• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алпысбаев Ә.Д.
Алпысбаев Ә.Д.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Алпысбаев Ә.Д.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы директоры

Алпысбаев Әли Демегенұлы 1956 жылы 28 сәуірде Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін өмір жолын өнермен бастаған Әли Демегенұлы өз мамандығын 1975 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынан бастап, Алматы қаласындағы  Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының оркестр дирижері мамандығын тәмамдайды.

 Еңбек жолын 1979 жылы Сарқант қаласындағы Мәдени ағарту училищесінде бастай отырып, ұстаз ретінде жастарды өнерге баулыса, енді бір қыры халық аспаптар оркестрінің дирижері болды. Өз мамандығының иесіне айналған Алпысбаев Әли Демегенұлы жан-жақты ізденіп, шығармашылықпен еңбек етіп, тыңғылықты іс тындыруда болашаққа деген арман-мақсаттарын айқын көрсете білді. Оған дәлел, 1983 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы музыкалық мектепте, Қанабек Байсейітов атындағы музыкалық училищесінде және І.Жансүгіров атындағы Педагогикалық институтында ән және музыка факультетінде дәріс берді.

1997 жылы аймақтық филармониясының директоры және Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметіне тағайындалды.

2022 жылдан бастап  І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы директоры қызметінде. Әли Демегенұлы  өнерде өзінің лайықты орнын алған, сіңірген еңбегін атап көрсететін болсақ, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Алматы облысының Құрметті азаматы, Талдықорған (қаласының, Көксу ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.

Әли Демегенұлы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, екі мәрте қалалық маслихатының депутаты, 2016 жылы Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

 Қазақ халқының өнерін тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде паш етіп, үлкен құрмет пен алғысқа ие болған. Қазақ өнерін дамытуда еліміздің үлкен концерт залдарында Алматы, Нұр-Сұлтан сонымен қатар бірнеше шет елде атап айтсақ: Оңтүстік Корея, Түркияның Анталия қаласында, Болгария Республикасының София қаласында, Польша Республикасы Зелена-Гура қаласында «Таланты мира» қорының шақыруыменен Москва қаласындағы «Светланов» атындағы Халықаралық  музыка залында, әлемге әйгілі пианист Хадиша Оңалбаеваның шақыртуымен АҚШ мемлекетінің Алабама штаты, Олбани қаласында симфониялық оркестрімен өнерін көрсетіп, өзінің талантты дирижер, композитор екендігін жоғарғы деңгейде көрсете білді. Алматы облысының мәдениет күндері аясында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы және Қырғызстан Республикасы Ош қаласында өнер көрсетті.

Сонымен қатар КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, әйгілі скрипкашы «Әлем әртісі» Айман Мұсаходжаева, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, халық әртісі Нұржамал Үсембаева сияқты көптеген танымал әншілер мен аспапшылар мен бірге өнер көрсете білді.

Ол дирижер ретінде  гастрольдік сапармен еліміздің көптеген ұжымдарымен мыңнан астам түрлі  концерттер беріп үлгерді. Оның ішінде Құрманғазы атындағы  Академиялық халық аспаптар оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық «Отырар сазы» оркестрі, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрі, Айман Мұсаходжаеваның жетекшілігімен «Академия солистов» камералық оркестрімен, Нұр-Сұлтан қаласының Академиялық филармониясының халық аспаптар оркестрі әрі симфониялық оркестрімен және де Павлодар, Қостанай, Ақтау филармония оркестрлерімен  концерттер берді.

Композитор ретінде «Елге арнау» күй-поэмасы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Мемлекеттік Грант иегері, Республикалық «Елім менің» конкурсының бірнеше дүркін лауреаты.  Ал, 2015 жылы VI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурста «Орбұлақ таңы» атты симфониялық күй- поэмасымен  Республикалық конкурстың Гран-при жеңімпазы.  Әли Демегенұлы жүзден аса ән, жиырмадан астам поэма мен күйдің авторы, көптеген симфониялық оркестрлерге, халық аспаптар оркестрлеріне, квартетке, жеке аспаптарға және вокалистерге арнап жазған шығармаларының авторы, Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлар байқауы және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы жобасының авторы;

Республикалық «Елге арнау» композиторлар байқауы жобасының авторы; Республикалық « Жас шеберлер»  «Юные виртуозы» балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнау өнер конкурсының жоба авторы.

Алпысбаев Ә.Д.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы директоры

Алпысбаев Ә.Д.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика