- Блогтар
- Шоқпаров Д.Д.
Шоқпаров Д.Д.
«Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» директоры
Шоқпаров Д.Д.
«Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» директоры
Аты– жөні: Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлы
Туған күні, айы, жылы: 30.09.1972ж.
Туған жері: Алматы облысы, Талғар қаласы
Қазіргі жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, қызметі:2007 жылдың мамыр айынан бастап Д.Шоқпаров «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» директоры қызметін атқаруда.
E-mail: musei_darkembai@mail.ru
1994 жылы Абай атындағы Мемлекеттік университетінің көркем-сурет графика факультетінбітірген.
1988 жылдан бері қолөнер бұйымдарын жасау саласында және музей саласында қызмет жасап келеді.
1988-1995 жылдар аралығы «Мирас» шығармашылық бірлестігінде металды, ағашты көркемдеп өңдеу шебері болып қызмет атқарды.
2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Ақтұмар» әйелдер мұражайының экспозициясын жасауға өз үлесін қосты.
Дәулет Дәркембайұлы көрмесімен республика атынан Халықаралық көрмелерге қатысып, аудан, облыс атынан да көшпелі көрмесімен мәдени іс шараларға қатысып келеді. Оның ішінде: 2001 жылы Францияның Ренн қаласында өткен «Экспо - 2001» Халықаралық көрмесіне, 2005 жылы Юнесконың ұйымдастыруымен болған Орта Азия және Қазақстан қолөнер шеберлерінің фестиваліне (Франция, Париж), 2007 жылы «WTM London - 2007» көрмесіне (Ұлыбритания, Лондон қ.), 2008 жылы Қазақстан Республикасының 17 жылдық мерей тойына байланысты мәдени шараға (Израйль, Тель – Авив қ.), 2010 жылы Оңтүстік Корея Сувон қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндеріне байланысты өткізілген мәдени шараға, 2011 жылды Иран мемлекетінің Тегеран қаласында сәндік-қолданбалы өнердің Халықаралық көрмесіне, 2013 жылы Ресейдің Санк-Петербург қаласында өткен Астана қаласының мәдениет күндеріне, 2015 жылы біріккен Араб әмірліктерінде өткен мәдени шараға қолөнер көрмесімен қатысты. 2016 жылы қазан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен Астана қаласының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған іс-шарасында, 2017 жылы Астана қаласында өткен «EXPO» бүкіл әлемдік көрмесінде, 2018 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен мәдени шарада, 2019 жылдың қыркүйек айында Мәскеу қаласында Алматы облысының мәдиниет күндеріне орай өткізілген іс-шарада шеберлік сабағын көрсетті.
Дәулет Дәркембайұлы атадан балаға мұра болып жеткен осы асыл өнерімізді өскелең ұрпаққа танытып, насихаттап, өнер үйренем деген жас буынға қолөнер шеберлігін үйретіп, шәкірт тәрбиелеп келеді.
Шоқпаров Дәулеттің республикалық «Жас Алаш», «Дала дидары», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ауыл» газеттері мен «Арай», «Парасат», «Денсаулық», «Технология» жураналдарына, «Қазақ ұлттық энциклопедиясына» этнографиялық мақалалары жарияланды. Суретші – график ретінде әкесі Дәркембай Шоқпарұлының «Домбыра жасау», «Өрім өру», «Ер қанаты», «Традиционная культура кочевников», «Қазақтың әдет-ғұрып салт-дәстүрлері» деген кітаптарын графикалық суреттерімен безендірді. «Қазақ ұлттық энциклопедиясының 2- 3 томдарында «Бапкер», «Бұйда», «Бастырық», «Балауыз шам», «Диірмен», «Дөдеге» атты мақалалары жарияланды. 2007 жылы Алматы кітап баспасынан әкесі Дәркембай Шоқпарұлымен бірлескен авторлықпен «Қазақтың қолданбалы өнері» атты кітабы жарық көрді.
Дәулет Шоқпаров тұрақты түрде «Балапан», «Хабар», «Жетісу», «Қазақстан ұлттық арнасы» «Kazak tv», «Abaitv» телеарналарына сұхбат беріп, арнайы бағдарламаларына шеберлік сабақтарымен түсірілімге қатысады.
Жетістіктері мен марапаттары:Қазақстан Дизайнерлер Одағының және Суретшілер Одағының мүшесі. Облыс әкімінің «Үздік қолөнер шебері» номинациясының жеңімпазы (2014ж), Облыстық мәдениет басқармасының «Мұражай ісінің үздігі» құрмет грамотасымен (2008ж.),Облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен (2009жыл), облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен (2015ж.2017ж),«Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен (2016ж).Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен (2017ж.), облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен (2017ж.),Абай атындағы Қаз.ПИ-дің көркем-сурет, графика факультетінің 50 жылдығына орай Естелік медальмен (2019 ж.)Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрмет атағымен (2020 ж.), Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2020 ж.) марапатталған.
2021 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.