- Блогтар
- Оспанов Е.С.
Оспанов Е.С.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Басқарма төрағасы
Құрметті азаматтар !
Ашық Үкімет Блогындағы ресми парақшама қош келдіңіздер!
«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады. Қор қызметінің негізгі мақсаты:
- екінші деңгейлі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысу;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру жөніндегі механизмдерді іске асыруға қатысу;
- басым бағыттағы жобалаларды несиелеу механизмдерін іске асыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемелерін азайту бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу.
Cіз осы жерде өзіңізді қызықтыратын барлық сұрағыңызды қоя аласыз. Толыққанды жауап беріп, барлық ақпаратпен бөлісуге әзірмін!