• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Cырлыбаев М.Қ.
Cырлыбаев М.Қ.

"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Cырлыбаев М.Қ.

"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор

 Сырлыбаев Марат Қадырұлы 1963 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында қызметкерлер отбасында туған.
    Алматы қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепті үздік аяқтаған соң, 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскен.
    Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы Нарық институтында «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде заңгер біліктілігін алған.   
    Еңбек жолын 1985 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған ол, кейін 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих кафедрасында оқытушы болып қызмет еткен.  
    1995 жылы Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің Дүниежүзілік қаржы институттары және олардың қызметін талдау бөлімінің маманы ретінде жұмысқа қабылданды. 1996 жылдан бастап ҚР мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мемлекет қатысатын  шаруашылық серіктестіктері және  АҚ бас басқармасының орынбасары; 1998 жылы "Кітап әлемі" АҚ-ның Вице-президенті лауазымына тағайындалды; 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Өндірістік-шаруашылық және жалпы мәселелер жөніндегі проректорының орынбасары, 2002 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқу-шаруашылық басқармасының басшысы; 2006 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры;  2008 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Ішкі аудит басқармасының басшысы қызметтерін атқарды, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау Департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне ауысты, 2010 жылы "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ Қаржы мәселелері жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қаржы-экономикалық қызмет жетекшісі болды. 2011 жылдан осы уақытқа дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.
    2018 жылдың мамырынан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
    Қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, бірқатар мемлекеттік марапаттармен марапатталып, құрметті атақтарға ие болды: «Қазақстан Республикасының тәуелсізігіне 20 жыл» медалі, «Құрмет» ордені, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі.
    Мамандану, біліктілікті жетілдіру курстары: Nazarbayev University.  "Eurasian Higher education Leaders Forum", 2015ж. Астана қ.; "The Automatization of  Higher education Institutions best practices from leading US universities ", 2015ж. АҚШ;  
Nazarbayev University.  «Eurasian Higher education Leaders Forum», 2014 ж. Астана қ.;ҚР БҒМ және Халықаралық Бизнес Академиясы «Management Education Technology PROGRAM». «Қазіргі ЖОО басқару стратегиясы», 2012ж. Алматы қ., Қазақстандық сапа ұйымы. «Сапа жөніндегі менеджер», 2012ж.  Астана қ., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы. «Нәтижеге негізделген Мемлекеттік жоспарлау» бағдарламасы бойынша басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курстарының сертификаты, 2009ж. Астана қ.; ҚР ҚМ қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы АҚ. «Қаржылық есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары», 2008ж. Астана қ.
    

Арнайы мәліметтер:
    2015 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервіне қабылданды.
    Қосымша мәліметтер:
    Ғылыми дәрежесі:  Экономика ғылымдарының кандидаты.
    «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты..
    Қазақ тілі - ана тілі, орыс тілін - еркін, ағылшын тілін - ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгерген.  
    Отбасы жағдайы: үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Cырлыбаев М.Қ.

"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор

Cырлыбаев М.Қ.

"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика