- Блогтар
- Реймова Г.М.
Реймова Г.М.
«Шөбере» ЖШС балабақшасының меңгерушісі
Реймова Г.М.
«Шөбере» ЖШС балабақшасының меңгерушісі
Мен, Реймова Гульзира Мауленбергеновна 1966 жылы, 06 қарашада Өзбекстанда дүниеге келдім.
Әкем - Реймов Мауленберген электрик болып қызмет атқарған, бір айлық кезімде дүниеден озды. Анам - Нуртдинова Гульназира қонақ үйде есепші болып жұмыс жасады, бірінші сынып кезімде дүниеден озды. Мені Реймова Бақытжан есімді әпкем тәрбиелеп, өсірді. 1973 жылы мектеп табалдырығын аттадым, 1983 жылы Фрунзе атындағы орта мектепті қазақ тілінде оқып аяқтадым. 1983 жылы Тахиаташ қаласында сауда техникумына товароведение факультетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 1985 жылы аяқтадым.
2005 жылы Алматы қаласындағы Гуманитарлы-коммерциялық колледжіне түсіп, 2008 жылы бастауыш сыныптарды оқыту мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебінің шағын орталығында тәрбиеші болып жұмыс атқардым. 2013 жылдан бастап, 2017 жылдың тамыз айына дейін Ю.А. Гагарин атындағы №16 орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығында тәрбиеші болып жұмысқа қабылдандым.
2017 жылдың қазан айынан бастап, «Шөбере» балабақшасында меңгеруші болып қызмет атқарып келемін.
Қол жеткізген нақты нәтижелерім үшін мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталдым. «Біздің заман» Республикалық балалар мен жастар шығармашылығын қолдау, өркендету өнер орталығы директорының алғыс хаты, «Наше Время» өнерді қолдау, өркендету орталығы директорының алғыс хаты, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алғыс хаты, «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының бас директорының алғыс хаты, Қарасай ауданының білім бөлімінің құрмет грамотасы, «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды –олимпиадалық, шығармашылық орталығының директорының құрмет грамотасы, «Қайнар» әдістемелік орталығы директорының дипломы. «Мұғалім және қоғам» журналы, «Заман жаршысы» газетінде көптеген мақалаларым жарияланды.
«Мектепке дейінгі мекемедегі басқару мен ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен сертификаттарым бар.
1985 жылы тұрмыс құрдым. Жолдасым - Сдыков Ғабиден Қуанышбаевич 1964 жылы туылған. Қазіргі кезде, ТОО «АДМ газда» оператор қызметін атқарады. Бес баланың анасымын.
1. Сдыкова Гулшат Габиденовна – Банк ісі Академиясы колледжі 2001 – 2005 жылдар мамандығы: Банк ісі. Біліктілігі: Банк ісі қызметкері. «Алатау» Қазақстан университеті 2005-2008 жылдар. Мамандығы: Қаржы. Біліктілігі: Қаржы бакалавры. Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті 2013-2015 жылдар. Мамандығы: Бастауыш білім беру. Біліктілігі: «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі». Маңғыстау туризм колледжінде басшының өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
2. Сдыкова Айғаным Габиденовна – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагог-психолог мамандығы бойынша 2009 жылы аяқтады. Қазіргі таңда, «Шамалған» станциясындағы жаңа қазақ орта мектебінде педагог-психолог мамандығы бойынша қызмет атқарады.
3. Сдыкова Жансая Габиденовна – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін (биология 2016 ж.), магистр – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетін (биология 2019 ж.) бітірді. Қазіргі таңда, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде биология пәні мұғалімі.
4. Сдыкова Аружан Габиденовна – 2015 - 2019 жыл аралығында Қаскелең қаласындағы, Қаскелең Гуманитарлы – Техникалық колледжіндегі «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын аяқтады. Қазіргі таңда, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қашықтықтан білім алу үстінде. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде бастауыш пәні мұғалімі қызметін атқаруда.
5. Сдыкова Асель Габиденовна – «Алтын белгі» иегері. Қазіргі таңда, Сулейман Демирель атындағы университетінің, «Ағылшын және түрік тілі» мамандығының І курс студенті.
Мекен - жайым: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Қорқыт баба көшесі 14 үй.
Телефон номер: 8 701 165 89 96.