• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сеилханова Р.Б.
Сеилханова Р.Б.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Сеилханова Р.Б.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры

Сеилханова Рахила Бексовна 1962 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.

1986 жылы В.В.Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген.

Жас ғалым – зерттеуші Рахила Сеилханованың құнды қасиеттерін физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі Шалтай Смағұлұлы Смағұлов ашты. 2003 жылы Р.Б.Сеилханова есептеу математикасы және математикалық модельдеу бойынша ғылыми мектеп қызметі аясында 01.01.02 – «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша «Эпсилон – гидродинамика модельдерін аппроксимациялау және жалған салалар әдісін модификациялау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағы берілді.

Университетті бітіргеннен кейін Рахила Сеилханова өз күшін ғылыми жұмысқа бірден жұмылдыра білді. Ол өзінің еңбек жолын және ғылыми-педагогикалық қызметін 1986 жылы Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында бастады. 1988-2005 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ғылыми қызметін С.Бәйішев Ақтөбе университетінде жалғастырып, Ақпараттық жүйелер және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі лауазымында қызмет етті.

2007 жылы Р.Б. Сеилханованың ғылыми ізденістері Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі қызметінде жалғасын тапты.

Р.Б. Сеилханова өзінің ғылыми қызығушылықтарының аясын тереңдете отырып, халықаралық дәйексөз базаларына кіретін және нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда бірқатар мақалалар жариялады. Мәселен, 2015 жылы Electronic Journal of Differential Equations журналында «Particular solutions of generalized Euler-Poisson-Darboux equation» тақырыбындағы, Contemporary Analysis and Applied Mathematics журналында «Linearly independent solutions of the system of hypergeometric Exton function X12» тақырыбындағы ғылыми мақалалары жарық көрді.  Бұл мақалалар жарияланған  кезеңде Рахила Бексовна С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Ақпараттық жүйелер және қолданбалы математика» кафедрасының меңгерушісі қызметінде еңбек етті.

Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері сонымен қатар «Decompositions for hypergeometric function HA,HB,HC. Analysis of PDEs (math AP).», и «Integral representations of Euler-type for functions related  to Kampe’ de Fe’riet function of the fourth order (II)», International journal of Pure and Applied Mathematical Technologies,  және т.б. мақалаларында көрініс тапты.

Рахила Сеилханованың ауқымды зерттеу жұмыстары халықаралық конференциялардың еңбектерінде, сондай-ақ 5 оқу құралында көрінді (оның ішінде «Желілерді әкімшілендіру негіздері» атты 1 еңбегі ҚР БҒМ РОӘК ұсынылған).

Ұзақ жылдар бойғы ғылыми зерттеулерінің нәтижелері  «Дарбу есептерін сипаттамадан алшақтай отырып зерттеуге арналған арнайы қызметтер мен қосымшалар» монографиясында келтірілген.

Р.Б. Сеилханованың ғылыми қызметінде оның ғылыми жобалардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген «Жеке туындылар мен олардың қосымшаларындағы дифференциалдық теңдеулер жүйесін математикалық физика теңдеулерінің шеттік есептерін шешуде қолданылуын зерттеу» атты ғылыми жобасы бойынша жұмысы маңызды орын алады.

Ғылыми қызметпен қоса, Рахила Бексовна әкімшілік–басқару жұмысында да жетістіктерге жетті. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ол Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде оқу-әдістемелік жұмыс және аккредиттеу жөніндегі проректор лауазымына тағайындалды. Р.Б. Сеилханованың жетекшілігімен  орындалған «Логистикалық талдау мен жобалаудың ерекшеліктері» ғылыми жобасы оның ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің маңызды бір бөлігі болып табылады. 2020 жылдан бастап ол Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Сеилханова Рахила Бексовнаның басшылығымен «Ақпараттық жүйелер» дайындау бағыты бойынша бірқатар магистрлік жұмыстар сәтті қорғалды.

Жоғары білім саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін Р. Б. Сеилханова Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Білім көшбасшысы» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және т. б. марапатталды.

Рахила Бексовна Сеилханованың табысты еңбек жолы – адал, табанды қызмет етудің, жоғары жауапкершілік пен еңбексүйгіштіктің үлгісі.

Сеилханова Р.Б.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры

Сеилханова Р.Б.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика