдай жасалуда. Соңғы жылдары коммуналды базардың материалды-техникалық базасы он есе өсті, облыстың тағам өндірушілерімен қарым-қатынас дұрыс жолға қойылды.
А.Керімбеков тәжірибелі кәсіпкер болғандықтан өз бизнесін дамыту жолында үнемі тыңбай еңбек етуде. Қала тұрғындарын жыл бойы қажетті жеміс-жидек, көкіністермен қамтамасыз ету мақсатында 3000 тонна көкеніс, 400 тонна жеміс-жидек сақталатын екі қойма жұмыс істеп тұр. 25 га жерге жеміс-жидек ағаштары отырғызылып, тамшылап суғарылатын су құбыры орнатылған бақ ашылды. Сонымен испан технологиясымен жасалған көлемі 5000 м. «Trigo» жылыжай комплексі жұмыс істейді. 2016 жылы кәзіргі заманауи өндірістік құралдармен жабдықталған, жоғарғы технологиялы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін цех ашты. 2013 жылдан бері атқарып келе жатқан ауқымды кәсіпкерлік жұмыстардың нәтижесінде өзі өндіретін 200 тонна жеміс-жидек, 100 тонна көкеніс қаланың сауда орындарына және халыққа жеткізіліп отыр. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпкерлердің 3000 тонна көкеністері қоймада сақталуда. Кәсіпкер қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, олардың жалақыларын уақытында, әділетті төлеуді дұрыс жолға қойған.
А.Керімбеков облыстың, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Алматы облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, 1915 жылдан бері «Қазахстан фермерлер қауымдастығы» Алматы облыстық филиалының төрағасы, 2019 жылдан «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының төрағасы. Қайырымдылық іс-шаралардың барлық түрлеріне қатысып, ауқымды көмек беріп отырады.
А.Керімбеков ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, барлық қажыр-қайратын өз ісін өркендетуге жұмсап отырған беделді кәсіпкер. Көп жылғы еңбегі ескеріліп 1973 жылы ҚазССР-ның «За доблестный труд» төсбелгісімен, 1976 жылы «Знак почета» орденімен, 2020 жылы «Құрмет» орденімен, ҚР «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Тауелсіздігінің 10,20,25 жылдығы», «ҚР маслихатының 20,30 жылдығы» төсбелгілерімен марапатталған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Алматы облыстық «Нұр-Отан» партиясы филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ауыл шаруашылық саласының үздіг, Кербұлақ ауданының, Талдықорған қаласының, Алматы облысының құрметті азаматы дәрежелеріне ие болды. 2021 жылы «Ауыл» ХДПП-ның атынан Алматы облысы маслихаттының депутаты.