• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аймұханбет А.А.
Аймұханбет А.А.

Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысыны

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Аймұханбет А.А.

Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысыны

Мен, Аймұханбет Айман Аміркешқызы, 1965 жылы 09 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Шұбар ауылында қазіргі Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов агрофирмасында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1972 жылы Шұбар ауылының М.Байысов атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, 1982 жылы Алматы облысы Көксу ауданы, Ф.Энгельс атындағы орта мектепті бітірдім. Сол жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтына түсіп, 1987 жылы осы институттың «ағылшын  және француз тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 1987 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас селосындағы «Жасұлан» балалар бақшасында уақытша 6 жасарлар тобының тәрбиешісі болып бастадым. 1989 жылы №1 Бақанас орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстым. 1990-1992 жылдар аралығында Бақанас мектеп-интернатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 1992-2006 жылдар аралығында Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және кәсіподақ ұйымының төрайымы болып жұмыс істедім. 2006 жылдың 31 тамызында аталған мектепте директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, ал 2007 жылдың 02 қыркүйегінен Балқаш аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың 01 қарашасынан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары, 2012 жылдың 11 мамырынан аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі болдым. 2015 жылдың 23 қыркүйегі мен 2018 жылдың 23 тамыз аралығында  Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің директоры қызметін атқардым. 2018 жылдың 24 тамызынан қазіргі уақытта Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысының қызметін атқарамын.

1986 жылы Алматы облысының Балқаш ауданы Бақанас селосының тұрғыны Аймұханбетов Серікпен тұрмыс құрдым. Жолдасым Аймұханбетов Серік 1960 жылы 07 наурызда Балқаш ауданының Бақанас селосында туған. Ұлты – қазақ. Қазіргі таңда өзінің жеке кәсібімен айналысады. Ауған соғысының ардагері.

Үлкен қызым Аймұханбетова Айгерім Серікқызы 1988 жылы 28 сәуірде Балқаш ауданы Бақанас селосында дүниеге келген. Қазақ Аграрлық Университетінің бухучет және аудит бакалавырын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика және бизнес факультетінің бухучет және аудит  магистратурасын бітірген. Бүгінгі таңда ТОО «Elfina» бухгалтер-кассир болып жұмыс жасайды. Бір ұл, бір қызы бар.

Екінші қызым Аймұханбетова Ботагөз Серікқызы 1989 жылы 02 желтоқсанда Балқаш ауданы Бақанас селосында дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің шығыстану факультетін және Гуан Жоу университетінің менеджменттік басқару  магистратурасын бітірген. ТОО «АлмаДК» аудармашы болып жұмыс жасады. Бір ұл бар, қазіргі таңда бала күтімінде үйде.

Ұлым: Серік Жандос Серікұлы 1993 жылы 10 желтоқсанда Балқаш ауданы Бақанас селосында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Университеттің энергетика факультетін бітірген. Қазіргі кезде Алматы қаласында Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайды.

Үлкен қызымнан 2 немерем бар. Сарқытбек Сардар Қуатбекұлы Алматы қаласы білім басқармасының Ауэзов ауданының №86 мектеп - гимназиясының 2 сынып оқушысы, оқу озаты. 2020 жылғы Республикалық Білген олимпиадасының матиматикадан 3 орын жеңімпазы.  Фатима Қуатбекқызы 4 жаста балабақшада тәрбиеленуде.

Қолымда 84 жаста енем бар. 35 жыл бірге тұрып келемін.

Қазіргі кезде Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысымын.

Өз жетістіктерім: Мұғалім болған кездегі менің шәкірттерім Қазақстанның әр облысында әр салада өз мамандықтарымен қызмет атқарып жүр. Ұстаздық жылдарымда 1982,  1987жылы дүниеге келгендерге 6-11 сыныпта сынып жетекші болып, 2 сынып шығарып салдым. Атап айтсам Сарыбаева Эльмира Жанәділқызы облыстық қаржы басқармасының орынбасары, Ләмбеков Айбек Аятбекұлы Балқаш ауданы, Көктал ауылындағы Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің директоры, Дәулетбақова Ләззат, Әзімбаева Арайлым, Есжанова Гүлвира, Бектенбаев Қанат т.б мұғалім болып жұмыс жасайды. Ағылшын тілін таңдаған оқушыларым аудармашы, әртүрлі фирмаларда қызмет атқарады.

2002 жылғы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 орын,  Облыстық «Жыл мұғалімі - 2002» байқауының «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы» номинациясының иегерімін.

2006 жылы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2014 жылы Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері. 

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетенің ректорының, «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасарының, «Miras Academy» білім беру орталығының директорының Алғыс хаты. Бірнеше мәрте аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталдым.

2017 «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының Құрмет грамотасы.

2017 жылы Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкерінің» төс белгісінің иегерімін.   

 

Аймұханбет А.А.

Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысыны

Аймұханбет А.А.

Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысыны

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика