Құрметті қолданушы!

Ашық Үкімет блогындағы менің жеке парақшама хош келіпсіз демекпін.

Алматы әкімдігі қалалықтардың өтінімін жедел шешу үшін кері байланыстың барлық заманауи әдістерін қолданады. Біз күн сайын әлеуметтік желілерден ондаған ұсыныстарды қабылдаймыз және оларды тез арада шешуге немесе жұмысымызда ескеруге тырысамыз.

Осы блог арқылы Сіз өзіңізді толғандырған барлық мәселелер бойынша жауап алатыныңызға әрі  ұсыныс - пікірлеріңізді ашық білдіретініңізге сенімдімін.