- Блогтар
- Сурашев Н.С.
Сурашев Н.С.
Алматы облысының облыстық кардиологиялық орталығы директоры
Сурашев Н.С.
Алматы облысының облыстық кардиологиялық орталығы директоры
Мен, Нұрсан Сеитұлы Сурашев 1981 жылы 26 маусым айында Алматы облысы,Үш-Төбе қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
Әкем: Сеит Нұртазыұлы Сурашев, 13 мамыр 1957 жылғы, бүгінгі күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында тұрады. Білімі - орта.
Анам: Гульнар Асембекқызы Каметова, 1961 жылы 13 наурызында Алматы облысы,Үш-Төбе қаласы, Кәльпе ауылында дүниеге келген. Білімі - орта, бүгінгі күні Алматы облысы, Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер.
Үйленгенмін, төрт баланы тәрбиелеудемін.
Жолдасым: Сүйіншбек Айжан Сүйіншбекқызы 15 тамыз1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары, дәрігер онколог-мамолог.
Ұлым Дастан Сеит Нұрсанұлы, 21 қаңтар, 2008 жылғы, жетінші сыныпта оқиды.
Қызым Айша Сеит Нұрсанқызы, 24 ақпан, 2010 жылғы, төртінші сыныпта оқиды.
Қызым Алия Сеит Нұрсанқызы 17 қаңтар 2013 жылғы.
Қызым Алия Сеит Нұрсанқызы 17 қаңтар 2013 жылғы.
Өзім 1998 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үш-Төбе қаласы, Көкпекті ауылының К.Тоқаев атындағы орта мектебін аяқтадым. Мектепте белсенді болдым, көптеген олимпиадаларға қатысып оның ішінде математика және биология пәндері бойынша бірінші орын алдым.
1998 жылы ШҚО Семей қаласындағы Мемлекеттік медицналық академиясына түсіп 2004 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша тәмәмдадым. 2004-2005 жылдар аралағында Семей қаласының жедел жәрдем шұғыл медициналық көмек ауруханасында хирургия мамандығы бойынша интернатураны бітірдім.
Студенттік жылдары анатомия, хирургия үйірмелерінің жетекшісі болдым, ғылыми мақалалар мен жарияланымдар бар.
Еңбек жолым 2005 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада хирург дәрігер лауазымында басталды.
2006 - 2008 жылдар аралағында Алматы қаласының №7 қалалық ауруханасында хирург дәрігер болып қызметін атқардым.
2008 жылдан 2010 жылға дейін А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО базасында кардиохирургия мамандығы бойынша резидентураны өттім.
2011 жылы UIB (Халықаралық бизнес университеті) менеджмент мамандығы бойынша үздік бітірдім.
2010 жылдан 2013 жылға дейін А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО кардиохирург дәрігер болып жұмыс істедім. 2013 жылы А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО ЖИА бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалдым.
2013 жылдың қазан айынан бастап 05.01.2021 жылға дейін Алматы қалалық кардиологиялық орталығында кардиохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім. 2013 жылдан 05.01.2021 жылға дейін Алматы қаласының штаттан тыс бас кардиохирургы және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүрек-қантамыр хирургиясы кафедрасының ассистент болдым.
2014 жылы № 97 сайлау учаскесінің төрағасы болып тағайындалдым. "Нұр Отан"партиясының мүшесімін.
Шетелде мамандандыру:
2010ж., Франция (Париж) "Кардиохирургияның іргелі мәселелері"- Жас кардиохирургтарды даярлау шеңберінде.
2011ж. Белоруссия (Минск)" Жүрек трансплантациясы " - Қазақстанда трансплантологияны дамыту бағдарламасы бойынша.
2011 ж.Германия (Берлин) "Жасанды сол қарыншаны имплантациялау"- Қазақстанда трансплантологияны дамыту бағдарламасы бойынша.
2012 ж. Бельгия (Брюссель)"Митральдық қақпақшадағы пластикалық операцияларды жетілдіру".
2013ж. Бельгия (Генк) "Жұмыс істейтін жүрекке аортокоронарлық шунттау" Халықаралық конгрестерге қатыстым.
2014 ж.Италия (Милан) Еуропалық кардио-торокальді хирургтар қауымдастығының 28-ші конгресіне қатыстым.
2015 ж. Нидерланды (Амстердам) Еуропалық кардио-торокалды хирургтар қауымдастығының 29-шы конгресіне қатыстым.
2016 ж. Испания (Барселона) Еуропалық кардио-торокалды хирургтар қауымдастығының 30-шы конгресіне қатыстым.
2017 ж. Вена (Австрия) Еуропалық кардио-торокальді хирургтар қауымдастығының 31-ші конгресіне қатыстым.
2019 Торонто (Канада) американдық кардиоторкалды хирургтар қауымдастығының 99-шы жиналысына қатыстым .
2016 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр Шапағаты" медалімен марапатталдым.
2018 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік дәрігері» аталдым.
Өзім және жақын туыстарымда әкімшілік және қылмыстық істерге тартылғандар жоқ, шет елге шықпаған.