- Блогтар
- Усенбекова И. Д.
Усенбекова И. Д.
ЖШС «Асыл-Айым» балабақшалар желісінің құрылтайшысы және меңгеруші
Усенбекова И. Д.
ЖШС «Асыл-Айым» балабақшалар желісінің құрылтайшысы және меңгеруші
Мен, Усенбекова Индира Даулеткызы, 1979 жылы 15 тамызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
Әкем Усенбеков Даулет ауыл шаруашылығында қызмет атқарған. Шешем Джандарбекова Шолпан Саттаровна аталған ауылдағы Абай орта мектебінде аспазшы қызметін атқарып, қазіргі таңда зейнеткер.
1986 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылындағы Абай орта мектебінің табалдырығын алғаш аттадым.
1994 жылы 9-сыныпты тәмамдап, Жамбыл қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжге түсіп, 1998 жылы аяқтадым.
2007-2010 жыл аралығында Жамбыл гуманитарлық –техникалық университетін сырттай тамамдадым.
Алғашқы еңбек жолымды 1999 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылындағы Абай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастадым..
2006 жылы Алматы қаласындағы №15 балабақшада тәрбиеші қызметімен жалғастырдым.
2009 жылдан бастап Алматы қаласындағы №148 мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі қызметін жалғастырып, 2016 жылдан бастап қазіргі таңда ЖШС «Асыл-Айым» балабақшалар желісінің құрылтайшысы және меңгеруші қызметін атқарудамын.
Біздің жұмысым әрдайым іс-әрекетке бағытталады. Жаңа идеяларды, жоспарлар мен жобаларды табандылықпен іске асырамыз. Педагогтердің білім беру процесіндегі бастамасын: инновациялық технологияларды енгізу, балалар және ата-аналармен жұмысында дәстүрлі емес әдістерін қолдаймыз.
«Асыл-Айым1 » балабақшасының бастамасы бойынша Қарасай мәдениет үйінде аудандық «1 мамыр – татулық пен достықтың мекені» және Іргелі округінің балабақшалар арасында аймақтық «Нұрсұлтан қаласы – балалар көзімен» байқаулары өткізілді.
Балабақшаның озық тәжірибе тарату мақсатында біз аудандық семинарларды ұйымдастырдық. Сонымен қатар «Ғажайып көрме» атты дидактикалық ойындар топтамасы ұсынылды.
СТВ телеарнасында «Күз ханшайымы мен ханзадасы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара көрсетілді.
2019 жылы біз үшін табысты болды.
Аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның іскер көшбасшысы» байқауында бас жүлде,
Аудандық «Үздік тәрбиеші» байқауы бас жүлде,
Ритмика өнер академиясының «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісі,
Облыстық «Үздік балабақша» байқауынан «Зерттеуші балабақша» номинациясы;
«Қайнар» әдістемелік орталығының мақтау қағазы;
2019 жылы қаңтар айында «Инновациялық білім берудегі халықаралық қатынастар» атты халықаралық форумға қатыстым. 2019 жылы мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесін таратуда қосқан үлесі және педагогикалық кәсіби дамуындағы адал еңбегі үшін Қарасай ауданының білім бөлімінен алғыс хат алдым. 2018 жылы «Қарасай аудандық білім бөлімі» ММ-нің мақтау қағазы;
2017 жылы Республикалық «Нұрлы Жастар» орталығының «Үздік ұстаз» мақтау қағазы және «Үркер» зияткерлік орталығының алғыс хатымен марапатталып, балабақшамыз «Зияткерлік балабақша» кубогын жеңіп алды.
2017-2018 жылдары халықаралық «ПОНИ» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін алғыс хаттар алдым.
2018 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы педагогика кадрларының біліктілігін арттырудың бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің жасалу бағыттары» оқыту курсын аяқтадым.
2020 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту сапасын көтерудегі заманауи педагогикалық әдістері мен ойлау дизайны білім берудегі әлемдік тренд» оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасын өттім.
2020 жылы BERLIN COSMOPOLITAN SCHOOL KINDERGARTEN AND PREESCHOOL билингвалды балабақша оқытушыларынан «Кіші жастағы балаларды заманауи модельді программамен оқыту» атты вебинарды сәтті аяқтадым. Сонымен қатар AGENTUR FUR INTERNATIONALE BILDUNGSZUSAMMENARBEIT E.V. білім беру агенствосының басшыларынан «Германиядағы мектепке дейінгі мекемелердің ерекшеліктері» атты вебинарда білім алдым.
Тұрмыстамын. Жолдасым- Жунусов Асхат Асымович 1979 жылы туылған, жеке кәсіпкер. 6 баланың анасымын.
Мекен жайым: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Омарова №49Д
Телефон: 8 701 034 82 30