- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ТҮПҚАРАҒАНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру және халықтың мемлекеттік ақпаратқа деген сенімін арттыру мақсатында Түпқараған ауданында «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Нұржаубай мәлім етті.
Бұл жоба тұрғындар үшін тиімді болмақ. Яғни түпқарағандықтар әкімдіктің орналасқан бөлімдерін іздемей-ақ, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын атттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізеді.
«Сервистік әкімдікте ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, әлеуметтік сала, білім және тұрғын үй-коммуналдық қызметтері өз жұмыстарын жүзеге асырады. Одан бөлек, балаларымен келген азаматтар үшін балаларға арнайы бұрыш ұйымдастырылған. Әкімдік ғимараттарының Open-space форматына өтуі азаматтардың мемлекеттік мекемелер мен құрылымдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді»,-дейді Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Нұржаубай.
- 24.11.2020
- 282