- Блогтар
- Нурова Э.Е.
Нурова Э.Е.
«Балдырған» ЖШС Балабақша меңгерушісі
Нурова Э.Е.
«Балдырған» ЖШС Балабақша меңгерушісі
Мен, Нурова Эльмира Есіркепқызы, 1981 жылы 9 қаңтарда Қызылорда облысы,Қазалы аданы,Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
Әкем - Нұр Есіркеп Қазалы аудандық статистика бөлімінде қызмет атқарған қазіргі таңда зейнеткер.Анам- Абдраманова Гүлнар ауыл шеберханасында тігінші болып жұмыс жасаған. 1994 жылы дүниеден озған.
1998 жылы Ү.Түктібаев ауылындағы № 88 орта мектебін бітірдім. 2002 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түстім. 2006 жылғы 1-қыркүйектен бастап Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі қызметін атқардым. 2014-жылдан бастап өз кәсібімді қолға алдым.
Қол жеткізген нақты нәтижелерім үшін мақтау қағазымен марапатталдым.
Мадақтамаларым: 2012 жылы аймақтық «Жас маман» мұғалімдер байқауының жеңімпазы.2016 жылы Аудандық «2016 жылдың ең үздік бала-бақша меңгерушісі» III дәрежелі диплом 3 орын иегері. 2017 жылы Нұрлы Жастар «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!!!» атты Республикалық көркем сөз, ән би байқауына атсалысып,білім алушылардың патриотизмі мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, талантты балаларды анықтау және қолдау көрсетіп, қосқан үлесі үшін мадақтама,2017 жылы Жеңіспен келген көктем атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық өнер байқауына шәкірттерін қатыстырғаны үшін мадақтама. 2017 жылы Жастар жаққан жұлдыз атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық байқауы.2017 жыл Балалар сазгері Бота Бейсенованың әндернен өткен ән байқауына өз үлесін қосқан үшін алғыс хат.2017 жылы «Қазақстан Ұстаздары » қоғамымен ұйымдастылған «Мектепалды даярлық» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып,жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін марапатталады. 1 дәрежелі диплом мен Алғыс хат.2018 жылы Респуликалық өнер байқауында «Аялы алақаны анамның» қазақ көркемөнер мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан үшін мадақтама.
Тұрмыстамын, жолдасым —Смагулов Еркебұлан 1979 жылы туылған жеке кәсіпкер 2 балам бар.
Қызым Жеңісбек Назым Еркебұланқызы 2001 жылы туылған;
Ұлым Жеңісбек Жасұлан Еркебұланұлы 2004 жылы туылған 10- сыныпта;
Мекен жайым: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылы, Самурық көшесі №12-үй
Тел-8-705-772-27-22