- Блогтар
- Шарлапаев Қ. Б.
Шарлапаев Қ. Б.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Құрметті қазақстандықтар!
Жеке блогыма қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлiгi индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уранды және көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру салаларында; өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Министрліктің осы бағыттарда атқарылған жұмысы менің жеке блогымда және ресми сайтымызда жарияланатын болады. Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қойып, ведомствоның жұмысына қатысты ұсыныс, ой-пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев