- Блогтар
- Қасымбек Ж.М.
Құрметті сайт қолданушылары!
Сіздермен Қарағанды облысы әкімінің жеке блогында қауышқаныма қуаныштымын.
Менің ойымша, мұндай блогтың құрылуы бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында айтылған азаматтарымыздың билікпен тікелей диалогы арқылы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың жұмысын жетілдіру жолындағы жасалған сәтті қадам деп санаймын. Бұл ретте тұрғындармен тікелей байланыс орнатуды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бірнеше мәрте талап еткен болатын.
Қарағанды облысы бүгінде республиканың ірі өндірістік, ғылыми, техникалық және мәдени орталығы болып табылады. Басқа өңірлердегідей біз де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге және осы негізде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға белсенді жұмыс істеп жатырмыз.
Мен сіздердің Қарағанды облысының өмірі, біздің қандай проблемалармен айналысып жатқандығымыз туралы сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Әрине, мені біздің жұмысымыз туралы сіздің пікіріңіз ғана емес, оны жақсарту жөніндегі ұсыныстар да қызықтырады.
Осы интерактивті ресурс арқылы біздің тікелей байланысымыз пайдалы әрі өзара құрметке негізделген болады деп сенемін.