• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нургазинова Ш.Ы.
Нургазинова Ш.Ы.

Көксу ауданы Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Нургазинова Ш.Ы.

Көксу ауданы Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп директоры

Нургазинова Шолпан Ынтықбайқызы 1975 жылдың 8-ші қыркүйегінде Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек  ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

Білімі

1981 жылы Мұсабек атындағы   орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1992 жылы аталған мектепті «Күміс медальмен» аяқтады.

1992-1996 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» факультетінде білім алып, «педагогика және психология пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

2000-2003 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек өтілі

1996 жылы алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық колледжде педагогика және психология пәнінің оқытушысы болып бастады.

1998 жылдың қыркүйегінен Мұсабек атындағы орта мектептің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып қабылданды. Жоғарыда аталған Мұсабек атындағы орта мектеп ұжымында 2000-2001 оқу жылында мектептің педагог-ұйымдастырушысы, 2001-2003 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2003-2004 оқу жылында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2004 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың мамырына дейін Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының педагог-психологі болып қызмет атқарды. 

2007 жылдың мамырынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Көксу ауданының білім бөлімінің бас маманы.

2010-2013 жылдың қыркүйегі аралығыда білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинетінің әдіскері.

 2013- 2018 жылдары Алматы облысының білім басқармасының Облыстық әдістемелік кабинетінің әдіскері.

2018 жылдың қараша айынан  Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері болып қызмет істеді.

Көксу ауданының білім бөлімінде 13 жыл ішіндегі он жылында әдіскер ретінде педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік шеберлігін шындау бағытында нәтижелі еңбек етті. Шолпан Ынтықбайызы тілдер (қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі) пәндері, арнайы мамандар (педагог-психолог, дефектолог, логопед) бағытының әдіскер ретінде  аталған мамандарға әдістемелік колдау, көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру барысында сала бойынша мамандардың облыстық тәжірибелерін тарату, авторлық бағдарламаларын әзірлеу, кәсіби байқауларға қатысу жұмыстарын жүзеге асырды. Сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс бағытында аудан мектептерінің оқушыларының облыстық, республикалық әдеби оқулардың атап айтқанда, Абай, Махамбет, І.Жансүгіров, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаев жас ақындар айтысы, Ясауитану білім байқауы, «Жарқын болашақ»  олимпиадасының, Ә.Кекілбаев, Қ.Мырза Әлі, М.Жұмабаев оқуларының жыл сайынғы жүлдегерлері мен жеңімпаздарының шыңдалуы,  мен  марапат иегерлері атануына және ауданның дарынды балаларының шеберлік сыныбының қалануына  зор үлесін қосты. 

2020 жылдың тамызынан Көксу ауданы Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің директоры болып тағайындалды.

Марапаттары

Білім саласындағы еңбегі үшін үш мәрте Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен 2011, 2014, 2015 жылдары, 2017 жылы  Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен, 2020 жылы «Өрлеу» республикалық порталының «Құрмет грамотасымен» және «Абай-175 жыл» төс белгісімен марапатталды.

Отбасы

Шолпан Ынтықбайқызы 2008 жылы отбасын құрған. Жұбайы – Мұқтар Есенбаев «Үміт» шаруа қожалығының төрағасы, жанұясындағы  екі қызы – Айяжан, Айерке Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында оқып білім алуда.

Қосымша ақпарат

Сотталмаған.

Нургазинова Ш.Ы.

Көксу ауданы Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп директоры

Нургазинова Ш.Ы.

Көксу ауданы Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика