- Блогтар
- Рақышева А. Ғ.
Рақышева А. Ғ.
ШЖҚ "Қапшағай қалалық ауруханасы" МКК директоры
Қапшағай қалалық ауруханасына қош келдіңіздер!
Біздің аурухана - білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи медициналық ұйым. Аурухана заманауи озық медициналық жабдықтармен, оның ішінде компьютерлік томография аппаратымен жабдықталған 5 стационарлық бөлімше бар. Аурухана дәрігерлері республикалық маңызы бар клиникалардың дәрігерлерімен үнемі біліктілікті шыңдау сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, шетелде оқып, мамандармен тәжірибе алмасады.
Қапшағай қалалық ауруханасында тәулігіне 24 сағат 87072500084 нөмірі бойынша"Науастарды қолдау орталығы" жұмыс жасайды. Тиімді кері байланыс үшін аурухананың ресми сайтында директор блогы құрылды.