- Блогтар
- Наметов А.М.
Наметов А.М.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басқарма төрағасы - ректоры
Наметов А.М.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басқарма төрағасы - ректоры
Наметов Асқар Мырзахметұлы, 1963 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келді.
1980 жылы орта мектепті медальмен аяқтап, Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясына оқуға түсті. 1985 жылы «Ветеринария» мамандығын үздік бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 1987-1988 жылдары Алматы зооветинститутының анатомия кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді.
1988 жылдан 1991 жылға дейін К.И.Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясы жанындағы аспирантурада оқып, 1992 жылы ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2005 жылы ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ветеринариялық хирургия және ветеринариялық иммунология бағыты бойынша диссертация қорғады. 2008 жылы профессор ғылыми атағы берілді.
1992-2009 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде факультет деканының орынбасары, оқу-ғылыми-өндірістік кешеннің оқу-әдістемелік комиссиясының төрағасы, оқу бөлімінің бастығы, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор лауазымдарында жұмыс істеді.
2009 жылдан 2015 жылға дейін «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры болып қызмет атқарды.
2015 жылы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-ректоры болып жұмыс істейді.
Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары ветеринариялық және биологиялық қауіпсіздік, ветеринариялық хирургия және иммунология, биотехнология және генетикалық-молекулалық биология, жануарлардың өсімін молайту және селекция салаларын қамтиды.
Ғылыми қызметі кезеңінде бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың 3 ғылыми жобасының, 2 гранттық жобаның жетекшісі, 10-нан астам ҚҚ және МҚ жобаларын бірлескен орындаушысы болды. Оның басшылығыммен 5 кандидаттық және 10-нан астам магистрлік диссертация қорғалып, PhD бағдарламасы бойынша 3 докторанттың жетекшісі болды.
Ғылыми жұмысы барысында бірнеше жыл ҚазҰАУ жанындағы диссертациялық кеңестің төрағасы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ жанындағы ветеринария жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
2017-2018 жылдары «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша ҰҒК бірінші төрағасы қызметін атқарды.
2008 жылы ҚР Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі, 2013 жылы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды.
ҚР АШМ Ветеринария департаменті бекіткен 140-тан астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсынымдардың авторы. Өндірісте және ғылыми зертханаларда сәтті қолданылған 12 өнертабысқа патент алушы. «ҚР ветеринарлық заңнамасы» (3 томдық), жоғары кәсіптік және арнайы білім беру үшін ветеринарлық мал шаруашылығы мамандықтары бойынша 12 мемлекеттік стандарттарды әзірлеуші, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша 10 мемлекеттік стандарт, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру пәндері бойынша 20 үлгілік оқу бағдарламасы, ветеринариялық хирургия бойынша 3 оқулық, 4 анатомия оқулығы авторларының бірі болып табылады. 2005 жылы TEMPUS халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында жоғары оқу орындарында білім беру сапасына кепілдік беру тұжырымдамасын әзірлеушісі.
2002-2008 жылдары Еуропалық Қоғамдастыққа мүше елдердің оқу орындарымен өзара әрекеттесу арқылы жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге және әлеуметтік-экономикалық реформалар процесіне жәрдем беруге бағытталған TEMPUS желісі бойынша үш жобаның, кейіннен Егаѕmuѕ+ білім беру бойынша тағы да 3 жобаның үйлестірушісі болды.
Оның тікелей қатысуыммен Қазақстанның университеттеріне кредит трансфертінің еуропалық жүйесін енгізу жөніндегі жоба табысты іске асырылды (ЕСТS).
Ғылыми және білім беру бағыттарындағы түрлі қоғамдық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. ҚР және Ресей ғылыми журналдарының бас редакторы, редакциялық алқасының мүшесі, ҚР АШМ жанындағы ветеринария жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі, ҚР ректорлар кеңесінің мүшесі болды. ҚР ЖОО қауымдастығы басқармасы мен ҚР батыс өңіріндегі ЖОО ректорлары кеңесінің мүшесі.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру, АҚШ, Голландия, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Финляндия, Италия, Испания, Польша және басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми және өндірістік орталықтарында ғылыми жұмысты ұйымдастыру, білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасудың 15-тен астам сертификаты бар.
«Ерен Еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2016) медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2014), «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2017) наградалық белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011, 2015) марапатталды.