- Блогтар
- Маржықпаев Е.Б.
Маржықпаев Е.Б.
Ақмола облысының әкiмi
Маржықпаев Е.Б.
Ақмола облысының әкiмi
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы туған, жоғары білімді. С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, «Тұран» университетiн, Көкшетау университетiн бітірген. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, заңгер, қаржы бакалавры.
Еңбек қызметiн 1991-1992 жылдары дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады. 1992-1995 жылдары «Шон» ШЖК директорының лауазымына тағайындалды. 1995-2008 жылдары «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) бас директоры қызметiн атқарды. 2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды, 2008-2012 жылдары Аршалы ауданы әкiмiнің, 2012-2013 жылдары Зерендi ауданы әкiмiнің, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасарының, 2015 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы наурыз аралығында Көкшетау қаласы әкiмiнің лауазымдарын атқарды.
2019 жылғы наурыздан бастап Ақмола облысы әкiмiнің лауазымын атқарады.
«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдармен марапатталды.