- Блогтар
- Сапарходжаев Н.П.
Сапарходжаев Н.П.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор
Сапарходжаев Н.П.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор
Мен, Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы, 01.05.1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. ҚР азаматымын. Үйленгем. Жұбайым – 04.02.1984 жылы дүниеге келген, Сапарходжаева Гаухар Русланқызы. Бес бала тәрбиелеп отырмын: 18.12.2004 жылы дүниеге келген Ыбрайқожа Нұрдәулет Нұрбекұлы, 06.02.2008 жылы дүниеге келген Пажарбек Муневвер Нұрбекқызы, 20.07.2010 жылы дүниеге келген Пажарбек Жандәулет Нұрбекұлы, 23.09.2016 жылы дүниеге келген Сапарходжа Дінмұхаммед Нұрбекұлы, 12.07.2018 жылы дүниеге келген Сапарходжа Жантөре Нұрбекұлы.
1995 жылы «Ақмешіт» қазақ-түрік лицейіне (ҚТЛ) түстім. 1999 жылы бітірдім.
2000 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне Есептеу машиналары, жүйелік желілер мамандығына түстім. 2004 жылы бітірдім. Үздік диплом.
2006 жылы University of Arkansas (Фейетвилл, АҚШ), Информатика және компьютерлік инженерия (ComputerScienceandComputerEngineering) мамандығына оқуға түстім. 2008 жылы бітірдім.
2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (Астана, Қазақстан), 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша PhD докторантурасына түстім. 2012 жылы бітірдім.
2004ж. қыркүйек-2006ж., қаңтар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің информатика және инженерия пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім.
2006ж., тамыз-2008ж., мамыр аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистрант, University of Arkansas (Файетвилл, АҚШ)
2008ж., тамыз-2009ж., мамыр аралығында Caspian International Restaurants Company Ақпараттық технологиялар департаментінің үйлестірушісі болып жұмыс істедім.
2009ж.,маусым-2011ж., тамыз аралығында «NEOlogic» компаниясының техникалық директоры болып жұмыс істедім.
2011ж., тамыз-2011ж., желтоқсан аралығында Қазақ-Британ Техникалық Университетінде Компьютерлік инженерия факультетінің аға оқытушысы болып жұмыс істедім.
2012ж., наурыз-2016ж., шілде аралығында Азия бокс конфедерациясында Веб-әзірлеуші және мазмұн менеджері болып жұмыс істедім.
2010ж., қыркүйек-2013ж., қыркүйек аралығында «Ақпараттық технологиялар» ғылыми институтының меңгерушісі, Сүлейман Демирел университеті Инженерия факультетінің оқытушысы болып жұмыс істедім.
2013ж., мамыр-2013ж., қараша аралығында NURIS Назарбаев Университетінің инновациялық кластері жоба менеджері және teamleader болып жұмыс істедім.
2015ж.,қыркүйек–2016ж., тамыз аралығында«Білім берудегі ақпараттық технологиялар» зертханасының меңгерушісі, Алматы Менеджмент Университеті «Инженерлік менеджмент мектебінің» директоры болып жұмыс істедім.
2016ж., тамыз-2018ж., мамыр аралығында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істедім.
2018ж., қыркүйек-2019ж., наурыз аралығында Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істедім.
2019ж.,наурыз–2021ж., тамыз аралығында Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Инженерия факультетінің деканы болып жұмыс істедім.
2021ж., тамыз-2022ж., қараша аралығында Қарағанды индустриалды университетінде Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор болып жұмыс істедім.
2022ж., қараша-2023ж., қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істедім.
2023ж., қыркүйек-2024ж., сәуір аралығында Басқарма мүшесі – «Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ бірінші проректоры болып жұмыс істедім.
Қосымша білімі:
01-31.12.2019 ж. Путра Университеті Малайзия (Universiti Putra Malaysia,Putrajaya, Malaysia). Технопарк салуды және стартап-компанияларды іске қосуды зерттеу.
2013-2015 жж Турин политехникалық университеті (Турин, Италия), Erasmus Mundus бағдарламасының гранты, профессор Г.Веккимен ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат.
2010 ж., мамыр-тамыз Бингемтондағы Нью-Йорк Мемлекеттік Университеті (Бингемтон, АҚШ), ғылыми тағылымдама.
Сертификаттар:
іCarnegie Course SSD6 “System Level Programming”; OracleDatabase11g:PL/SQL Fundamentals
OracleDatabase11g:AdvancedPL/SQL
OracleDatabase11g:DevelopPL/SQLprogramunits
Developmentweb-applicationson MicrosoftASP.NETusingtheVisualStudio.NET.
Coursera платформасындағы онлайн курстар:
Strategic Innovation: Building and Sustaining Innovative, University of Illinoisat Urbana-Champaign;
Initiating and Planning Projects, University of California, Irvine;
Developing Innovative Ideas for New Companies: The First Step in Entrepreneurship, University of Maryland, CollegePark;
Critical Perspectives on Management taught by IEBusiness School;
Introduction to Communication Science, University of Amsterdam.
Марапаттар мен жетістіктерім бар:
1. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері, 2019 ж.
2. Erasmus Mundus бағдарламасы бойынша грант иегері, 2013-2015 жж
3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының иегері, 2006-2008 жж.
4. Түркістан облысы әкімінің грамотасы,2020 ж.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың Алғыс хаты, 2021 ж.
6. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты,2022 ж.
7. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
Жобаларға қатыстым:
Жетекші:
1. Дүниежүзілік Банктің тапсырысы бойынша «Био информатика» және «IT – генетика» жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер тобы (2017-2018).
Орындаушы:
1. ERASMUS + бағдарламасы шеңберінде «Ғарыш кеңістігін және интеллектуалды роботтандырылған жүйелерді игеру жөніндегі қолданбалы оқу бағдарламасы» халықаралық жобасы. 2017-2018 жж
2. Цифрлық Қазақстанды дамыту негіздерінің бірі ретінде тұлғаның тұрақты дамуын ынталандыру үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді әзірлеу. №362/18, 01 маусым 2018ж. ПЦФ №BR 05236839.
3. Әзірленген жаһандық көп елдік модельдер негізінде келісілген фискалдық, монетарлық және макропруденциалдық саясат бойынша ұсынымдар әзірлеудің зияткерлік ақпараттық технологиялары. №87.05.03.2018 ж. ҚР БҒМ № 2018/AP05130750 гранттық жобасы.
4. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру-адами капиталды дамытудың кілті. ҚР БҒМ гранттық жобасы
№AP09259047.
5. Орыс, түрік, ағылшын тілдері жақсы сөйлеу деңгейінде меңгердім. Қазақ тілі - ана тілім. Неміс, испан, араб, итальян тілдерін бастапқы деңгейде білемін.