- Блогтар
- Ислямов Ғ. Қ.
Ислямов Ғ. Қ.
ШЖҚ "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы "МКК директоры
Ислямов Ғ. Қ.
ШЖҚ "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы "МКК директоры
Мен, Ислямов Ғабитжан Қапиұлы 1967жылдың 21 қазанында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Ағоба ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім.
1984 жылы орта мектепті аяқтадым.Сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. 1986-1988жж.аралығында Кеңес армиясының қарулы күштері қатарында, Германияда Кеңес әскерлері тобында қызмет атқардым. 1992 жылы институтты "педиатрия" мамандығы бойынша бітірдім. 1992-1993 жылдары Орал қаласының Облыстық балалар ауруханасы базасында интернатурадан өттім.
1994 жылдан бастап. 1999ж дейін Борсы дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болып істедім. 1999-2004 ж.ж. Жәнібек ОАА педиатр дәрігері болып жұмыс істедім. 2004ж-2008ж аралығында "Жәнібек аудандық санэпидсараптама орталығы "ММ-не басшылық еттім. 2008 жылы "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы"МКҚК директорының орынбасары болдым . 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы "МКК директоры болып қызмет атқарамын.
Отбасы жағдайым: үйленгенмін, екі балам бар.
Екінші білімім бар, "Еуразия" Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институты " мемлекеттік басқару "мамандығы бойынша біліктілік және академиялық дәрежесі - бакалавр атағым бар, оны 2007 жылы бітірдім.
2009-2010 жылдары Ақтөбе және Сингапур қалаларында "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өттім.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы» мамандағы бойынша жоғары санатты маманмын, сондай-ақ «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары санат иесімін.
2014 жылы "Кәсіптік патология( Еңбек медицинасы)"мамандығы бойынша қайта даярлаудан өттім.
2015 жылдың қыркүйек айында Лондонда (Ұлыбритания) "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан өттім.
2016 жылы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру"тақырыбындағы семинарға қатыстым.
2017 жылы "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өттім.